Материалдар / Едіге батыр жыры – тарихи –қаһармандық жыр
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Едіге батыр жыры – тарихи –қаһармандық жыр

Материал туралы қысқаша түсінік
Едіге батырдың ерлігін насихаттай отырып жазылған эссе
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қараша 2024
67
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Едіге батыр жыры – тарихи –қаһармандық жыр

«Едіге» тарихи- қаһармандық эпосы – түркі халықтарына ортақ мұра. Оның нұсқалары ноғай, татар, башқұрт, қарақалпақ, өзбек, түркімен халықтарында сақталған. Бұл жыр – дүниежүзі фольклорындағы эпикалық жырлардың ең озық үлгілерінің бірі. Қазақ фольклористикасының негізін салған ұлы ғалым Шоқан бастап таңбаға түсірген, һәм зерттеген «Едіге батыр» жыры соңғы заманда кеңінен танылып, жалпы жұрттың рухани игілігіне айналумен қатар, жан-жақты әрі терең зерттелуі тиіс еді. Эпостың жарыққа шығару және бүгінгі ғылым деңгейінде зерттеу тотолитарлық жүйе құлап, Қазақстан мемлекеттік Тәуелсіздік алған соң ғана мүмкін болды. Осы орайда, «Едіге батыр» жырының нұсқаларында баяндалған тарихи негіздерді айқындау, тарихи нақты оқиғалар мен эпикалық дәстүрдің ара қатынасын ажырату және жыр нұсқаларының типологиялық ерекшеліктерін талдау қазақ фольклористикасы үшін кезек күттірмес мәселе болып табылады. «Едіге» жыры – түркі халықтарының рухани мұрасы. «Едіге» – тарихи эпос емес, әйтсе де, туындының тууына өткен дәуірдегі оқиғалардың үлкен ықпал еткеніне күмән келтіруге болмайды. Тарихи оқиғалар эпостың ауқымына түскен соң оның заңдылығына орай қайта қорытылатыны да, өзгеше күйге еніп, жаңаша жасалатыны да рас. «Едігеге» зор тағылымдық, танытқыштық қуат беріп тұрған да қиялдағы емес, тарихтан орын алған, халықтық санада өшпестей болып таңбаланған Алтын Орда дәуіріндегі ірі оқиғалардың ізі екені даусыз. Ол оқиғалар эпикалық биікке көтеріліп берілген. «Едігенің» көп версиялы, ондаған нұсқалы, халық жүрегіне жақын болып қалыптасуының негізгі бір себебі, тілінің көркем, композициясының шебер болғандығына ғана байланысты емес, түркі халықтарының есінен кетпестей орын алған тарихи оқиғаларға да қатысты. Ол оқиғалар сілемі әр қилы ғылыми мақалаларда түрлі деңгейде әңгіме болғанымен түбегейлі тексерілмегені, әрі олай істеуге солақай саясаттың мүмкіндік бермегені де мәлім. Осы орайда «Едіге» жырын жан –жақты зерттеп жүрген ғалымдардың пікірлерінен кейде қарама қайшылық байқап қаламыз. Осы орайда, Академик В.М.Жирмунский «Едіге» эпосы әуелде ноғайлар арасында пайда болды, содан сыртқа тараған деген пікір ұстанаса, ХХ ғасыр басында өмір сүрген қазақ білімпазы Мұхамеджан Тынышбаев бұл көзқарастарды теріске шығарады: «Сонымен Қырымнан Алтайға шейін, Қызыл Шәріден Ташкент, Үргенішке шейін, баяғы Жошы ұлығындағы жұрттың тұқымдарына Едіге ертегісі тегіс жайылған, осы ортадағы түрік тұқымына Едіге ертегісі әбден белгілі. Едігенің дәурен сүрген жері – көбіне Еділ-Жайық маңайы, тарих көрсетуінше Едіге Маңғыт (ноғай) және балалары ноғай арасында қалған еді деп. Сондықтан Едіге әңгімесі әуелде ноғайдан басталып, содан жан-жаққа, өзге көршілес елдерге таралған деген пікір білдіреді.

Шежірелі қазақ елінде сақталған «Едіге батыр» эпопеясы – халық поэзиясының жауһарына айналған асыл мұра екенбі әмбеге аян. Осы жырды оқыту арқылы, жырдың бас кейіпкері Едіге бейнесі арқылы жауынан қайыспайтын өр тұлғалы ұрпақ даярлайтынымыз сөзссіз. Өзімізге үлгі етер өр тұлға бейнесіне академик Әлкей Марғұлан: «Дүниежүзілік батырлар жырларындағы ең тамаша кейіпкердің бірі – ХIV ғасырдың екінші жартысынан ХV ғасырдың басына дейін өмір сүрген данышпан Едіге. Ол ежелден бері еркіндікті сүйген, батыр болып келген, жауынан тайсап қорықпаған қазақ халқының қаһармандық сипатын бойына жинаған марғасқа тұлға болды»,- деп баға берген болатын. Бүгінгі ұрпақ үшін азаттықтың арқасында оралған ата мұраларымызды көзінің қарашығындай аялап, зейініне тоқып, әлемге әйгілі Едігедей ірі қайраткер тұлғамызды өз дәрежесінде ұлықтау барша ұрпақтың парызы, әрі өз мойнымыздағы қарыз деп білуіміз қажет. Сонда ғана өшкенімізді қашанда жаңғыртып, ұмыт болмауына жағдай жасай аламыз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!