Электрондық кестені есептеулерге қолдану

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Электрондық кестені есептеулерге қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздар көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары


Сабақ тақырыбы: Электрондық кестені есептеулерге қолдану

Сабақ мақсаты:

1. Білімділік:Электрондық кестелерді есептеулерге қолдану, деректердің типтері, формула ережесі, кестелік есептеуді компьютерде өңдеу технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру;

2. Дамытушылық: Ойлау қабілетін дамыту компьютерлік сауаттылығын ашу Оқушыларды білім мен біліктілікке тәрбиелеу. Оқушылар техникалық қауіпсіздік ережесін сақтай отырып еңбекке баулу.

3. Тәрбиелік: Оқушылар информатика сабағында техникалық қауіпсіздігін сақтай отырып еңбекке баулу және отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт.тақта, электронды оқул.

Сабақтың әдіс – тәсілі: теориялық

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру, қайталау

Жаңа сабақты түсіндіру

Жаңа сабақты бекіту

Үйге тапсырма беру

Оқушыларды бағалау


І. Ұйымдастыру

  • Сабаққа дайындықтарын тексеру

  • Оқушыларды түгендеу

  • Сабақ мақсатын айту


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау

    1. Электронды кестенің ұяшықтарын қалай біріктіреміз?

    2. Электронды кесте блоктарының шекарасын қалай береміз ?

    3. Ұяшық адресін қалай береміз ?

    4. Жол мен бағанды қалай үлкейтіп немесе кішірейтеміз ?

    5. Автотолтыру дегеніміз не ?


Жаңа сабақ:

Кәсіби жұмыста мәліметтерді кесте түрінде беру қажеттілігі жиі кездеседі.

Кесте – ақпараттың жолдар мен бағандарда реттеліп берілуі. Кесте жолдар мен бағандардың кез келген санынан құрылуы мүмкін. Кестеде тек бір ғана жол болса сызықтық кесте деп аталады. Бірнеше жолдардан тұратын кесте тіктөртбұрышты кесте деп аталады.

Жол – көршілес ұяшықтардың бірлестігі.

Баған – көршілес ұяшықтардың тік бірлестігі.

Бағандар мен жолдар қиылысы ұяшық деп аталады. Ұяшықтар деректер сақталатын орын.


Электрондық кестелер

1980 жылы кестелік процессорлардың пайда болуы кестелік құжаттарды компьютердің көмегімен өңдеуге мүмкіндік туғызды. Бірінші болып VisiCalc, SuperCalc, Multiplanсияқты кестелік процессорлар содан кейін Lotus 1-2-3 АБАК, ДРАКОН, ВАРИТАБ-86 дестелері жасалды. Осы күнге дейін қуатты компьютерлерде SuperCalc-4,5 нұсқалары қолданылады. Қазіргі компьютерлерде Microsoft Office пакетінің Microsoft Excel кестелік процессоры кең таралған. Электрондық кесте (ЭК) – ұяшықтарында деректер (мәтіндер, сандар, формулалар) жазылған кәдімгі кестенің компьютерлік бейнесі.


ЭК-дегі мынадай типті деректерді енгізуге болады: мәтіндік, сандық, формулалық (туынды ақпаратты есептеу үшін), датасын және уақытын көрсететін болуы мүмкін.

Мәтіндік жазбалар әріптердің, сандардың және арнайы символдардың, қандай да болса тізбегі. Егер бірінші символ тырнақша, апостраф, бос орын немесе цифрлар кезектесіп келсе, онда мәтін ретінде қабылданады. Үнсіз келісім бойынша мәтін сол жаққа тураланады.

Сандық деректер – бұл цифрдан, «+», немесе «-» белгілерінен немесе ондық үтірден басталуы мүмкін.

Дата мен уақыт символдарымен жұмыс істегенде ғасыр басынан бастап (2000 жыл) енгізілген күнге дейінгі күн санын анықтайтын реттік нөмір түрленеді.


Күн

Ұяшыққа енгізілгені

Формулалар жолында бейнеленгені

7/6/2004

07.06.2004

6/қаңт./04

06.01.2004

6/маус./

06.06.2004

Қаңт./2004

01.01.2004

07/06/04

07.06.2004


Уақыт

Ұяшыққа енгізілгені

Формулалар жолында бейнеленгені

7:50

7.50.00

7:50 МА

7:50:00

15:23

15:23:00

15:23:22

15:23:22

3:23 МР

15:23:00

3:23:22: МР

15:23:22


Электрондық кесте ұяшықтарына деректерді ғана емес, құрамдас функцияларды және формулаларды да енгізуге болады. Формулаларда математикалық және салыстыру операторларын қолдануға болады.


Амал түрлері:

Арифметикалық


Салыстыру


Логикалық

Адрестік


Мәтіндік


+ қосу

азайту

* көбейту

/ бөлу

^ дәреже

= тең

> артық

>= артық не тең

< кем

<= кем не тең


AND логикалық және

ORлогикалық немесе

NOлогикалық емес

:диапазон

& мәтіндердік қатарларды біріктіру






Формула жазу ережесі.

Электрондық кестедегі формула деп есептеу үшін қолданылатын кәдімгі математикалық өрнектерді айтады. Формула математикалық, статистикалық, қаржылық, логикалық және басқа болып бөлінеді.

Ең кіші мәнді табу - макс

МАКС(…)

МАКС(А1:А9)

Аргуманттердің арасындағы максимум санды іздеу

Ең үлкен мәнді табу - мин

МИН(…)

МИН(С1:С23)

Аргуманттердің арасындағы минимум санды іздеу

Орта мәнді табу - срзнач

СРЗНАЧ(…)

СРЗНАЧ(А1:В5)

А1 дан В5 диапазонындағы сандардың арасынан арифметикалық ортасын табу

Кейде ұяшықты басқа орынға көшіргенде, олардың координасы өзгермеуі керек, ол үшін жолдың немесе бағанның координатасының алдына доллар белгісін қояды. Бұл символ кестелік процессорға ұяшықтың координатасын ешқандай жағдайда өзгертпеу керектігін көрсетеді. Мұндай адрес абсолютті адрес деп аталады.


Салыстырмалы

Абсолютті

Аралас

A1

$A$1

$A1 немесе A$1

B2

$A$1

$A2 немесе B$1


Кестелік есептеуді компьютерде өңдеу технологиясы

Shape1

Құжатты басу

Құжатты сақтау

Кестені пішімдеу

Енгізілген объектілермен жұмыс істеу

Деректерді редакциялау

Деректерді енгізу

Алдын ала құрылған жұмыс кітабын ашу

Кестенің жаңа жұмыс бетін құру

Кестелік процессорды іске қосу




















Жаңа сабаққа орындалатын тапсырмалар практикум:10.1, , 10.3, 10.5 тапсырмалар.

IV. Сабақты бекіту.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

VІ. Оқушыларды бағалау.

VІІ.Пайдаланылған әдебиеттер

Жаңа информациялық техологиялар: Информатикадан 30 сабақ

Компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқулық

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.00.2018
1350
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі