Материалдар / Экологиялық тәрбие
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Экологиялық тәрбие

Материал туралы қысқаша түсінік
Курстық жұмыс экологиялық тәрбие
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Шілде 2023
462
4 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі



«Қорғауға жіберілді»

«___»_________2019 ж.


КУРСТЫҚ ЖҰМЫС


Тақырыбы: «Экологиялық тәрбие беру жолдары»


Мамандығы: 0111000 «Негізгі орта білім беру»

Біліктілігі: 0111013 «Қазақ тілі және әдебеті пәні мұғалімі»




Орындаған 4-ФК-1

тобының білім алушысы Т. Дидар



Ғылыми жетекшісі

Г.Солтангалиева

«___» ________2019 ж.



Норма бақылаушы

«____»________2019 ж. Г.Солтангалиева



Өскемен, 2023 жыл


Мазмұны

Кіріспе...............................................................................................................

3

1. Оқу процесінде оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері.............................................................................................................


6

1.1 Оқушыларға экологиялық тәрбие беру педагогикалық мәселе ретінде қарастыру..........................................................................................................


6

1.2 Экологиялық тәрбие беру негіздері........................................................

12

1.3 Экологиялық тәрбие берудің педагогикалық шарттары...........................................................................................................


15

2. Оқушыларға экологиялық тәрбие беру әдістемесі...................................

22

2.1 Табиғат қорғау дәстүрлері арқылы экологиялық тәрбие берудің формалары мен әдістері.................................................................................


22

2.2 Мектепе экологиялық тәрбие беру жолдары...............................................................................................................


26

3. Практикалық бөлім.......................................................................................

35

Қорытынды........................................................................................................

38

Әдебиеттер тізімі................................................................................................

39















Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: ғылыми-техникалық прогрестің жедел даму барысында, қоғам мен табиғаттың қарым-қатынас мәселесіндегі күрделі шиеленістерді дұрыс шеше білу, бүкіл жер шарының болашағын, әрбір азаматтың өмірін сақтауға мүмкіндік туады. Өйткені, өндірістің дамуы барысында табиғи қорлардың дағдарысқа ұшырауына, қоршаған табиғи ортаның ластануына себепші болып, жаңа дағдарыстардың туындауына ұйытқы болды.

Табиғат әлемі адамдардың тіршілік ету ортасы. Ал, адамдар табиғатсыз өмір сүре алмайды. Соңғы жылдардағы мемлекеттік жоспарларды орындау, өндірісті өркендету негізгі міндет болып, табиғатты (ауаны, суды, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін) қорғап, ядролық жарылыстар, табиғат байлықтарын орыныз пайдалану, табиғатты ауруға ұшыратты. Жұтатын ауамыз, ішетін суымыз, жейтін тамағымыздың құрамында улы заттар көбейді. Заводтардан шығатын қалдықтар сүзгіден дұрыс өткізбестен ауаға таралып, осының нәтижесінде өкпе, рак, жүрек, психикалық аурулар саны көбейіп барады.

Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білім мен әл-ауқатының артуын қамтамасыз ету мақсатымен, Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2030» атты өз халқына жолдауында адамадардың денсаулығын жақсарту, ауруларды болдырмау және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін экологиялық проблемаларды шешу қажеттігі атап айтылған. Президент жолдауында: «Экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20% -ке себеп борлып отыр, ол кейбір аймақтарда жағдайы мұнан да қиын, отандастарымыздың үштен бірі сапасыз тамақтану да теріс демографиялық салдарға әкеп соғады; - деді[1]

Озон қабатының жұқаруы, улы тұзды жаңбырлардың жаууы, химиялық заттармен ластануы – адамның іс-әрекетінен жасалған қасірет болып табылады. Табиғаттың осындай күйге ұшырап, еліміздің көптеген жерлерінің апат аймағына айналуының бір себебі – экологиялық білім мен тәрбиенің төмендігі.Ғылыми-техникалық прогрестің өркендеуі, адамдардың шаруашылық іс-әрекетінің дамуы артып, өндірістің өсуіне қарай табиғаттан алынатын шикізат пен өндіріс қалдықтарының көлемі артып, айналадағы ортаны бүлдіруде. Қазіргі кезде табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынасты дұрыс жолға қойып, табиғат байлықтарын, көздің қарашығындай сақтап, оны үнемдеп пайдалануда.

Сонғы ХХ ғасырдың екінші жартысында адам баласынан алдынан шыққан, табиғаты қорғау мәселесі, жастарды соған сай оқыту мен тәрбиелеудің қажеттілігі туып,экологиялық мілеселелер қазір әлемде өзінің қоғамдық мәнін жоғалған лдыңғы қатардағы мәселенің біріне айналды.Сондықтан жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру бүгінгі күн тәртібіндегі бірден-бір қажетті кезек күттірмес екендігі 1991 жылғы «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасында» және 1992 жылғы «Қазақстан Республикасының білім беру туралы» заңында, 1996 «Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасында» көрсетілген.Қазақстан Республикасының Коституциясының 6-шы бабы жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер және жануарлар дүниесі, басқа табиғи ресурстар мемлекеттің меншігі екендігі, оларды мемлекет қойнауында болатындығын мәлімдейді, осы конституцияның 38-ші бабы Қазақстан Республикасының азаматтарына табиғатты сақтауға және табиған байлықтарына ұқыпты қарауға міндеттейді.Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңының 89-ші бабының әрқайсысы еліміздің болашағын экологиялық жағынан қамтамасыз ету шараларына арналады.Заңда басқа салалар мен қатар педогогикалық жағынан шешілуі тиісті міндеттер,экологиялық тәрбие мен білім берудің жалпыға бірдей және үздіксіз жүргізілу қажеттілігі көрсетіледі.[2,4]

Өйткені табиғатты аялау, соның негізінде имандылыққа, ізгілікке баулу бала тәрбиесіндегі ұлттық тамырдан нәр алады, яғни, экологиялық ой-тұжырымдар баланың қоршаған табиғат ортасымен және өмір сүріп отырған қоғамындағы қалыптасқан ғылыми ұғым түсініктерімен байланыстырса, соғұрлым өз туған жерін, елін қорғауға тәрбиелейтіндігін ашып көрсеткен.

Зерттеу мақсаты: мектеп оқушыларына сыныпта экологиялық білім мен тәрбие беруді негіздеу.

Зерттеу пәні: Экологиялық білім мен тәрбие беру.

Зерттеу нысанасы: Мектептердегі оқу-тәрбие процесі

Зерттеу міндеттері:

  • Экологиялық білім мен тәрбие берудің негізін айқындау;

  • Экололгиялық білім мен тәрбие берудің деңгейін анықтау;

  • сабақта және сабақтан тыс уақытта экологиялық білім мен тәрбие берудің тиімді жолдарын анықтау.

Зерттеудің практикалық маңызы:

Экологиялық білім мен тәрбие беруде туған өлке және қазақ этнопедагогика материалдары ендірілген қосымша бағдарламалар жасау;

Курстық жұмысының құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, практикалық бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.












1. Оқу-тәрбие процесінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері

1.1 Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық мәселеретінде қарастыру

Қоғамның дамуы табиғатпен тығыз байланысты. Ғылыми-техникалық прогрестің даму барысында қоршаған орта мен қоғам арасындағы қарым-қатынастың қарама-қайшылығы арта түсуде. Осы қарама-қайшылық негізінде табиғаттың тепе-теңдігі бұзылып, табиғи жүйенің өзін-өзі реттеп отыру ырқынан шығып кетті. Демек, адам баласы өмір сүріп отырған қоршаған ортаны бүкіл ғалам бойынша өзгеріске ұшырату қаупі төнді. Сонымен бірге, қазіргі кезде адам мен табиғат арасындағы қарама-қайшылықтарды шешіп, жол табу және жастарға экологиялық тәрбие беру педагогика мен мектептің басты борышына айналуда.

Оқушыларға экологиялық тәрбие беру жалпы білім берудің бір тармағы ретінде оқушыны жан-жақты дамытуға, оның адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеуге бағыттайды. Кезінде орта ғасыр ғұламалары Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, Қ.А. Яссауи, М. Қашқари, А. Иүгінеки, С. Бақырғани және т.б. өз шығармаларында табиғатты аялап, қорғауға байланысты көзқарастарын білдіріп, жаратылыстану жайында бағалы пайымдаулар мен ғылыми тұжырымдар жасаған. Мәселен, Әл-Фараби «Ғылымдардың шығуы туралы трактатында» табиғаттану ғылымдарының шығу төркінін, себептерін ашып көрсетуге тырысады.

Оқушыларға экологиялық тәрбие беру мәселесін шешуде прогресшіл педагогтарымыздың орны ерекшеЯ.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, Г.Песталоций, А.Гумбольдт классикалық педагогикада баланың табиғатпен қатынасы арқылы білім беру, тәрбиелеу, дүниетанымын қалыптастыру заңдылықтарын негіздеді. Чех халқының атақты педагогы Я.А.Коменский «Тәрбиенің негізі – табиғат, ал адам табиғаттың бір бөлігі және оның заңдылықтарына бағынушы»,- деді. Француз ағартушысы Ж.Ж.Руссо өзінің педагогикалық еңбектерінде «Баланы табиғатпен байланыста тәрбиелеу керек, табиғат баланың ересектігінен бұрын бала болғанын қалайды», - деп жазды. Ол тәрбиенің үш қайнар көзі: «табиғат, адамдар, заттар» деп есептеді.

Н.Н.Герцен жас баланың жан дүниесін қалыптастырудағы табиғаттың маңызын көрсете отырып: «Біз адам дүниесін табиғат дүниесінен тас қабырға арқылы бөліп тастауға әдеттендік, бұл әділетсіздік»,- деді[10]. Д.И.Писарев патриотизмді қалыптастырудағы табиғаттың мәнін ерекше бағалап, «өз денесін сүю және қорғауға адамға тән қасиет болғаны сияқты, дәл солайша өзінің балалық шағының 1-ші күнінен үйренгендерін, жақсы көрген сол адамдарды, сол жерді, сол өмір құрылымы мен ұғымды қорғауда оған тән қасиет», - деген болатын[11]. Орыс ағартушылары жас ұрпаққа табиғат туралы сапалы білім беру және адамның табиғи мінез-құлқын айқындайтындықтан, моральдық сапалардың қалыптасуына әсер ететіндіктен айрықша мән берді.

Белгілі философтар В.Г. Афанасьев, В.В. Журавлев, А.Г. Спиркин, Г.С. Смирнова, А. Қасабеков, Ж. Алтаев т.б. жасөспірімдерге экологиялық білім мен тәрбие беруде «қоғам-адам-табиғат» арасындағы дүние-танымдық сана формаларын саралау тұрғысынан қарастырады. Себебі, адамның тұрмыс-тіршілігінің әлеуметтік мәнге ие болуының нәтижесінде санасы дамып, жетіледі. Сана – адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқын реттеп, бағыт-бағдар беріп отырады. Ол әрекетінен көрініс табады. Жеке адамның басқа адамдармен – табиғи ортамен көрініс табады. Жеке адамның басқа адамдармен – табиғи ортамен қарым-қатынаста болып, сана-сезімінің дамуы, өзіне басқа адамдарға қоршаған заттық дүниеге көзқарас-пікірінің қалыптасуы жеке адамның жетілдірудің негізгі факторы болып саналады. Сонымен, адамның ақыл-ойы мен сана-сезім бірлігін дәлелдейтін тұжырым жеке тұлғаны экологиялық проблемаларға жаңама көзқараспен қарауға бағыттады[12].

Психологтар А.А.Люблинская, М.Мұқанов, Қ. Жарықбаев, т.б. өз еңбектерінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру жұмысы, қоршаған ортамен қарым-қатынаста психологиялық жас ерекшеліктерін ескергенде ғана нәтижелі болады деген пікірлер айтқан[13,14]. С.Л. Рубенштейн әрбір жеке адамның қоршаған ортамен байланысының басты компоненттерінің бірі қарым-қатынас деп санайды. Ол табиғатқа адамгершілік қатынасын қалыптастыру, мінез-құлық нормаларын қалыптастыру екенін көрсете отырып, «басқа адамдармен жарамды қатынасқа ену, басқа адамдардың адамша тіршілік етуіне жағдай жасай білу тек толы бағалы адамның ғана қолынан келуі мүмкін, ал ол дегеніміз дүниеге, өмірге, табиғатқа мың дос қатынастағы адам», - дейді. Балалардың мейірімділік, қайырымдылық, аяушылық, мүсіркеушілік және басқа гуманистік ерекшеліктерін дамыту бағытында табиғатпен сырласу жеткіліксіз болса, олар парасаттылық тәрбие алуда белгілі бір мөлшерде қысым көру мен шектеушілікке душар болады. Табиғат арқылы экологиялық тәрбие берудің маңызын бағалай келіп, А.Е. Тихонова «табиғатты эмоциялық сезіммен қабылдау, оған деген эстетикалық қатынастың бастапқы негізі болып саналады. Мұғалімнің маңызды міндеті эстетикалық сезімді байыту ғана емес, сонымен бірге табиғатқа адал қатынастағы адамгершілік-эстетикалық жағын дамытуды, оның сұлулығын молайтуға ұмтылдыруда болып табылады», - деді[15].

Сондықтан да адамның табиғат сұлулығына қатынасы эстетикалық қатынас деп қана емес экологиялық аспектідегі адамгершілік-эстетикалық қатынас деп қарастырған жөн. Табиғат пен көркем шығармалар арқылы бейненің ішкі үйлесімдігі экологиялық пен эстетикалық үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Демек, табиғатқа эстетикалық қатынасты оған деген адамгершілік қатынасты, «эстетикалық тәрбиені экологиялықтан бөліп қарастыруға болмайды».

Табиғат – сұлулықтың мәңгі бақи таусылмас қайнар көзі, ол эстетикалық тәрбие берудің ең маңызды құралдарының бірі саналады. Ал, бұл экологиялық тәрбиемен іштей жалғасып, табиғаттың күйзеліп, күйреуіне қарсы тұратындай адамның қалыптасуына ықпал етеді. Қандай жұмыстың болса да, «экологиялық жағы» еске алынбаса, табиғат пен адам арасындағы зат алмасуды заңды түрде үйлестіріп отыратын, еңбекке үйрету мен тәрбиелеу саласында орны толмас олқылықтар пайда болады.

Ч.Дарвин «Түрлердің шығуы» деген еңбегінде органикалық дүниенің дамуына байланысты көптеген экологиялық байқауларын келтірген[16]. Дегенмен, ғылымда «Экология» деген ұғымды алғаш айтқан адам Эрнест Геккель. Ол «Экология» деген сөзге анықтама беруге тырысты. 1866 жылы немістің табиғат зерттеушісі Эрнест Геккельдің өмірге енгізген «экология» сөзін дәлме-дәл аударғанда «үй туралы ілім, тұрақ (мекен) туралы ғылым», деген грек сөзінен шыққан[17]. Келесі бір экологиялық сөздікте «экология (гректің ойкос – үй, мекен, тұрақ және логос – білім, ғылым, зерттеу деген екі сөзінен құралған) – қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негізі, тірі организмдердің өмір сүру жағдайларын, олардың өзара қатынастарын, табиғи ортамен байланыстарын зерттейтін ғылым».

Экологияның танымал сөзге айналғаны соншалық, оны не болса соған – тазарту ғимараттарын салуға, жерді пайдалануды аймақтық деңгейде жоспарлауға, қағазды қайта өңдеуге, көкөністерді органикалық тыңайтқыштарды пайдалана отырып өсіруге айдар етіп таға салатын болды. «Осы іс-әрекеттің әрі аса қажет екендігіне ойынды әдеттегі талай сыннан өткен ережелер бойынша жүргізбей, табиғат заңдарын сорақылықпен бұзғанымыз үшін табиғаттың өзі үкімімен бізге берер соққысын жеңілдету мен лайықты аз жазаны аз да болса кешеуілдетуге тырысуымыз жатыр», - деп атап көрсеткен болатын Америка экологы Р.Риклефс.

Жоғарыда айтылғандардан шығаратын қорытынды айқын: адамдарды құтқару жолындағы әрекетті табиғаттың тіршілік ету және даму заңдылықтарын оқып үйренуден бастау қажет.

Экологиялық тәрбие жұмысы балалардың жас ерекшеліктеріне сай және табиғатқа жақын қарым-қатынаста жүргізілсе ұтымды болатындығына К.Д. Ушинский назарын аударған. Оның «Детский мир», «Родное слово» атты кітаптарында табиғат және онда тіршілік ететін хайуанаттар мен құстардың тіршілігі, адам және оның еңбегі жөнінде көптеген деректер келтіріледі. Ол адам мен табиғат арасындағы қатынасты педагогикалық аспектіде қарастырып, «Табиғат даусын ата-аналар да, қоғам да, тәрбиешілер, заң шығарушылар да аяғына дейін тыңдауы тиіс. Табиғатпен егесу жақсы емес, адамға тек оның заңдылықтарын білу және олардың күшін пайдалану ғана қалады», - дейді. Ол табиғаттың тәрбиелік күшіне берік сене отырып, оны «ой ұрығы», «ұлы тәрбиеші» деп бағалады. Өзінің жастық шақ өмірінің негізінде қорытынды жасай отырып: «Мейлі мен педагогикада тағы деп атаңдар, бірақ өзімнің өмірлік әсерімнен жер бетінің әсем көріністерінің баланың жан дүниесін дамытуда ересек мол тәрбиелік мәні, ықпалы бар, тіпті ойымен тәрбиесінің ықпалынан да бәсекелесуі қиын деген терең шешімге», - келдім деген болатын[18]

Қазіргі экологиялық мәселелер бүкіл адамзат баласын ойландырып отырған кезде халқымыздың бұл салада қалдырған тағылымдық та, тәрбиелік те мәні зор асыл мұраларына көңіл бөлу керек. Халықымыздың табиғатқа деген сүйіспеншілігі және оны көздің қарашығындай сақтап келуі жайында қазіргі ұрпаққа өнеге-үлгі боларлық мұралар, даналық ұғымдар, мақал-мәтел, нақыл сөз, аңыз әңгіме арқылы жетіп отырған. Осындай әрбір асыл мұраның өзінде қаншама терең ой, тәлім-тәрбие өнегесі жатыр. Сондықтан да әрбір ұстаз, әр тәрбиеші өзінің күнделікті жұмысында халықтық педагогиканың асыл маржанына үнемі көңіл бөліп, оны пайдаланып отырса, оқушылардың экологиялық түсінігінің қалыптасуына ықпалын тигізеді. Аңыздардағы Қорқыт бабаның жерді бүлдіріп қаза беруден сақтандырып, «...уы шығып кетер», - деп безектеді, Асанқайғы атамыздың халқына жайлы қоныс іздеп, желмаясымен жеті жыл кезуі, тіпті М. Әуезовтың Америкаға барған бір сапарында сол жақта тағдыр талабымен тұрып жатқан Әбілсәмәд деген қазақтың қонақ үйге іздеп келіп: «Сыр ағып жатыр ма?» – деп сұрауының өзі туған жерге, туған жер табиғатына деген сүйіспеншіліктің белгісі.

Халқымыз табиғаттың кейбір туындыларын «киелі», «қасиетті» деп ұғып, оларды жоюға болмайтынын уағыздаған. Сонымен бірге табиғат пен адамды біртұтас, бірінен-бірін бөлуге болмайды деп қараған. Сондықтан адам табиғаттың өз керегін ғана алып, қалғанына еш уақытта зиянын тигізбеген Ш.Уәлиханов: «табиғат пен адам: өзіңіз айтыңызшы, тіршілікте одан ғажап, олардан құпия не бар? – дей келе қазақтар киеге үлкен мән береді. Табиғаттағы кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлейді. Осы аталғандарды құрмет тұту, ырымын жасап тұру, адам баласына байлық пен бақыт, құт әкеледі», - деп атап көрсеткен..Халық табиғаттағы өздері қастерлеген жерлерді «Әулие бұлақ», «Әулие ағаш» деп атап, оларды көздің қарашығындай қорғап, «Бұлақ көрсең көзін аш», «Аққуды атпа», «Құстың ұясын бұзба», «Көк шөпті жұлма» деп өсиет етіп отырды. Ал қарлығаш, аққу, ұлар т.б. құстар жақсылықтың жаршысы, бақыттың бастауы, игіліктің иесі, сұлулықтың символы деп ұясын бұзуға, балапанын алуға, өлтіруге мүлде рұқсат етпеген.Ертедегі табиғат жайындағы нақыл сөздер, өнегелі өсиеттер, жырау мен ақындар жырларындағы ойлы пікірлер – экологиялық тәрбие беруде және экологиялық мәдениетін қалыптастыруда өте құнды құрал. Ертеден қалған:

«Көзіңді қалдыр бұлақ көзін аша жүр,

Ізіңді қалдыр жақсы істен мұра шаша жүр,

Өзіңді қалдыр бақша өсіріп, жаса нұр – деген өсиетінде зор мағына жатыр.Табиғат – ананың сырларын бойға сіңіріп алмайынша онымен тең отырып сөйлесу қиын. Ең бірінші, табиғатты – туған анаңдай түсіну, екінші, табиғатқа – туған бабаңдай табыну, үшінші, табиғатты туған ұлыңдай қорғауың қажет. Түсінбей тұрып табыну, табынбай тұрып қорғаудың қисыны жоқ. Табиғат пен адамзат баласы дүниенің бірінсіз-бірі тұл болатын – ажырамас бөлшектері. Адам үшін жері мен суы, орманы мен тасы, жануары мен өсімдіктері тіршілік ететін басты көздері болса, табиғат үшін адам оның бағбаны іспеттес.Бүкіл түркі дүниесінің бабасы Қорқыт Ата «Қаратауларың бұзылмасын, саялы ағаш сынбасын, қанаттарың қырқылмасын», - деген қасиетті сөздері – туған жер табиғатын аялауға шақырған аталы ұғымдар. Мысалы: «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «Сулы жер – нулы жер», «Жері байдың елі бай» - деген сөздер бала санасына сіңіп, адамгершілік өлшемін қалыптастырады


1.2 Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің негіздері


Ал енді осы болмыстың өзі не және оны игеру қалай өтеді? Адамзаттық болмыс дегеніміз адамдардың көптеген ұрпағының еңбегі және жасампаздық ұмтылысынан туындаған қоғамдық тәжірибе. Бұл тәжірибе өз ішінде келесі құрылым бірліктерін қамтиды:

1) адамдардың табиғат және қоғам жонінде жасаған білімдерінің жиынтығы;

2) еңбектің әрқилы саласында қажет ептіліктер мен дағдылар және шығармашылық іс-әрекет әдістері;

3) әлеуметтік, рухани қатынастар.

Аталған тәжірибе көп ұрпақтың еңбегі және шығармашылық күшімен жасалатындықтан білімдер де, тұрмыстық ептіліктер мен дағдылар да, сондай-ақ ғылыми және көркемдік туындылар мен рухани-әлеуметтік қатынастар да адамдардың әртүрлі танымдық, көркем шығармашылық, әлеуметтік және рухани қызметінің нәтижелерінен қалыптасады. Енді осы тәжірибені өз “игілігіне” айналдырып, “меншіктеп” алу үшін жаңа әулет қайтадан бұл “затты” ақыл-саналық сипатқа келтіруі тиіс, яғни қай формада болмасын оны жасауға бағышталған іс-әрскстті (еңбектік, танымдық, әлеуметтік, көркемдік-эстетикалық) шығармашылықпен көркейте, байыта отырып, қайта жаңғыртып, бұрынғыдан да дамыңқыраған түрде өзінен кейінгі ұрпаққа жеткізуге борышты. Тек өз қызметінің күшімен, шығармашылық ұмтылысымен ғана адам қоғамдық тәжірибені және оның құрылымдық бірліктерін игеруі мүмкін. Осыдан тәрбиенің негізгі қызметі — жас адамды қоғамдық тәжірибенің әр тарапын заттықтан саналылыққа айналдыру ісіне жұмылдырып, өткен тәжірибені өзі қайтадан жаңғыртып, осылайша өз бойында қоғамдық сапалар мен қасиеттерді өзі баулуына, яғни оның жеке адамдық сатыға көтерілуіне көмектесу. Бұдан тәрбиенің терең астарлы күші үгіт-насихаттық құрғақ сөзбен жас адамды іске бағдарлауға емес, ал оның өзін жеке адамдық қасиеттерін қалыптастыратын қоғамдық тәжірибснің әр түрлі тарапын игеруге, пайдалы қызметке қосуда.


Экологиялық тәрбиенің жалпы заңдылықтары

1.Барша тарих кезеңдерінде эколлогиялық тәрбие объективтік-қоғамдық қажеттіліктен туындайды және қоғамға қызмет етеді.

2.Экологиялық тәрбиенің мақсаты,мазмұны және тәсілдері бір тұтас байланыста, бір-бірінсіз нәтиже бермейді.

3.Біртұтас педогогикалық процестегі экологиялық оқу мен тәрбие (тармағындағы ) өзара кіріге ұштасқан

Келтірілген заңдылықтар экологиялық тәрбиені ұйымдастырудың жалпы негіздерін құрайды,ал енді сөз болатын заңдылықтар тікелей экологиялық тәрбиелік процесті іске асырудағы педогогикалық құрал ретінде танылуы тиіс.Олардың қатарына кіретіндер:

1.Дамушы жеке адамның экологиялық тәрбиесі сол адамның тікелей іс-әрекетке қосу барысында орындалады.

2.Экологиялық тәрбие-ұйымдастырылған іс-әрекеттегі жеке адамның белсенділігін арттыруға ықпал етуші фактор.

3.Экологиялық тәрбие барысында тәрбиеленушіге деген жоғары гумманизм мен сый құрмет орынды талап пен ұштасуға міндетті.

4. Экологиялық тәрбие барысында оқушыға алдағы жетістіктерін көрсете отырып ере білуге көмектесуі.

5. Экологиялық тәрбие барысында оқушылардың ұнамды сапаларын тану мен оларды орынды пайдалану қажет.

6.Экололгиялық тәрбиелеуде оқушылардың жастық және даралық ерекшеліктерін ескеру орынды.

7.Экологиялық тәрбие ұжымда жүргізіліп, ұжым арқылы іске асырылуы қажет.

8.Экологиялық тәрбие барысында мұғалімнің, мектептің, отбасының және қоғамдық мекемелердің педагогикалық ұмтылыстарының бірлігі мен келісімі қажет.

Мектептегі оқу экологиялық жұмысы да, оқушылардағы жеке адамдық салаларды тәрбиелеу де осы заңдылықтарды ескеру негізінде жүзеге асырылуы тиіс.

Экологиялық тәрбие мақсаты – педагогика ғылымының өзекті категориясы. Оны нақтылау, жобалау, дайындау – педагогикалық тұжырымдар жасау арқауы.

Кейде педагог балалармен экологиялық оқу-тәрбие жұмыстарын нақты айқындалған мақсатсыз-ақ орындаған сияқты болады. Бірақ сол бағыт-бағдарсыз басттаған ісінде қаншалықты сарсаңға түсіп, оңды-солды ұрынғанын, нәтижеге жете алмай шаршап-шалдыққанында бір-ақ түсінеді.

Педагогтің кәсіби қызметі адамның барша іс-әрекетіндей мақсат қоюдан басталады. Педагогтің балалармен жүргізіп жатқан ісінде мақсат болмаса, ол істі кәсіпқой маманның жұ

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!