Материалдар / Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римдегі шешендіктану арналары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римдегі шешендіктану арналары

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал 11 сыныпқа сабақ беретін ұстаздарға әдістемелік көмек ретінде керек деп ойлаймын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Маусым 2018
4404
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 11 «А»


Сабақтың тақырыбы: Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римдегі шешендіктану арналары


Сабақтың мақсаты: а) шешендік өнердің Грекия мен Рим мемлекетінде тууы мен дамуы, атақты шешендер өмірлері мен шешендік шеберліктері туралы түсінік беру.

ә) кемеңгер шешендердің — үлгі-насихатқа толы ғұмыр иелерінің даналық ой маржандарын, сырлы сөздерін бойға сіңіру, адамдық қасиеттерін үйрену.Сөз байлықтарын арттыру, алған білімдерінің негізінде шығармашылық қабілетін дамыту;

б) оқушылардың шешендер сөздеріндегі оралымды өткір ойды анық танып,талдай білулерін жетілдіре отырып, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты игерту, ұжымдық, топтық оқыту.

Сабақтың әдісі: миға шабуыл,түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау, жарыссөз, топпен жұмыс т.б.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интербелсенді тақта, тірек сызбалар, қанатты сөздер, әлем ойшылдарының шешендік өнер туралы пікірлері, шешендер суреттері т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих,әдебиет

Күтілетін нәтиже: Тақырып бойынша ойларын айқын тұжырымдайды; диалогтік оқытудағы жоғары және төменгі мәртебелі сұрақтарды қойып үйренеді.

оқушының сыни ойлауы қалыптасады.

7 модульдің қолданылуы:

АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін  бағалау және оқуды  бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.

Сабақтың барысы:

І. Қайталау - оқу анасы. (сұрақ - жауап).
ІІ. Ұтымды пікір - ұтқыр ой.
ІІІ. Даналық сөзден дән ізде.
ІV. Кешенді талдау - кемел білім.
V. Көркем сөзім - көрікті ойым.
ҮІ. «Қайталау - оқу анасы.» (тест).

Сыныпты үш топқа (қызыл, сары, жасыл қағаздар арқылы) бөлемін.

а) Үй тапсырмасын пысықтау:

І. Өткен сабақтар бойынша білімдерін пысықтау.Ой қозғау.

Сұрақ – жауаптар алынады.

ә) Жаңа материалдың маңызды белгілері:

1. Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римдегі шешендіктану арналары.

 Ежелгі Грекия – шешендіктанудың отаны.

2. Софистер – шешендіктанудың негізін қалаушылар. «Әлсіз пікірді күшейту» - софизмнің басты бағыты. Софистердің шешендіктануға қосқан үлесі.
3. Сократ пен Платон – шынайы сөздің теориясын жасаушылар. «Федр» - шешендік туралы диаолог. Сөздің адам жанына әсер етуі туралы идеяның қалануы.
4. Аристотель – шешендікті арнайы үйрететін мектептің негізін қалаушы. «Риториканың» - шешендіктануды дамытудағы орны мен рөлі.
5. Квинтилиан – он екі томдық «Шешендік тәлім» еңбегінің және шешендікті оқыту бағдарламасының авторы.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Б.д.д.V ғасырда Афинада құл иеленушілік демократиялық қоғам жанданды. Мұнда халық жиналысының үлкен рөлі болды. Афинадағы осындай еркін демократиялық қоғамда азаматтарға халық жиналыстары мен соттарда жиі сөйлеп, әлеуметтік мәселелерге араласып тұруға тура келген.

Сөйтіп, шешендік өнер Афинаның қоғамдық өмірінде, мемлекет істерінде, саясат майданында маңызды факторға айналды. Бұл қасиетті, киелі өнерді ыждағатпен үйрену әрбір грек азаматының парызы болды. Шешендік өнерге баулитын тәлімгер-ұстаз (ритор) мамандығы шықты, осы кезде риторика ғылымы пайда болды.

Грецияда шешендік өнердің дамуына б.д.д. 594 жылы Афинаның басқарушысы әрі ақыны Солонның құлдық құрылыс пен сот істерін демократияландыруға бағытталған заңы себеп болған. Ол заң бойынша әрбір азамат өз мүддесін өзі қорғауға міндетті болды. Сотта қорғану үшін қызыл тілге жүйрік болу керек. Сот алдында айтылатын сөзді алдын-ала дайындайтын сөз шеберлері - логографтар болды. Демосфен шешен алғашында осындай логограф болған.

Көне дәуірдегі шешендік өнердің дамып, көркеюінің 2 кезеңі болды:

- Б.д.д V-ІV ғғ Грекиядағы Периклден бастап, Демосфенге дейінгі кезең;

- Б.д.д 1 ғасыр - Римдегі Цицерон заманы.

Шешендік өнер ғылым ретінде Риторика деп аталады. Зерттеушілердің

пікірінше, риториканың негізін салған грек софисі Протогор болған. Протогор өз кезіндегі Сократ, Платондармен замандас болған.

Ежелгі Грецияда б.д.д. V-ІІІ ғасырларда атақты он шешен шыққан. Олардың ішінде Лисий мен Исократтың, Демосфеннің есімдері ерекше аталады. Демосфеннен 170 қолжазба, 60 шешендік сөз, 56 жазба сөз, 6 хат сақталып жеткен.

Шешендік өнер Грекиядан кейін Римде дамыды. Онда Красс, Анатия,Гортенция бастаған ондаған атақты шешен қолбасшылар, қоғам қайраткерлері шықты. Әрі шешен, әрі қоғам қайраткері, философ Цицерон шешендік жайындағы ғылымды дамытуға көп еңбек сіңірді. Оның «Шешендік өнер туралы үш трактат» деген еңбегінің мәні өте зор болды.

«Риториканың Римдік теориясын» жасаған Марк Фабий Квинтилиан болды. Ол - Римде шешендік мектептің негізін салушы бірінші ұстаз. Квинтелианның басты еңбегі - 12 кітаптан тұратын «Шешендік өнер тәлімі» еңбегі. Онда ежелгі Греция мен Римдегі риторика ілімінің тәжірибелері жинақталып, жүйеленген.


«Ежелгі Грекия мен Ежелгі Рим шешендері » туралы (бейнебаян тамашалайды).

Picture 20


І.Топтық жұмыс. Кітаппен, мәтінмен, тақтамен жұмыс.

Берілген мәтін негізінде «Ежелгі Грекия мен Ежелгі Рим шешендері » туралы пікірлеріңді ортаға салыңдар.

І топ: Ұтымды пікір - ұтқыр ой.Кітаппен, мәтінмен, тақтамен жұмыс.

15- тапсырма .Мәтінді оқып, әр автордың сөзінің мағынасын таратып айтыңыздар.Осы айтылған ойлардың Ежелгі Грекия, Ежелгі Римдегі шешендіктің ториясын негіздеген ғалымдардың пікірімен ұқсас жақтары бар ма?

Пікірталас ұйымдастырыңыздар.


ІІ топ: Даналық сөзден дән ізде.

18 – тапсырма: Дәптерге ұлы ойшылдардың сөздерін жазу.

ІІІ топ: Кешенді талдау - кемел білім. Әр топтан бір оқушыдан шығып, шешендер сөздерін оқыту және талдату.

1 –топ: Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыздар.

«Кісі сөз өнерін білетін шешен болуға тиіс»

(Йүгінеки)

2 –топ: Морфологиялық талдау жасаңыздар.

«Әлсіз шешендер қолдарынан келмеген тереңдіктің орнын ұзақ сөйлеп толтырады».

(Ш.Монтесье)

3 –топ: Сөздердің байланысу түрлеріне талдау жасаңыздар.

«Шешеннің парызы – шындықты айту» (Платон)

Ү.«Қызықты сұрақтар» ойыны.Сергіту сәті (мақалмен жауап)

  1. Қар жана ма?

  2. Түкіріктен көл құрала ма?

  3. Адамда арқау бола ма?

  4. Қайтсең тегін ішесің?

  5. Қандай бас аяққа тыным бермейді?

  6. Бес ешкісі бар кісінің өзге қызметі бола ма?


«Ассоциация» әдісі
Шешендік сөздер
Қынаптан суырылғандай қылыштай өткір.
Соқырға таяқ ұстатқандай анық.
Көңілге медет болатындай мағыналы.


VІ. Көркем сөзім - көрікті ойым. «Шешеннің сөзі – шамшырақ» тақырыбына эссе жазу.

ҮІІ. Білімді бекіту: Тест арқылы білімдерін тексеру.

 Сабақты қорытындылау

  • Міне, балалар, бүгінгі сабағымыз да мәресіне жетті.

Сөз құдіретінің мәнін түсініп, әдемі де әдепті сөйлеу - бүгінгі күннің талабы.Сондықтан білімдеріңді барынша толықтырып жүрулеріңе тілектеспін.


ҮІІІ. Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма: Эссе жазу.19-жаттығу.



























































І. Қайталау - оқу анасы. (сұрақ - жауап).
ІІ. Ұтымды пікір - ұтқыр ой.
ІІІ. Даналық сөзден дән ізде.
ІV. Кешенді талдау - кемел білім.
V. Көркем сөзім - көрікті ойым.
І. «Қайталау - оқу анасы.» (тест).




























Сабақтың тақырыбы: Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римдегі шешендіктану арналары

Сабақтың мақсаты:

а) оқушыларға шешендіктің өнер ретінде, ғылым ретінде қайдан бастау алатындығын, оның жалпыазаматтық мәнін, шешендік өнердің тарихында оры бар даналар туралы мағлұмат беру,

адами қасиетке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жаңа сабақты игерту.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап т.б.

Сабақтың көрнекілігі: оқу құралдары

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

ІІ Жаңа материалдың маңызды белгілері:

1. Ежелгі Греция мен Ежелгі Римдегі шешендіктану арналары. Ежелгі Греция – шешендіктанудың отаны. Шешендіктің дамуының алғышарттары.

2. Софистер – шешендіктанудың негізін қалаушылар. «Әлсіз пікірді күшейту» - софизмнің басты бағыты. Софистердің шешендіктануға қосқан үлестері.

3. Сократ пен Платон – шынайы сөздің теориясын жасаушылар. «Федр» - шешендік туралы диаолог. Сөздің адам жанына әсер етуі туралы идеяның қалануы.

4. Аристотель – шешендікті арнайы үйрететін мектептің негізін қалаушы. «Риториканың» - шешендіктануды дамытудағы орны мен рөлі.

5. Квинтилиан – он екі томдық «Шешендік тәлім» еңбегінің және шешендікті оқыту бағдарламасының авторы.


ІІІ Қызығушылығын ояту

Тұңғыш рет: «Шешендікті арнайы оқыту арқылы қалыптастыруға болады,-» деген қағиданы дәйектеп, оның бағдарламасын ұсынған Квинтилиан.

Бірінщі ұстаз атанған Аристотель шешендік ілімге қатысты «Риторика» атты еңбегін ұсынды.

ІҮ Айнымалы кезең

16- жаттығу. Грек ойшылдарының скифтерге тән дүниетанымын қазақ ойшылдарына ұсқастығын табу.

17-жаттығу. «Айтылған сөздің дәлелі» пікірталас.

18-жаттығу. «Ерте заманды елестетсек...» рөлдік бағдарлама


Ой қорыту, бағалау

«Шешеннің парызы – шындықты айту» Платон

«Шешен сөзінің дәлелділігін – оның әділдікті жан-тәнімен қолдап, қорғауынан айқын көруге болады» Квинтилиан


19-жаттығу.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!