Материалдар / Элективті курс қазақ әдебиеті 10-сынып "Көнеден қалған көсем сөз" Авторлық бағдарлама

Элективті курс қазақ әдебиеті 10-сынып "Көнеден қалған көсем сөз" Авторлық бағдарлама

Материал туралы қысқаша түсінік
10-сынып элективті курс қазақ әдебиеті КТЖ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Сәуір 2024
184
3 рет жүктелген
810 ₸ 900 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БАҒДАРЛАМА

КӨНЕДЕН ҚАЛҒАН КӨСЕМ СӨЗ

10- сыныптарға арналған элективті курсының бағдарламасы, (аптасына – 1сағат, барлығы -34 сағат.)


ТОКАНОВА БАРШАГУЛЬ НУРГАЛЫКОВНА

«№83 гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесініңқазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


Пікір жазғандар:

Смағұлова Г. Н.,әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология ғылымдарының докторы, профессор

Заманбекова Г. К., «№ 59 мектеп-гимназия» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, бағдарлама авторы,педагог-шебер


Түсініктеме хат

Бағдарламада оқу қызметін және оқыту нәтижелерін сипаттау үшін әлемдік педагогикадағы әйгілі Бенджамин Блумның «Оқу мақсаттарының таксономиясы» теориясын қолданып жүр. Қазіргі стандарт оқушы танымның алты деңгейінің ішінде екеуін («біледі», «түсінеді») меңгеруге бағытталса, жаңа стандарттың көмегімен қалған төрт деңгейге («қабылдайды», талдайды»,

«жинақтайды», «бағалайды») қол жеткізуге болады.

Қазақстанның білім жүйесін жаңарту ең алдымен білім беру қызметінің жоғары сапасын қамтамасыз етуді меңзейді. Әлемдік контекстте оқу сауаттылығы заманауи қоғамдағы өмірге деген дайындықтың маңызды бөлігі ретінде қарастырады. Оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру , олардың тұлға ретінде қалыптасуына барынша мүмкіндік туғызу үшін ең алдымен тәрбиенің алатын орны ерекше деуге болады. .

Оқушылар шығармадан қажетті ақпарат алып қана қоймай, сол шығармадан ой түйіп, қорытынды шығаруына, негізгі кейіпкерлердің әрекеттерін интерпретациялауға, шығарма құрылымына сараптамасын жасауға машықтанады. Адам шыр етіп дүниеге келісімен, оның өмірде тұлға болып қалыптасуы, өскен, жүрген ортасы, оқыған не көрген оқиғалары, Абай айтқандай, «құлақтан кіріп бойды алатындай» алған білімдері тікелей әсер ететіні сөзсіз. Ендеше, көненің көсем сөздері – осының бір бағыты болып табылады.

Бағдарламаның мақсаты:

  • мектеп оқушыларына көнедегі белгілі тұлғалардың шағармаларын оқыта, көкейге қонымды сөздерін бойларына сіңірте отырып, , келер ұрпаққа адамгершілік тәрбие беру;

  • оқу сауаттылығын дамыту бойынша шаралар жүйесін іске асырудың тетіктерін анықтау;

Бағдарламаның міндеті:

  • білім мазмұнын жаңғыртуды қамтамасыз ету: стандарттар, оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары аясында білім беру;

  • белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алу, өз кәсібін дұрыс таңдай алуға қабілеттілік, т.б., яғни, жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыруға ықпал ету;

  • оның өзгермелі әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру ;

Бағдарламаның өзектілігі:

  • мектептегі берілетін білімді шынайы өмірмен ұштастырып, өскелең ұрпақты үлкен өмірге дайындау қажеттігі;

  • жеке тұлғаның әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы және өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесе отырып, меңгерген білімді тұрмыс тіршілікте қолдана алуы;

  • Тәрбиелі сөздердің адамның мамандығына, жасына қарамастан жадында жаңғырып, оның қоғамдағы өзара қарым-қатынастың рөлінің қалыпты болуына жағдай жасауы .

Күтілетін нәтиже:

  • әдеби оқу тәжірибиесін меңгеру мақсатында нақты мәтін бөліктерін таңдау, оларды қарапайым қорытындыларды қалыптастыруда қолдану, оқиғалар арасында өзара байланыс орнату;

  • мәтіннің ортақ идеясын анықтау, мәтін құрылымынан элементтерді анықтап көрсету, кейіпкерлер әрекетіне қарапайым интерпретация беру;

  • кейіпкерлердің әрекеттерін және сезімдерін салыстыру және бір-біріне сәйкестендіру, олардың өзара байланысын түсіндіру;

  • мәтінде қолданылған тілдік ортаның ерекшеліктеріне алғашқы сараптама жасау, мәтіннен үзінді келтіре отырып, негізгі кейіпкерлер мінездемесіне, олардың ниеті мен сезіміне интерпретация жасау;

  • мәтіннен ақпаратты ала отырып, мәтіннің мағынасын немесе негізгі идеясын түсіндіру.

Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі

    1. Кіріспе. Курстың мақсаты мен мазмұны - 1 сағат. Мәтін үзінділері бойынша болжам жасайды; өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастырады;

    2. Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» дастаны. Ақыл, білім туралы айтылған бөліктеріне талдау жасау -1 сағат. Көтерілген мәселе бойынша әртүрлі дереккөздерден алынған мәтіндерді тыңдайды,салыстырады;өз көзқарасын аргументтер негізінде дәлелдейді;

    3. Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» дастаны. Адамгершілік, қайырымдылық туралы айтылған шумақтарын жаттау -1 сағат. «Қос жазба» күнделігі әдісі арқылы сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсінеді;

    4. Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» дастаны. Білім -қазына туралы бөліктерін негізге алып, эссе жазу -1 сағат. Шығармада көтерілген жалпыадамзаттық мәселені айқындайды;

    5. Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» дастаны. Ізгілік туралы айтылғандарын қазіргі өмірмен салыстыру -1 сағат. «РАФТ» әдісі арқылы көтерілген мәселе бойынша әртүрлі дереккөздерден алынған мәтіндерді тыңдайды және салыстырады, өз көзқарасын аргументтер негізінде дәлелдейді;

    6. Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» дастаны. Сөз сиқыры туралы оқып, сиқырын анықтау -1 сағат.

«Инсерт» кестесін қолдана отырып, әртүрлі графиктік мәтіндердегі(иллюстрация, фотосурет, сызба, шартты белгі) ақпараттарды салыстырады, негізгі идеясын түсіндіреді;

    1. Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» дастанындағы айтылған өсиеттерге талдау жасап, салыстырып, қорытынды шығаруға арналған нәтиже сабақ -1 сағат.

    2. Ахмет Иүгінеки «Ақиқат сыйы»дастаны. «Бұл дүние , бір керуен сарай-ды» -1 сағат. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды, факті мен көзқарасты ажыратады, мәтін идеясымен байланысын анықтайды;

    3. Ахмет Иүгінеки «Ақиқат сыйы»дастаны. «Бұл дүниенің бір қыры- байлық» Сен қалай ойлайсың? Ішкі монолог, ой толғау– 1 сағат. «РАФТ» әдісі арқылы жинақы мәтін жазады,тақырып бойынша мәтінге жоспар құрады, қосымша мәліметтерді жинақтап ұсынады (тірек-схема, менталды карта, презентация);

    4. Ахмет Иүгінеки «Ақиқат сыйы»дастаны. «Сөзі өтірік адамдардан алыс жүр». Пікірталас – 1 сағат. Мәтіннен автордың көзқарасын (негізгі ойын) негіздейтін аргументтерді талдай отырып, астарлы ойды анықтайды.

    5. Ахмет Иүгінеки «Ақиқат сыйы»дастаны. «Жомарттық пен сараңдық туралы» «Венн диограммасын жасау»– 1 сағат.«Венн диаграмма» тәсілін қолдана отырып, әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдау және кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалайды;

    6. Ахмет Иүгінеки «Ақиқат сыйы»дастаны. «Өмір туралы» ашық әңгіме сағаты – 1 сағат. Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазады («келісу, келіспеу»).

    7. Ахмет Иүгінеки «Ақиқат сыйы»дастанында айтылған мәселелерді қорытындылайтын нәтиже сабақ-– 1 сағат. «Дұрыс, бұрыс» әдісін қолдана отырып, өтілген тақырыптар бойынша білімді бекітеді;

    8. Әл-Фараби «Қайырымды қала тұрғындары» еңбегінің бірінші бөлімі бойынша білетіндері, бәрі де Алла тағаланың қолында екендігін түсіну – 1 сағат. «Түртіп алу» әдісі негізінде мәтінді тыңдай

отырып, негізгі идеяларды (ақпараттарды) қысқаша түртіп жазады (конспектілеу), жазбаға сүйеніп мәтін мазмұнын түсіндіреді;

    1. Әл-Фараби «Қайырымды қала тұрғындары» еңбегінің екіінші бөлімі. Рухани жандар мен періштелер болмысы және аспан денелері туралы – 1 сағат.

    2. Әл-Фараби «Қайырымды қала тұрғындары» еңбегінің үшінші бөлімі. Аспан денелері мен ғаламшарлық материалдық денелердің өзара байланысы – 1 сағат.

    3. Әл-Фараби «Қайырымды қала тұрғындары» еңбегінің төртінші бөлімі. Адам және оның жан, тән қуаттары, адамның физиологиялық, психологиялық даму ерекшеліктері – 1 сағат.

    4. Әл-Фараби «Қайырымды қала тұрғындары» еңбегінің бесінші бөлімі. Адамның өз қалауы арқылы бар болған нәрселер, қаланы құрайтын адамдардың ерекшелігі туралы – 1 сағат.

    5. Әл-Фараби «Қайырымды қала тұрғындары» еңбегінің алтыншы бөлімі. Адамдар- дың көзқарастары, надан басшылықтар, олардың іс-әрекетінің салдарлары – 1 сағат.

    6. «Егер мен әкім болсам...» жоба қорғап, өз ойын көркем тілмен жеткізу. Пікірталас- 1 сағат.

    7. Шешендік өнер. Бөлтірік шешен «Айтқан екен » стратегиясы -2 сағат

    8. Шешендік өнер. Әнет баба. «Жуан-жіңішке сұрақтар» қолдану арқылы оқушының білімін нақтылау – 1 сағат.

    9. Шешендік өнер. Майқы би -1 сағат. «Блум түймедағы» тәсілі негізінде

шығармашылық жазба жұмыстарында көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданып жазады;

    1. Шешендік өнер. Мөңке бидің айтқандарын, көрегендігін бүгінгі өмірмен салыстыру, шындыққа жанасатын тұстары -2 сағат. Мәтін үзінділері бойынша болжам жасайды,өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастырады;

    2. Шешендік өнер. Төле би. Ел аузындағы даналық сөздері негізінде сахналық қойылым жасау – 2 сағат. «Аквариум» әдісі арқылы мәтіннен автордың көзқарасын (негізгі ойын) негіздейтін аргументтерді талдай отырып, астарлы ойды анықтайды;

    3. Шешендік өнер. Қазыбек би. Оның дипломатиялық келіссөз жүргізудегі ұтқырлығын анықтау

  • 2 сағат. «ДЖИГСО» әдісі арқылы мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай отырып, факті мен көзқарасты ажыратады.Мәтін идеясымен байланысын анықтайды;

    1. Шешендік сөздер. Әйтеке би. Детальді түрде оқу- әрбір сөздің мағынасын түсіну үшін мәтінді сөзбе-сөз оқу – 2 сағат.

    2. «Шешен билер айтқан екен...» Оқушылардың оқыған білгендерінен қорытынды жасап, есте сақтағандары туралы эссе жазу – 1 сағат.

    3. Оқушылардың алған білімдерін өмірде, кез-келген жағдайда, әлеуметтік ортада қолдана алуға үйрету. Қорытынды сабақ – 1 сағат.

10- сынып

Р/С

Тақырыптың аты

Оқу мақсаты

Сағат саны

Білім өнімі

Бар лығ ы

Лекц ия/ Теор ия/ Прак тика 1

Прак тика/ Прак тика 2


1

Кіріспе. Бағдарламаның мазмұны мен мақсаты

10.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру;

1

1


-мәтін үзінділері бойынша болжам жасайды;

өз біліміне сүйеніп

тақырыпты жалғастырады;

2

Ақыл, білім туралы

10.1.6.1 көтерілген мәселе бойынша әртүрлі дереккөздерден

алынған мәтіндерді тыңдау және

1


1

-көтерілген мәселе бойынша әртүрлі дереккөздерден

алынған мәтіндерді



салыстыру, өз көзқарасын аргументтер негізінде дәлелдеу




тыңдайды;салыст ырады;

- өз көзқарасын аргументтер негізінде

дәлелдейді;

3

Адамшылық, қайырымдылық туралы

10.1.3.1 оқу-кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени тақырыптар аясында қолданылған сөздер мен термин сөздердің

мағынасын түсіну

1


1

«Қос жазба» күнделігі әдісі арқылы сөздер мен термин сөздердің мағынасын

түсінеді;

4

Білім-қазына екендігі туралы

10.1.4.1 прозалық шығарманы тыңдау, шығармада көтерілген жалпыадамзаттық мәселені айқындау;

1


1

шығарманы тыңдайды, шығармада көтерілген жалпыадамзаттық мәселені

айқындайды;

5

Ізгілік туралы

10.1.6.1 көтерілген мәселе бойынша әртүрлі дереккөздерден алынған мәтіндерді тыңдау және салыстыру, өз көзқарасын аргументтер негізінде дәлелдеу

1

1


«РАФТ» әдісі арқылы көтерілген мәселе бойынша әртүрлі дереккөздерден алынған мәтіндерді тыңдайды және салыстырады, өз көзқарасын аргументтер негізінде дәлелдейді;

6

Сөз сиқыры туралы

10.2.6.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі(иллюстр ация, фотосурет, сызба, шартты белгі) ақпараттарды салыстыру, негізгі идеясын түсіндіру

1


1

«Инсерт» кестесін қолдана отырып, әртүрлі графиктік мәтіндердегі(илл юстрация, фотосурет, сызба, шартты белгі) ақпараттарды салыстырады,

негізгі идеясын түсіндіреді;

7

Нәтиже сабақ

Өтілген тақырыптар бойынша білімді бекіту

1


1

Өтілген тақырыптар бойынша білімді

бекітеді;

8

Бұл дүние бір керуен сарай-ды

10.3.1.1 мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай отырып, факті мен

көзқарасты ажырату,

1

1


-мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды;

-факті мен




мәтін идеясымен байланысын анықтау




көзқарасты ажыратады; - мәтін идеясымен

байланысын анықтайды;

9

Бұл дүниенің бір қыры

10.4.4.1 тақырып

1


1

-«РАФТ» әдісі


- байлық

бойынша мәтінге



арқылы жинақы



жоспар құрып, әр



мәтін жазады.



тармақшаға қажетті



-тақырып



негізгі және қосымша



бойынша мәтінге



мәліметтерді



жоспар құрады;



жинақтап ұсыну



-қосымша



(тірек-схема,



мәліметтерді



менталды карта,



жинақтап



презентация)



ұсынады (тірек-






схема, менталды






карта,






Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!