Материалдар / Электр құбылыстарын қайталау 8-сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Электр құбылыстарын қайталау 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тұрақты ток
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Сәуір 2018
981
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Сыныбы:8 «А»
Күні:

Сабақтың тақырыбы:Бақылау жұмысы №2. Электр құбылыстары
Мақсаттары:Электр құбылыстары тарауы бойынша білімдерін қорыту. Оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу
Сабақтың мазмұны және барысы:I Ұйымдастыру кезеңіII Бақылау жұмысы

1-нұсқа

  • Өрістің берілген нүктесіне енгізілген 30 нКл зарядқа 24 мкН күш әсер етеді. Өрістің осы нүктесіндегі кернеулікті анықта.
  • Біреуі екіншісінен екі есе аз болатын екі электр заряды вакуумде бола отырып, 0,6 м арақашықтықта 2 мН күшпен өзара әрекеттеседі. Осы зарядтарды анықта.
  • Ұзындығы 150 см, ал көлденең қимасының ауданы 0,1 мм2 алюминий өткізгіштің кедергісін тап. 0,5 А ток күшінде осы өткізгіш ұштарындағы кернеу неге тең болады?
  • Әрбіреуінің кедергісі 40 Ом болатын үш шам тізбектей кернеуі 120 В тізбекке жалғанған. Жалпы ток күші қандай болады?
  • Электр шамы 4 мин ішінде 36 кДж энергия жұмсайды. Егер ток күші 0,4 А болса, шамдағы кернеуді есепте.




2-нұсқа
  • Конденсатордың сыйымдылығы 5 пФ. Конденсатор астарларының арасындағы погенциалдар айырымы 1000В болса, онда астарлардың әрқайсысында қандай заряд бар болады?
  • 5 нКл және 8 нКл екі нүктелік зарядтар 2*10-6 Н күшпен өзара әрекеттесе отырып, бір-бірінен қандай қашықтықта болады?
  • Дәнекерлегіш аппаратты ұзындығы 10 м және көлденең қимасы 50 мм2 мыс өткізгішпен жалғайды. Егер оған 125 А ток күші берілсе, өткізгіштегі кернеуді анықта.
  • Электр шамы 10 мин ішінде 30 кДж энергия жұмсайды. Егер шамдағы ток күші 0,4 А болса, кернеуін анықта.
  • Әрбіреуінің кедергісі 40 Ом болатын үш шам кернеуі 120 В тізбекке параллель жалғанған. Жалпы ток күші қандай болады?
3-нұсқа
  • Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 1 мин ішінде 24 Кл заряд өтетін болса, өткізгіштің ток күші неге тең?
  • Егер 220 В кернеу кезінде резистордағы ток 44 А болса, онда оның кедергісі қандай?
  • Егер екі шамның біреуінің кедергісі 20 Ом, ал екіншісінің кедергісі 0,03 кОм болса, онда екеуін тізбектей жалғастырғанда жалпы кедергі неге тең болады?
  • Электр шамы мен резистор желіге тізбектей қосылған. Шамның кедергісі 20 Ом, ал резистордың кедергісі 0,48 кОм. Егер де резисторда кернеу 120 В-қа тең болса, онда шамда кернеу неге тең?
  • Кедергілері 200 және 300 Ом екі электр шамы параллель жалғанған. Егер бірінші шамдағы ток күші 0,6 А болса, онда екінші шамдағы ток күшін анықтаңыз.
4-нұсқа
  • Егер электр шамынан 2 мин ішінде 60 Кл заряд өтсе, ондағы ток күші неге тең?
  • Егер кедергісі 12 Ом вольтметр 120 В кернеуді көрсетіп тұрса, онда ол арқылы өтетін токтың күші неге тең болады?
  • Елка тізбегі әрқайсысының кедергісі 30 Ом-ға тең бірдей 30 шамнан тұрады. Барлық тізбектің жалпы кедергісі неге тең?
  • Тізбектей жалғанған екі өткізгіш кернеуі 36 В желіге қосылған. Бірінші өткізгіштің кедергісі 10 Ом, екінші өткізгіштің кернеуі 16 В. Екінші өткізгіштің кедергісін анықтаңыз
  • Кедергісі 10 Ом сымды бес бөлікке бөліп, содан кейін оларды ток көзіне параллель қосады. Осы бөліктердің жалпы кедергісі неге тең?


III ҚорытындыҮйге тапсырма: Электр құбылыстары тарауын қайталау





















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!