Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Экологиялық жүйе.
Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға тәжірибе алмасу үшін қажет.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
10 Қырқүйек 2018
1274
2 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мұнайлы ауданы «№11 жалпы білім беру орта мектебі» КММ
Тақырып: Экологиялық жүйеҚұндылық: қиянат жасамауҚасиеттер: Кеңпейілділік, жанашырлық, қамқорлық.
Орындаған: Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Избасар Қ.А
Мұнайлы - 2018 ж
«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған жаратылыстану сабағының жоспарыМектеп: №11 орта мектеп. Мерзiмі: 04.04.2018ж Сынып: 5 « И» Оқушы саны: Мұғалім: Избасар Қ. А (Өзін-өзі тану пәні мұғалімі)Тақырып: Экологиялық жүйеҚұндылық: Қиянат жасамауҚасиеттер: Кеңпейілділік, жанашырлық, қамқорлық.
Мектеп директоры: Адилбекова К. Х.
«Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі: Избасар Қ. А
Тақырып: Экологиялық жүйеҚұндылық: қиянат жасамауҚасиеттер: Кеңпейілділік, жанашырлық, қамқорлық.
Орындаған: Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Избасар Қ.А
Мұнайлы - 2018 ж
«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған жаратылыстану сабағының жоспарыМектеп: №11 орта мектеп. Мерзiмі: 04.04.2018ж Сынып: 5 « И» Оқушы саны: Мұғалім: Избасар Қ. А (Өзін-өзі тану пәні мұғалімі)Тақырып: Экологиялық жүйеҚұндылық: Қиянат жасамауҚасиеттер: Кеңпейілділік, жанашырлық, қамқорлық.
Мақсаты: Оқушыларға тірі ағзалар қауымдастығынан және олардың тіршілік ортасынан тұратын экологиялық жүйе туралы түсінік беру.Білімділігі: Тірі ағзалар қауымдастығының дамуы және экологиялық жүйе туралы білімдерін кеңейту. Дамытушылық: Экожүйенің құрамы туралы түсінік бере отырып, оқушылар бойында экологиялық мәдениетті дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды кеңпейілділікке, жанашырлыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу. | |
Сыртқы интеграция1. Ұйымдастыру кезеңі. Топқа бөлу: 1 топ: Ауа2 топ: Топырақ3 топ: Жер 4 топ: СуОқушылар түрлі түсті ленталарды таңдау арқылы топқа бөлінеді.Топ көшбасшыларына бағалау парағы таратылады.Оқушыларды түгендеу Тыныштық сәті. ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН. Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады). Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!Сұрақтар: | 2. 5 «Т» ережесін еске түсіру.ТәртіпТалапТазалықТатулықТыныштық5 мин |
2. Үй тапсырмасы Үй тапсырмасы сұрау Диалог әдісі арқылы1) Тепе-теңдік дегеніміз не?2) Адамдарда тепе -теңдікті сақтауға адамның қандай мүшесі әсер етеді?3) Өсімдіктер дүниесінде теп -теңдік байқала ма? Не себепті қатты жел соққанда ағаш құлайды?4) Тепе-теңдікті сақтауға байланысты мысал келтіріңдер? | Оқушылардан үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы сұрау3 мин |
3. Дәйексөз Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ. (Шыңғыс Айтматов) | Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматов (12.12.1928ж 2 мин |
4. Жаңа сабақ: 1 топ: АуаЭкологиялық жүйе дегеніміз не? 2 топ: ТопырақБиоценоз дегеніміз не?3 топ: Жер Биотоп дегеніміз не?4 топ: СуТіршілік ортасы дегеніміз не? Топқа бөлінген оқушыларға, жаңа сабаққа қатысты тапсырма беремін. Жаңа сабақты түсініп, оқып алу үшін бірнеше минут уақыт беріп, оқушылардың түсінгенін тыңдап, жаңа сабаққа қорытынды жасаймын. | Жаңа сабақ бойынша түсінік бере отырып, қиянат жасамау құндылығын ашу.10мин |
Ішкі интеграция.5. Әңгімелесу. Бейнебаян «Қоршаған ортаны қорғау қиын емес»1. Бейнебаяннан не түсіндіңіз?2. Қоршаған ортаны сіздер қалай қорғайсыңдар?3. Кейіпкердің орнында болсаңыз не істер едіңіз?Табиғат адамзат баласы үшін ең қасиетті ұғым. Өйткені ол адамның өзін дүниеге келтіретін аяулы анасы іспетті. Табиғат Ана деуміз де содан. Табиғат пен адам тығыз байланысты.Қоршаған орта неғұрлым таза болса, адамның денсаулығы мықты, көңілі көтеріңкі болады. Сол себепті табиғатқа мейірімділікпен қарап, жанашырлық білдіру, қиянат жасамау әр адамның парызы.Адам мейірімділікті, сүйіспеншілікті, қайырымдылықты табиғаттан үйренеді. Адам баласы табиғат перзенті екенін әрдайым есте ұстау керек. | 5мин |
6. Топтық жұмыс. 1 топ: Ауа 2 топ: Топырақ 3 топ: Жер 4 топ: Су 4 топтың оқушыларына, топтық жұмыста биологиялық диктант беремін. Берілген тапсырманы жылдам, әрі жауаптарын дұрыс тапқан топты бағалаймын. | 7мин |
7. Топпен ән айту. Жақсы адамдар (Жұматай Оспанұлы)Сендер аман болыңдар жақсы адамдарЖақсы адамға қосылмас басқа балдарТабаныңның астымда жатар әлі,Пенделіктен өресі аспағандар.Жақсы адамдар, жақсы адамдар,Сендер аман болыңдар, жақсы адамдар Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,Жүрегіңде өйткені әппақ ар бар.Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,Күйіп кетсін көре алмас патшағарларЖақсы адамдар, жақсы адамдар,Күйіп кетсін кетсін көре алмас патшағарлар. Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,Күйіп кетсін көре алмас пәтшағарлар.Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,Қарап өссін сендерге басқа жандар.Жақсы адамдар, жақсы адамдар,Қарап өссін сендерге басқа жандар. | 2мин |
8. Қорытынды, Бекіту сұрақтары.Оқушыларға әртүрлі жануарлардың, құстардың, жәндіктердің суреті беріледі. Берілген жануарлардың, құстардың, жәндіктердің қандай тіршілік ортада өмір сүретінін ажыратып, тақтада берілген орманды дала, сулы орта, шөл мен шөлейт және ауа тіршілік ортасына сәйкес келетін жануарлар, құстар, жәндіктерді жабыстырады. | 3мин |
8. Бағалау. Топ жетекшілерінің бағасымен танысып, мұғалім өзінің бағасын шығарады. Топ жетекшілері топ мүшелерінің бағасын жариялайды. Рефлексия парағын таратады: Не ұнады? Қандай қиындықтар кездесті? Оқушылар рефлексия жазады. Үй тапсырмасы. Венн диаграммасы арқылы, орман мен дала экожүйелерінің айырмашылығы мен ұқсастықтарын анықтап, жазып келу. | 2мин |
9. Қорытынды, соңғы тыныштық сәтi. Бүгінгі сабақтағы жақсы әсер, жақсы қасиеттерді жүрегімізде сақтап алайық. Сабаққа қатысқандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар! | 1мин |
Мектеп директоры: Адилбекова К. Х.
«Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі: Избасар Қ. А
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)