Материалдар / ЭКСПО 2017 көрмесі елдіктің ерен жемісі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ЭКСПО 2017 көрмесі елдіктің ерен жемісі

Материал туралы қысқаша түсінік
ЭКСПО 2017 көрмесі елдіктің ерен жемісі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Желтоқсан 2017
369
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні:

Тақырыбы: Желтоқсанның мұзда жанған алауы.

 Мақсаты:

1. Желтоқсан оқиғасының арқасында тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын көрерменге жете ұғындыру,оқушылардың дүниетанымын кеңейту. 1986 жылы желтоқсан оқиғасын оқушыларға таныстыру.Желтоқсан оқиғасының неден бастау алып,оның не себепті қамды оқиғаға ұласқанын ашып көрсету.Өз отанын,туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып,отаншылдыққа,елжандылыққа,еліміздің рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу

2. Желтоқсан оқиғасының 24 жылдығы жайлы, желтоқсан көтерілісінің құрбандары туралы мағлұмат беріп, білімін арттыру.

Міндеті: Отанды сүюге, құрметтеуге , желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге, адамгершілікке, әділетті-лікке, ел мен жердің қадір – қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.

Типі: Кездесу

Көрнекілігі:  Түрлі қанатты сөздер. «Желтоқсан желі ызғарлы», «16 желтоқсан Тәуелсіздік күні», «Тәуелсіздік монументінің суреті» Желтоқсан құрбандарының суреттері, тақырыпқа байланысты қанатты сөздер, суреттер, оқулықтар, слайдтар

Мұғалім:  Құрметті ұстаздар оқушылар! Біз бүгін дүниені дүр сілкіндірген тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған «Желтоқсан желі -ызғарлы» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз. 1986 жылы 16-17 желтоқсанда Алматы қаласы бұрынғы астанамыз, қазіргі бас қаламызда мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп,шеруге шықты. Олар: «Тәуелсіздік керек!» қазақ елінің өз көсемі сайлансын!-деген тілек білдірді.Сол кездегі Қзақстан Компартиясының орталық комитетінің 18 минутқа созылған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың орнына Кеңестер одағының Комунистік партиясы Разуловсийдің ұсынысы бойынша Генадий  Колбинді тағайындаған.  Республика жұртшылығы бұл адаммен мүлдем бейтаныс болатын, бұл сылтау ғана, елі киіздің көп жылдар бойы ой санасына қордаланып жатып шыдам – шарқы таусылып барып, бұрқ етіп шыққан арман көрінісі еді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұятшылдар» , «Нашақорлар» деген кінәлар тағылды.

Олай болса құрметті оқушылар біздің бүгінгі тәрбие сағатымыздың басқа тәрбие сағаттарынан айырмашылығы бұл сол қиын замманды басынан кешіріп, көзбен көрген ағаларымызбен кездесу өткіземіз. Лицейімізде сол кісілер бізде қызмет жасап келеді. Олай болса мен сол кісілерді таныстырып өтейін.

Мәмбетов Бақытжан агай – аға шебер

Искаков Мейрамхан агай- сызу пәнінің мұғалімі

Нақпыт Нұрлан агай- арнаулы пән мұғалімі

Желтоқсан оқиғасы әрбір қазақ жас азаматының ойында, олай болса құрметті ұстаздар біздің 20 топ оқушыларының осы желтоқсан оқиғасына байланысты дайындаған өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.


20 оқушыларымыздың дайындаған өлеңін тыңдайық


Айтолқын:    Нашақор деп, ұлтшыл деп,

Қазаққа күйе жаққан күн

Базары кетіп бар күнде,

Қайғыға халық батқан күн

Әділдік пен шындықты

Өтірік жала еткен күн

Надан жасаған сұмдықтан

Адамдар азап шеккен күн

Қасқалдақ ұшып  көлінен

Шүрегей келіп қонған күн.

Қыранды қуып көгінен

Қағалар билік алған күн.

Адал мен арсыз, аярды,

Айырып халық ұққан күн.

Саф алтындар бәз баяғы

Сары жез болып шыққан күн.

 1986 жылғы 16 желтоқсанда бүкіл жастары тотаритарлық режимге ашық қарсылық көрсетті.Міне,осындай ұмытылмас оқиғадан бері 24 жыл өтті.Өмір-өзен толқындары сол кезден бізді алыстатып бара жатса да жүрегімізде мәңгі ұмытылмас бір нәрсе қалды.Ол үшін дүниені дүр сілкіндірген қазақ қыздары мен ұлдарының рухына,ерлігіне деген тағзым,құрмет. Ендеше сол желтоқсанның оқиғаларындағы шыңдаған, боздақтардың рухын еске алайық.



Сабира

Желтоқсан желі

Желтоқсан бірде,
Ел тосқан түрде,
Келетін мүлде жайдарлы.
Сол жылы бірақ,
Әдеттен жырақ
Көрінді шын ақ айбарлы.

Тоңдырды мені,
Тоңдырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы.
Солдырды гүлді,
Оңдырды нұрды,
Көңілде мұңды із қалды.


Бекжан

Жоғалтып нуын,
Жоғалтып қуын;
Арал да суын тауысты.
Қаңырап мекен,
Аңырап бөкен,
Өріске бөтен ауысты.

Тоңдырды мені,
Тоңдырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы.
Солдырды гүлді,
Оңдырды нұрды,
Көңілде мұңды із қалды.


Балжан

Шайқалды күйім,
Шайқалды миым -
Бомбалар жиі жарылды.
Малым да кеміп,
Әлім де кеміп,
Қинады берік жанымды.

Тоңдырды мені,
Тоңдырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы.
Солдырды гүлді,
Оңдырды нұрды,
Көңілде мұңды із қалды.

Құрметті ағайлар сол кездегі оқиғаларды өз көздеріңізбен көріп сол оқиғаға куә болып, қазақ елі үшін , әділеттіліке үшін күрестіңіздер. Біздің оқушыларымызға сол оқиғаның қалай басталғанын айтып берсеңіздер.


Олай болса келесі сөз кезегін Бақытжан агайға береміз:


Әрбір Жаңа жыл басында соғатын самалды Алтынкүрек желі болмаса, табиғат тозып, ескіріп, қоңырсып кетер еді. Жас Көктем есік ашып, Алтынкүрек қалай еседі – солай қасат қардың көбесі сөгіліп, суық тоң жібіп, топырақтың бауыры бусанып сала береді.

1986 жылдың 16 желтоқсанының Қазақ халқы үшін қасіретті әрі қасиетті қос күні – Алматы және Қазақстанның басқа да қалаларында 17 мен 18 күндері болған БОДАНДЫҚҚА ҚАРСЫ ЖОЙҚЫН БҰЛҚЫНЫС нақ осы табиғаттың Алтынкүрек желімен салстырылса, артық емес. Өйткені, Қайта құрылу, әділеттілік пен теңдік сөз жүзінде жарияланғанмен, бұл кезде тоқыраудың тоңы құрсап, демократия әлі орыныға қойған жок еді.

Алайда М.С.Горбачевтің сұлу сөздеріне сеніп жүрген адал да аңғал қазақ жастары бейбіт шеруге шығып, беймәлім, ортақол жетекші Г.В.Колбиннің Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайлауына келіспеушілік білдірді. Сөйтіп, олар “Орталықтың дәстүрлі әміршіл іс-әрекеттері мен қайта құрудың жарияланып жатқан демократиялық принциптері арасындағы айқын қайшылықтың” бетін тұңғыш рет айқара ашып, Мәскеудің екіжүзділігіне, Кеңес империясының зорлықшыл тас қамалына тай салмай қарсы шықты. Әрине, күш мүлдем иең емес-тің. Бейбіт қарусыз жастар: темір таяқпен, саперлік күрекпен, адам аулайтын иттермен қаруланған, өрт сөндіру машиналары және бронетранспортерлермен жарақтанған әскерге қалай төтеп берсін. Империя дертімен уланған жазалаушылар мен Алматыдағы шовинистерден құрылған жасақшылар өрімдей жігіттер мен қыздарды аса қаталдықпен басып-жаншылды. Аналарға қол көтеріп, қазақ қыздарын шашынан суйреп, итке талатып сабағандарды басқаша қалай бағаларсың?! Сөйтіп, баршамызға белгілі Желтоқсан құрбандарын – қаһармандарын айтпағанда, 99 адам нахақ сотталды.

Енді міне, сол күндерде зәбір көрген жастардың арман-мақсаттарының алдал екенін бүгінгі таңда кім де болса мойындап отыр. Адам жанына өмір бойы ұмытылмастай салынған таңбаға кім жауап береді?

Бабалар өлер,
Балалар келер,
Аналар берер тіршілік.
Гүлденер дала,
Түрленер қала,
Бұтаққа жаңа бүр шығып.

Тоңдырды мені,
Тоңдырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы.
Солдырды гүлді,
Оңдырды нұрды,
Көңілде мұңды із қалды демекші ендігі кезекті тәрбие сағатымызды

қорытындылау үшін СЛАЙД қа береміз. Барлығымыз назар аударайық.



Слайд (32 бет ) Осы уақытта слайд көрсетіледі.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі осы уақытқа дейін алған біздің жетістіктеріміз.



Ендеше ең басты бағытымыз «ТӘУЕЛСІЗДІК» шежіресіне көз жіберейік

  1. 1991 жылы Ел Тәуелсіздігін алды

  2. 1992 жылы Ел рәміздері бекітілді

  3. 1993 жылы Төл теңгеміз айналымға түсті

  4. 1994 жылы Елде жаңа Парламент өз жұмысын бастады

  5. 1995 жылы Еліміздің Ата Заңы Конституция қабылданды

  6. 1996 жылы Желтоқсан оқиғасының құрбаны Қ.Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы берілді

  7. 1997 жылы Елордамыз Астанаға көшірілді, «татулық пен құғын сүргін құрбандарын еске алу жылы» болып жарияланды

  8. 1998 жылы Халықтар бірлігі мен сабақтастығы жылы

  9. 1999 жылы Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы

10 2000 жылы Мәдениетті қолдау жылы

11. 2001жылы Тәуелсіздік пен достық жылы

12. 2003-2005 жылы Ауыл жылы

13 2007 жылы Сазгер Ш.Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным»

әні мемлекеттік әнұран болып қабылданды

14. 2008 жылы Қазақ тілін қолдау жылы

15. 2010 жылы Қазақстан ЕҚЫҰ (Еуропа Қауіпсіздік және

Ынтымақтастық Ұйымы) төрағалық етті.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!