Елбасы туралы 1000
сұрақ
Мақсаты: бүгінгі жас
ұрпаққа Елбасының ерекше қасиет-қадірін, тұлғалық тұғырын
түсіндіру. Елбасымыздың ерен еңбегін мақтаныш сезіммен оқушылар
бойына сіңіру.
Білімділік: Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемінің аса ірі мемлекеттері мойындаған
президент екенін таныту, саяси сауаттылығын арттыру;
Дамытушылық: оқушылар
білімін кеңейту, ой-өрістерін дамыту, елбасымызға деген құрмет
сезімдерін тереңдету;
Тәрбиелік: Қазақстан
Республикасының өркендеуіне өз үлестерін қосатын оқушылар
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: фотосуреттер,
кітаптар, Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті, Қазақстан картасы,
рәміздер, газет-журналдар.
Түрі: сайыс
сабағы.
Барысы.
І. Балалық шағы
1. Н.Назарбаевтың туған
жылы, күні қашан? (1940 6 шілде)
2. туған жері (Іле
Алатауының баурайында Үшқоңыр жері)
3. Елбасының анасының есімі
кім? (Әлжан)
4. Елбасының әкесінің
есімі? (Әбіш)
5. Елбасының есімін кім
қойған? (Әжесі Мырзабала)
6. Нұрсұлтан Назарбаевтың
әкесі қай жерде дүниеге келген? (Әбіш 1903 Алатаудың бөктерінде
Назарбай бидің шаңырағында дүниеге келген)
7. Анасы қай жылы дүниеге
келген? (Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданының Қасық
ауылында молданың отбасында дүниеге келген)
8. Қай жерде оқыды?
(Украинадағы Днепродзержинск қаласындағы Днепр металлургия
комбинаты жанындағы кәсіптік-техникалық училище)
9.
Украидық досының аты кім? (Н.Литошко)
10. Днепродзержнскіде қанша
жыл оқыды? (Бір жарым жыл)
11.
Училищені бітіргенде қандай куәлікке ие болды? (Домна пешінің
сегізінші разрядты екінші горновойы куәлігіне ие болды)
12. Қазақстан магниткасы
Қарағанды металлургия зауытының өмірге келген күні (1960 жылы 3
шілде)
13. Елбасының бітірген
жоғарғы оқу орны (Қарағанды политехникалық институтының «Қара және
түсті металл құйма өндірісі бөліміне» түсіп, 3 жыл оқып,
Теміртаудағы Қарағанды металлургия зауыты жанынан қайта құрылған
зауыт-втузға ауыстырылды, инженер-металлург дипломымен бітіріп
шықты)
ІІ. Отбасы
туралы
-
Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың жұбайы (Сара Алпысқызы Назарбаева)
-
Елбасының балалары (Дариға,
Динара, Әлия)
-
Елбасының қанша немересі,
шөбересі бар? (7 немере, 2 шөбересі бар)
-
Халықаралық «Бөбек» балалар
қайырымдылық қорының негізін салушы және президенті кім? (Сара
Алпысқызы Назарбаева)
-
Қазақстан Республикасы
Тұңғыш Президенті Қоғамдық қорының директоры? (Назарбаева Дариға
Нұрсұлтанқызы)
-
Назарбаевтың білім қорының
жетекшісі (Құлыбаева Динара Нұрсұлтанқызы)
-
Президентіміз Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың хатшысы (Назарбаева Әлия Нұрсұлтанқызы)
ІІІ. Билік
рәміздері
-
Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттің жоғарғы
лауазымды тұлға ретіндегі дербес рәміздері (Қазақстан Президентінің
төсбелгісі, Президент жалауы)
-
Қазақстан Президентінің
төсбелгісінде қандай жазу бар? («Қазақстан Президенті» деп
жазылған)
-
Қазақстан Президентінің
төсбелгісі қанша бунақтан тұрады? (20)
-
Қазақстан Республикасының
Президенті төсбелгіні қай кездері тағады? (Ұлықтау рәсімімінде,
мемлекеттік мерекелерде, әскери парад өткізу және шет
мемлекеттердің ресми тұлғаларын қабылдау кезінде тағады)
-
президенттің тағы бір
рәмізі (Президент байрағы)
-
Президент байрағы қайда
орнатылады? (Мемлекет басшысының резиденциясына, Қазақстан
Президентінің көліктеріне орнатылады)
-
Қазақстан Республикасы
Президентінің байрағы және оның айырым белгілерінің ресми пайдалану
тәртібі туралы» жарлық қашан бекітілген? (Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының 1995 жылғы 1 желтоқсанындағы
қаулысымен бекітілген)
-
Президентіміздің лауазымдық мәртебесі: Қазақстан
Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы (Ұлт көшбасшысы),
Қазақстан РЕспубликасы Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы, Қазақстан
Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы, «Нұр Отан» партиясының
төрағасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық кеңесінің төрағасы,
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетел инвесторлар
кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы
Кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын
басқару жөніндегі кеңестің төрағасы, Назарбае Университеті Жоғары
қамқорлық кеңесінің төрағасы.
IV.
Президентіміздің еңбектері туралы.
-
Н.Назарбаевтың қандай
кітаптары бар? («Ғасырлар тоғысында», «Тәуелсіздік белестері»,
«Қазақстан жолы», «Ой бөлістім халқыммен» және т.б.)
-
Студенттерге арналған оқу
орны қалай аталады? (Назарбаев Университеті)
-
Елбасымыздың құрметімен
аталатын мектептер қалай аталады? (Назарбаев Зияткерлік
мектептері)
-
Президентіміздің
Білімділерге арналған қоры (Назарбаевтың Білім қоры)
-
Президенттің студенттерге
арналған шәкіртақысы қалай аталады? (Президенттің «Болашақ»
халықаралық степендиясы)
-
Президентіміздің балалық шағына арналған кино қалай
аталады, режиссері кім? («Балалық шағымның аспаны», режиссері –
Рүстем Әбдірәшев)
-
Президентіміздің сөзіне
жазылған әндер («Үшқоңыр», «Елім менің», «Жерім менің»)
-
Н.Назарбаев қанша жасында
президент болды? (50 жасында)
-
Қазақстан Президенті
Нұрсұлтан Назарбаевқа Елбасы (Ұл көшбасшысы) атағы қашан берілді?
(Қазақстан Республикасының қайта қабылданған Конституциялық заңы
негізінде 2010 жылы 15 маусымда).
-
Сайыс
соңында жеңген оқушыларды марапаттау.