Материалдар / Екі таңбалы сандардың ондық құрамы. Ондық құрам негізінде қосу және азайту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Екі таңбалы сандардың ондық құрамы. Ондық құрам негізінде қосу және азайту

Материал туралы қысқаша түсінік
санның ондық құрамы туралы білімдерінің негізінде есептеуді орындау дағдыларын қалыптастыру; жаңа білімді өз бетімен құру және пайдалану дағдысын қалыптастыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Маусым 2018
721
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Екі таңбалы сандардың ондық құрамы. Ондық құрам негізінде қосу және азайту

Сабақтың мақсаты: санның ондық құрамы туралы білімдерінің негізінде есептеуді орындау дағдыларын қалыптастыру; жаңа білімді өз бетімен құру және пайдалану дағдысын қалыптастыру.

Оқу іс-әрекетіне қызығушылығын арттыру.

Мұғалім өз қалауынша жүргізеді.

Білімдерін белсендіру және оқу іс-әрекетіндегі қиындықтарды анықтау.

Ауызша есептеуге алдыңғы сабақтарға ұқсас ойындарды ұйымдастыруға болады. Ауызша жаттығулар:

- 2 ондық және 5 бірліктен, 4 ондық 7 бірліктен тұратын сандарды ата;

- 54, 78, 26, ... сандарының алдындағы санды ата;

- 92, 26, 77, ... сандарынан кейінгі сандарды ата;

- 42 және 49, 78 және 84, ... сандарының арасындағы сандарды ата;

- 45-тен 75-ке, 57-ден 90-ға дейін тура және кері сана;

- 67, 99, 1 сандарымен көршілес сандарды ата;

- 5 дм 4 м, 5 дм, 10 дм-де неше сантиметр бар?

- Қайсысы артық: 5 дм 3 см немесе 35 см?

- Егер қосылғыштары бір таңбалы сандар болса, 16, 14, 18 сандарын қандай екі қосылғышқа жіктеуге болады?

- 97, 87, 77, 67, 76, 87 сандарын 100-ге дейін толықтыр.

Әр қатардағы артың санды ата:

33, 11, 63, 22, 77, 88;

5,45,85,47,61,23.

Оқулықтағы 1-3 - тапсырмалар тірек білімдерін қайталауға арналған. 1 - тапсырманы балалар жан-жақты түсіндіре отырып оз беттерінше орындауларына болады: 2 ондық және 4 бірлік

24 санын құрайды, т.б. Мұғалім оқушылардың дұрыс айтуын қадағалайды, өзі түсіндіру үлгісін көрсетеді.

2-жаттығу дөптерге орындалып, соңынан тексеріледі.

3-жаттығу маңызды болып табылады. Балалар сандар кесіндісінде алдыңғы және кейінгі сандар түсінігін нақтылайды, мұғалім сондай-ақ келесі санды қалай шығарып алу тәсіліне балалардың назарын аударады (берілген санға 1 - ді қосу), алдыңғы санды шығарып алу тәсілі де түсіндіріледі (берілген саннан бірлікті азайту). Алдыңғы және кейінгі сандарды шығарып алу тәсіліне қосымша бірнеше мысалды ауызша қарастыруға болады.

5 - тапсырма екі таңбалы сандарды салыстыруға арналған. Мұғалім екі таңбалы сандарды салыстыру алгоритмімен таныстырады: «Алдымен ондықтарды салыстырудан бастаймыз, қайсысының ондығы үлкен болса, сол сан артың болады. Егер ондықтарының саны бірдей болса, онда бірліктерінің санын салыстырамыз».

Байқап көру іс-әрекеті: 45 - 40, 45 - 5, 40 + 5 мысалдарын есепте және түсіндір. Қиындық туғызған жерлер мен себептерін анықтау.

- Қосу мен азайтуды қалай орындағанымызды түсіндіре алмаймыз. Жобаны құру қиындығынан шығу.

Жаңа есептеу тәсілінің пайымдау-түсіндіру үлгісін құру.

Жобаны құру қиындығынан шығу.

Разрядтың қосылғыштардың қосындысы

35 = 30 + 5 35 - 5 = 30 35 - 30 = 5

/ \

онд. бірл.

Санды разрядтық қосылғыштардың қосындысына жікте. Дөңгелек ондықтар немесе бірліктерді қосу немесе азайтуды орында.

Алғашқы бекіту. 4 - тапсырма арқылы орындалады.

Үлгі бойынша өзін-өзі тексере отырып, өзіндік жұмыс орындау.

Тапсырманы мұғалім таратып береді немесе баспа дәптерінен тапсырмалар орындауға болады.

Білім жүйесіне енгізу немесе қайталау.

6 (а, ә), 7 тапсырмалар осындай мақсатта ұсынылады.

Оқу іс-әрекетін қорытындылау.

Үйге тапсырма беру: № 4 тапсырманың бір бағаны.

40 - сабақ. Санды өрнектер және оның мәні. Санды өрнектерді оның мәні бойынша салыстыру

Сабақтың мақсаты: өрнектерді мәндері бойынша салы­стыру қабілетін қалыптастыру; теңдік, теңсіздіктер туралы түсініктерін пысықтау; мәтінді есептерді шығару дағдыларын жетілдіру; талдау, жинақтау, қорытындылау сияқты ойлау операцияларын жаттықтыру.

Оқу іс-әрекетіне ынтасын арттыру.

Сынып оңушыларының ерекшеліктерін ескере отырып, мұғалім өз қалауынша жүргізеді.

Бірінші сыныптан бастап осы сабаққа дейін балалар екі сан­ды, өрнек пен санды, бір амалды екі өрнекті салыстырғанын атап өтпекпіз. Осы сабақта балалар кез келген өрнектерді салы­стыру ережесін «ашады».

Білімдерін белсендіру және оқу іс-әрекетіндегі қиындықтарды анықтау.

Қосу мен азайту амалдарының компоненттерін еске түсіру үшін оқулықтағы №1 тапсырманы орындауға болады. Әрі қарай №2 тапсырма бойынша сандар, сандар мен өрнектерді салыстырамыз. Тақтада салыстыру үлгісін қалдырамыз.

Сынақ түріндегі іс-әрекет: 6 + 7 * 15 - 8

Қиындық туындаған жерлер мен себептерін анықтау.

Екі өрнекті қалай салыстыру керектігін білмейміз.

Қиындықтан шығуға арналған жоба құру.

Балаларға білімді белсендіру кезеңінде берілген мысалдарға балама үлгі (екі өрнекті мәндері бойынша салыстыру үлгісі) құрастыру ұсынылады.

Немесе ізбе-ізділігі бұрыс берілген мысалды орындау тәртібін анықтау туралы тапсырма беріледі:

Әр өрнектің мәнін тап.

Өрнектердің мәндерін салыстыр.

Құрылған жобаны жүзеге асыру.

Бұл жұмысты топтасып немесе жұптасып орындайды, бала­лар үлгі мен ережелер құрастырады.

Алғашқы бекіту жұмысы (дауыстап айту арқылы түсіндіру).

Оқулықтағы №3 тапсырма.

Эталон бойынша өзін-өзі тексеруге арналған өзіндік жұмыс. 3-баған. Әрі қарай мұғалім тақтаға тексеруге арналған үлгіні іледі.

Білім жүйесіне қосылу және қайталау. №4 тапсырма. Содан соң бұрын өткенді қайталауға болады, есептер шығарамыз.

Сабақтағы оқу іс-әрекетін қорытындылау мұғалімнің ұйғарымына қарай балалар үшін қолайлы түрде жүргізіледі. Ол жетістік баспалдағы, смайл және т.б. нысанда болуы мүмкін.

Үй тапсырмасы баспа дәптері, оқулық бойынша немесе шығармашылың тапсырма түрінде ұсынылуы мүмкін

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!