Материалдар / Экономика негіздері: пайда және ттабыс туралы жалпы түсінік
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Экономика негіздері: пайда және ттабыс туралы жалпы түсінік

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа ғана экономика негіздерін оқып бастаған студенттерге. Пайда және табыс жайлы қысқа да нұсқалы мәлімет.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қараша 2020
305
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пайда - экономистер пайда деген түсінікке фирманың жиынтық табысы мен оның шығындарының арасындағы айырмашылықты жатқызады. Бұл айырмашылық таза экономикалық пайда деп аталады.

Пайда – экономикалық теорияда ең күрделі және қарама-қайшы мәселелердің бірі болып табылады. Пайданың қайнар көзі және оның экономикадағы өсуі туралы сұрақтар пікір-таласты тудырады. Орыс сөзі "пайда" В.Дальдің "түсіндірме сөздігінде", "өсім", "көбею", яғни бастапқы жұмсалған капитал санына "үстеме" деп түсіндіріледі. Бұл үстеме тауар өндірілгенде емес, сонымен бірге сатылады да көрінеді. Сондықтан пайданы тікелей коммерциялық қызметтегі табыспен байланыстырады. Осыған байланысты заңды сұрақтар туындайды: пайда қандай ортада құрылады? Кім оны өндіреді? Ненің есебінен пайда болады?

Әр түрлі механиктер бұл сұрақтарға түрліше жауап  береді:

Меркантелистер пайда айналыста пайда болады және оның қайнар көзі сыртқы сауда болып табылады деп есептеген. А. Смит және Д.Рикардо пайданы өнімнен жұмысшы еңбегі үлесін алып тастағанға тең деп есептеді.

Карл Маркс пайданы тек жалдамалы еңбекпен жасалған екінші, туынды және өзгертілген формадағы қосымша құн деп қарады.

Бұл категорияның анықтамасы қазіргі батыс экономистер бойынша  түрлі варианттардың келісімді  бірігуі  болып табылады. Оның ішінде негізгілері төмендегілер:

  • пайда – бұл барлық өндіріс факторлардан алынған табыс, яғни рента, процент, жалақы;

  • пайда – бұл кәсіпкерлік қызмет үшін марапаттау және техникалық жетістіктерді енгізуге төлем;

  • пайда – бұл тәуекел және белгісіздік үшін төлем.

Қазіргі кездегі пайда  туралы түсінік үш негізгі бағытта  жасалынады: кейнсиандық, институционалды - әлеуметтік және неоклассикалық.

Кейнсиалдықтар пайданың жиынтық тұжырымдамасын макроэкономика деңгейінде ұсынады.

Институционалды әлеуметік ілімде пайда әлеуметтік, сыртқы экономикалық факторлар жағынан түсіндіріледі: қоғамның барлық мүшелерінің игілігіне және тағы басқаларына қамқорлық жасау.

Неоклассикалық ілімде пайданы неғұрлым толық зерттеудің негізгі мақсаты – пайданы максималды ету және жетілген және жетілмеген бәсекелестік жағдайында әрекет ететін жеке фирмалар деңгейінде жүргізіледі.

Фирма жалпы, орташа және шектік табысты есептейді.

  • Жалпы табыс барлық сатылған өнімнің түсіміне тең.

  • Орташа табыс сатылған өнім бірлігіне есептелінеді.

  • Шектік табыс қосымша бірлігін сатқандағы жалпы табыстың өсуі.

Сандық жағынан пайда  тауарды сатқандағы жалпы табыс  пен өндіріс шығындарының арасындағы айырма.



Шығындар құрамына не енетініне байланысты экономистер бухгалтерлік және экономикалық пайданы айырады.

Бухгалтерлік пайда  бұл жалпы табыс пен өндірістегі бухгалтерлік шығындар арасындағы айырма.

Экономикалық пайда  бұл жалпы табыс және экономикалық шығындар арасындағы айырма. Дәл осы экономикалық ілімді зерттеудің пәні болып табылады.

Егер, фирманың жалпы табыстары оның шығындарына тең  болса, онда экономикалық пайда нөлге тең немесе қалыпты болады.

Қалыпты пайда – бұл неоклассиктердің "жетілген бәсекелестік" моделіндегі пайданың негізгі түсінігі.

Қалыпты (Марксте - "орташа") пайда – бұл фирманы істе ұстауы үшін оның сондай үлкен табысы.

Жетілмеген монополиялық жағдайды иеленсе (газ, мұнай теміржол, тағы басқалар), онда ол пайдалы табиғи жағдайларда сирек кездесетін пайдалы қазбалар жерінде, қолайлы климатта және тағы басқаларында пайда болатын монополиялық пайда алады.

Фирма үшін үлкен табыстың қайнар көзінің маңыздылығы, ашық жазылу бойынша акцияны сатқаннан алынған шамамен кәсіпорындарға салынған нақты капитал арасындағы айырмашылық құрылтайшылар пайда болып табылады. Оны берілген акционерлік қоғамның құрылтайшылары меншіктенеді.

Фирмаға қатысты табыс көлемі қалыпты пайда көзі болып сипатталады.

Пайда нормасы – бұл процентте өрнектелген, пайданың өндіріс шығындарына қатынасы.

Банктік пайда табыс пен шығыс арақатынасы арқылы анықталады.

Банктік пайда қарыз капиталының меншік иесінің табысы.

Сауда пайдасы нарықтық экономиканың негізгі пайдасы болып табылады. Сауда пайдасы дегеніміз жай ғана үстеме, тауарлардың бағасын өз құнынан асыра нақтылап бәстеу десек, ол сыртқы көрінісі ғана болар еді.

Көпестің өз пайдасын тек сататын тауарларының бағасынан ғана шығара алатыны түсінікті, ал енді оның өз тауарларын сатып тапқан пайдасы  сол тауардың алу бағасы мен сату бағасының арасындағы айырмашылыққа  тең болуы тиіс екені, сату бағасының  алу бағасынан артылған мөлшеріне тең болуға тиіс екені одан бетер түсінікті.





Табыс

Кәсіпорынның  нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. 

"Табыстар  дегеніміз - қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың үлғаюы болып табылады, бүл акционерлер салымдары-ның есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі"

Picture 1    Ықшамдалған түрде бүл түсінік 1995 жылы 26 жел-тоқсандағы "Бухгалтерлік есеп туралы" заң  күші бар ҚР Президентінің 2732 Жарлығында анықталған. Жарлықтың 13-бабында былай делінген: "Табыстар - бүл есептік кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы". Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыстарды алу мүмкін емес. Өз кезегінде, табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!