Материалдар / Экология - ел ертеңі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Экология - ел ертеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
Экология ғылымы бүгінгі таңда жас әрі өзекті ғылымдардың біріне жатады. Қазіргі экологиялық дағдарыстың түпкі себебі табиғат заңдылықтарын білмеуде, түсінбеуде, оған жөнсіз араласуда жатыр. Экологиялық сауатсыздықты жою – үкіметіміздің халық арасында жүргізетін негізгі бір жұмысына айналуы тиіс. Экологиялық сауатсыздықтың алдын алудың бірден бір жолы - өскелең ұрпаққа экологиялық сананы әр жекелік бойынша сіңіріп, экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Ұлтты рухани жаңғыртудың жаңа бір сатысы – туған жерге сүйіспеншілік, оның көркем табиғатын аялау, қорғау. Осы тұрғыдан алғанда қазіргі заман талабы – халықтың экологиялық сауаттылығын көтеру басты мәселе болып отыр.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2022
463
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Экология – ел ертеңі


Экология ғылымы бүгінгі таңда жас әрі өзекті ғылымдардың біріне жатады. Қазіргі экологиялық дағдарыстың түпкі себебі табиғат заңдылықтарын білмеуде, түсінбеуде, оған жөнсіз араласуда жатыр. Экологиялық сауатсыздықты жою – үкіметіміздің халық арасында жүргізетін негізгі бір жұмысына айналуы тиіс. Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» даму стратегиясында халыққа экологиялық білім беру мәселесін айрықша назар аударылған. Экологиялық сауатсыздықтың алдын алудың бірден бір жолы - өскелең ұрпаққа экологиялық сананы әр жекелік бойынша сіңіріп, экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президенті қыз­ме­тіне кірісу рәсімінде сөйлеген сөзінде: «Қоршаған ортаның қа­зіргі мүшкіл хәлі – көпшіліктің көкейіндегі мәселе. Сондықтан елі­мізге бірыңғай экологиялық саясат қажет. Қоршаған ортаны қорғау жүйесіне серпін беретін жаңа Эко­логиялық кодекс қабылдау керек», – деген еді. Көп кешікпей елімізде жаңа министрлік - Қазақстан Республикасы Эко­логия, геология және табиғи ресурс­тар министрлігі құрылды. Мынау аласапыран заманда өркениет көшінен қалуға болмайды. Көшке ілесе отырып, қанымызда бар қасиеттерді қайта түлетуіміз керек. Ұлттық код - ең алдымен тілімізде, сосын салт-дәстүрімізде, мінезімізді айқындайтын ділде, ұлттық мәдениетімізде екенін ұмытпайық. Ұлтты рухани жаңғыртудың жаңа бір сатысы – туған жерге сүйіспеншілік, оның көркем табиғатын аялау, қорғау. Осы тұрғыдан алғанда қазіргі заман талабы – халықтың экологиялық сауаттылығын көтеру басты мәселе болып отыр. Президент экология проблемалары елде тиісті деңгейде шешілмей жатқанын айта келе "Бізге мектептерде балалардың экологиялық білімі атты жаңа пән енгізу қажет", – деді. «Білім беру процесінде жаңа SMART технологияларды» қолдану арқылы балалардың экологиялық сауаттылығын көтеруге болатыны айдан айқын. Қазіргідей цифрландыру жағдайында қатты қоқыс қалдықтарының зардаптарын салыстырмалы түрде халыққа жариялап тұруға әбден болады. Қазақстанда жыл сайын бес миллион тоннадан астам тұрмыстық қатты қалдық жиналып, оның тек 15%-і ғана өңделеді екен. Әрине бұл жеткіліксіз. Қалғаны қоршаған ортаға шашылып, ауа мен суды ластап жатыр. Қ.К.Тоқаев біржолғы рейдтер, айыппұл, экологиялық айлықтар айтарлықтай нәтиже бермей отырғанын жеткізді. Бұл мәселені шешу үшін экология министрлігі тарапынан жүйелі жұмыс қажет, деп санайды президент. Канадалық режиссер, сценарист Аланис Обомсавиннің «Соңғы ағаш кесілген кезде, соңғы балық ауланған кезде, соңғы өзен уланған кезде ғана сіз – банктегі шоттың байлық болмайтынын, ақшаның тамақ болмайтынын түсі­не­сіз, бірақ ол кезде бәрі кеш болады» деген сөзі бар. Расында да өзендер тар­тылып, таудағы мұздар еріп біт­се, дала шөлейтке айналса, жан-жануар мен адам баласына азық болар өзге тіршілік иелері құрып бітсе, ал­тын-күміс пен банктегі есепшоттың да құ­ны қалмаған болар еді. Сондықтан да болар, әлем елдерінде қоршаған орта­ны қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөле­тін­дердің қарасы артып келеді. Өйт­кені олар мәселенің өте күрделі еке­нін түсінді. Елімізде қоршаған ортаны қорғауға, жер қойнауы мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға жауапты министрліктің құрылуын да осынау үл­кен жауапкершілікті сезінудің үлгісі деп білуіміз қажет.

Дүние жүзінде қоршаған ортаның тазалығы мен ластануына қатысты түрлі индекстер жа­салады. Бірі ластану деңгейіне қатысты болса, келесі бірі тазалыққа байланысты. Йель университетінің экологиялық саясат және құқық орталығының екі жылда бір жасайтын The Environmental Performance Index рейтингінде Қазақстан 2018 жылы 101-орында тұрақтапты. Бұл рейтингке әлемнің 180 мемлекеті қатысқан. Бұл зерттеу 10 категория мен 22 көрсеткіш негізінде жасалады. Сөйтіп әлемдегі ең таза һәм экологиялық саясатты жүйелі жүргізетін елдердің тізімін жасайды. Бұл рейтингтің көш басында Швейцария тұр. Ондықты Финляндия түйіндейді. Экологиялық таза елдердің ондығына Азия, Африка, Оңтүстік және Солтүстік Америка, Аустралия құрлықтарынан бірде-бір мемлекет кірмеген. Әйгілі Жапонияның өзі 20-орында тұр. Ал Қазақстан 101-орында. Ал антирекордтық, яғни қоршаған ортаның ластану деңгейіне қатысты рейтингте 25-орындамыз. Pollution Index for Country деп аталатын рейтингке 102 мемлекет қатысқан. Соңғы орында Финляндия тұр. Бірақ бұл индексте соңғы орындарда қалу мәртебе саналады. Өйткені бұл дегеніңіз ластану көрсеткіші төмен елдер дегенді білдіреді. Жалпы, рейтингтер мен түрлі индекс­тер мәселенің мән-жайын толық ашып көрсете алмайды. Дегенмен, қоршаған ортаны қорғау ісінде олқылықтарымыз бар. Біз әлі күнге тұрмыстық қал­дық­тарды толық өңдеуден өткізудің жүйе­сін қалыптастыра алған жоқпыз. Кәсіп­орындардың қоршаған ортаны қор­ғауға қатысты көзқарасы түзелмеді. Мә­селен, биылғы көктемде Жайық өзе­нінде балық қырылған еді. Тергеп-тек­серу жұмыстары кезінде балықтың қырылуына «Атырау су арнасы» кәсіп­орны кінәлі екені анықталды. Ал бір ғана Павлодар облысында 2019 жылдың алғашқы үш айында 344,8 мың тонна зиянды зат ауаға шығарылыпты. Егер өзге өңірлерді де қосар болсақ, ауа­ға зиянды қалдықтар шығаратын кәсіп­орындар, тұрмыстық қалдықтар көлемі миллиондаған тоннаға жетер еді. Демек, антирекордтық рейтингтердегі деректер ауадан алынбағаны анық. Ал экологиялық мәдениет мәселесінде біз тағы да мақтана алмаймыз. Жыл басында табиғат қорғау инспекторы Ерлан Нұрғалиевтің браконьерлер қолынан қаза тапқаны елдің есінде. Көктемде заңсыз балық аулағандардың көп ұсталып жатқанын да естігенбіз. Шөп шүйгін шықсын деп даланы өртеп, оның соңы орман өртіне ұласатын кездерді де көріп жүрміз. Кәуап үшін сексеуіл шауып, отын қылатындар да арамызда кездесіп қалады. Күре жолдардың бойында шашылып жататын пластикалық құтылар мен алюминий қалбырларды пойызбен немесе көлікпен жүретіндердің талайы көрген. Оған ірі зауыттардың өзен-көлдерге төге салатын лас сулары мен ауаға шығаратын улы түтіндерін қосыңыз. Ал айналаны тазалау ісіне тек сенбіліктерде ғана шығатынымыз да жасырын емес. Сөйте тұра, таза жерге барып демалғымыз келетіні бар. Сөзіміз дәлелді болу үшін бірнеше мысал келтірейік. Батыс Қазақстандағы мұнай өңдеуге негізделген өндіріс кешенінің қалыптасуына байланысты қалаларының ауа тазалығына айтарлықтай нұқсан келтіріледі. Каспий суының табиғи құрамы өзгеріске ұшырады. Бұл табиғаттың басқа құраушыларының сапасына да қауіп төндіруде. Орал және Ақсай қалаларының экожүйелері ең көп зардап тартуда. Дегенмен, әлі де бұл қалалардың ауа құрамындағы ластаушы заттардың орта тәуліктік концентрациясы шектеулі рауалы концентрациядан (ШРК) аспайды. Ақсай қаласының атмосферасында алдыңғы жылдармен салыстырғанда күкірт оксидінің концентрациясы 1,4 есе өскен. Жайық өзені бассейннің сапалық су құрамы соңғы жылдары салыстырмалы тұрақтылығымен сипатталуда. Ластану тек мыс, мырыш, сульфаттар бойынша байқалады. Жалпы Жайық өзенінің экологиялық жағдайы, негізінен, өзен түбінің балшықтануы мен жағалауының шайылуына байланысты болуы. Өзен жоғарыда Ресей жерінде көптеген бөгеу-шлюздер (160 шамасында) салынып, су азаюынан және жағалауындағы елді мекендердің қоршаған ортаға салғырт қарауынан өзен жағалаулары ластанған. Өзіміздің Батыс Қазақстан облысындағы табиғаты тамаша Шалқар көлі, Қамыс-Самар, Сакрыл (Ақкөл) сулы-нулы жерлерімізге демалушылар соңғы жылдары жағалауы мен суын ластап жатырғаны жасырын емес. Бәрін жоққа шығарудан аулақпыз. Қазақ қоғамы өзгеріп келеді. Қыста табиғат қорғау инспекторларына браконьерлер шабуыл жасағанда бұқара өре түрегелді. Әлеуметтік же­лі­лер қарақшылардың әділ жаза­лануын талап етіп, Ішкі істер министрлігіне талап қойға­ны бар. Экологиялық ақпарат­тар­ды тарататын санаулы белсен­ді­лердің жаңалықтарына да на­зар аударатындар саны кө­бейіп келеді. Қазақстанда АЭС салу мәселесі көтерілгенде де бұқара әжептәуір наразылық танытты. Халық бірінші кезекте атом электр стансасының экономикалық тиімділігін емес, одан төнетін қауіп-қатер мәселесіне, экологияға тигізуі мүмкін зардабына назар аударып кетті. Елімізде бірыңғай экологиялық ақпарат тарататын интернет ресурстар да жұмыс істей бастады. Еріктілер де түрлі шаралар өткізіп жатыр. Мәселен, жыл сайын Оралда Жайық өзенін тазалау бойынша акция өтсе, Ақтөбеде еріктілер Сазды өзені­нің арнасын тазалайды. Со­нымен қатар облыс­ымызда «Жайық-Урал», «БҚО кіші өзендері», «Жас эколог» акция байқаулары өтетіні бар. Сәуір айында елор­далық блогерлер жол бойына ша­шылған пластикалық құты­лар мен алюминий қалбыр­ларды жинау челленджін өткіз­ген болатын. Блогерлер бірне­ше сағат ішінде 95 қап пласти­калық бөтелке жинағаны белгілі болған. Демек, біздің халық бүгінгі күніне емес, келер ұрпақтың саламатты өміріне алаңдауды бастаған тәрізді. Тек бұқараның табиғат қорғау ісіне белсене араласуына мемлекеттің қолдауы керек. Сонда ғана билік пен бұқараның табиғат қорғау дейтін ұлы миссияда бірігетіні айқын.

Жаңа жағдайға қарай бейімделу, жаңғыру – уақыт талабы. Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды. Болашақ ұрпақтарымыздың денсаулығы мықты болсын десек күні бүгіннен қамданып қалайық! Осы жолда барлығыңызға мықты денсаулық, жемісті еңбек тілеймін!

Адайәлі М.Г

Биолог-эколог, ҚББП





Қолданылған әдебиеттер:

  1. Абишева З.М, Абдреева Ш.Т «Туристік-өлкетану жұмыстарының негіздері», Алматы, 2009 ж

  2. Бодылевский В.И «Малый атлас руководящих ископаемых», Москва «Недра» 1990 г

  3. Вуколов В.Н, Назарчук М.К «Основы туристко-краеведческой работы», Алматы,1997 г

  4. Даринский А.В. « Краеведение: пособие для учителя», Москва, 1987 г – 324 с

  5. «Соқпақ-Тропинка» ғылыми-әдістемелік журналы №6, 2020 ж

  6. «Соқпақ-Тропинка» ғылыми-әдістемелік журналы №2, 2021 ж


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!