Материалдар / Экономикалық инфақұрылымының элементтері мен функциялары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Экономикалық инфақұрылымының элементтері мен функциялары

Материал туралы қысқаша түсінік
Экономикалық инфақұрылымының элементтері мен функциялары
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Адал жол» тақырыбындағы

тәрбие сағаты

Мақсаты:
1.Рухани адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу,сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту,оқушылардың заң талаптарын сақтауға ынтасын қалыптастыру.

2. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттері дамиды; дүниетанымдары кеңейеді;


Көрнекілігі: слайдтар, электронды құралдар, Өткізудің формасы: Тәрбие сағаты
Өткізудің технологиясы мен әдістер: баяндама,мәнерлеп оқу, сұрақ - жауап, видеоролик

Сабақтың барысы:

АДАЛДЫҚ - адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана-сезімі мен ар-ожданына қайшы келмейтін әрекеттердің моральдық-этикалық жиынтығы. Қазақ пайымында адам бойында адалдық пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді қасиеттердің қалыптасқан нормаға сай болуы керек. Көшпелі қазақтардың адамгершілік, адалдық қасиеттері тұрғысынан кіршіксіз таза, мәрт болатындығы туралы шетелдік саяхатшылардың қолжазбалары мен күнделіктерінде көп айтылады.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын  әлемдегі  барлық  елдердің  қай-қайсысын  да  қатты  алаңдататыны  анық.

 Мемлекеттің дамуына бармақ басты, бұрынғы өткен ата-бабаларымыз да дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген. Олардың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін ғасыр қайраткерлері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз тарихтан жақсы білеміз.
Қазіргі уақытта Қазақстан Орталық Азия өңірінде ғана емес, тұтастай алғанда ТМД бойынша да жемқорлыққа қарсы неғұрлым мықты дамыған заңнамасы бар ел болып табылады. Мұндай құқықтық актілердің қатарына

Сыбайлас жемқорлық жалпы қылмыспен қатар Қазақстанда мемлекеттiк билiк және қоғам үшiн қауiптi.

Ел Президентi Н.Ә. Назарбаев мемлекеттiк негiзгi басымдылықтарының арасында сыбайлас жемқорлықпен күрестi белгiледi.

Сыбайлас жемқорлықпен күрестiң есептеу нүктесi 1998 жылы қабылданған «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» бiрiншi Заң қабылдануы болып есептеледi. Осы уақыттан бастап ҚР Президентiнiң сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы бiрқатар Жарлығына қол қойылды, оның iшiнде «Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесiн жетiлдiру шаралары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi күшейту, мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар қызметiндегi тәртiп пен реттiлiктi нығайту жөнiндегi шаралар туралы».

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аясында азаматтық қоғам институттарының — саяси партиялардың, әр түрлi үкiметтiк емес ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуы кеңеюде.

Жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, ақпараттық-талдау қызметi негiзiнде кешендi жұмысты талап етедi, соның iшiнде жаңа қылмыстық-құқықтық нормалардың ұтымдылығын бағалау бойынша.

          Бүгінгі күні мектебіміз де жасөспірімдерге сапалы білім саналы тәрбие беруде үздіксіз жұмыс атқарып келеді. Бұл ретте, заманауи технологоияларды пайдалана отырып, бәсекеге қабілетті ұлт тәрбиелеу өзінің өзектілігін жоғалтқан емес.  Сондықтан, болашақтың еншісін арқалайтын жастар жаһандық сын қатерлерге төтеп беруде шар болаттай шыңдалған рух пен өнегелі ілімді бойына ұштастыра білуі қажет. Ал, сол сын қатерлердің көш басында – қоғамдағы атышулы сыбайлас жемқорлық та бар.

          Осы ретте, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп әзірлеген «Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасы» бүгінде қарқынды іске асырылып келеді.  

          Бағдарлама жоспарына сәйкес, мектепте «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының жұмысы ұйымдастырылып, жастардың бойында өнегелілік, жауаптылық, бастамашылдық, патриоттылық сынды қасиеттер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы кешенді шаралар қолға алынды.  

          Солардың ішінде, ағымдағы жылда мектебімізде «Адал ұрпақ» еріктілер клубына жаңа мүшелерді қабылдаудың салтанатты іс-шарасы мен тақырыптық сурет салу мен шығарма жазудан мектепішілік байқауының қорытындысы бойынша үздіктер марапатқа бөленді.

          Тұғырлы Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында «Адал ұрпақтың» қатарын толықтырған мектебінің 30 оқушысына арнайы төсбелгілер тағылды.

          Тағы бір атап өтетін мәселе, бұл шараның ерекшелігі оқушылардың еңбектері көрме ретінде көпшіліктің назарына ұсынылып, мектеп өнерпаздары жаңа бастамаға арнап өлең жолдарын да төкті. Ал, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» бұрышы өткенге ой саларлықтай, парасаттылықтың, ізгіліктің, қамқорлықтың шынайы бейнесін баяндағандай әсер қалдырады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!