Материалдар / Электроқшаулағыш және өткізгіш материалдармен танысу. Өткізгіштерді қосу процесіндегі электр түйіспелерді қалыптастыру әдістерін меңгеру
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Электроқшаулағыш және өткізгіш материалдармен танысу. Өткізгіштерді қосу процесіндегі электр түйіспелерді қалыптастыру әдістерін меңгеру

Материал туралы қысқаша түсінік
Электромонтер мамандығы бойынша сабақ жоспары
Авторы:
25 Мамыр 2023
735
16 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Теректі колледжі» МКҚК

Оқу сабағының жоспары

Сабақ тақырыбы

Электроқшаулағыш және өткізгіш материалдармен танысу. Өткізгіштерді қосу процесіндегі электр түйіспелерді қалыптастыру әдістерін меңгеру

Модуль / пән атауы

ОН 1.5. Электр қондырғылары мен электр жабдықтарын монтаждау, демонтаждау және жөндеу жұмыстарын орындау

Педагог

Хамитова Зарина Канагатовна дайындады

2022жылғы "24"қараша


1.Жалпы мәліметтер

Курс

2

Топ №82

Сабақ нөмірі

49-50

Сабақтың түрі

практикалық

1.Мақсаты, міндеттері

Электроқшаулағыш және өткізгіш материалдармен танысу. Өткізгіштерді қосу процесіндегі электр түйіспелерді қалыптастыру әдістерін меңгеру

3.Күтілетін нәтижелер

Өткізгіш және электроқшаулағыш материалдарының негізгі қасиеттері мен қолданылу аймағын оқып- үйрену, электр арматура бөлшектеріне сымдарды дәнекерлеу технологиялық процесімен танысу


4.Қажетті ресурстар

Оқулықтар: Қ.Қосыбаев «Өндіріс мекемелерінің электр жабдықтарынын жөндеу және құрастыру»(1), https://kasipkor.kz/. LCD панель, мультимедиялық мінбер, бейнефильмдер, тақырыптар бойынша слайд-презентациялар, сандық білім беру ресурстары






5.Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

- Оқушылардың сабаққа қатысуы мен құралдарын тексеру;

- Лабораториялық сабаққа сай киімдерін тексеру;

- Топқа бөліп сабаққа зейін аудару;

ІІ. Кіріспе нұсқау
- Сабақтың тақырыбы және мақсатын таныстыру;
- Теориядан өткен сабақты оқушылардың есіне салу, сұрақтар кою;
1. Механикаландыру құралы ретінде тесу жұмыстарын жүргізуге арналған құралдарға ата?
Ж: Тесу жұмыстарын орындау барысында механикалық құрал ретінде электрлік бұрғылау машиналары және қатты құймалардан жасалған, пластиналармен жабдықталған электрлік балғалар, бұрғылар, шлямбурлар(тескіш құрал), қаптамалар, перфораторлар, пневматикалық және оқ дәрі құралдары қолданылады.
2. Электрлік бұрғылау машинасының құрылысы мен қызметін атаңыз.
Ж: Электр бұрғылау машинасы жылжымалы электрлендірілген, ішіне электр қозғалтқыш орнатылған қаңқадан, тісті берілістен (редуктор), шпиндельден және жұмысты басқару мен реттеу қондырғысынан тұратын құрал болып табылады.
3. Пиротехникалық құралдармен механизмдер қандай принцип негізінде жұмыс істейді және оларға не жатады?
Ж: Пиротехникалық құралдар мен механизмдер оқ - дәрі зарядты жарылыс кезіндегі энергияның принципі негізінде жұмыс істейді. Оларға құрылыс - монтажды пистолеттер, колонкалар, престер жатады.
4. Құрылыс – монтажды пистолетпен жұмыс істегенде қандай дюбель шегелер қолданылады?
Ж: Пистолетпен жұмыс кезінде мынадай дюбель шегелер: ұзындығы - 27 - 100мм, тректің диаметрі - 3, 7 - 4, 5мм және 6, 8мм, кейде ұзындығы т35 - 70мм, бұранда ұштамаларының диаметрі М4, М6, М8 және М10 болып келген дюбель бұрандалар қолданылады.

сұрақтар


Сабақтың ортасы

Жаңа сабақты түсіндіру:

Көру- білу- жазу әдісі
Электртехникалық материалдар
Электрлік монтаждау жұмыстарын орындау кезінде әр түрлі қызмет атқаратын материалдар мен бұйымдарды қолданады. Оларды бірқатар белгілері бойынша сұрыптайды:
• Электр тоғын өткізу қабілеті бойынша (өткізгіштер, диэлектриктер, жартылай өткізгіштер)
• Атқаратын қызметіне қарай (ток өткізгіш, оқшаулағыш, магнитті, құрылымды, көмекші)
• Агрегаттық күйіне қарай (қатты, сұйық, газ тәрізді)
Электр оқшаулағыш материалдарды таңдау кезінде диэлектриктердің электрлік сипаттамасы, сонымен қатар механикалық, физика - химиялық жылулық сипаттамалары ескеріледі. Электр машиналары мен аппараттарды ұзақ қолданған кезде диэлектриктің қызуға төзімділігі маңызды болып саналады. Электр жабдықтарын ұзақ уақыт пайдаланғанда диэлектриктің ұзақ уақыт бойы қызуға шыдамдылығын диэлектриктің қызуға төзімділігі деп атайды.
Резеңкелеген миткальді таспа – жабысқышрезеңке, бір немесе екі жағынан жабысқыш паста сіңдірілген таспа төменгі кернеулі қондырғылардағы сымдардың қосылыстарын оқшауландыру үшін қолданылады. Сонымен қатар осы мақсатта поливинилхлоридті және полиэтиленді таспалары қолданылады.
Лакты мата электроқшаулағышын электр машиналарды, аппараттарды, трансформаторларды оқшаулау үшін қолданылады. Олардың диэлектірлік қасиеттері жоғары, механикалық, минералдық майлардың, бензиннің, сулардың әсерлеріне төзімділігімен сипатталады. Оның жылуға төзімділігі 105˚С - қа дейін барады.
Электроқшаулағыш лакты шыны мата және электроқшаулағыш шыны таспа төменгі кернеулі электр машиналары үшін оқшаулағыш материалдар ретінде қолданылады. Сіңдірілген құрамына байланысты олар 120 - 180˚С қызуда ұзақ мерзімде жұмыс жасай алады.
Поливинилхлорид пластикті құбыршалар, сонымен қатар электр оқшауландырылған лакты мата қағаз құбыршалар сымдарды, не кабельдің тасымалдарын оқшауландыруға, сымдардың ұштарын таңбалау үшін қолданылады.
Текстолитті 65 - 105˚С аралығында жұмыс жасау үшін төсеніш және құралымды материал ретінде қолданылады.
Гетинакс ашық ауада немесе кернеуі 1000 Вдейінгі І немесе ІІ маркалы трансформатор майлар, кернеуі 1000 В – тан жоғары V - 1және V - 2 маркалы майлармен жұмыс жасаған кезде, төсеніш немесе құралым материалы ретінде қолданылады.
Табақ фибралы электроқшаулағыш картонды төсеніш материал ретінде және электр оқшауландыратын бөлшектерді дайындау үшін қолданылады.
ІІІ. Жабдықтарды қолдана отырып жаттығу.

ІV. Оқушылардың өндірістік жұмыстары және ағымдағы нұсқау беру.
- Жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескерту;
- Жұмыстың уақытылы басталуын қадағалау;
- Звенолардың жұмыс орындарына дұрыс орналасуын тексеру, оларға
құрал – саймандарын беру;
- Берілген тапсырманың өз дәрежесінде орындалуын қадағалау;

1- тапсырма. "Оқы,ойлан ,жаз»әдісі.

Оқулықпен жұмыс ,экран арқылы мәтін беріледі.

Презентация, бейнероликтер

Оқу құралдары,тіректік конспект, макеттер, интерактивті тақта.







Презентация

https://www.youtube.com/watch?v=JTtmCnJ0EuM



https://www.youtube.com/watch?v=IvJohBD9J14





бейне жазба. https://www.youtube.com/watch?v=cbu0oc_HFgo






























Сабақтың соңы

Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру:

- Үйге тапсырма «Электромонтер»
§ 6.4 Электроқшаулағыш және өткізгіш материалдармен танысу. Өткізгіштерді қосу процесіндегі электр түйіспелерді қалыптастыру әдістерін меңгеру







Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!