Сабақ
жоспары
Пән: Информатика
Мерзімі:________________
Топ: __________________
Сабақтың
тақырыбы: Электрондық кесте құрылымы,
мәліметтерді енгізу
Сабақтың
мақсаты:
-
білімділік: Электрондық кесте құрылымы,
мәліметтерді енгізу туралы білім беруді
жалғастыру;
-
дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеттерін
дамыту.
-
тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылықтарын
арттыру. Ақпараттық мәдениеттілікке
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: Тәжірибелік білім мен дағдыны
қалыптастыру
Сабақтың
әдісі: түсіндіру, көрнекілік қолдану,
сөйлеу, сұрақ-жауап, тәжірбиелік әдіс.
Оқыту
құралдары: презентация, компьютерелер,
тапсырмалар.
Сабақтың
барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1 мин.
Студенттерді ұйымдастыру,
түгендеу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
кезеңі 3
мин.
Үйге берілген тапсырманың
орындалуын тексеру.
ІІІ. Тәжірибелік жұмыс
20 мин.
1. MS
Excel кестесiнде мәліметтерді енгізу
және форматтау.
2. MS Excel электрондық
кестесінің функциялары.
3. Диаграммаларды өңдеу,
көркемдеу және баспаға шығару жолдары.
1. Microsoft Excel
электрондық кестесінің негізгі
ұғымдары.
Microsoft
Excel – кесте iшiнде есептеу
жұмыстарын атқара отырып, оларды көрнекi түрде бейнелейтiн,
диаграммаларды тұрғызу, мәлiметтер базасын құру, сан түрiнде
берiлген мәлiметтер арқылы эксперименттер жүргiзу және т.б.
мүмкiндiктер беретiн программалық кесте.
MS
Excel программасын iске қосу
жолдары:
1) Тапсырмалар
тақтасындағы Пуск-Программалар-Microsoft
Excel командалық қатарын
таңдаймыз;
2) Жұмыс үстелінде программа
сілтеуіші орналасқан болса, тышқанның сол жақ батырмасын үздіксіз
сол объектіде екі рет шертеміз;
3) Тапсырмалар
тақтасында MS
Excel программасының батырмасы
болса, тышқанның сол жақ батырмасын бір рет
шертеміз.
Excel электрондық кестесi iске
қосылғаннан кейiн автоматты
түрде 1-кiтап
(Книга
1) деген
атпен жаңа
қүжат ашылады. Бұл кiтаптың
атын файлды сақтау кезiнде өзгертуге
болады.
Бұдан басқа жаңа кiтап жасау
үшiн стандартты саймандар
тақтасынан Құру (Создать) батырмасын шертемiз
немесе Ctrl+N пернелер комбинациясын
басамыз. Жаңадан қүрылған кiтаптың аты үнсіздік бойынша
2-кiтап, 3-кiтап (Книга 2, Книга 3) т.с.с.
болады.
Excel
терезесiнiң жоғарғы жағында терезенi басқару
батырмалары бар Тақырып
қатары орналасқан.
Excel
терезесiнiң екiншi
жолы –Мәзірлер
қатары.
Үшiншi және төртiншi жолдар Стандартты және Форматтау саймандар тақтасының
аспаптары.
Стандартты
саймандар тақтасында орналасқан
батырмалар жиi орындалатын командалардың әрекеттерiн қайталайды.
Олар файлды сақтау, оқу, қағазға басу, көшiру, енгiзу, сандардың
қосындысын табу, мәлiметтердi реттеу және т.б. әрекеттердi жылдам
орындау мүмкiндiгiн бередi.
Форматтау
саймандар тақтасындағы батырмалар қарiп
(шрифт) форматын таңдау мүмкiндiгiн бередi: мәтiндi жартылай
қарайтылған, курсивтi, асты сызылған етiп жазу, мәтiндi туралау,
сандарды форматтау, жақтау мен түстердi қолдана отырып, кестенi
безендiру әрекеттерiн жылдам орындау iстерiн
атқарады.
Бесiншi
жол – Формулалар
қатары. Мұнда әрбiр ұяшықтың мазмұнын
көрiп, формулаларды өңдеуге болады.
Бесiншi жол мен кестенiң
соңына дейiнгi аралықты электрондық
кестенiң жұмыс
аймағы алып тұрады.
Кестенiң жолдары
(қатарлары) санмен,
ал бағаналары латын
әрiптерімен таңбаланады.
Төменгi қатар
– Қалып-күй
қатары, мұнда үстiмiздегi уақыттағы
компьютердiң жұмысы немесе Excel кестесi жөнiнде ақпарат шығып
тұрады.
Төменгi
қатардың сол жақ
шетiнде Excel кестесi жұмыс
режимiнiң индикаторы тұр - Excel кестесi мәлiметтердiң
енгiзiлуiн күтiп тұрған
жағдайда дайын
режимiндетұрады да,
индикатор Дайын (Готов) деген сөздi көрсетiп
тұрады.
Пернелер тақтасының көмегiмен
мәзір қатарына шығу үшiн ALT немесе F10пернесiн басу керек. Бұл
пернелер басылғаннан
кейiн Файл мәзірі басқа түске
өзгереді. Курсорды басқару пернелерінің көмегімен
(¬,®) қажеттi мәзір командасын
таңдаймыз да ENTER пернесiн
бассақ iшкi мәзір
(подменю) ашылады. Iшкi
мәзір
командаларын немесе ¯ пернелерiнiң көмегі
арқылы таңдауға болады.
Команданыорындау үшiн ENTER пернесiн басамыз. Мәзір
қатарынан жұмыс аймағына ESCпернесiн басу арқылы оралуға
болады.
Excel электрондық кестесi
жазылған әрбiр
файл бiрнеше беттерден
тұратынкiтап болып
саналады. Электрондық кесте iске қосылған
мезетте 1-бет (лист
1)екпiндi болады. Үнсіздік
бойынша ашылған кез-келген
кітап 3
беттен тұрады. Бір беттен
келесi бетке өту қажет болса, сәйкес парақтың жарлығында тышқанды
шертемiз. Бір кітап 255 бет жұмыс парағынан
тұруы мүмкін. Ал қажеттi беттiң жарлығы экранда көрiнбей тұрса,
жарлықтардың сол жағындағы бағыттауышта
(3,4) тышқанды шерте отырып,
жылжытамыз.
Excel электрондық
кестесiнде бағаналар A
–Z, одан кейiн ретi
бойынша AA –AZ, BA –BZ,…
латын әрiптерiмен белгiленедi
және олардың саны –256- ға
тең.
Excel электрондық
кестесiнде қатарлар
араб цифрларымен нөмірленеді
және олардың саны – 65536-ға
тең.
Әрбiр бағана мен қатардың қиылысқан жерiнде ұяшық деп аталатын тiктөртбұрыш
орналасқан. Әрбiр
ұяшықтың бағана әрпiмен қатар нөмiрiнiңқиылысуына сәйкес адресi
бар. Мысалы, A1 – бiрiншi ұяшықтың,
ал В105 – В бағанының 105
қатарындағы ұяшықтың адресi.
Ұяшықтарға мәлiметтердi
(мәтiн, сан және формулалар) енгiзуге болады.Электрондық кестеде
ағымдағы немесе екпiндi ұяшықты көрсететiн ерекше
тiктөртбұрыш кестелiк
курсор деп
аталады. Кестелiк курсор орналасқан
ұяшық екпiндi ұяшық (ағымды
ұяшық) деп
аталады.
Парақтағы ұяшықтардың жалпы
саны – 16 777
216-ға тең. Әрбiр
ұяшыққа 32
мыңсимвол енгiзу мүмкiндiгi
бар.
Бiр
мезгiлде бiр
ұяшықпен немесе қатар
орналасқан бiрнеше
ұяшықтартобымен жұмыс жасауға
болады. Белгiленген ұяшықтар
тобы ұяшықтар блогы немесеторлар аралығы деп аталады. Мұндай
блоктардың адресi бiрiншi ұяшықпен соңғы
ұяшықтардың адресiн қос
нүктемен бөлiп жазу арқылы
көрсетiледi.
Мысалы: A1 ұяшығында тышқанды
шертiңiз де, тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйде ұстап,
курсорды D9 ұяшығына дейін созыңыз. Жұмыс
аймағында бірінші ұяшықтар блогы пайда болды,
яғни А1:D9.
Бір жұмыс
аймағында бiр-бiрiмен
байланыспаған бірнеше блоктарды
белгiлеу үшiн алдымен бiрiншi блокты
белгiлеймiз, одан кейiн келесi ұяшықтар
блогын белгiлеу кезiнде [Ctrl] пернесiн басулы күйде
ұстап тұрамыз.
2. MS
Excel кестесiнде мәліметтерді енгізу
және форматтау.
Кестенің ұяшықтарына
мәліметтердің келесі үш
типінің біреуін ғана енгізе
аламыз:
*сан;
*формула;
*мәтін.
Егер енгізілетін символдың
біріншісі сан болса, онда оны сандық типке жатқызамыз. Кез-келген
формула «=» символынан басталады.
Егер бірінші символымыз әріп немесе
апостроф (‘’) болса, оның типі мәтін болып
қабылданады. MS Excel электрондық кестесінде қарапайым мәтін
ұяшықтың сол жақ шеті бойынша, ал сан оң жақ шеті бойынша
тураланады.
IV. Бекіту
кезеңі 15
мин.
1. MS Excel деген не?
2. Excel бағдарламасы қандай қызмет атқарады?
3. Excel электрондық кестесінің негізгі түсініктері
қандай?
4. Excel бағдарламасын қалай іске қосуға болады?
5. Excel терезесінің негізгі элементтерін сипаттаңыз?
6. Электрондық кестедегі кітап деген не?
7. Стандартты және Пішімдеу құралдар үстелінің айырмашылықтары
қандай?
8. Өрнек жолағының атқаратын қызметі
қандай?
V. Бағалау кезеңі 3
мин.
Сабақта тапсырманы
орындағанына, қаншалықты меңгергеніне байланысты
бағалаймыз.
VI. Үйге тапсырма 3
мин.
Бақылау сұрақтары мен
тапсырмалар