Материалдар / Электр тораптары және олардың параметрі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Электр тораптары және олардың параметрі

Материал туралы қысқаша түсінік
Электр энергия – энергияның ең жан – жақты түрі. Бұл энергияны басқа энергияның түрлеріне(жылылық, механикалық, жарықтық және т.б) өте жеңіл өзгертуге болады. Электр энергия автоматиканың және электрониканың қондырғыларында едәуір қолданылады.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Электр тораптары және олардың параметрі



Электр энергия – энергияның ең жан – жақты түрі. Бұл энергияны басқа энергияның түрлеріне(жылылық, механикалық, жарықтық және т.б) өте жеңіл өзгертуге болады. Электр энергия автоматиканың және электрониканың қондырғыларында едәуір қолданылады. Сондықтан, қазіргі уақытта біздің

республиканың барлық шаруашылық салаларында электр энергия кең пайдаланылады. Энергетиканың балансын құрастыруды, жеке аймақтардың көрінісін белгілеуді, шикі зат қорды пайдалануды, электр станциялардың қуатын таңдауды, оларды орналастыруды, және электр жүйелерді біріктірудің мәселелері электр тораптарды есепке алмай шешуге болмайды. Сонымен бірге электр

станциялардың және электр тораптардың ең пайдалы параметрлерін бөлек таңдауға болмайды. Бұл мәселелерді бар энергетикалық қорларды, орынды және ең нәтижелі пайдалануды қамтамасыздандыру үшін жинақтылы шешу керек. Тек содан кейін электр жүйелердің бөлек элементтерінің (электр станциялардың,

әртүрлі кернеуі бар электр тораптардың, қорғаныс және автоматиканың қондырғыларының) жұмыс жобалауын бастауға болады. Электр жеткізу желілердің, электр станциялардың, қосалқы станциялардың жабдықтары жұмыс істеу уақыт ішінде әртүрлі әсер етуден бүлінуі мүмкін. Параллельді жұмыс істеуге

электр станцияларды біріктірген кезде, желілер арқылы берілетін қуаттардың шекті мәндерін есепке алу керек. Шекті мәндерден шетке шығу, тұтынушылардың электрлік жабдықтарын, аппараттарын, құрылғыларын және ток өткізгіштерін бұзады.

Сонымен, электр тораптардың жұмыс жағдайлары мен электр жүйеге кіретін барлық объектілердің жұмыс жағдайлары бірбірімен байланысты. Электр тораптардың жұмыс жағдайларына байланысты, барлық қорғаныс және автоматика құрылғыларына, найзағайдан қорғауға және коммутациялық асқын

кернеулерге қойылатын талаптар белгіленеді.

1. Электр энергетикалық жүйелер және электр тораптары туралы жалпы түсініктер

Электрлік жүйе деп энергетикалық жүйенің электрлік бөлігін ұғады. Сонымен, электр энергетикалық жүйе деп энергияны өндіру, түрлендіру, тарату және пайдалану қондырғыларының жиынтығын айтады.

Энергетикалық жүйе энергетикалық қорлардың көздерінен, қазандардан, турбиналардан, генераторлардан, бойлерден, электр жеткізу желілерінен, трансформаторлардан және электр энергияның тұтынушыларынан құрылады.

Электр энергетикалық жүйе тек қана электр энергияны өндіреді, түрлендіреді, таратады және тұтынады. Өзара электр станцияларды біріктіруін қамтамасыз етеді, ал олар электр жеткізу желілері арқылы электр энергияның тұтынушыларымен байланысады. Бұл жағдайда едәуір техникаүнемділік

артықшылықтар пайдалы болады:

генераторлардың және электр станциялардың бірлік қуатының үлкею мүмкіншілігі, ал бұл жағдайда 1кВт орнатылған қуаттың бағасы арзандатылады;

тұтынушылардың электр жабдығының сенімділігін үлкейтеді; әртүрлі электр станциялардың жұмысының үнемділігін үлкейтеді; электр станцияларда қажетті қор қуатын азайтады. Электр тораптар электр энергияны жеткізу және тарату үшін тағайындалған электр энергетикалық жүйенің элементтері. Олар электр жеткізу желілерден, қосалқы станциялардан, тарату және ауыстырып қосу

орындарынан құралады.

2. Электр тораптарды жіктеу

Электр тораптарды бірнеше көрсеткіштер бойынша жіктеуге болады. Оның ішіндегі негізгілері:

құрылысының орындалуы, тоқтың түрі, номинал кернеуі, тораптың тағайындалуы, тораптық сүлбесінің кескін үйлесімі.

Құрылысының орындалуы бойынша әуе, кабельді желілерді және ішкі желілерді айырады.

Электрлік әуе желісі деп жердің үстіне оқшаулатқыш арқылы ілінетін оқшауланған сымдармен орындалған желіні атайды.

Кабель деп бірбірінен және төңіректегі ортадан оқшауланған сымдар жүйесі аталады. Кабель арқылы орындалған желілер әдетте жердің ішіне салынады. Бұлай салынудың артықшылықтары – қауіпсіздік, иесіздендіру үшін керек жер көлемін азайту, кемшіліктері – құны жоғары, дайындаудың күрделілігі,бүлінуді жоюдың қиындылығы.Ішкі желілеуді ұйдің төбесі және қабырға бойынша немесе қабырға ішінде оқшаулатқыш құбыр арқылы оқшауланған сымдармен салынады.

Тоқтың түрі бойынша айнымалы және тұрақты тоқ тораптар айырылады. Айнымалы тоқтың негізгі тораптары үш фазалы түрде орындалады.

Тұрақты тоқтың тораптары қазіргі уақытта сирек орындалады. Олар өнеркәсіп кәсіпорындарының тораптары ретінде (мысалы: электролиздік цехтарда, алюминий зауттарында) және қалалық электр тасымалдаудың желілері ретінде орындалады.

Кернеу бойынша электр тораптары төменгі вольтті (1000В ке дейін) және жоғары вольтті (1000В тан жоғары) тораптарға бөлінеді.

Тағайындауы бойынша қоректендіру және таратушы тораптарға бөлінеді. Қоректендіру торап – қоректендіру орталықтан тораптық ұзындығы бойынша электр энергияны тарамаусыз қосалқы станцияларды және таратушы орындарды қоректендіретін торап.

Таратушы торап – бір қатар трансформаторлық қосалқы станцияларды немесе тұтынушылардың электр қондырғыларының еңгізулерін қоректендіретін торап.

Сұлбаның кескін үйлесімі бойынша тораптар ажыратылған және тұйықталған тораптарға бөлінеді.

Ажыратылған тораптарға жүктемелері тек бір жақтан электр энергияны алатын желілерден құралған тораптар жатады (1.1сурет).

Тұйықталған тораптарғат ұтынушылары кезінде екі жақтан электрэнергияны

алатын желілерден құралған тораптар жатады (1.2 а,б сурет).





1.1 Сурет Жүктемелері тек бір жақтан электр энергияны алатын электрлік желі

1.2 Сурет Екі жақтан электр энергияны алатын электрлік желі


3. Электр тораптарына қойылатын жалпы талаптар

Электр тораптары тұтынушыларды сенімді және қажетті электр энергияның мөлшерімен қамтамасыз етуі керек.

Сонымен бірге, тораптың жұмысы ең көп үнемділіктің талаптарына сәйкесті болуы керек. Бұл, жобалау және пайдалану жағдайларына байланысты. Тораптарға қойылатын бес талаптарды атауға болады:

Жұмыстың сенімділігі. Тұтынушыларды электрмен қамтамасыздандырудың

сенімділігі туралымәселенің туатын себебі – уақыттың өтуімен, іс жүзінде тораптың барлық элементтері бұзылады.

Бұзылу себебі найзағай әрекетінің жоғарлауы, желдің әрекеттінің күшеюі, ауыр көк тайғақтың пайда болуы т.б.

Электр жабдықтарының сенімділігі, тек қана бұзылуларды төмендетумен және қор құру арқылы ғана емес, оған қосымша басқа да әдістерді қолданады. Сенімді электр жабдықтауды орындау үшін, сенімді істейтін реле қорғаныстың және автоматиканың құрылғылары қажетті: АҚҚавтоматты қайталап қосу. АҚор Қ –

автоматты қорды қосу, АЖЖТавтоматты жиліктік жүк түсіру.

Электр энергияның сапасы. Әрбір тұтынушы сапалы электр энергияны алу керек. Бұл энергияның негізгі көрсеткіштерімен белгіленеді: кернеудің және жиіліктің деңгейімен; үш фазалы кернеудің симметриясымен және кернеудің қисығының түрінен.

Көп ұзын электр тораптарда электр энергияның сапасы, тораптың көп жұмыс жағдайына тәуелді (электр қабылдағыштардың санына т.б.б.). Тораптың әртүрлі орындарында ол әртүрлі болады, бірақ та арнайы құрылғыларды қолданып оны реттеуге болады.

Үнемділік. Торап үнемді болу үшін ең мақсатқа лайықты тораптың сүлбесінің кескін үйлесімін, кернеулерін, сымдардың қимасын дұрыс таңдау керек. Сондықтан «келтірілген шығын» деп аталатын орнатылған белгі бойынша бірбірімен салыстырылатын бірнеше нұсқа белгіленеді. Бұл белгі энергияның

шығындарын, ақша қаражатын жұмсауды және келетін зиянды есепке алады.

Қауіпсіздік және пайдаланудың қолайлылығы. Қызметшілердің қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету үшін жерлестіру, қоршау қою, дыбыс беру, арнайы киім және басқа да тәсілдер қолданады. Қауіпсіздікті қамтамасыз етумен бірге пайдаланудың қолайлылығын қарастыру керек: Әртүрлі ауыстырып қосудың

қолайлылығын, жөнделіп жатқан жабдыққа жақындау жолын, техникалық байқауға жеткілікті өтуді және т.б.

Келешектегі дамудың мүмкіншілігі. Электр тораптары жүктеме өскендіктен және үзіліссіз жаңа тұтынушылар пайда болғандықтан барлық уақытта дамуда және қайта құру жағдайда болады. Желілер және трансформаторлық қосалқы станциялар ауыстырылады және қайта құрылады. Сондықтан, электр тораптарын жобалаған кезде, келешекте оның дамуының мүмкіншілігін еске алу керек.



Бақылау сұрақтары:

  1. Электр жүйе дегеніміз не?

  2. Электрлік әуе желісі дегеніміз не?

  3. Тораптарға қойылатын талаптарды атаңыз



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!