ЭЭЖ-нің жетістіктері мен кемшіліктері.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ЭЭЖ-нің жетістіктері мен кемшіліктері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Әуе желілері генератор аркылы өндіріліп шығарылған энергия көзі қосалқы станцияға келіп, ал осы қосалқы станциядан энергия көзі тұтынушыларға тарайды. Әуе желілері қосалқы стпнцияға өткізгіштер арқылы олардың маркаларына және қималарына байланысты тарайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

3 Сабақ жоспары.

Тақырыбы: ЭЭЖ-нің жетістіктері мен кемшіліктері.


Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Электр әуе желілерінің жетістіктері мен кемшіліктері

жөнінінде жалпы мәлімет беру;

2. Дамытушылық: Электр әуе желісінің қолданылуымен және олардың

жетістіктерімен, кемшіліктерімен таныстыру:

3. Тәрбиелік: Әуе желісінің мазмұнын толықтай аша білуге оқушыны

Даярлау:

Сабақтың түрі: теориялық.


Құрал, жабдықтар: макет, кабел.


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі: оқушылармен сәлемдесу, жорнал бойынша

Тексеру;

  1. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Әуе желісінің негізгі элементтері;

2. Әуе желісінің құрылымы;

3. Жаңа тақырып;

1. Әуе желісінің элементтерінің жетістіктері;

2. Әуе желісінің кемшіліктері;

3. Тіректер;

Электр энергиясын сымдар бойынща беріп тарататың әртүрлі тірек құрылымдарынада ашық ауада орнатылған құрылымы – электірлі әуе желілері 1000 В-ке дейінгі кернеулі және 1000 В кернеуден және жоғары (3,6,10 Кв және стандартты кернеу шкаласынан жоғары) болып бөлінеді.

Елімізде әуе желілері өте кең таралған өте кең таралған және мынадай ерекшеліктері бар:

Әуе желілерін құру кезінде көлемді жер жұмыстарының қажеттілігі;

Әуе желілерін пайдалану және жөндеудің қарапайымдылығы;

Кернеуі 1000 В-қа дейінгі әуе желілері тіректерінің радиоторап,

телефонмен байланыс, сыртқы жарықтандыру, телебасқару және белгі

беруге арналған сымдарды ілуге кернеуге пайдалану;

1 км әуе желісі құрылымы құнының төмендігі (осы қашықтықта)

Кабельді желілер құрылысымен салыстырғанда шамамен 25-30%-на төмен

желінің қалыпты кернеуіне және оған қосылған тұтынушылар III класқа

жатады.

Әуе желілерін құру кезінде сол жердің климаттық жағдайын сымдағы мұздақ заттардың пайда болу мүмкіндігіне есепке алу керек.

Пайда болған мұздақ әуе желілеріне қауіпті. Олар әуе желілері сымдарына косымша жүктемелерді тудырады және сымдардың жиі үзілуі мен желі тіректердің бұзылуына себепкер болады.


Әуе желі сымдарында пайд болатын мұздақ ауданы мұз қабырғасының қалыңдығымен сипатталады. Осы белгі бойынша мұздақтың төртауданы бар:

I аудан – сымдағы мұздың қабырғасы 5 мм –ге дейін;

II aудан – сымдағы мұздағы қабырғасы 6-10 мм;

III aудан – сымдағы мұздағы қабырғасы 11-15 мм;

IV aудан – сымдағы мұздағы қабырғасы 16-20 мм.

Егер әуе желі сымдағы мұздағы ұабырғасы 20 мм –ден асса, жер ерекше мұздақты ауданға жатады.

Кернеулі 10 кВ- ке дейінгі әуе желілерінің сымдарын ағаш немесе темірбетон тіректерінде қондырылған оқшаулатқышқа бекітеді.

Құрлымына атқаратын қызметіне және аралықтарда қондыру орнына қарай әуе тіректері аралықты, бұрышты, тармақтаған, қиылысқан және соңғы тіректер болып бөлінеді.

Аралық тіректер сымды жер бетінен қажетті биіктікте ұстауға арналған жәнебір бағытқа сымдардың керілуі пайда болатын көрші өткіндердің үзілуі жағдайында күшке есептелген. Олардың 1 кВ кернеу кезінде 35-45 м, 6 және 10 кВ кернеуде 50-60 м қашықтықта арналары тік аймақтарда қондырады. Әуе желілері тіректерінің бір-бірінен алшақтау арақашықтығын тірек қадамы деп атаймыз.

Аралық тіректер әуе желілерінің жалпы көлемінің 80%-ын құрайды.

Бұрыш тіректері әуе желілері арналары бағыттарының өзгеретін орындарында орнатылады. Бұл тіректерге қалыпты жұмыс кезіндесымдарданпайда болған ішкі бұрышының биссектрисасы бойында көрші өткіндер сымдардың ортақ керілу күш түседі.

Тармақталған тіректер әуе желілері арналарынан алыс қашықтықта электр қамтамасыз ету үшін магистральді әуе желілерінен сымдарды тармақтауға арналған.

Қиылысқан тіректерге әуе желілерінің екі бағыттағы сымдарын айқастыру үшін қолданылады.

Соңғы тіректер әуе желілерінің басы мен алдында орнатылады. Олар желінің бойымен бойымен бағытталған. Олар желінің бойымен бағытталған, бір жақты қалыпты керілген сымдардың бір бағыттағы күшін қабылдайды.

Әуе желілерінде, сонымен қатар, жоғарыда аталып өтілген тіректермен салыстырғанда беріктігі жоғары және құрылымы күрделенген анкерлік тірек қолданылады.

Анкерлік тіректер аралық, бұрышты тармақталған, айқастырылған немесе (концевие) болып бөлінеді. Аралық анкерлік тіректердің сымын арна бойымен немесе қиғаш орналастырады.

Екі анкерлік тіректердің арасындағы қашықтықты анкерлі өткін деп атаймыз.

Аралық тік аймақтарында орташа курделенген әуе желісінің анкерлі өткіні 1 кВ кернеуде 150-180 м-ге тең, ал 6 және 10 кВ кернеуде  250-280 м-ге тең. Анкерлі өткінді қолдану әуе желілерінің механикалық беріктігін арттырады.

Әуе желілерінің сымдары жер бетінен жоғары көтерілуі және бір-бірінен алшак болуы керек, сонымен қатар, қиылысқан және параллель орналасқан нысандардан белгілі бір қашықтықта орналасуы керек. Бұл арақашықтықты сымның габаритті және бір-бірімен жақындау габариті деп атаймыз.

Әуе желілерінің сымдарының жер бетіндегі габариті сымның төмен қарай ең салбыраған нүктесінен жерге деиінгі арақашықтықты атаймыз.

Қортынды:

  1. Әуе электір желісі.

  2. Әуе желісінің элементтері.

  3. Әуе электр желілернің жетістіктері мен кемшіліктері.

Үйге тапсырма:















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
26.12.2018
950
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі