Материалдар / Елі өркен, жері көркем, киелі Аягөз туған өлкем!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Елі өркен, жері көркем, киелі Аягөз туған өлкем!

Материал туралы қысқаша түсінік
Аягөз өлкесі жайлы мәліметтер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
374
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Елі –өркен, жері-көркем,киелі Аягөз туған өлкем!

Мақсаты: Аягөз тарихы ұрпаққа мұра, көптеген халықтардың ата-мекені мен туған жеріне айналған құтты өңір екенін оқушыларға түсіндіру ,туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін дамыту ,жергілікті жердің өткені мен бүгінгі туралы материа жинап ,оларды пайдалану, елге деген мақтаныш сезімін тудыру.

Көрнектілік: ШҚО,Аягөз ауданының энциклопедиясы.I-том. «Киелі аймақ»(Бақытөмір Шалғынбай),» «Білгенге маржан...» (А.Қ.Керімтаев) ,қоғамдық –әдеби журнал «Аягөз әлемі», « Елі –өркен, жері-көркем,киелі Аягөз туған өлкем!» слайд.

Жоспар:

  1. Кіріспе:

Киелі аймақ Аягөз.

  1. Негізгі бөлім:

Халық бар жерде –тарих бар.

Ер тарихы-ел тарихы

Аягөздің бүгінгі кебеті

  1. Қорытынды:

Рухы мықты ел-ұлы мұраттарға жетеді.


Барысы: I.Мұғалімнің кіріспе сөзі: Аягөз- киелі аймақ. Кімге болса да өзінің туған жерінің топырағы,суы,құмы да қасиетті.Соны біліп,сезініп,топырағының қадірін,жусанның иісін,суы мен ауасының шипа екенін,ал осы жердегі өмір сүрген ата-бабамыздың рухты екенін білсек ,бойымыздағы отансүйгіштік қасиетіміз нығаяды. «Отан от басынан басталады»дегендей ,әркім ең алдымен өзінің кіші Отанының барлық сырын білуі керек.

Бәз біреулер кіші Отаннан бастау алатын отансүйгіш сезімді жершілдікке , жікшілдікке жетелейді деген пікір айтады.Бұл ұшқыр пікір.Кіші Отанның жылуы ошақтың үш тағанынан тарап ,Ұлы Отанымыздың ортақ жылуына ұласады. Ел бүтіндігінің кепілі де осы.Сондықтан Аягөз аумағын мекендеген қазақтың жәй-жапсарын ,танып білу оны жалпы қазақтан оқшауламайды деп,нық сенімен айта аламыз.Ошағымыз ортақ болған соң одан тарайтын қызуда ортақ,жылынатын қанымызда ортақ. Ортақ қаннан ортақ ұлттық темперамент пайда боларына ешкімнің де күдігі бола қоймас.

Кіші Отанның тарихын зерделеу әр қазақтың кісілік қарызына айналмай-ақ,Ұлы Отанның қаны шапшыған патриоты болып қалыптасуға болады деу үлкен қателік.Атам қазақ «Тірлікте туған жердің бір тал шөбі ,өліде бір уыс топырағы бол.Жақында жүрсең,табына біл, жырақта жүрсең ,сағына біл»-деген өсиет қалдырған.Сол қазақтың: «Жеріне қарай –құланы, тауына қарай –қыраны,ұлысына қарай-ұраны,ұранына қарай-ұланы»-деген аталы сөзі тағы бар.

Сондықтан туған топырақ тарихын тануға талпыну –парызымыз.Тұтас тарихымызға бойлай тереңдей алмасақ та оны кіші Отанның өткенімен өзектес тануға ықыласты болу санамызға бүкіл елге деген сүйіспеншілік қасиет орнатуға септігін тигізетін фактор.

Халық бар жерде –тарих бар.



«Аягөз осы» әні (Қазыбек Байжанов)

1-оқушы: Аягөз ауданы1928 жылы құрылды.Әкімшілік орталығы Аягөз қаласы статусын 1937жылы алды. Ауданның аумағы - 49,5 мың шаршы км. Аудан Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік –батысында орналасқан. Батысында Қарағанды, оңтүстігінде- Алматы облыстарымен, солтүстігінде-Шығыс Қазақстан облысының Абай және Жарма аудандарымен, шығысында- Шығыс Қазақстан облысының Үржар және Тарбағатай аудандарымен шектеседі.Ауданның халқының саны 74137 адам,оның 50,7%қалада,қалғаны 49,3%-ы ауылда тұрады.Қазақтар бүкіл халықтың 98,6% құрайды Ауданда 1 кенттік, 21 ауылдық округтер бар.

2-оқушы:Аудан аумағының жер бедерінің негізгі бөлігі таулы (Ақшатау, Тарбағатай жоталары), оңтүстік бөлігі төбелі жазықтар.Климаты шұғыл континентті, қысы суық, жазы ыстық, орташа температурасы қаңтардың орташа температурасы -17-19 градус, шілдеде 20-22 градус ыстық.Атмосфералық жауын-шашынның жылдық мөлшері 250-400 мм. Қазан айының соңына қарай қар жауады, сәуір айына дейін жатады.Ауданда мынадай өзендер ағып өтеді: Аягөз, Қарасу және т.б. Аягөз өзені Тарбағатай жотасының бөктерінен бастау алады, Балхаш өзеніне құяды.Өзеннің ұзындығы-492 км., су жинау алабы 15,7 мың км 2. Ірі салалары: Балықты, Нарын, Батпақты, Айғыз, Құрайлы, Таңсық және т.б. Қар суымен қоректенеді. Топырақ жамылғысы сортаң .Өсімдік дүниесі-бетеге, ермен, көкпек, алабота, қияқ, қамыс, ши. Жануарлар дүниесі- арқар, борсық, қоян, сарышұнақ, суыр т.б..(

«Туған жерім –Аягөз»(Сөзі:Қазыбек Байжұманов ,әні:Руслан Мамытаев)

1-оқушы: Қаланың қазіргі атауы ауданнан ағып өтетін Аягөз өзеніне байланысты қойылған. - Ғалымдардың пікірінше өзеннің аты түркілердің ай тайпасының атауы мен түркіше "өгөз" «өзен», яғни «ай руының өзені» дегеннен пайда болған[3]; ал халықта түркіше ая — «әдемі» және гөз/көз — «көз» деген нұсқа кең таралған.

2-оқушы:Алғашқы естеліктер XVI—XVII ғасырларға жатады, бұл өңірде «қазақтың Ромеосы мен Джульеттасы» — «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу өмір сүрген». Қаланың іргетасы 1831 жылы қаланған. 18311860жж. округтік қала болды.Сол кездеРесей патшасы Александр екінші ұлы князь Сергедің құрметіне Сергиополь қаласы деп атаған. 1860 ж. соң Сергиополь, толығырақ айтқанда Семей облысы, кейін Жетісу облыстарының  уездік қаласы болды.1929-30 жылдары ал Түрксіб темір жолының салынуына байланысты Сергиопольден бес шақырымдай жерде станция салынып оған Аягоз аты берілді. Қазіргі таңда Сергиопольдің орнында Мамырсу ауылы орналасқан. 

1-оқушы:Аягөз жері мен еліне қатысты тарихи еңбектерді алғаш жеріне жеткізе жазған тарихшы –шежереші ,дін ғұламасы ,жерлесіміз Құрбанғали Халид .Ол1846ж Аягөзде діни сауатты, оқымысты діндарлар отбасында дүниеге келген,шыққан тегі оқымысты қазақтар болған.Құрбанғали он бестен аса тілді жете меңгерген.

2-оқушы:Аягөз-ел бастаған көсемдердің ,сөз ұстаған шешендердің ту ұстаған батырлардың бас қосқан мекені.Қазіргі Аягөз қаласының түбінде Мамырсу деген өзеншенің бойында кезінде Абылайхан ордасын тігіп ,Хан Кеңесін өткізді.

Аягөз-ұлы Абылайханның өзі иығына алтынмен апталған тон жапқан Еспембет батырдын туған жері.

Аягөз-Қабанбай туы астында томағасын тұңғыш сыпырып ,Жоңғар шапқыншыларына найза тіреп ,қылыш суырған Шыңқожа,Бедес, Бигелді сияқты елі мен жері үшін шыбын жанын садақа еткен батырлардың отаны.

Аягөз-қазақ-қалмақ соғысында тынысы талмаған дауылпаз –атақты Ақтамберді жырау мен Боранбай бидің ата қонысы.

Аягөз-атағы алты Алашқа әйгілі Ақтайлақ бидің,дала Геркулесі атанған Барақ төренің де дүниеге келгн өлкесі.

Аягөз –«Туған жердің бір уыс топырақ бұйырмаса ,тозақтан бір кісілік орын табылар»-деп сүйегін сонау Түркістанға сүйремей,туған жерге жерлеуді өсиеттеген Байғара бидің,қарадан хан шыққан Қисықтың да мүрдесі жатқан жер.

Аягөз-дуалы сөзі жалпақ жұртқа жеткен Дулат,Түбек, Сабырбай ,алапат дарын Әріп сияқты орақ тілді,от ауыз ақындардың елі.

Ер тарихы-ел тарихы (Сайыс)

Сыныпты екі топқа бөлу.

1 топ-«Аягөз»

2 топ –«Ақшатау»

I кезең. «Ойлан,тап.» Логикалық сурет сұрақ.

«Аягөз» тобына №1







1889ж





?


2




?



«Сарыарқа» тобына

2




1831ж





?





?



Жауаптары;№1 Құрбанғали Халид, Аягөз-махаббат елі,№2Аягөздің бұрынғы атауы Сергиополь, Хан кеңесі .

II кезең.»Сұрақ-жауап»

Аягөздің тарихи тұлғаларын кім көп біледі?

1.Ұлы Абылайханның өзі иығына алтынмен апталған тон жапқан батыр?

(Еспембет)

2.1725-1770ж өмір сүрген.Қазақ батыры ,қазақ жасағының айтулы қолбасшыларының, Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресті ұйымдастырушыларының бірі.Оның ұлдары Әлібек ,Айтақ та жорықтарға қатысып, батыр атанған.Ол кім?

(Шыңқожа батыр)

3.1720ж Сыр бойында дүниеге келген ,1816ж Аягөз ауданының Сарыарқа ауылында дүниеден озған би, қоғам мен мемлекеттің қайраткері, дипломат.Қу дауысты Құттыбай бидің немересі.Ол бір ауыз мақалмен немесе толғау жырмен даулы істерді әділетті шешкендіктен «қазақтың қара тілі, қас шешені» атанған.Ол кім?

(Ақтайлақ Байғараұлы)

4.1802ж Семей облысы Аягөз ауданы аумағында дүниеге келген.Ойшыл ақын,жалынды жырау.Тұңғыш жинағы 1880ж «Өсиетнама» деген атпен шықты.Өмірінің соңғы күндеріне дейін үлкен құрметке ,даңққа бөленіп өткен ақын 1874жылы өз елінде қайтыс болды.

(Дулат Бабатайұлы)

5.Ақын 1856жылы бұрынғы Семей облысы ,Жарма ауданында дүниеге келген. Найманның «сары шегірі», «бес Байыстың қара нары»деген аты бар дарынды ақын.

Қапалда қызметте болған кезде атақты ақын Сарамен танысып ,оған ғашықтық жырларын арнаған.Біржан –Сара айтысын қайта өңдеп ,хатқа түсірген.

Ол Абайдың талантты шәкіртінің бірі.

(Әріп Тәңірбергенов)

6.Руы Сыбан-Төлен.1876ж Ақшатау өңіріндегі Сары-Бұйрат деген жерде дүниеге келген. Жас кезінен өжет,алғыр ,еңбек сүйгіш болған.1918жылы ақ гвардияшы жендеттердің қолынан айуандықпен қаза тапқан. Батыр ана.

(Айқыз Көшкімбайқызы)


III кезең . «Мен-саған,сен-маған»

Екі топ бір –біріне Аягөз өлкеміздің ақындарының шығармаларынан үзінді оқып оның авторын анықтап ,айтады.


IV кезең. «Аягөз Ұлы Отан соғыс жылдарында» .

Оқушылардың шығармасы.

Ұлы Отан соғысы (1941-1945) 1418 күнге созылды. Семей жерінен де талай боздақтар майдан даласына аттанып, олардың бірталайы туып-өскен Ертіс жағасына орала алмады. Тек дәм тартып, аман қалғандары ғана жеңіспен қайтты.
Жалпыға мәлім ХХ ғасырдың елеулі оқиғасы болып саналатын Ұлы Отан соғысы көлемі және адам шығыны жөніннен дүниедегі ең жойқын, ең қырғын соғыс болды. Соғысқа 61 мемлекет тартылды, оған жер шары халқының 80 пайызы қатысты.
Семейден аттанған ер-азаматтарымыз Мәскеуді, Ленинградты қорғауға, Волга бойындағы, Курск даласындағы шайқастарға, партизан қозғалысына, Украина, Белоруссия, Балтық бойын, Молдавияны, сондай-ақ еуропалық мемлекеттерді азат етуге, Берлинді алуға, Жапон милитаристерін талқандауға белсене қатысты.
Осы соғыста 27 млн. адамның өмірі қиылды десек, соның ішіндегі 1 млн. 700 мың адам қазақстандық болған. Ал, осы көрсеткіштің ішіндегі 50 000 адам осы Семей жерінен аттанған қыршындар еді. Бір ғана қала үшін бұл аз көрсеткіш емес екені анық.
Семей өңірі бойынша 53 адам Кеңес Одағының Батыры атанды.Аягөзден 631жуық адам аттанған,Кеңес Одағының Батыр атағын Мұқатай Әбеулов алған.

Әр топ өздерінің үздік шығармаларын оқиды.


  1. кезең. «Танып ал да,атын ата».

Әдебиет,мәдениет пен өнер санлықтары















VI. кезең.Аягөз ауданы құрылғаннан бастап аудан басқарған басшылар Баннер жасату. .(фото-сурет)



1933-34 жылы –Палтарак .

1937 жылдан- Саттығұлов

1951-1952 жылдары –Ғали Қордабаев

1953тен кейін –Тобағабылов

1967жылы-Анастасов

1968жылы –Қ.Нуралинов

1972жылы-Шаймағанбет Мақашев

1973жылдан- Қамбархан Толымғожинов

1978 жыодан –Мағауия Унисьянов

1980жылы- Геннадий Братишко

1982 жылдан –Папов

1991жылдан бері болған аудан әкімдерін рет-ретімен жазып, баннер жасату.(фото-сурет)

1990-1996ж-Амангелді Қабжанұлы

1996-2006ж-Кәрімов Айбек Мүтәліпханұлы

2006-2007ж Шерубаев Нұрлыбек Әділғазыұлы

2007-2008ж-Жолымбетов Оралбек Мақсұтұлы

2008-2010ж-Әзімбаев Нұрғали Тілекқалиұлы

2010-2013ж-Мұхтарханов Әнуарбек Мұхтарханұлы

2013-2014ж –Нұрғали Нұрбол Жолдаспекұлы

2014ж-Байахметов Бақытжан Кәкенқажыұлы

Аягөздің бүгінгі кебеті

Бейнефильм

Ауданның экономикасында негізгі рөл атқаратын аграрлық-өнеркәсіптік кешен. 2016 жылдың қаңтар-шілде айларына ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 7 146,9 млн.тенгені құрады, үшін, физикалық көлемнің индексі -111,1 пайызды құрады. 2016 жылдың 1 тамызына  ірі мүйізді малдың қарасы 83 063 басты, қойлардың және қозылардың саны – 352 064 бас, жылқылардың саны – 33 465 басты құрады. Осы уақытқа дейін 2 шаруа қожалығы мүйізді ірі қараның асыл тұқымдарын шығарумен, 9 шаруа қожалығы қойдың асыл тұқымды түрін көбейтумен,4 шаруа қожалығы жылқының асыл тұқымды түрлерін шығарумен айналысады. Аудандағы егістік ауданы 22500 га, олардан : бидай - 3440, арпа - 4400, майлы дақылдар -850, картоп - 350, көкөніс, бақшалар - 171, егісінің көпжылдық шөптер - 12435, ағымдық жылдың көпжылдық шөптері - 1140 га.

Мұғалімнің қорытынды сөзі: «Рухы мықты ел-ұлы мұраттарға жетеді» дегендей әр адам өз анасынан басқа да құдіретті төрт анасы болуы керек.

Туған жері түп қазығы, айбыны,

Туған тілі-мәңгі өнеге айдыны.

Жан байлығы ,салт дәстүрі,тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі және туған тарихы-деп Мұхтар Шаханов жырлағандай ,батыр бабаларымыз қылыштың жүзімен ,найзаның ұшымен тәуелсіздігімізге жол салып беріп, тағдырымыздың тынысы болған төрт ана үшін күрестерде қаза тапқан бабалардың рухына тағызым етіп жүріп,тәуелсіздігін жеңіп алған мемлекетіміздің шаңырағын биіктетіп ,іргесін берік ұстау –келер ұрпақтың борышы.Жас мемлекетіміздің өркениетті елдермен терезені тең етіп ,заман көшіне ілестіру-жас жеткіншектін міндеті,аға ұрпақтың аманаты.














Picture 2


























Shape1 жасалды, бұлардың барлығына Кеңес одағының құлауы теріс әсерін тигізді.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!