Материалдар / "Экология және біз" Эссе
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Экология және біз" Эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
барша ұстаздарға көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2020
1029
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Балтабай Сұлтанәлі

Қызылорда қаласы

23 Жәлел Қизатов атындағы мектеп-лицей,7-сынып

Жетекшісі:Козыбаева Айгүл Мусаевна



Экология және біз

"Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ" деп, табиғаттың тілсіздігі үшін қынжыламыз. Жоқ, табиғаттың да тілі бар. Оны тек тыңдай білуіміз керек. «Экология» термині грек тілінен «үй тура­лы» (қоршаған табиғи орта) ілім деп аударылады да, ол табиғатты қорғаумен байланыстырылады. Ғылыми әдебиеттерде оған «табиғаттың тазалығын, сұлулығын сақтай, қорғай отырып, оны адам қажетіне ұқып­ты пайдалану» деген анықтама беріледі.

Ата-бабаларымыз тіпті аң-құстар арқылы да айналадағы құбылыстардың сырын аңғарып, құпиясын ұға білген. Бізге жеткен ата  ұрпақтың пайымдауы бойынша мысалы, шағалалар көл үстінде ұшып жүріп тоқтаса, артынша ауа райы бұзылады. Ал егер шабақ балықтар су бетіне шығып қайта сүңгіп жүрсе, онда ізін суытпай жаңбыр болады. Ашық күнде қарлығаштар ұшып, жүруін тоқтатса, онда көп ұзамай дауыл тұрады. Жазда шегірт­келер шырылын тоқтатып, жым-жылас­ болып айналада тыныштық орнаса, онда жеделғабыл жаңбыр жауады. Қыста ақбөкендер жайылымын тастап, басқа жаққа жосылып кете бастаса, немесе сексеуіл тоғай­ы мен құм төбелерді паналаса, онда ол жерде көп ұзамай боран соғады, көктем­нің бірінші жаңбырында күн күркіресе, шөп шүйгін шығады, күн батарда аспанның солтүстігі қоңырқай тартса жел тұрады; күн бұлтқа батса, келесі күні жауын-шашын болады­,  ашық батса – күн ашық болады.Міне,табиғаттың тілін білген қазақ халқы оны қорғай да білген. Басқасын былай қойғанда, атам қазақ өзін қоршаған табиғат байлығының адам денсаулығына әсерін жазбай таныған: «Жұпар ауа – дертке дауа» дей отырып, жылқы майының, саумалының шипалығын, киік мүйізінен дәрі жасауы, қымызды жетпіс түрлі ауруға ем деуі ,шұбатпен өкпе, асқазан, ішек ауруларын емдеуі, түйенің шудасын бел ауруына пайдаланып, тұзды суға қайнату арқылы­ ісік қайтаруы, түйенің қотырын күкірт түтінімен булап, қойдың құйрық майымен жел-құзды, жөтелді емдеуі дегеніміз табиғаттың тылсым пайдасын игргені.

Осы негізде күнделікті өмір тіршілігіне қажетті экологиялық таза өнім, тағам түр­лері­н де дайындаған: қазы-қарта, жал-жаясы, бір білем бағылан қозының шикі құйрық, не аздаған сүрі қазы тастап дайын­даған қымызы, сары ірімшік, қаймақ, сары май, айран, сүзбе қатығын өзге елден көре алмайсыз.Осындай терең білімді ұлттың ұрпағы бола тұра,көптеген жерлердің экологиясын бұзып алдық. Табиғи ортаны ластанбауына адамдардың терең түсінігі  керек. Біз қоршаған ортаны қорғаймыз десек, балабақшадан бастап экологиялық  тәрбиені үйреткеніміз дұрыс. Ата -аналар тазалық сақтауды балаларының бойына неғұрлым ерте сіңірсе, соғұрлым іс алға басып, бүгінгідей күрделі жағдайлардың алдын алуға септігі тиеді.    

Ауылдық жерлерде экологиялық, санитарлық, эпидемиялық жағдайдың нашарлауы салдарынан жұқпалы аурулар көбейіп отыр. Адамдар ядролық жарылыстардың зардабын әліде тартуда: рак, өкпе, қан аздығы, қант диабеті, қан қысымының жоғарлауы, жүрек, психикалық аурумен ауыратындар көп. Радиациялық заттар қоршаған ортаға ядролық отындар өндіріс, құралдарын жасап, сынау кезінде таралады. Радиацияның шамадан артық мөлшері ағзада қатерлі ісіктің, генетикалық өзгерістердің пайда болуына әсер етуде. Семей аумағында кәзір 700 мыңға радиациямен зақымданған жер бар. Оның адам денсаулығына тигізетін әсері үлкен. Сонымен табиғи ортаға ғарыштық сәулелер, топрақтан, күн сәулесіне келетін немесе жасанды жолмен, флюорография, теледидар арқылы, сағаттардың шағылыс циферблаттарынан, т.с.с. туындайтын сәулелер де адамға әсер етеді. Өсімдік – тіршілік тірегі. Ғаламшардағы өсімдіктер жылына ауа қабатына 400 млн. тонна оттегі қабылдайтыны анықталған. Жасыл желектер ауаны улы газ бен шаңнан тазартады. Өсімдіктер ауада ауру тудыратын бактериялардың жоятын ерекше зат бөліп шығарады. Оның медицинада алатын орны ұшаң – теңіз. Сондықтан өсімдіктің қызметін бірде–бір жетілген механизм атқара алмайды.Менің ойымша, жасыл желекті көбірек ексек, ауа да соғұрлым тазарады. «Атадан балаға тал қалғанша,мал қалсын» деген аталы сөз дәл айтылған десек қателеспейміз.

Табиғат – бүкіл тіршілік атауының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өнер мекені. Табиғат – адамға қажет баға жетпес байлық, ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі. Сондықтан халқымыз «Табиғат – адамзаттың өмір нәрі, қажетінің табылар содан бәрі» деп дәріптеген. Табиғат – адам бойына адамгершілік абзал қасиеттерді қалыптастыратын ұлағатты ұстаз. Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алу үшін ол міндетті түрде ештеңемен былғанып уланбауы тиіс. Адам өзінің де, табиғаттың да досы, санасыз іс - әрекет жасаса, жауы бола алады. Адам баласы табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге ең ұлы қамқоршысы екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.Сонда ғана экология өз орнына келеді.
Табиғат адам бойына шабыт, көңіліне қуат, сезіміне сұлулық пен сағыныш ұялатады. Адам бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын мол тәрбие көзі. Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақталғанда, адамзат баласы үшін табиғат – кең сарай мәңгі тозбас құтты қоныс болатынын ешқашан ұмытпайық.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!