Эдворд Де Бононың «Алты
ойлы қалпақ» әдісі бойынша пікір – талас.
Тақырыбы:
«Егер
біздің Ақмешіт ауылымызда жанатын пайдалы қазбалардың кен орындары
болса...»
Мақсаты:
Өз
бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру.
Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу
мәдениетін арттыру.
Ұйымдастыру
кезеңі: Оқушыларға «Жылы сөз – жан
шуағы» атты офермация таратамыз. Дөңгелек үстелге алты оқушыны
отырғызамыз. Оқушыларға алты түрлі қалпақ кигіземіз. Оларға
проблемалық сұрақ қойылады. Әр оқушының міндеті киген қалпақтарының
түр-түсіне қарай жауап беруге, сөйлеуге тырысады. Бұл жердегі алты
түрлі қалпақтың міндеті алты түрлі.
Нақтырақ айтатын болсам:
Қызыл қалпақ –
Түйсік
Менің түйсіктік реакциям
қандай? Менің
түйсігім маған не дейді? Өз ойыңызды ортаға
салыңыз. Бір сөзбен айтқанда: Эмоциялар. Болжамдар, алдын ала
сезу.
Сары қалпақ - Позитив
Жағымды тұстары қандай болды? Оның артықшылығы
қандай? Маған не ұнайды?
Оң тармақтарын айтыңыз.
Нақтырақ: Шуақты
оптимизм. Логикалық
позитив.
Жасыл қалпақ – Креатив Менде қандай идеялар бар?
Қандай баламалы түрлерді
ойлап таба аламын? Барлық жаңасын және қызықтысын
айтыңыз. Нақтырақ: Шығармашылық
өсу. Мүмкіндіктер мен
идеялар.
Ақ қалпақ –
Фактілер. Менде қандай ақпарат
бар? Маған қандай ақпарат алу
қажет? Білетіңізді ғана айтыңыз. Фактілер.
Орташа
объективті ақпарат беру.
Қара қалпақ –
Жағымсыз. Жағымсыз кезеңдерді
көрсетіңіз? Қандай проблемалар
бар? Маған не
ұнамайды? Жағымсыз, ұнамсыз тармақтарды
айтыңыз. Бір сөзбен
айтқанда: Негатив.
Сыни
аналитикалық логикалық негатив.
Көк қалпақ – Шолу.
Мен не аштым?
Тағы не ашылған жоқ?
Мен оны қалай аша
аламын? Мен барлық қалпақты кие алдым ба? Жалпы түсінігіңізді
айтыңыз.
Қазақстанның пайдалы
қазбалары
Қазақстан өзінің жер қойнауының байлығымен әйгілі. Бұл Жер қыртысының
геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты. Тау
түзілу, магмалық жыныстардың енуі
және метаморфизм (өзгеріске ұшыраған), яғни эндогендік процестердің
әртүрлілігі, солармен байланысты тау
жыныстарының құрылымында, минералдық және химиялық құрылысында болған
қандай да бір өзгерістер түрлі пайдалы қазбаларды
түзеді.
Мұнай –
шикі
күйінде пайдаланылмайды. Оны өңдеген кезде түрлі отын,
яғни бензин,дизель майы,
керосин және химиялық
өнімдер алынады.
Қазақстан мұнай қорынан дүние
жүзінде 10-шы, ал оны өндіру көлемінен11-шіорынды алып
отыр.
Газ –
толық
жанатын, ауаны ластамайтын, құбыр жолымен тасымалданатын отын түрі.
Жалпы газ өнеркәсібі – Қазақстан отын-энергетика кешенінің ең жас
саласы болып табылады. Қазақстандағы газдың жалпы қоры – 6трлн
м3
.
Көмір –
еліміздегі отынның негізгі түрі. Қазақстан аумағында
әлемдік көмір қорының 3,6%-ы шоғырланған. Көмір өндіру көлемінен
дүние жүзінде 8-ші, ТМД-да 3-ші орныды алады.
Қазақстан Республикасында мұнай – газ секторын
2010-2014 жылдарға дамыту бағдарламасы қабылданған. Ал соңғы
мәліметтер бойынша Қазақстанда 2012 жылы 79,2 млн т мұнай
өндіріліп, ТМД-да Ресейден кейінгі 2-ші орынды алады.
Болашақта көмір электр
энергетикасының дамуын қамтамасыз ететін сенімді стратегиялық отын
түрі болып қала береді. 2011 жылы елімізде 116,4 млн т көмір
өндірілді.
Алты қалпақты киген оқушылар өз ойларын ортаға
салып, құрбы – құрдастарымен пікір-таласты бастайды.
Мұнай дүние жүзілік
жанар-жағар май-энергетикалық балансында орасан зор үлеске ие: оның
адамзат пайдаланатын қуат көздері ішінде 48% алады. Болашақта бұл
көрсеткіш мұнай өндірудің қиындай беруінен, және атом және басқа
қуат көздерін пайдалануының өсуінен кеми
береді.
Химия мен мұнай-химия
өнеркәсіптерінің қарқынды дамуына байланысты мұнайға деген сұраныс
жанар-жағар майлар үшін ғана емес, синтетикалық
каучук, синтетикалық
талшықтар, пластмасс, жуу құралдарын, пластификатор, бояғыштар т.б. (әлемдік
өндірістің 8%-нан астамы) өндіру шикізат көздері үшін өсуде.
Осыларды шығаруға бастапқы заттар ретінде көп қолданылатындар:
парафиндік көміртектер – метан, этан, пропан, бутан, пентан, гексан, және жоғарымолекулярлықтар (10-20 атомды
молекулалы көміртектер), циклогексан; ароматты көміртектер
– этилен, пропилен, бутадиен; ацетилен.
Атырау
өңіріндегі Жайық пен Жем аралығында көлкіген мұнай кені бар екені ерте заманнан
белгілі болған. Тіпті сол кездің өзінде−ақ жергілікті көшпенді
қазақтар жер бетіне шығып жатқан қимайды, мұнайды сүзіп алып,
түйенің немесе адамның теңге қотырын емдеуге қолданған. Бірақ
қазақтар бұл үлкен қазынаның жер бетіне шығып жатқан шеті ғана
екенін білген жоқ. XVIIIғ. мен XIX ғасырдың алғашқы жартысында
Жайық пен Жем өңірінде жер қойнауын зерттеушілердің пайда болғаны
белгілі. И. Лепехин /1768/, П. И. Рычков /1772/, П. С. Паллас
/1773/, С. Г. Гмелин /1785/, Г. Гельмерсен /1836/, тағы басқалары
Атыраудың географиялық жіне топографиялық құрылымына, су қорлары
мен кен байлықтарына қысқаша геологиялық сипаттама берді.
зерттеушілердің осы алғашқы деректерінің ғылым үшін пайдасы зор
болды.
Мұнай
Өнеркәсібі– Мұнай өнеркәсібі отын өнеркәсібіндегі жетекші рөлді атқарады.
Сонымен бірге негізгі стратегиялық шикізат көзі болып есептелінеді.
Мұнайды өңдемей қолдана алмайды.
Одан
300 түрлі өнім алады: ең, қажетті өнімдерінің бірі машиналарға
арналған отын (бензин, керосин) және химияөнеркәсібіндегі
шикізаттар.
1960
жылдардың ортасында осы аймактағы Маңғыстау алабы ашылды.
Ондағы Өзен және Жетібай, Қаражамбас, Қаламқас,Солтүстік
Бозащы, Кеңқияқ, Жаңажол, т.б. кен орындарындағы мұнайға барлау
жасалды.
Кейінірек алып Қарашығанак, Теңіз мұнай кен орындары
ашылды.
1980 жылдардың басында
республикамызда үшінші алап -
Оңтустік Торғай ірі кен орны
Құмкөл пайда болды.
1990 жылдардың басында
ең үлкен мұнай кен орны Қашағанды ашты.
Мұнай
қоры жағынан (4,8 млрд т) Қашаған дүние жүзінде
бесінші орында.
Қазакстаннан түрлі маркадағы
мұнай өндіріледі.
Мұнай мен газды ірі компаниялар
өндіруде:
«Қазмұнайгаз» Қазақстаннын, ең ірі ұлттық мұнай компаниясы. Осы
компаниялардың жұмыс істеу нәтижесінде мемлекетіміздегі мұнай
өнеркәсібінің даму каркыны жылдан-жылға өсу
үстінде.
1970 жылдары
республикамыздағы барлық мұнайды үш облыс (Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе) өндіретін, казір 6 облыс өндіріп
отыр.
Көш
бастаушы
Атырау
облысы.
Өндіріс ауданынан тұтынушыға темір жол аркылы цистернада және
Каспий теңізі арқылы танкермен тасымалданады. Бірақ негізгі бөлігі
құбыр арқылы тасымалданады. Мұнай тасымалдауда
кұбырдың рөлі тиімді болғандықтан жыл өткен сайын оның үлесі
артуда.
Құбырдың мұнайды өткізу
мүмкіншілігі жоғары. Диаметрі 83 см
болатын құбыр жылына 10 млн тонна өткізе алады. Сонымен бірге өрт
шығу қаупі құбырларда сирек болады. Қазақстандағы магистральді
мұнай құбырының ұзындығы 7000 км-ден артық. Ең ірілері
Атырау-Новороссийск, Атырау-Самара, Атасу- Алашаңкоу және
Омск-Павлодар-Шымкент.
Мұнайды мұнай өңдейтін зауыттарда (МӨЗ) өңдейді.
Мұнай өңдейтін зауыт көбінесе тұтынушыға негізделген. Қазақстанда 3
ірі мұнай өңдейтін зауыт (Атырау, Павлодар, Шымкент) және кішігірім отын жанар-жағармай зауыты
Қарашығанақта жұмыс істейді.
Мұнай газ өнеркәсібі және
қоршаған орта - Мұнай мен газ улы заттар болғандықтан қоршаған ортаға
түскенде табиғатқа және адам денсаулығына орасан зор зиян
келтіреді.
Топырақ, атмосфера, су қоймалары ластануға
ұшырауда. Жер қойнауынан шамадан тыс көмірсутектерін игерудің
нәтижесінде жасанды жер сілкінісінің пайда болған кездері де болды.
Мұнай газ өнеркәсібінің табиғатқа және адам денсаулығына қолайсыз
әсер етуін азайту мақсатында табиғатты сактау технологиясын
колданып отыруды қажет етеді. Өндіруші компанияларға ілеспе газды
жағуға тыйым салынды. Мұнайды бұрғылау орындарын су басып кетпеу
үшін арнайы дамбалар тұрғызылуы керек. Мұнай және газды өндіретін
және еңдейтін аудандарға жақын орналаскан елді мекендердегі
адамдарды басқа жакка, яғни колайлы жерлерге
кешіреді.
Сонымен, Қазақстандағы ірі
салааралык кешендердің біріне отын-энергетикасы жатады. Оның ішінде
мұнай өнеркәсібі жетекші рөлді атқарады. Газ өнеркәсібі де жылдам
дамуда. Бұл салаларды дамытуда табиғи ресурстарды тиімді пайдалана
және қоршаған ортаны қорғай отырып игеру кажет.
Факттар
Қаражамбастың мұнайы өте ауыр, құрамында
темір көп. Ал Эмбі
мұнайы керісінше жеңіл, майлы болып келеді, көбінесе зымырандардың
отыны және майлағыш май ретінде қолданылады. Өзен мен Жетібай
мұнайының құрамында парафин көп. Ол бөлме температурасында катады.
Сондықтан оны тасымалдауда арнайы жылытып тұратын құбыр орнатылды.
Оны күкірттісутектен және күкірттен айырады. Қарашығанақ пен
Жаңажолдағы табиғи газдан күкірттісутекті алғанда - конденсат -
бағалы химиялык шикізат алынады.
-
Қазақстандағы ең бірінші
мұнай 1899 жылы Орал-Ембі алабындағы Қарашүңгілден игерілді. Ол
жердегі тереңдігі 40 метрлік үңғыдан мұнай фонтаны атқылап,
теулігіне25 тонна мұнай береді. Алғашқы кезде мұнайды арнайы
қазылған шұңқырға жинаған. Мұнайды Самарадағы мұнай өңдеу зауытына
жеткізу үшін алғашқы кезде түйені пайдаланған. 1915 жылы
Қазақстандағы ең бірінші мұнай құбыры Ракушечная айлағына дейін
салынды. Ол жерден мұнай баржаға жүктеліп, Каспий теңізі одан ары
Еділ өзені арқылы тасымалданды.
-
Теңіз мүнай кен орны дүние жүзіндегі ең үлкен
мұнай қоры бар ауданға жатады. Кен орнының ұзындығы 19 км, ені 21
құрамында мұнайы бар тау жыныстарының калыңдығы 1,6 км. Теңіз мұнай
кен орны 1979 жылы ашылды. Зерттелген қоры 3 млрд тоннадан артық,
оның ішінде өндірілетін мұнай 1,1 млрд т, ұңғының орташа тереңдігі
5500-6000 метр. 2008 жылында 17,5 млн т мұнай өндірді.
-
Қашаған мұнай
кенішінің геологиялык қоры 4,8 млрд т. Кен орнындағы қабаттың
қысымы (820 бар) өте жоғары. Сонымен бірге құрамында ілеспе газ
және күкірттісутек бар. Мұнайды игеру 2010 жылы басталмақ. Кенішті
игеру 40 жылға жоспарланды. 136 млрд АҚШ доллары жұмсалатыны
жөніндегі шартқа кол қойылды. Оны «Солтүстік Каспий басқарушы
компаниясы» (СКБК) консорциумы
игереді. Бұл консорциумға: Қазмұнайгаз (Қазақстан),
«Эксон-Мобил», «Шелл», «Эксон-Мобил», «Конокофиллипс» (АҚШ),
«ЭНИ» (Италия),
«Тоталь» (Франция),
«Инпекс» (Жапония). *
«Қазмұнайгаз» компаниясының үлесі - 16,81%.
-
Каспий теңізінің
солтүстігінде Қазакстанның тарихында бұрынсонды болмаған Солтүстік
Каспий жобасы іске асырылуда. Негізгі мақсаты мұнай және газ
кеніштерін барлау және Қашағанды игеру. Теңіз акваториясының
барланатын ауданы 5600 км2. Ұңғыны бүрғылау
жасанды аралдар арқылы іске аспақ. Мұнай және газ қабаты орналасқан
тереңдік 4300 м.
Қазақстанның пайдалы
қазбалары
Қазақстан өзінің жер
қойнауының байлығымен әйгілі. Бұл Жер қыртысының геологиялық
құрылысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты. Тау түзілу, магмалық
жыныстардың енуі және метаморфизм (өзгеріске
ұшыраған), яғни эндогендік процестердің әртүрлілігі, солармен
байланысты тау
жыныстарының құрылымында,
минералдық және химиялық құрылысында болған қандай да бір
өзгерістер түрлі пайдалы қазбаларды түзеді.
Пайдалы қазбалар деп, қазіргі
техниканың даму деңгейінде, табиғи түрінде немесе өңделгеннен кейін
шаруашылықта пайдалануға болатын минералдар мен тау жыныстарын
айтады. Әдетте, таулы аймақтарда (қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы
аудандарда) және шөгінді қабығынан айырылған платформаларда рудалы
қазбалар кені көптеп кездеседі.
Ал
шөгінді түріндегі пайдалы қазбаларды (мұнай, газ, көмір, уран және т.б.) шөгінді
қабығы бар платформаларда (жазықтарда) кездестіруге
болады.
1919—1923 жылдардың өзінде Қарағанды тас көмір
алабының өнеркәсіптік мүмкіндіктері анықталды. Содан
бері Қазақстандагеологиялық пайдалы
кендер ашылып, жоспарлы
зерттеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
Қазақстанда аса маңызды
минералдық шикізат түрлерінің бәрі дерлік бар. Еліміздің жер
койнауынан Менделеев
кестесіндегі105 элементтің,
оның 70-інің мол қоры барланған және 60-тан астамы өндіріледі. 6
мыңға жуық пайдалы қазбалар кен орындары
ашылған. Энергетика және минералдык ресурстар
министрлігі мамандарының
мәліметі бойынша (2007) республика
дүние жүзінде уран, хром және
марганец қоры жөнінен - екінші орында, мырыш, молибден, корғасын,
мыс, вольфрам және алтын корынан - алғашкы бестікте, ал мұнай,
темір және калайы қорынан - алғашкы он орынның біріне
ие. Қазақстан Еуразияконтинентінде хром қорынан ең бай ел, ал
марганец қорынан бүкіл ТМД-да басым ел. Алтын корынан Қазақстан дүние
жүзі бойынша 5-орында, ал ТМД бойынша Ресей мен Өзбекстаннан
кейінгі 3-орында. ТМД көлеміндегі мыс
пен қорғасын корының жартысынан астамы, мырыштың 70%-ынан астамы
Қазақстанда шоғырланған.
Пайдалы қазба орындары
жанатын, кен және кен емес болып үш топқа бөлінеді.
Жанатын пайдалы
қазбаларға мұнай мен газ, көмір, уран және т.б. кен
орындары жатады.
Мұнай мен
газ
Мұнай мен газдың мол қоры Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе және
Батыс
Қазақстан аймақтарында шоғырланған. Мұнай елімізде бірінші рет 1899
жылы Қарашүңгілдегі Ембі кен орнындағы мұнай
ұңғысынан
(скважина) атқылады. Ал 1911 ж. Доссор,
1915 ж. Мақат кен орны пайдалануға берілді. Бұл кен орындарына
алпысыншы жылдары Маңқыстау түбегіндегі Өзен мен Жетібай қосылды.
Кейінірек олардан да куатты Қаражамбас пен Қаламқас, Теңіз (Атырау
облысы), Кеңкияқ және Жаңажол (Ақтөбе
облысы), Қарашығанақ (Батыс Қазақстан
облысы) пен Құмкөл (Қызылорда облысы) кен орындары ашылды. Қазір
Қазақстанда мұнай мен газ шоғырланған 14 алап және 207 кен орны
бар. 1999 жылы Қазақстан қойнауынан алғашқы отандық мұнай
алынғанына жүз жыл толғаны тойланды.
Қазақстанда көмір қоры мол. Мұнда тас
көмір мен қоңыр
көмірдің 10 алабы, 300 кен орны
бар. Қазақстанның жалпы көмір қоры 164 млрд
тоннаға жетті. Республика 90-жылдардың аяғына қарай жылына 90 млн
т. көмір өндіреді. Ғалымдардың жобалауы бойынша жылына 140 млн т.
өндірілсе еліміздегі көмір қоры 250 жылға
жетеді. Көмір кен орындарының
басым бөлігі Қарағанды,Павлодар және Қостанай облыстарында
орналасқан.
Қалған пікір-таласты
тамашалап отырған сыныптастыра өз пікрлерін ортаға салады.
Пікір-таласты қорыту мақсатында «Екі жұлдыз, бір тілек» атты
әдіспен кері байланыс орнатамыз.