Ежелгі түркі
жазулар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ертедегі түрік мәдениетіне тән өзіндік
алфавиттік жүйесі мен жазу емлесі бар сына жазулары, олардың
зерттелу тарихы туралы тарихи білім беру.
Дамытушылық: Өткен сабақта алған білімдерін дамыта
отырып, ежелгі түркі дәуірі жазу дәстүршің ерекшеліктерін бүгінгі
жазу дәстүрімен салыстырып, талдауға
үйрету.
Тәрбиелік: Жазудың жалпы мәдениет салаларының ішіндегі
алатын маңызын аша отырып, оқу-білімді құрметтеуге, тарихи-мәдени
ескерткіштерді қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:
аралас
Әдісі:
интерактивті
Пәнаралық байланыс:
география
Көрнекілік:
1. Түркі жазу ескерткіштері табылған
аймақтардың картасы.
2.
Ежелгі түркі жазулары жазылған құлпытастар бейнеленген
суреттер.
3. Түркітанушы ғалымдардың
портреттері.
4. Түркі дәуірінің балбал (сынтас)
суреттері.
Сабақтың
барысы. I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасы.
Уакытты үнемдеу үшін, сыныпты екі нұскаға бөліп,
төмендегі тапсырманы екіге бөліп береді. Оқушылар белгіленген уақыт
ішінде орындап шығып, бір параққа жазып маған
тапсырады.
1-нұсқа.
Мына сөздерді түсіндір:
соғдылар................................................................................
тат........................................................................................
руна(сына).............................................................................
«Диуани лүғат
ат-түрік»..................................................
христиандык........................................................................
2-нұсқа.
«Құдатғу
білік»....................................................................
қағанат................................................................................
буддизм.................................................................................
манихейлік...........................................................................
христиандық.......................................................................
Одан кейін жалпы сыныптан параграфтың соңындағы
сұрақ-тапсырмалар бойынша тақырыптың мазмұнын сұраймын. Сабақ
айтқан окушыларға сұрақ қоюға оқушыларды дағдыландыру
керек.
Жаңа сабақтың
жоспары:
1.
Ежелгі түркі жазуы туралы тарихи деректер.
2.Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк
жазбалары.
3.
Түркітанушы ғалымдар.
V-VІ ғасырларда пайда болған ежелгі
түріктердің сына жазуы бұл мемлекеттің экономикалық қарыштап
дамуының көрсеткіші болды. Бұған нақты дәлел келтірсек, алғаш рет
осы түріктердің жазуы туралы деректер Византия тарихшысы Менандр
Протектордың жазбаларында ұшырасады. Мұнда Византия императоры
Юстинианның қабылдауында болған түрік елшісі Маниахтың әкелген
қағанның жолдамасы скиф жазуымен жазылғандығы жөнінде айтылған.
Ежелгі түркі жазуының ең көне ескерткіштеріне түрік-ашина көсемдері
- Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөкке арналған ескерткіш тастағы
жазулар жатады. Одан әрі түркі сына жазуларының зерттелу
тарихы мен оны зерттеуші ғалымдарға тоқталамын. Тақырыпты түсіндіре
отырып тақырыптағы Менандр Протектор, Юсти-ниан, Маниах,
Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк, руна (сына) жазу, «бітіг таш»,
тарихи шежірелер, Д. Мессерш-мидт, Ф. Страленберг, Н. Ядринцев, В.
Томсон, В. Радлов сияқты жаңа сөздерді, кісі есімдерін тақтаға
жазып отырады. Оқушылар мен жазған тақтадағы жаңа сөздерін
дәптерлеріне жазып қояды.
Оқушыларды қызықтыру үшін Білге қаған, Күлтегін,
Тоныкөктер тарихи тұлғалар ретінде бейнеленген қосымша әдебиеттерді
пайдалана отырып аңыз әңгімелерді айтып
беремін. Қосымша әдебиеттер
тізімі:
1. Т. Журтбаев. Дулыга. Көне түркі
батырлары туралы тарихи әфсаналар- Алматы.
1994.
2. Қ.
Өмірәлиев. VІІІ-ХІІ ғасырлардагы көне түркі ескерткіштері.
А., 1985.
Сабақты қорытындылау және үй тапсырмасы үшін
төмендегі ББҮ кестесін толтыруды ұсынуға
болады.
-
Білемін
|
Білгім
келеді
|
Үйрендім
|
|
|
|
Оқушыларға «Білемін» бағанын сабақтың ең басында
оқушылардың бүгінгі өтілейін деп жатқан жаңа тақырып бойынша өздері
не білетінін анықтау үшін қолданамын. Жаңа тақырыпты оқып меңгеріп
шыққаннан кейін, оқушыларға «Білгім келеді» және «Үйрендім»
бағандарын толтыртқызамын. «Білгім келеді» бағанына өздерінің
білгісі келген бүгінгі тақырып бойынша сұрақтарын жазады.
«Үйрендім» бағанына оқушылар бүгінгі тақырып бойынша нені үйренді,
соны жазып шығады. Бұл кестенің ерекшелігі оны сабақтың
үш сатысында қолдана алады. Осылайша «Үйрендім» бағаны бойынша
оқушылардың өздері толтырған кестені оқушылардың өздеріне оқытып
бүгінгі сабақты қорытындылаймын.
Бағалау:
Үйге
тапсырма: 22-параграфты оқып келу.
«Білгім келеді» бағаны бойынша
оқушылардың өздері жазған
білгісі келетін сұрактарына өздеріне жауаптар
іздестіріп, жазып келуді тапсырамын. Бұл
оқушыларды шығармашылықпен
жұмыс істеуге икемдейді. Ал
оқушылардың өздері таба алмаған
сұрақтарына өзім жауап
беремін.