Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Екінші деңгей. А есебі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ноян Жанерке Сейденқызы «Тиімді оқыту мен оқу» А бөлімі
ПШО ММК филиалы Көкшетау қ. Мұғалім портфолиосы
«Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасының басты мақсаты-мектептегі әріптестермен ынтымақтастыққа жұмыс істеу мен көшбасшылықты дамытудағы кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру мақсатында мұғалімдердің кәсіби дамуын жетілдіру. Қазіргі таңда әлем жылдам өзгеруде. Әлеммен бірге заман, заманмен бірге адам да жылдам өзгеруде. Деңгейлік курс оқу барысында мен өзімнің іс-тәжірибеме көптеген жаңа әдіс-тәсілдер, жаңа оқыту мен оқу үдерісін жоспарлау, бағдарламаның жеті модулі ықпалдастырылған тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау және іс жүзінде жүзеге асыру жөнінде біраз мәліметтер алдым. Жаңа технология, жаҺандану, демографиялық өзгерістер, тыныштық пен қауіпсіздік. Осы аталғандардың барлығы жаңа заманауи педагог мұғалімнің бойында болуы қажет дағдылар. Әсіресе мұғалімдер қауымы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында мықты дағдыларды игеріп, оқытудың тиімді құралы ретінде оларды қалай пайдалану әдістерін білулері тиіс.
Орта мерзімдік жоспарымды жаңа оқу бағдарламасы бойынша оқып жатқан Қазақстан Республикасын Білім және ғылым министірлігі ұсынған оқу бағдарламасындағы 5-сыныптың қазақ әдебиеті пәнінің тақырыптық-күнтізбелік жоспарына сәйкес құрастырдым. Орта мерзімдік жоспар күнтізбелік-тақырыптық жоспардағы наурыз айының 4-15 арасында өтетін Марат Қабанбаевтың «Бауыр», «Бауырлардың кездесуі», «Баланың болашақтағы арманы», «Шынайы өмір» тақырыптарына құрылды. «Тиімді оқыту мен оқу» бағдарламасы негізінде алған теориялық білімімді мектептегі тәжірибеммен ұштастыру, бағдарламаның жеті модулін сабақта қолдану- бұл менің негізгі мақсатым болып саналады. Осы тұста мұғалімнің рөлі ерекше. Дәстүрлі оқытуда оқушылар алған білімдерін кез келген жағдайда тиімді қолдана алмауы, жай ғана еске механикалық түрде сақтауы орын табатын, оқыту үдерісінің доминанты рөлі мұғалімге жүктелген болатын, ал жаңа сындарлы технологияда оқудың негізгі міндеті оқушыға жүктеліп, мұғалім тек бағыттаушы, бақылаушы болып, оқушыға өз бетімен және өз еркімен білім алуға ықпалдасады.
Қазақ әдебиеті сабағы оқушылардың айтылым, тыңдалым дағдысын молайту, сыни ойлау көзқарасын дамыту, өз ойларын көркем де жүйелі жеткізу мақсаты болғандықтан, сабақ барысында тілдік қатынасқа түсу өте маңызды. Бұл орайда бағдарламаның оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулінің диалогтік оқыту тәсілі маңызды рөл атқарады. Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтың шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелі дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді. Бұл модульді іске асыру мақсатында өз сабағымда «Жақтаушы-даттаушы», «Ортадағы қаламсап», «Автор орындығы» тәсілдерін қолдандым.
Сыни тұрғыдан ойлау бұл оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Балалардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін табуды қажет ететін негізгі ерекшеліктер: ұтқырлық ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылу, сұрақтар қою, дәлелдерді талап ету, белсенді. Осы бағдарлама аясында оқушыларға сыни ойлау, жоғары деңгейдегі сұрақтарға жауап беруі мен сұрақ құра алуына, еркін сөйлеуге, өз ойларын дәлелдеуге дағдыландыру керектігін түсіндім. Өз тізбектелген сабақтарымда «Әңгіме кестесі», «Айдарлар құру», Венн диаграммасы әдіс-тәсілдері арқылы жүзеге асыруды көздеймін. Әрине, мұғалім өзі сыни ойлай алса, оның шәкірті де сыни тұрғыдан ойлай алады. Сондықтан мұғалім үнемі даму үстінде, ізденісте болу керек деп есептеймін.
Оқу үшін бағалау және оқытуды бағалау модуліндегі негізгі термин «бағалау» - «жақын отыру» дегенді білдіретіні кездейсоқ емес. Себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін–өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бұрынғы 5 балдық бағалау оқушының нақты қай деңгейде екенін анықтап бергенімен, баланың жақсаруына, нәтижеге жетуіне мүмкіндік бермейтінін түсіндім. Теориялық білімімді практикамен ұштастыру барысында оқушының өзін және өзгені бағалауы- оқушыға артылған жауапкершілік, сенім екенін түсінемін. Сондықтан да, оқушы өз міндетін жақсы атқарудың жолдарын қарастыруға талпынады және қызығады. Сынып оқушыларына сабақтарда бағалау туралы, өзін-өзі бағалау, өзгенің жұмысын бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек», «Бес саусақ», арқылы бағалау тәсілдерін қолдануды жоспарладым.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу модулі оқушылардың өз ойлау деңгейіне, қабылдауына және жасына сай білім алуын ұйымдастыру. Мектеп тәжірибесінде оқушылардың пәнге қызығушылықтарын ояту үшін, олардың жасына сай білімді меңгерту үшін, осылар арқылы көздеген нәтижеме жету үшін оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу модулі негізінде «Әңгіме кестесі», «Айдарлар құру», «Бес жолды өлең», сөзжұмбақ құрастыру тәсілдерін алдым. Оқушылардың қабілетіне байланысты топтық тапсырмаларды да деңгейлеп ұйымдастыру, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жұмыс жүргізу арқылы оларға қызықты ойындар мен сергіту сәттерін дайындай отырып, олардың ойлау және қабылдау деңгейіне сәйкес танымдық тапсырмалар бере аламын.
Осы сабақтарды даярлау барысында сандық технологияның және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың үлесі зор болады. Интербелсенді тақтадағы бейне сюжетті көріп, тыңдау арқылы есте сақтау ұзақ болады. Мұндағы АКТ-ның сиқырлы күші балалардың қызығушылығының және танымдық қабілеттерінің артуына түрткі болады деп ойлаймын. Психологиялық дайындық, әрі тақырыпты ашу мақсатында бірінші сабағымда бейнеролик көрсетіледі. Жазушы өмірі мен шығармашылығын таныстыру мақсатында да слайд көрсетіледі. Оқушылардың есте сақтауы мен қабылдауын тексеру үшін, көрсетілімнен кейін жазушыға топтастыру жасауды сұраймын.
Дәстүрлі сабағымда сынып оқушыларын жалпы қарап, тапсырмаларды бір деңгейде берсем, бағдарлама өту барысында талантты және дарынды балаларды оқыту модулін талқылау барысында әр оқушының қабілеті мен деңгейіне мән беру керек екенін түсіндім. Себебі әp мұғалiм бaлa бойындағы дарындылықты ашуды өз сабағынан бастайды. Егер мұғалім күнделікті сабақта оқушыға тапсырмаларын күрделендіре беріп , бағыт-бағдар көрсетіп отырса, оқушы бұл тапсырманы орындағанда оқулық материалдарымен шектеліп қана қоймай, өзінің бойындағы барлық қабілетін аша отырып, ойланып, ізденіп жауап береді. Сабағымда шығармашылық тапсырмадан кейіпкерлер бейнесін драмалауды, басты кейіпкерлер бейнесіне ене отырып жоғары деңгейдегі сұрақтарға жауап беру, А, В қатарындағы оқушыларға тақырыпты қорытындылау барысында «Бес жолды өлең», С қатарындағы оқушыларға сөзжұмбақ құрастыруды, жалпы сыныпқа тест тапсырмасын беремін. Қорыта айтқанда, қабілетті, дарынды оқушыларды дәл таба біліп, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімдерін және пәнге деген қызығуын арттыра білуім керек.
Оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін топтық жұмысқа пайдалана отырып, өзара сыйластық, бір-біріне өз пікірін дәлелдеп, түсіндіре білу дағдыларын дамытуға болатынын түсіндім. Жас ерекшеліктеріне сай, қабілеттеріне қарай күрделірек тапсырмалар беруді ойластыруды жоспарлаймын. Бұрынғы сабақтарымда сыни ойлауға көп мән бермейтін едім, енді оқушыларға сыни ойлауға тапсырмаларды сабақтарымда тақырыпқа байланысты көбірек қолдануым керек екенін білдім.
Қысқа мерзімді сабақтар топтамасындағы екінші сабағымды осы модульдерді ықпалдастыра отырып өткізуді жоспарладым. Сабағымның тақырыбы «Бауыр» әңгімесі. Сабақтың мақсаты: көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу. Осы сабақтан күтілетін нәтижелер: басты кейіпкерлердің тұлғалық мінездемесі, келбеті топта талданып, кейін біріктіріледі. Оқушылардың кейіпкердің тағдырына ортақтаса алуына мүмкіндік туады, кейіпкерлер арасындағы ізгілік қарым – қатынасты талдай алады. Әңгіме кейіпкері Қалидың тәлім-тәрбиесін, Манап пен Қалидың мінез-құлқындағы, өмірге деген көзқарастарындағы өзгешеліктерді сипаттайды, басты кейіпкерлердің тұлғалық мінездемесі, келбеті топта талданып, кейін біріктіріледі.
Ұйымдастыру кезеңінде қызығушылық ояту, Диалогтік оқыту модулі бойынша үй тапсырмасын «Дұрыс-бұрыс» тәсілімен сұрақтарға жауап алу арқылы тексеремін. «Бас бармақ» тәсілі арқылы бағалаймын. Тақырыпқа байланысты сергіту сәті ретінде «Перзент арманы» әнінің бейнебаянын тамашалайды. Жаңа сабақты түсіндіру барысында сыни тұрғыдан ойлау модулі бойынша сұрақ-жауап әдісін қолданамын. Оқушыларды ауызша мадақтаймын. Одан кейін жұптық жұмыс. Бұл жерде балалардың жас ерекшелігіне сай оқыту мен дарынды және талантты балаларды анықтау модульдері негізінде «Айдарлар құру» стратегиясы арқылы кейіпкерлер іс-әрекетін саралайды, кейіпкерлерге портреттік мінездеме береді. Баланың білім деңгейіне қарай тапсырма бере отырып, оқушы сол тапсырманы шешу жолдарын іздеуге, ойлануға бағыттаймын. «Бір минуттық эссе» тәсілі арқылы бағалайды. Одан кейін шығармашылық тапсырма ретінде топтық жұмыс, «FILA толтыру» әдісін беремін. Бұл әдіс бойынша оқушылар кейіпкердің образдық тұлғасын ашады. Тапсырма соңында оқушыларға бір-бірін бағалауға «Көршіңе бір сөз» әдісін пайдаланамын. Бекіту бөлімінде «Автор орындығы» әдісімен оқушылар кейіпкерлер бейнесіне ене отырып, күрделі деңгейдегі сұрақтарға жауап береді. Үйге тапсырмаға «Бауыр» әңгімесіндегі Қалидың портретін жаттауға беремін.
Үйге тапсырма берілген соң, тақтадағы «Білім ағашы» көмегімен оқушылардан өздерінің бүгінгі сабақтан алған білімдерінің қай деңгейде екенін анықтау мақсатында жапырақтарды орналастыруын сұраймын.
Осындай іс-әркеттерді жоспарлай келе, сабағыма модульдерді кіріктіре отырып, сабақтың мақсатына жетемін деген сенімдемін.
Орта мерзімді жоспар. Қазақ әдебиеті. 5 – сынып.. Марат Қабанбаев «Бауыр» әңгімесі
Мақсаты: Жазушы туралы мәлімет алады. Әңгіменің мазмұнымен танысып, оны талқылайды. Кейіпкерлеріне мінездеме беріп, әңгіме үзіндісін драмалайды.
|
1.Оқытудың негізгі мақсаттары |
2. Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер |
3. Дифференциялды оқыту |
Оқу нәтижелері |
4. Бағалау, соның ішінде оқыту үшін бағалау |
5. Барлығын қосқанда |
6. Негізгі дереккөздер |
1 |
Тақырыбы: Марат Қабанбаев «Бауыр» әңгімесі. Мақсаты: 5.1.1.1.Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау. |
1.Топқа бөлу. Психологиялық дайындық, «Жалғасын тап» сергіту сәті. 2.Сабақтың тақырыбын болжату. Ой қозғау сұрақтары. Бейнеролик көрсетіледі. 4. Кластер (Марат Қабанбаевтың өмірі мен шығармашылығы) «Басбармақ» 5.Топтық жұмыс. «Джиксо» әдісі бойынша мазмұндау «Бағдаршам» 6.«Аялдама» әдісі. Шығарманың композициялық құрылысына талдау жасау. 7. Жеке жұмыс. Шығарманың жанрына анықтама беру. 8.Кері байланыс. «Рефлексивті экран» Үйге тапсырма жасау. |
Оқушылардың барлығы: шығарманың мазмұнын толық меңгереді; Оқушылардың көбісі: шығарманың жанрын таба алады; Оқушылардың кейбіреуі: шығарманың фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттай алады. |
Марат Қабанбаевтың қазақ көсемсөзін жаңа бір кезеңге көтерген дарынды қаламгер екенін біледі; Шығармаларын танып біледі, повесть туралы оқып үйренеді, түсініктерін кеңейтеді, мазмұнын біледі, шығарманың тақырыбымен идеясын анықтайды. «Бауыр» әңгімесінің сюжеттік желісі бойынша композициялық талдау жасап үйренеді; |
«Басбармақ» «Бағдаршам» Өзін-өзі бағалау «Рефлексивті экран»
|
АКТ СТО Талантты және дарынды балаларды анықтау көшбасшылық ОүБ, диалогтік оқыту, |
Ғаламтор желісі, оқулық. АКТ |
2 |
Тақырыбы: Бауырлардың кездесуі. Мақсаты: 5.1.3.1.Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу |
1.Топқа бөлу. Психологиялық дайындық, 2.Қызығушылық ояту. Үй тапсырмасын тексеру. «Дұрыс-бұрыс» ойыны ойнатылады. 3. Сергіту сәті. «Перзент арманы» әнінің бейнебаянын тамашалайды. 4.Жаңа сабақ. Сұрақ-жауап әдісі. Ауызша мадақтау. 5.Жұптық жұмыс. Оқушылар кейіпкерлерге портреттік мінездеме береді. 6. Топтық жұмыс. «FILA толтыру» әдісі. Кейіпкердің образдық тұлғасын ашады. «Екі жұлдыз, бір тілек» 7. Кері байланыс. «Білім ағашы» 8.Үйге тапсырма. «Бауыр» әңгімесіндегі Қалидың портретін жаттау. |
Оқушылардың барлығы: шығармадағы кейіпкерлерге мінездеме бере алады; Оқушылардың көбісі: кейіпкерлердің іс – әрекетіне талдау жасайды; Оқушылардың кейбіреуі: кейіпкер портреті мен іс – әрекеті арқылы образды ашады. |
Басты кейіпкерлердің тұлғалық мінездемесі, келбеті топта талданып, кейін біріктіріледі. Оқушылардың кейіпкердің тағдырына ортақтаса алуына мүмкіндік туады, кейіпкерлер арасындағы ізгілік қарым – қатынасты талдай алады. Әңгіме кейіпкері Қалидың тәлім-тәрбиесін, Манап пен Қалидың мінез-құлқындағы, өмірге деген көзқарастарындағы өзгешеліктерді сипаттайды; |
Ауызша мадақтау. «Екі жұлдыз, бір тілек» «Білім ағашы» |
АКТ СТО Диалогтік оқыту Талантты және дарынды ОүБ көшбасшылық |
Ғаламтор желісі, оқулық. АКТ |
3 |
Тақырыбы: Марат Қабанбаев «Бауыр» әңгімесі. Баланың болашақтағы арманы. Мақсаты: 5.3.2.1. Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау |
1.Топқа бөлу. Психологиялық дайындық «Күн сәулесі» 2.Қызығушылықты ояту. Үй тапсырмасын тексеру. Қалидың портретін жатқа сұрау. Қалидың портретін А4 парағына салдырту. «Бесбармақ» 3. Кубизм стратегиясы Жинақтау: «Ортада қаламсап» стратегиясы. «Ішкі және сыртқы шеңбер» 4.«Ойлаудың алты қалпағы» стратегиясы бойынша талдау. «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалау 5. Кері байланыс: «3 Қ» стратегиясы |
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: шығармадағы кейіпкерлерге мінездеме бере алады; Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстыра алады; Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып, мысалдар келтіре алады. |
Оқушылар мәтін бойынша алған білімдерін жинақтайды, бекітеді . Басқа щығармамен салыстыра отырып, саралай алады. Топпен жұмыс істеуге дағдыланады, сөз тіркестері арқылы тілдері, зейіні, есте сақтау қабілеттері дамиды; |
«Бесбармақ»
«Ішкі және сыртқы шеңбер» «Екі жұлдыз, бір тілек»
«3 Қ» стратегиясы |
СТО Талантты және дарынды АКТ ОүБ |
Ғаламтор желісі, оқулық. АКТ |
4 |
Тақырыбы: Марат Қабанбай «Бауыр» әңгімесі. Шынайы өмір. Мақсаты: 5.4.1.1. Оқырманның рухани дүниесіне шығарма әсерін талдай отырып, сыни хабарлама жазу |
1.Топқа бөлу. Психологиялық дайындық «Күн сәулесі» 2.Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақ-жауап. Ауызша мадақтау 3.«Венн диаграмма» Манап пен Қали образдарын салыстыру. Жинақтау сұрақтары «Бас бармақ» тәсілі 4. «Екі түрлі күнделік» әдісі. Оң жағына қатты әсер еткен, сол жағына ол жайлы пікір жазады. Смайликтер арқылы топтар өзара бағалау. 5. «Көкпар» ойыны. Топтар өзара жарысады. Смайликтер арқылы бағалау топ жұмысын бағалау. 7.Үй тапсырмасы. Эссе жазу 8.Рефлексия: «плюс, минус, қызықты» |
Оқушылардың барлығы:шығарманың әсерлі тұстарын анықтай алады; Оқушылардың көбісі: сыни хабарлама жазу барысында оқырманның рухани жан дүниесіне әсер ете алады. Оқушылардың кейбіреуі: өз ойын жүйелі, әрі әсерлі жеткізе алады. |
Оқушылар өз ойын жүйелеп, сөздік қорын молайта отырып, ойын жинақтай алады; Әңгімені мазмұндаудың жоспарын құра біледі; |
Ауызша мадақтау «Бас бармақ» тәсілі Смайликтер арқылы топтар өзара бағалау. «Плюс, минус, қызықты» |
АКТ СТО Талантты және дарынды ОүБ Диалогтық оқыту |
Ғаламтор желісі, оқулық. АКТ |
1