«ЕЛ
БОЛАШАҒЫ-ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ҰРПАҚ»
Қазақ халқы ежелден ұрпағы
үшін өмір сүрген халық. Бала мен ұрпақ мәселесі көшпелі
ата-бабаларымыздың қашанда назарынан тыс қалмаған. Бала –келешек
өмірдің тірегі. «Адам өзі мың жасамайды, ұрпағымен мың жасайды»
дейді дана халқымыз. «Балалы үй-базар, баласыз үй –қу мазар»
дейтінде мақал бар.Бүкіл тарихи ғұмырын ат үстінде өткізіп, неше
рет өліп, неше рет тірілген көшпелілер ұрпақ мәселесіне айрықша мән
берген.Ақылды да көрікті, саналы бала тәрбиелеу үшін ата-бабамыз
қолдан келгеннің бәрін істеумен болды. «Ұяда не көрсең, ұшқанда
соны ілесің» дегендей, отбасы-ұлттық тәлім-тәрбиенің бастауы
болмақ. Отбасында берілген тәлім-тәрбие баланың болашақта жақсы
азамат болып қалыптасуына ықпал етеді. Отбасы бір мемлекет болса,
сол меммлекеттің шаңырағы шайқалмай, іргесінің берік қалануы-
ұрпақтар сабақтастығының алтын көпірі. Ендеше, бала тәрбиесіне
келгенде ештеңеден аянбай еңбек етіп, балалардың ой-өрісін дамытып,
үнемі сана-сезіміне тың серпін беріп, қалыптасу жолына мүмкіндік
беретін біріншіден- отбасы болса, екіншіден-оқу
орны.
ХХІ ғасыр білім мен ғылым,
техника заманы болса, баланы жастайынан осы салаға бейімдеу
барысында іс-тәжірибедегі жаңа стандартқа көшу жарқын болашаққа
кепіл болады. Демек бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу-балабақшадан
басталады.Осы тұрғыда мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың мына бір сөзінде: « мәдениеттану ғылымдары, тарих, тіл
білімі, сондай-ақ өнер мен спорт адамдарға рухани азық беріп,
оларды дене жағынан жетілдіре түседі. Сендер кішкентайларыңнан
қажымай еңбектене отырып, өз келешектеріңнің негізін
қалайтындарыңды біліп қойыңдар»,-дейді. Тәрбиенің негізі түзу
қаланса, түңлігіңнің түтіні түзу шықпақ. Міне ,мұның бәрі
бүлдіршіннің тіл байлығын қалыптастырып, өздігінен тірлік етуіне
бірден-бір септігін тигізетін-мұғалімнің атқарар жұмысы, арқалар
ауыр жүгі.
Ғасырлар бойы жинақталған
тәжірибені адамдар арттағы ұрпаққа қалдыруға тырысып отырады.Бала
тілін дамытуға жазу-сызу болмаған заманда ауыз әдебиетінің маңызы
мен мәні ерекше орын алған.Жыр-дастандар, жаңылтпаш пен жұмбақ,
аңыз-ертегілер арқылы білуге болады. Ата- бабамыздың мұра етіп
тастап кеткен ауыз әдебиеті бүгінгі күндері де бала тәрбиесінде
қолданысқа пайдаланылып, ұлттық құндылығымызды бойына сіңіре
отырып, қызығушылығын оятып, қиялына қанат бітіру, бәрі мектепте
күнделікті тәжірибе ретінде іске асуы тиіс.
Баланы жастайынан өнер,
білім-ғылымға баулып, дұрыс бағыт-бағдар көрсетіп, ой-өрісін
кеңейтетін ұлтымыздың рухани мәдениетіне сүйене отырып, түрлі
ойындар өткізіп, қазақы жайлармен ойланта білсе, нұр үстіне нұр
болары хақ. Қандай жағдайда болмасан баланың күнделікті өміріндегі
ойындарды орынды қолдана білу өте маңызды екені айдан анық.
Сондықтан да, балаларды ерте жасынан Отанын сүюге, өз елінің Ата
Заңы мен салт-дәстүрін құрметтеп, тілін, дінін, мәдениетін
қастерлеуге мектептен санасына сіңіру қажет. Ол үшін балалардың
ой-өрісін дамытатын ашық сабақтар мен түрлі ойын- жаттығуларын
қызықты қылып өткізу керек.Сонда бәсекеге қабилетті ұрпақ
қалыптасып, Қазақстанның қарыштап дамуына өз септігін тигізері
сөзсіз. Олай болса бүгінгі бүлдіршін, ертеңгі талап-тілегі жоғары,
жігерлі жастардың болашағын жарқын қалыптастыру, қанатын қайырмай,
бикке самғау біздің еншімізде. «Баланы жастан» деген нақыл, сол
балалықтың келешекте жан-жақты, өсіп-жетілген, өз елінің патриоты
болатын тұлғаның қалыптасуына үлкен рөл атқаратынын көрсетеді.
Тәрбие-тұлғаның, яки әрбір жеке адамның адамдық бейнесін, ұнамды
мінез-құлқын қалыптастыра, өмірге икемдей жүргізілетін жүйелі
процесс.
Тал бесіктен бастау алған
тәрбие ғана өз жемісін бере алады. Баланың қайырымды, иманды азамат
боп өсуі ең алдымен ата-ананың тәлім- тәрбиесіне, қоршаған ортаның
үлгі-өнегесіне байланысты. Осы орайда атақты педагог А.С
Макаренконың сөзін еске түсіруді жөн көрдім. «Біздің балалар-біздің
қарттығымыз. Жаман тәрбие-болашақтағы қайғымыз, бұл-біздің көз
жасымыз, бұл-басқалар алдындағы,бүкіл еліміз алдындағы біздің
кінәміз».дейді Тәлім-тәрбиедегі жарасымдылық бірлесіп жұмыс істеген
жағдайда ғана үлесімділік табады.Өйткені баланың адамзат болып
қалыптасуына жаман мен жақсыны, ақ пен қараны ажырата білуі өзін
қоршаған ортасына, мұғалімге, ата-анаға, бірге жүрген
құрбы-достарына, олардың күнделікті іс-әрекеттеріне,
жүріс-тұрысына, сыртқы көрнісіне, сөйлеген сөзіне, әдептілігіне
т.б. қасиеттеріне байланысты. Ата-ана баласын неге икемі бар екенін
біліп, зерттеп, соған мән беріп тәрбиелегені жөн. Ол үшін оның
қоршаған ортаға өзіндік көзқарасын туғызып жақсы мен жаманды
ажырата білуге баулуы қажет. Хакім Абайдың «жетінші сөзіндегі» «Жас
бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біріншісі «ішсем,
жесем ұйқтасам» деп тұрады. Екіншісі «көрсем, білсем» деп,
ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да «ол неге өйтеді», «бұл
неге бүйтеді» деп көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап,
тыныштық көрмейді» деген. Екі түрлі мінезді саралап, бала бойына
білуге деген құштарлықты, бақлауға тырысушылықты, өзі енді танып
келе жатқан әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылықты оята
білу ата-ана мен мұғалімнің бірлесіп жұмыс істеуінің нәтижесі
болмақ. Әр баланың табиғи қабилетін ескере отырып, балаға көмекші,
сүйемелдеуші болып, әрдайым жанында достық қарым-қатынаста болу,
тәрбие мазмұнын жаңғыртып отыру мұғалімнің негізгі міндеті. Қорыта
айтқанда, елдің ертеңі бүгінен басталады. Сол бүгінгі бүлдіршін
ертеңгі мемлекетіміздің зиялы, өнегелі, ұл-қыздарын тәрбиелеуде
сабақтастығымыз үзілмесін.
«Ұлт болам десең, бесігіңді
түзе»-деп М.Әуезов айтқандай, бесіктен берген тәрбиеміз әрі қарай
өз жалғасын тауып, мемлекетіміздің өркендеп-өсуіне жол салатынына,
ертеңіміз жарқын, жарық болатынына сенімен
қарайық.
Олай болса, О. Сүлейменов
сөзімен айтқанда «Адам тағдырын тәрбие шешеді». Тәрбиеміз дұрыс
болсын, ел болашағымыз жарқын болсын.
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі:
1.Қызықты психология/
республикалық ғылыми-практикалық танымдық-психологиялық журнал
//№10,2015 7-15бб, 17-20бб,
2.Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К.
Жалпы педагогика: Оқулық-Алматы: «Заң әдебиеті», 2006-228
бет