Тақырыбы: «Ел тарихын
білесің бе?»
Мақсаты:
-
Оқушылардың ойлау қабілетін, ой
ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру.
-
оқушыларға адамгершілік және
эстетикалық тәрбие беру, тарихи мәдениетке, ұқыптылыққа, тазалыққа,
шапшаңдыққа тәрбиелеу, тарихқа деген ой қызығушылықтарын
арттыру;
-
оқушылардың логикалық ойлауын
дамыту, сөз қорларын байыту.
Күтілетін
нәтиже:
-алған
білімдерін түрлі жағдаяттарда қолдана
білу;
-сөйлеу
мәдениетін көтері;
-аналитикалық, логикалық ойлау қабілеттерін
дамыту;
-танымдық қызметіне қызығушылық
туғызу;
Іс шара
түрі: зияткерлік сайыс.
Көрнекі
құралдар: Электронды тақта,
МS PowerPoint-та жасалған
слайдтар
Барысы:
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар,
ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер!
« Ел тарихын білесің
бе?» атты зияткерлік сайысымызға қош келдіңіздер. Алдарыңызда өз
білімімен,
ақыл ойымен тапқырлығымен ерекшеленген әр топтың
білімді оқушылары. Ойынға бес адамннан тұратын
үш
топ
қатысады.
Сонымен, «Білім- білікке жеткізер баспалдақ, ал
біліктілік - сол білімді іске асыра білу дағдысы» – деген ұлы ұстаз
Ахмет Байтұрсыновтың сөздеріне сүйене отырып ойнымызды
бастайық.
Ойынымызды бастамас бұрын әділ қазылар
алқасымен таныстырып өтейік:
1)
2)
3)
«Сендердің білімдерің – ол
сендердің еңбектеріңнің нәтижесі. Сендер өздігінен
білім
алуға неғұрлым көбірек
еңбектенсеңдер, соғұрлым көбірек білетін боласыңдар» деген
екен
Н.Ә.Назарбаев, Олай болса
топтарға сәттілік тілей отырып, ойын шартымен таныстырып
өтейін.
Ойын 5 кезеңнен
тұрады.
1-кезең Кім
жылдам( әр топқа кезек –кезек 10 сұрақ қойылады, әр дұрыс жауапқа
1баллдан беріледі)
2-кезең Таңдаулы
тақырыптар (Саны бар ұяшықтарды таңдап, жауап беріп тиісті баллды
алады)
3-кезең Тұлғадан сұрақ (
Белгілі тұлғаны таңдай отырып, сол пәнге қатысты сұраққа жауап,
береді)
4-кезең Мән мәтіндік
сұрақтар
5-кезең Ұшқыр ой
(шарты көрсетілген фотосуреттегі оқиғаға
тоқталу. Топпен ақылдаса отырып, баяндау, 10
ұпайдан)
Сан
ғасырлар тарихынан кешегі,
Туған
жердің шежіресі өседі,
Менің
елім Қазақстан — Отаным,
Болашағы
бізбен бірге өседі — дей келе келесі кезекті сайысқа келген
топтарға берейік. Әр топ өздерін
таныстырсын.
1
кезең «Кім жылдам» деп аталады, әр топқа 10 сұрақтан
қойылады, 1с жауап беру керек.
1
топ:
1. Тас
дәуірінің хронологиялық ауқымы (б.з.б. 2,500 -3
мж)
2.Сақ
патшайымы (Томирис)
3. Түрік
қағанатының құрылған жылы (552ж)
4.Шығу
тегін аңмен байланыстыру сенімі
(тотемизм)
5. Қасым
хан тұсындағы қазақ халқының саны ( 1 млн-ға
жуық)
6.1710
жылғы құрылтай қай жерде өтті?
(Қарақұмда)
7.Исатай
менМахамбет бастаған көтеріліс болған жылдар?
(1836-1838жж)
8. Қазақ
АКСР-ң алғашқы астанасы? (Орынбор)
9.
Абайдың шәкірттерінің ішінде
ең мол мұра қалдырған ? (Ш.Құдайбердиев)
10) Астана қай өзеннің
жағасында салынған (Есіл)
2
топ:
1.Қола
дәуірінің хронологиялық ауқымы
(б.з.б.2-1мж)
2.
Үйсіндерде мемлекет басшысы лауазымы
(гуньмо)
3. «Тат»
сөзінің мағынасы (құл)
4.Түркілерде отбасы мен балалардың қамқоршысы кім саналады?
( Ұмай ана)
5. Қазақ
хандығының «Алтын ғасыры» қай ханның кезінде? (Тәуке
хан)
6. 1718
жылы салынған бекініс? (Семей)
7. Сырым
Датұлы бастаған көтеріліс болған жылдар?
(1783-1797жж)
8.
Алашорда үкіметінің төрағасы?
(Ә.Бөкейханов
9.
Қазақ КСР Ғылым академиясының
тұңғыш президенті: (Қ.Сәтбаев)
10. ҚР Конституциясы бойынша
мемлекеттік биліктің кайнар көзі
(халық)
3
топ:
1. Темір
дәуірінің хронологиялық ауқымы? (б.з.б. 8ғ.-б.з. 6
ғ.)
2.Қаңлы
мемлекетінің орталығы (Битянь)
3.
Түргеш қағанатының этникалық құрамы (сары және қара
түргештер)
4. Яса
деген не? ( заңдар жинағы)
5.
Орбұлақ шайқасы қазақтың қай ханының тұсында
болған?
6.Абылайдың шын есімі?
(Әбілмансұр)
7.Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс болған жылдар?
(1837-1847жж)
8. Қлы
Отан соғысы аяқталған жыл мен күн? (1945 ж, 9
мамыр)
9.
1950 жылдардағы ұлттық
прозаның жетістігі болған Ғ.Мүсіреповтың романы?
( «Оянған
өлке»)
10. Қазақстан БҰҰ-ға кірген
жылы (1992 ж.)
Кім
жылдам кезеңі бойынша әр топтың
алған баллдары:
2-кезең Таңдаулы
тақырыптар (Саны бар ұяшықтарды таңдап,
жауап беріп тиісті баллды алады)
Салт-дәстүр:
10 –
Қуанышты хабар жеткізуші адам
«Сүйінші, сүйінші» деп келеді. Мұндайда қуанған үй иесі
«Қалағаныңды ал» дейді, немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынатын
дәстүр. (Сүйінші)
20 –Басқа жерден көшіп келген
көршілерге сол жерде бұрынан тұратындар қонаққа шақыру дәстүрі.
( Ерулік)
30 –Жаңа түскен келіннің қайын
жұртына ат қою дәстүрі (Ат тергеу )
Термин
сөздер:
10 –Бір елдің азаматтарының билік
үшін күресі (Азамат соғысы)
20 –Шыңғысханның жеке басын
қорғайтын әскері ( Кешіктен )
30
-Халықтың билік қайнары ретіндегі танылуын негіз еткен,
қоғамның саяси ұйымдасу формасы. (Демократия
)
Тұлғалар:
10 – «Қазақ секілді іргелі жұрт
өзгелер қатарында соғыс майданында қару-жарақ асынып, мемлекетті
қорғауға лайық еді, қатарда жоқ қара жұмысқа байлануын кемшілік
санаймыз» (А. Байтұрсынов)
20 – «Жұрт сеңдей соғылды,
түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды» (М.
Дулатов)
30 – «Ресей халықтары үшін
Туысқандық, Теңдік және Бостандық күні туды. Жаңа үкіметті қолдау
үшін қазақтардың бірігуі керек. Құрылтай жиналысы сайлауына
әзірлену керек. Бірлік пен әділдік жолында күресіңдер!...» (Ә.
Бөкейханов)
Әділқазылар топтардың 2
кезеңде алған баллдарын атап
өтсе.
3-кезең Тұлғадан сұрақ
( Белгілі тұлғаны таңдай
отырып, сол пәнге қатысты қойылған сұраққа жауап,
береді)
1
Әдебиеттанушы. 2) Тарихшы 3) Әдебиет пәні
мұғалімі
4-кезең Мәтіндік
сұрақтар:
1)Мәтінде сипатталған тарихи үрдістің орын алған кезеңі.
«…адамзат қоғамының даму қарқыны артты. Адамдар жер өңдеудің
қарапайым түрімен айналысты, жабайы жануарларды қолға үйретті. Кен
кәсібі және тоқымашылықпен айналыса бастады.»
Неолитте
2)
Мәтінде сипатталған жағдайдың себебінен дала тұрғындарының
шаруашылығына енген өзгеріс. «Табиғатта құрғақшылық бет алып,
жауын-шашын азайды. Егіншілікпен шұғылдану қиындады. Бұлақтар
суалып , өзендер тартылып қалды. Бұл малмен күн көріп отырған
тайпалардың жаңа өріс іздеуіне ықпал
етті.
Көшпелі
мал шаруашылығына өтті.
3)Мәтінде берілген патша жарлығы желеу болған тарихи оқиға.
«…Соғысып жатқан армия шебінде қорғаныс құрылыстары мен әскери
қатынастар салу жөніндегі жұмыстарға сондай-ақ мемлекеттік қорғаныс
үшін қажет өзге де барлық жұмыстарға осы соғыс барысында империяның
төменде аталған 19 жастан 43 жасқа дейінгі бұратан еркек халқы
тартылсын…»
1916
жылғы ұлт-азаттық көтеріліс
4)Тарихи
деректе қазақтың қай біртуар азаматы туралы айтылғанын анықтаңыз.
«Өткен күзде Іле сыртқы өлкесіне қырғыз(қазақ) сұлтаны… қайтыс
болды. Оның есімі Қытайдың батысындағы Қашғар қаласына көзсіз
ерлікпен жасаған батыл саяхаты арқылы кеңінен танылды… Біз бұратана
халықтардың білімді өкілдерінің көбірек пайда болғанын зор
ықыласпен сүйсіне қарауға, ал олардың қайғылы қазасын қатал
тағдыдың шектен тыс әділетсіздігі деп санауға әрқашан
әзірміз.»
Ш.Уәлиханов
5-кезең Ұшқыр
ой (шарты көрсетілген
фотосуреттегі тарихи оқиғаны сипаттау. Жалпы 10 ұпайдан, берілетін
уақыт 5 минут)
1)Жәңгір хан және Орбұлақ
шайқасы.
2)Хан
сайлау
3 )
Қуғын-сүргін
Қатысушылар ойларын
жинақтағанша көрерменге сұрақ
Жүргізуші.: Қазылар алқасы бүгінгі
ойынды қорытындыласа дейміз.
Көрермендерге
қойылатын логикалық сұрақтар.
-
Күрекпен су тасуға болады
ма? (болады, мұз күйінде)
-
Аңшы көлде жүзіп жүрген
үйректерді бір оқпен атса, көлде неше үйрек қалады? (қалмайды, бәрі
үркіп ұшып кетеді)
-
Есік пен терезенің арасында
не тұрады? («пен» тұр)
-
Орыс күнтізбесіндегі ең
қысқа ай? (Май - үш әріптен тұрады)
-
Қай өзен ең қорқынышты ?
(Тигр өзені)
-
Нені дайындауға болады,
бірақ жеуге болмайды? (сабақты)
-
Қай қолмен шәйді
араластырған дұрыс? (шәйді қасықпен араластырған
дұрыс)
-
Қандай сұраққа «иә» деп
жауап бере алмаймыз? (ұйықтап жатырсыз
ба?)
-
Қар жауады, күн жылынып,
ери бастайды, біраздан соң жаңбыр жауады, одан кейін аяз қатты
тұрса, не байқалады? (көктайғақ
болатындығы)
-
Он жұмыртқа салынған
себетті екі рет түсіріп алсаң нешеуі қалады? (бәрі жарылып
қалады)
-
Қазақтандағы аты да, мінезі
де бұзық өзен қайда?
(Талдықорған облысы, Тентек
өзені.)
Жүргізуші сөзі: Қатысушылар
тапсырмаларымен таныстырса.
Міне құрметті қатысушылар
сайыс кезеңдері аяқталды, сөз кезегін әділқазы алқасына
берейік.
Марапаттау
рәсімі.
Қорытындылай келе, әр топтың
жинаған қорларын есептеп жеңімпаз белгілі болады. Әр топқа
марапаттау қағазы берілді. Мұндай сабақты өткізу барысында
оқушылардың өз білімін барынша көрсету, оны пайдалану мүмкінлігін
артып, өз тобының жеңісі үшін күресу, сонымен ұйымшылдық
қабілеттері бір-біріне көмек беру арқылы артып, сабаққа белсенді
қатыстыру.
«№10 қазақ
мектеп-гимназиясы»КММ
«Ел тарихын білесің
бе?»
зияткерлік
сайыс
9-10
кластар
Өткізген тарих пәні мұғалімі:
Сагатбекова Ж.
2018-2019 оқу
жылы