Материалдар / Екі нүктенің арақашықтығы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Екі нүктенің арақашықтығы

Материал туралы қысқаша түсінік
 Жазықтықта координаталарымен берілген екі нүктенің арақашықтығын табады.  Тікбұрышты координаталар жүйесінде сызбасын сызып, екі нүктенің арақашықтығын есептейді.  Екі нүктенің арақашықтығын күрделі формулаларды қолдана отырып, есептейді, нәтижесін дәлелдейді. • Координаталары берілген жазықтықтағы екі нүктенің арақашықтығын табады; • Координаталары берілген нүктелер арқылы шыққан фигуралардың қабырғаларын екі нүктенің арақашықтығы формуласын қолданып табады және нәтижесін талдайды; • Екі нүктенің арақашықтығын кесінді ортасының координаталарының формулаларын пайдалана отырып, анықтайды;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Мамыр 2019
13166
28 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бөлім 8.4 В Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі

188 МГ

Күні:

Мұғалім аты-жөні: Шекербекова С.А.

Сынып: 8

Қатысқан оқушылар саны :

Қатыспаған оқушылар саны:

Тақырып

Екі нүктенің арақашықтығы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.3.14 жазықтықта координаталарымен берілген екі нүктенің арақашықтығын табу;


Оқу деңгейі

Білу, түсіну

Сабақтың мақсаты

  • Жазықтықта координаталарымен берілген екі нүктенің арақашықтығын табады.

  • Тікбұрышты координаталар жүйесінде сызбасын сызып, екі нүктенің арақашықтығын есептейді.

  • Екі нүктенің арақашықтығын күрделі формулаларды қолдана отырып, есептейді, нәтижесін дәлелдейді.

Бағалау критерийлері

  • Координаталары берілген жазықтықтағы екі нүктенің арақашықтығын табады;

  • Координаталары берілген нүктелер арқылы шыққан фигуралардың қабырғаларын екі нүктенің арақашықтығы формуласын қолданып табады және нәтижесін талдайды;

  • Екі нүктенің арақашықтығын кесінді ортасының координаталарының формулаларын пайдалана отырып, анықтайды;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Сөздік құрамы артады. Өз ойын еркін білдіре алады, анықтамаларды ешбір қиындықсыз айтады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Тікбұрышты координата, ордината және абсцисса осі, координаталар басы, ширек, нүктенің координатасы, арақашықтық

Диалог құруға жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Екі нүктенің арақашықтығын табу үшін...

Координаталар басы мен нүктенің арақашықтығын табу үшін...

Құндылықтарды дарыту

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Оқушыларды еңбек пен шығармашылық, ынтымақтастық, өмір бойы білім алуға баулу

Пән аралық байланыстар

алгебра

АКТ қолдану дағдылары

Сабаққа қатысты материалдарды слайд арқылы көрсетіп, интербелсенді тақтаны пайдалана отырып есептер шығару

Алдыңғы сабақтан алған білім

Кесінді ортасының координаталары. Координаталық жазықтықта нүктелерді табу. Квадрат түбір

Сабақтың кезеңдері

Сабақтың барысы

Оқыту ресурстары

Сабақтың басы


Сәлемдесу, түгендеу. Оқушылар топта отыр.


Психологиялық ахуал орнату мақсатында «Сатамын, сатып аламын» әдісін қолданамын.


Үй тапсырмасын «Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы тексеремін. Бірінші топтағы оқушы есептің берілгенін айтады, екінші топтың оқушысы жауабын айтады.

Қ.Б. «Қол шапалақтау» әдісі арқылы бағалаймын.


Өткен тақырыптарға шолу жасау мақсатында «Алфавит» әдісін қолданамын. А,Т,К,Е,С әріптеріне байланысты өткен тақырыптардағы атауларды сұраймын.

Қ.Б. «От шашу» әдісі арқылы топтарды бағалаймын.






«Геометрия»

8-сынып

Ж.Қайдасов, Г.Хабаров, А.Абдиев


Сабақтың ортасы


Жаңа сабақ тақырыбы мен мақсатын нақтылау үшін «Алдын-ала берілген атаулар» әдісін қолданамын. Интерактивті тақтада берілген 4 сөзге оқушылар анықтама беріп өтеді.

Координата

Ара қашықтық

Нүкте

Абсцисса осі

Осы сөздерге анықтама беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбымен таныстырамын және сабағымызға мақсат қоямыз.


Жаңа сабақты меңгерту үшін «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісін қолданамын.


Теориялық бөлім:

Екі нүктенің арақашықтығын табу формуласы:

;

Егер координаталар басы О(0; 0) нүктесінен М(х; у) нүктесіне дейінгі қашықтықты табу керек болса, онда

ОМ2 = х2 + у2 формуласымен анықталады.

Қ.Б. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы оқушылар өз ойларын білдіреді.


Дәптермен жұмыс

«Сұрақ ілмегі» әдісін пайдалану арқылы жеке жұмыс жүргіземін. Бұл әдіс барысында есеп шығаруда кездесетін барлық сұрақтарды ортаға саламын.

Тапсырма 1. Координаталар басынан мына нүктелерге дейінгі қашықтықты табыңдар:

1) М(− 4; 3);

2) N(− 3; 1) ;

3) К(4; − 4);


Дескриптор: Білім алушы

-екі нүктенің арақашықтығын табу формуласын қолданады;

-нәтижесін дұрыс есептейді;

Қ.Б. Есепті «Көршіңді сына» әдісі арқылы оқушыларды бағалаймын


Саралау. 2-тапсырманы орындату мақсатында «Бірге ойлаймыз» әдісін қолданамын. Екі оқушы бір-біріне қолдау көрсетеді

Тапсырма 2.Үшбұрыштың А(2; 1), В(− 6; 7) және С(2; − 2) төбелері берілген. Үшбұрыштың периметрін табыңдар.


Дескриптор: Білім алушы

- үшбұрыштың әрбір қабырғасын екі нүктенің арақашықтығы формуласымен дұрыс есептеп табады;

-периметрдің формуласын пайдаланады;

-нәтижесін дұрыс есептейді;

Қ.Б. Есепті смайликтер арқылы бағалаймын


«Ой тізбегі» әдісін қолдану арқылы оқушылардың шығармашылығын арттыру мақсатында топтық тапсырма беремін. Есептің шығарылу жолы мен сызбасын флипчартта орындап, топ алдында қорғайды.

Тапсырма 3. В (3; 2), С(− 1; 6) болса, онда А(− 3; 4) нүктесінен ВС кесіндісінің ортасына дейінгі қашықтықты табыңдар.


Дескриптор: Білім алушы

- ВС кесіндісінің ортасының координаталарын формуланы пайдаланып табады Е(х,у);

- екі нүктенің арақашықтығы формуласын қолданып А нүктесі мен Е нүктесінің арақашықтығын табады;

-нәтижесін дұрыс есептейді;

Қ.Б.Оқушылардың қорғаған жұмыстарын талқылау және бағалау мақсатында «Серпілген сауал» әдісін қолданамын.



















































Флипчарт, маркерлер











Сабақтың соңы

Кері байланыс орнату


«Гүлдер» әдісін қолданамын. Жасыл, сары және қызыл гүл беремін.

Жасыл гүл-ең көп көмектескен оқушыға

Сары гүл-ең белсенді оқушыға

Қызыл гүл-ең жақсы тыңдай білген оқушыға беріледі.






«Жетістік баспалдағы» әдісін қолданамын. Мұнда оқушы өзінің қай сатыда тұрғандығын және тақырыпты қай деңгейде түсінгендігін белгілейді.


Үйге тапсырма: №207, №209

Қосымша ақпарат

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Балалардың шығармашылық қабілеттерін және ойлау дағдыларын жетілдіру мақсатында білім беруді қажет ететін балаларға қолдау көрсетуге және ортада диалог орнатуға тырысамын. Сонымен қатар осы сабақты жоспарлағанда оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып жоспарлауға тырыстым.

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?

Оқушылардың әрбір орындаған тапсырмаларын бағалап отыруға тырыстым. Себебі, қалыптастырушы бағалау оқушының белсенділігі мен қызығушылығын арттырады. Тапсырма түрлеріне қарай бағалаудың мынадай түрлерін пайдаландым: «Қол шапалақтау», «От шашу», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Көршіңді сына», смайликтер және «Серпілген сауал».

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.

2.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!