Материалдар / "Экологиялық соқпақ"

"Экологиялық соқпақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру саласы: Экология. Бөлімі:Әлеумет,таным,шығармашылық,коммуникация,денсаулық. Тақырыбы: Экологиялық соқпақ Мақсаты: Білімділік:Экологиялық соқпақ жолмен саяхатқа шығу.Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту.Қыс мезгілінің ерекшеліктерін атап,өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету.Балалардың тақпақ айту арқылы сөздік қорларын молайтып,есте сақтау қабілеттерінің дамуына ықпал ету.Жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қаңтар 2022
1432
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: Білім беру саласы: Экология. Бөлімі:Әлеумет,таным,шығармашылық,коммуникация,денсаулық. Тақырыбы: Экологиялық соқпақ Мақсаты: Білімділік:Экологиялық соқпақ жолмен саяхатқа шығу.Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту.Қыс мезгілінің ерекшеліктерін атап,өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету.Балалардың тақпақ айту арқылы сөздік қорларын молайтып,есте сақтау қабілеттерінің дамуына ықпал ету.Жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету.Жабайы аңдарға байланысты пазлдарды құрап,фланелеграфқа дұрыс орналастыру арқылы әңгіме құрастыруға байланыстырып сөйлеуге үйрету.Тәжірбие жасау арқылы қар және қардың белгілері туралы білімдерін кеңейту.Тәжірбиенің көмегімен алған білімдерін қорытындылай білуге үйрету. Дамытушылық:Биік-аласа ұғымдардың мағынасын түсініп,таныс заттарды биіктігіне қарай салыстыру қабілеттерін, зейіндерін дамыту.Соқпақ жол арқылы жүріп,орман ережелерінің модулдері арқылы балалардың табиғатқа деген мейірімділік сезімдерін дамыту.Шағын топтарға бөлініп,жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру. Тәрбиелік:Балалардың аңдарға деген сүйішпеншілік сезімдерін оятып,ұоршаған әлемге қамқорлықпен қарауға,табиғатты аялай білуге тәрбиелеу. Оқу қызметі арқылы балаларды достыққа ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Ресурстар:тапсырмалар, фланелеграф,тақта,пазл,қар,мұз.микрафон.қысқы орман.дәке,қайшы,компос,лупа,сумка.тұз,қант,ойыншық қоян,шырша,терек. Қостілді компонент:қоян-заяц-хэа. Түлкі-лиса-фокс.Аю-медведь-биа.Қасқыр-волк-уолф. Сөздік жұмыс: қырт-қырт,сырт -сырт.

Барысы:

Ұйымдастырушылық-қозғаулылық Шаттық шеңбер: Қуанамын менде, Қуанасың сенде. Қуанайық достарым, Арайлап атқан күнге.

Ұйымдастыру кезеңі: Тәрбиеші:-Балалар, қане барлығымыз табиғат бұрышына назар аударайықшы. –Қазір жылдың қай мезгілі? Балалар:-Қазір жылдың қыс мезгілі. Тәрбиеші:-Неліктен қыс мезгілі деп ойлайсындар? Балалар:-Өйткені айналамыз аппақ қар.Күн суық,аяз болады.Адамдар жылы киінеді т/б. Тәрбиеші:-Ендеше балалар қыс туралы тақпағымызды есімізге түсірейікші. Айсұлтан: Аппақ,аппақ жапалақтап, Қар жауады тынбастан. Қалың орман қар жамылған. Маужырайды түнгі аспан

Еркеназ: Біз тебеміз сырғанақ, Таудан төмен сырғанап. Бір шанада екеуміз, Құламайды екенбіз. Тәрбиеші:-Жарайсындар,балалар. Осы сәтте алыстан дауыс естіледі. Қыс ханшайымы:Сәлеметсіңдерме балалар. Балалар:-Сәлеметсізбе. –Здраствуйте. –hellо. Қыс ханшайымы:-Мен қыс ханшайымымын!Сендер қыс туралы айтып жатрсыңдар ғой? Сендер қыс туралы одан да көп білгілерің келсе,мен сендерді қысқы орманға саяхатқа шақырамын.Бірақ орманға жету үшін соқпақ жолдармен жүресіңдер.Соқпақ жолдарда сендерге көптеген кедергілер кездеседі.Сол тапсырмаларды толық орындасандар,сендерді тосын сый тосып тұр.Мен сендерге сол соқпақ жолдың сызбасын қалдырдым. Кездескенше балалар.

Тәрбиеші:-Ой балалар қыс ханшайымы шақырған саяхатқа барайық па? Балалар:-Ия,барайық,барайық. Тәрбиеші:-Ал балалар саяхатқа шығу үшін біз сумкамызды дайындауымыз қажет. Балалар:-Қажет заттарды сумкаға салады. Тәрбиеші: сол сәтте қыс ханшайымының сызбасы бар хатты тауып алады. Түсіндіру-Ой-балалар :мынау жанағы қыс ханшайымының бізге қалдырған сызбасы ғой. Осы сызбада көрсетілген қызыл белгі арқылы соқпақ жолмен орманға аттанайық . Балалар:-Тәрбиешіні мұқият тындап,соңынан ереді. Тәрбиеші:-Балалар біз қысқы орманға да келіп жеттік.Оо, қараңдаршы, балалар,мұнда қандай ғажап,қаңдай керемет! Қарды аяқпен басқанда қандай дыбыс шығады? Балалар:-Аяқпен басқанда қар сықырлайды,қытырлайды, (сөдік жұмыс қырт-қырт,сырт-сырт) Тәрбиеші: -Балалар,біз қыс ханшайымының бірінші тапсырмасына да келіп жеттік. Бұл жерде не көріп тұрсындар? -Балалар; екі шырша көріп тұрмыз. Тәрбиеші:шыршаларды салыстырайықшы? Балалар:Оң жақтағы шырша аласа,кішкентай,сол жақтағы шырша биік,үлкен. Тәрбиеші: Балалар шыршаның астындағы қарға назар аударындаршы, бізге қыс ханшайымы бірінші тапсырмасында қардың қасиеті жайында айтындаршы дейді. Қар қандай? Балалар: қар жұмсақ,үлпілдек, мамық сияқты.(қарды қолмен ұстап көреді, тәжірбие жасайды) Тәрбиеші:Қар тағы неге ұқсайды? Балалар:мақтаға,мамыққа,тұзға,қантқа. Тәрбиеші:Қарды жылы бөлмеге әкеп қойса қайтеді? Балалар: қар еріп кетеді. Тәрбиеші:Осы еріген қарымызды далаға суыққа шығарса не болады? Балалар:Мұз болып қатады. Тәрбиеші:Жарайсындар,балалар сендер қыс ханшайымының бірінші тапсырмасында орындадыңдар.Ал енді бойымыз тоңазып қалмау үшін сергіту жаттығуын жасайық. Сергіту сәті: Балалар (ағылшын әуенімен сергіту сәтін жасайды) Тәрбиеші:Жарайсындар балалар. –Ары қарай,соқпақ жолымызбен жүрейік.Ол үшін сызбаға қарайық,сендер мұқият болыңдар. –Балалар біз қыс ханшайымының екінші тапсырмасына да келіп жеттік. Балалар бұл жерде орман ережелерің модул бойынша көрсетіндер дейді.(тақтамен жұмыс)

Shape1

Shape2

Құстардың жұмыртқасын алуға





Shape7 Shape6 Shape5 Shape4 Shape3

Шулауға

Құстарды таспен атуға



Shape8

ОРМАН





Shape9

Shape11 Shape10

Қоқыс қалдықтарын тастауға



Shape14 Shape13 Shape12

Ағаштарды сындыруға

От жағуға





-Балалар жеке-жеке шығып тапсырмаларды орындайды.

-Жарайсыңдар,балалар сендер қыс ханшайымының тапсырмасын ойдағыдай орындадыңдар.

Picture 2

Тәрбиеші:Балалар біз қыс ханшайымымен кездеспедік,ендеше соқпақ жолымызбен саяхатымызды жалғастырайық.

-Қараңдаршы балалар бұл жерден ненің іздерін көріп тұрсындар?

Балалар:-орман жануарларының іздерін.

Тәрбиеші:Ал мен ағаштың түбінен қоянды көріп тұрмын.Қоянды ұстап көрейік. Балалар: қоян аппақ,жұмсақ сүйкімді.

Тәрбиеші:Сендер тағы қандай орман жануарларын білесіндер?

Балалар:түлкі,аю,қасқыр

Picture 3



Тәрбиеші:Балалар біз қыс ханшайымның үшінші тапсырмасынан да келіп жеттік.Ол үшін төрт топқа бөлініп столдағы пазлдармен жұмыс жасайық.

-Олай болса топқа бөлініп алдарындағы пазлды құраңдар және топтан бір бала шығып сипаттап беріңдер.

- Мұқият тыңдап тапсырманы орындайды.

Picture 4

Тәрбиеші:Жарайсыңдар,балалар сендер барлық тапсырмаларды орындап қыс ханшайымына да келіп жеттіңдер.

Қыс ханшайымы:-Балалар рахмет сендерге,сендер әр тапсырманы жақсы орындап,соқпақ жолдан сүрінбей өтіп мағанда жеттіңдер.Сендер өте білімді,ақылды екендеріңді көрсеттіңдер.Мен сендерге ризамын. Сондықтаң сендерді топтарыңа тез жету үшін сиқырлы шаңғымды және тәттілерімді сиға беремін.

-Балалар сиқырлы шаңғымен топқа оралады.. 11Тәрбиеші: -Балалар,сендерге бүгінгі оқу қызметі ұнады ма? -Несімен ұнады? -Қай тапсырма қызықты болды? -Саған қай досыңның жауабы,жұмысы ұнады? (Балалардың жауабы)

Көңіл күйіміз қандай?(Тамаша!) Қыс мезгілі қандай?(Тамаша!) Ауа райы қандай?(Тамаша!) Келген қонақтарымыз қандай?(Тамаша!)

Рефлексия Бүгінгі оқу қызметінде болған көңіл-күйімізді салыңған суретті аяқтау арқылы білдіру. Күтілетін нәтиже:

Білу керек:қыс мезгілінің ерекшеліктерін,тақтамен және топпен жұмыс жасау дағдыларын. Болу керек: оқу қызметіне қызығушылығы,қойылған сұрақтарға нақты әрі дұрыс жауап беруі. Үйрену керек:модульмен фланелеграфпен және соқпақ жолмен саяхатқа шығуды меңгеру.

Picture 1

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ