Материалдар / "Экология және біз" Эссе
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Экология және біз" Эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
барша ұстаздарға көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2020
1147
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жантуов Артур

Қызылорда қаласы

23 Жәлел Қизатов атындағы мектеп-лицей,7-сынып

Жетекшісі:Козыбаева Айгүл Мусаевна



Экология және біз

«Таза болса табиғат,аман болар адамзат!»

(Ф.Оңғарсынова)

Қызылорда халқы өз табиғатын құрметтеп өскен, қоршаған ортаға үлкен жауапкершілікпен қарайтын халық. Бұған, күні кешеге дейін, туған өңіріміздің табиғатының өте таза болғандығын айтсақ та жеткілікті сияқты.Мен Қазақстан елімнің көптеген қалаларын аралап шықтым. Сол қалалардың ішінен өз қаламның тазалығымен мақтанамын.Мен және менің сыныптастарым қала көшелеріне үлкен ұқыптылықпен қарайды.Жерге қоқыс тастамаймыз.Ол заңдылықты бізге ата-анамыз бен мұғалімдеріміз үйретті.

Елбасы Жолдауларында экологиялық мәселеге қатысты дабыл қағылып, олардан шығу жолдарын іздестіру қажеттілігі жиі айтылуда. «Жасыл экономика», «Жасыл Қазақстан» бағдарламалары, «Баламалы энергия көздері», халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесі – экологиялық дүлей апаттарға қарсы қойылған игілікті де ізгілікті іс-шаралар. Тамыз айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев табиғатқа зиян келтіріп, қоршаған ортаны ластағандарға айыппұл көлемін арттыруды және еліміздегі мектептерде экология пәнін енгізуді тапсырды. Осы жұмыстардың барлығы елімізді болашағы үшін және экологиялық апаттардың алдын алу үшін жасалып жатыр.Ал біз,мектеп оқушылары өзіміздің еліміздегі экологияны жақсарту үшін не қызмет жасай аламыз?Менің ойымша, кез келген қызмет кішкентай істерден басталады.Атап айтсақ,өз ауласын таза ұстау,сенбілікке шығу,ағаш егу тәрізді жұмыстарымызбен өз еліміздің экологиясына игі ықпал ете аламыз.

Халқымыз табиғатты анаға теңеген. Өйткені, табиғатта тіршілік өсіп өнеді. Өзіндегі барды адамға, жануарға, өсімдікке берген. Ата-бабаларымыз миллиондап мал өсірсе де жерінің шаңын шығармай, құнарын жоғалтпай, тұнығын лайламай, Ұлы даланы мекендеген жабайы аң-құстарға, жәндіктерге дейін қамқор бола білген. Табиғатта басы артық ештеңе жоқ. Табиғат сырын терең білмей, оған немқұрайлы қарау үлкен апатқа соқтырады. Бір кездері табиғатты бағындыруды мақсат тұтып, ормандар аяусыз балталанды. Аң-құстар шамадан тыс ауланды, жер жөн-жосықсыз жыртылды. Соның салдарынан бүгінгі таңда адам баласына экологиялық апат үлкен қауіп төндіріп отыр. Өкінішке орай, ғылым мен техниканың ғаламат жетістіктері және шапшаң дамуы табиғатты пен биосферадағы жаратылыстың тепе-тендік заңдарын бұзды. Осылардың нәтижесінде жеріміздің ауасы тарылып, өзен-көлі бүлініп, жайылымдардың топырағы тілініп, қоршаған ортамыз көз алдымызда азып-тоза бастады. Мұның соңы азынаған желге, ащы және улы жаңбырға, ормандардың мезгілсіз қурауына, ауа райының бұзылуына, қоршаған ортаның әр түрлі улы қосылыстармен ластануына әкеліп соқтырды. Қоршаған ортадағы тепе-теңдіктер бұзылды. Адамдардың денсаулығы нашарлап аурулардың түрлері және саны көбейді. Республикамыздың аумағында ядролық қарудың сыналғаны әлемге әйгілі. Полигондар аймағы ұзақ жылдар бойы құпия сақталынды. Тек Семей полигоны ғана көпшіліктің назарында болып, қалған сынақ аймақтарынан жұрт беймәлім еді. Шын мәнінде, қазақ даласының 19 млн.га жері 40 жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Ол жерлер Семей, Азғыр, Нарын, Тайсойған т.б полигондары алып жатқан табиғаты әсем, шұрайлы жайылымдар еді. Ядролық қаруды сынау алғашында ғылым мен техниканы дамыту бағдарламасында сипат алғанымен, кейіннен атом бомбасы соғыс мақсатында қолданылды.

Полигондардың ішінде Семей  өңірі ең көп зардап шеккен аймақ. Мұнда атом қаруын сынаудың ғылыми орталығы орналасқан. Ол – Курчатов қаласы. Семей облысының Абай, Бесқарағай, Жаңасемей, Абыралы аудандарының аумақтары атом сынақтарының ордасы аталып, ең көп зардап шеккен экологиялық апатты аймаққа айналды.«Семей» ядролық  полигонының аумағы 18,5 мың км2. Полигон бұрынғы Семей облысы. Абыралы ауданы, сонымен қатар Павлодар және Қарағанды облыстарының біраз жерін қамтыды. Сынақ аймағында 1949-1989 жылдар аралығында 470-тей қуаты әр түрлі ядролық жарылыстар жер астында жасалды. Семей ядролық  полигонында ауада және жер бетінде сыналған ядролық зарядтардың қосындысы қуаты Хиросимаға тасталған бомбадан 2,5 мың есе асып түсті.1991 жылы Елбасы жарлығымен Семей ядролық полигоны жабылды.Халқым қуанды.Енді ешқашан ядролық сынақ біздің елде болмасын.

Қоршаған орта мен  табиғатты тиімді пайдалана отырып, оны сақтау үшін келеңсіз әрекеттерді жасамау осы кездегі ең басты бағыты болуы тиіс. Мектеп табалдырығынан бастап жоғары оқу орындарында, ірі өндіріс орындарында, ғалымдардың ғылыми жұмыстарында табиғаттың байлығын адамның игілігіне тиімді жаратуды қарастыру керек. Табиғаттың байлығын адамның қажеттілігіне жаратудың орнына жаппай үлкен қауіп төндіретін, ядролық, экологиялық, биологиялық қарулардың сыналуы, сол сияқты адамның күнделікті өмірде ормандарды отау, аң мен құстарды есепсіз аулау, адамның ақыл-ойын аздыратын арақ пен есірткінің таралуы экологиялық апаттың індеті болып табылады. Адамдар «табиғат - өз үйің» дегенді қайталаудан жалықпайды. Өкінішке орай бүгін сену қиын. Құстардың өз ұяларын бұзбайтындары сияқты адамдар да өз ошағына деген қамқорлық танытуы керек шығар деп есептеймін.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!