Материалдар / Елибаева М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы әйелдер бейнесін оқытуда 4К моделін қолданудың тиімділігі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Елибаева М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы әйелдер бейнесін оқытуда 4К моделін қолданудың тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Әзірлемеде «Абай жолы» роман-эпопеясындағы әйелдер бейнесін оқытуда 4К моделін қолданудың жолдары жайлы айтылады.. Сабақта 4К моделінің әдіс-тәсілдер арқылы тапсырмалар жүйесі көрсетілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2022
258
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАН - ЭПОПЕЯСЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР БЕЙНЕСІН ОҚЫТУДА 4К МОДЕЛІН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ


Елибаева Лариса Олжатаевна

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі, Тараз қаласы

Elibaeva1968@mail.ru

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

педагог-шебер


Шебер - сыныптың мақсаты:

Адамның рухани дүниесін бағалай білуге баулу. Жағымды ой, ішкі сезімін қалыптастыру, адамның ішкі мүмкіндіктері туралы ұғымды кеңейту, өз күшіне сену және өз - өзіне баға беруді дамыту. Әріптестердің заман талабына сай жұмыс істеу іскерлігін қалыптастыру. Әдіс- тәсілдерді насихаттау арқылы оны пайдалануға қызығушылығын арттыру.

Күтілетін нәтиже:

Оқытудың әдіс - тәсілдерін меңгертіп, тиімді пайдалануды үйренеді. Заман талабына сай білім беруде топтық жұмыстарды өзара ынтымақтастықта жүргізу, оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру арқылы өз тәжірибелеріне өзгеріс енгізеді.

Шебер-сынып барысы:

І. 4К моделі сыни ойлауды, шығармашылықты, қарым-қатынасты және ынтымақтастықты өлшеу құралы ретінде

Қашанда рухани байлығы бар, білімі мен ғылымы мол, өркениетті, дамыған  мемлекеттің келешегі де кемел болмақ. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»,- деп атап көрсетілен. Оқытушы мен білім алушы жылдам өзгеретін ғаламат  ғасырдың үрдістеріне тез үйренетін  бойларында жетілген тұрақты дағдылары бар адам болуы шарт.  Жалпы дағдыны 3 түрге бөлуге болады: негізгі қабілеттерді дамытуға бағытталған дағды, өзін-өзі дамыту дағдысы және тәжірибе жинау дағдысы. Мұғалімнің дағдылары: сыни ойлау, мәселелерді шеше білу, коммуникациялық дағды, икемділік, компьютерлік сауаттылық, этика, кәсіптік практикалық дағдылар (сабақтың нақты мазмұнын білуі, білім алушылармен өзара жағымды қарым-қатынас орнатуы, сабақты жоспарлау және ұйымдастыру, сапалы білім алуға жайлы орта тудыра білуі), бағалау және өзін-өзі талдауы, әріптестік өзара ынтымақтастық орната білуі.

Бүгінде адамның қазіргі өмір салты, жылдам өзгеретін және үнемі дамып келе жатқан ақпараттық саламен интеграцияланған, сондай- ақ тұтастай алғанда адамзаттың индустриалды-ақпараттық дамуының жоғары қарқыны мамандықтар мен мамандықтардың тұрақты жаңаруына  алып келетін нарықтық талап,  жаңа жеке және ұжымдық дағдыларды дамытуға деген жоғары сұранысты қалыптастырады.  Осы орайда жан-жақты зерттеліп, нәтижесінде көптеген білім беру стандарттарында кеңінен қолданыс таба бастаған 4К тұжырымдамасының оқу үрдісінде көркем шығармаларды меңгертудегі тиімділігіне тоқталмақпын.

2016 жылы Даоста өткен Бүкіләлемдік Экономикалық форумда адамзат баласына аса қажет болып табылған 10 сапа мен дағдыларды дамыту туралы ұсыныстар айтылады. Форум Президенті Клаус Шваб Төртінші технологиялық революция басталғандығын және бұл дегеніміз адамзат қызметін ендігі кезекте роботтар алмастыратындығын, сол үшін де   қоғамға  қажеттімін деген әрбір адам аталған дағдыларды міндетті түрде меңгеру қажеттігін нақтылаған. (1.1- сурет)

Олар:

1. Кешенді тапсырмаларды шешу;

2. Сыни ойлау;

3. Шығармашылықты ойлау;

4. Басқару өнері;

5. Командада жұмыс істеу;

6. Өзгелердің және өзінің  эмоциялық күйін сезіну әрі басқара білу;

7. Дұрыс талқылау қалыптастырып, шешім шығара білу;

8. Тұтынушының ыңғайына   қарай бағытталу;

9. Келіссөздер жүргізу;

10. Бір тапсырмадан екінші тапсырмаға жылдам ауысу, қосылу.

      2020 жылға қарай креативті және сыни ойлау алдыңғы үш дағдының қатарына адамзат үшін аса қажетті болып табылатын құзыреттілік болып енді.  2015 жылы бұл аталған дағдылар 10-ның төртіншісі болған еді. Ресей елінің білім саласындағы мамандары да Даостық 10 дағдыны 4-ке дейін қысқартып, «Білім берудің 4 К жүйесі» деп атаған. Бұл елдің білім беру жүйесінде 4К моделі 2014 жылдан белсенді түрде айтылып, тек 2017 жылдан бастап аталған модель оқытудың жаңа моделі болып қабылданған.  (1.2- сурет)  

М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы әйелдер бейнесін оқытуда 4 К моделінің артықшылығына тоқталайық.

Қай кезеңде, қай туындысын алсақ та, Әуезов туындыларының тақырыбы мәңгілік мәселені қозғайды. Қазақ халқының өткен тарихын баяндап, толғағы жеткен мәселелерді көтеріп, ел тұрмысының шынайы болмысын көрсетіп, адамдар тағдырының шындығын суреттейді. М.Әуезов шығармашылығын оқытуды алға тартқан Қ.Бітібаева өз сөзінде: «Ұстаздар қауымы Әуезов тағылымын оқу мен тәрбие беруде тиімді пайдалануы, қажетке айналдырудың көзін тауып, қонымды жолын ізденуі керек. М.Әуезов шығармашылығын оқытудың тиімді жолдарын іздеу бүгінгі оқыту үрдісінің талап деңгейінен туындайды», - дейді.

Ұлы суреткер М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын оқытуға барлығы 20 сағат бөлінген. Оның ішінде романдағы әйел-аналар образын оқыту 4 сағатқа жоспарланған. Осы тақырып бойынша жүзеге асатын оқу мақсаты: көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету.

Шығармадағы әйелдер бейнесін оқытуда пайдаланылатын әдіс-тәсілдерге жеке тоқталайық.

ІІ. Білім берудің 4 К моделі дағдылары

Сыни ойлау тапсырмалары (2.1- сурет) 

Студенттердің сын тұрғысынан ойлау қабілетін, өмірге көзқарастарын дамытып, белсенділіктерін шыңдау.

1-тапсырма. Кейіпкерлер бейнесіне талдау жасау. Мәтін арқылы әйелдер бейнесін ашу.

(2.2- сурет) 

Романдағы әйелдер бейнесін ашу үшін әр тұстан түрлі іс-әрекеттерінен үзінділер оқылады. Әр студент кейіпкер әйел-аналарға қысқаша сипаттама жазады.

Зере – байсалды ақыл иесі,сабырлы ел анасы, ұрпағына мейірбан ,аздап аңқаулау мінезі бар, Абайдың сүйікті әжесі.

Ұлжан – асқан сабыр иесі, ұстамды, Құнанбайдың адал ақылдас өмірсерігі, Абай даналығының бастау бұлағы.

Күңке – Құнанбайдың бөлек ауыл отырған бәйбішесі, мінезінің шайпаулығынан жұртқа жұғымсыз, тілді жан.

Айғыз – Құнанбайдың тоқалы, төркіні кедей болғандықтан қазақ-ошақ маңында қалған.

Нұрғаным – жасы Абайдан кіші Құнанбайдың ерке  тоқалы. Мінезі батымды, ірі істерге лайық. Құнанбайды билеп алған. Өз теңіне қосылмаған Нұрғаным тағдырға деген өшін, Құнанбайға деген қыжылын ешқашан жасырмай, әр ісіне батыл қарсы шығып отырған. Сол үшін де Базаралымен жақын болған. Қазақтың көп бақытсыз қызының бірі, қалыңмал құрбаны.

Қаражан – Тәңірбергенннің бәйбішесі, Абайдың жеңгесі. Мінезі қытымыр, қатал,сараң, тек қара басын ойлайтын Тәкежанның өзіне сай әйел.

Мәніке – Ысқақтың әйелі. Ақылды, тәсілқой, айтқыш болғанымен өрескел сезімсіздігі бар, күйеуіне айтқанын істететін, өз бағасын білетін, паң, еркетотай әйел.

Еркежан, Зейнеп, Торымбала – Оспанның әйелдері. Бәрі де – малға сатылған, тағдырына еріксіз көнген, қазақтың ибалы да көнбіс мінез әйелдері.

Сарыапаң – Құнанбай маңайында Құнанбайдың абыройын сақтаған, ұлжанның күтушісі, егде әйел.

Керімбала, Үмітей – бақыты үшін күресуге дайын, бірақ арманына жете алмай кеткен қазақтың мұңлық қыздары.

Салтанат – Абайды сүйген, сол үшін де ол қамалғанда абақтыға жүз сом беріп құтқарып, азаматық, достық пейіл көрсеткен, Абай құрмет тұтқан ер мінез қыз.

Мәкен – Абайдың досы Дәрменнің сүйген жары, Абайдың ара түсуімен бақытын тапқан қыз.

2-тапсырма. Жазушының кейіпкерлер портретін суреттеудегі көркемдегіш құралдарды тауып, “Қос жазба күнделігін” толтыру. Портреттер мен характерлерге әдеби-теориялық тұрғыдан талдау жасау. (2.3- сурет) 

Мысалы Тоғжан бейнесін суреттеуде жазушы, ұтымды теңеулерді қолданады: «көп жұлдыз арасындағы Шолпандай», қасы - айдай сызылған жіп-жіңішке, қарлығаш қанатының ұшындай үп-үшкір, жүрекке шабар жендеттің жебесіндей, т.б.

Шығармашылық (креативтілік)

3-тапсырма. Берілген үзінділер бойынша Зере мен Ұлжан бейнелері негізінде бала тәрбиесіндегі ананың орны туралы ойтолғау жазу. (2.4- сурет) 

4-тапсырма. «Әйел-аналар: кеше және бүгін» тақырыбында сипаттамалы эссе жазу.

Коммуникация (қарым-қатынас)

5-тапсырма. «ПОПС» формуласы. (2.5- сурет) 

Әйелдер образын сомдаудағы автор шеберлігін мәтіндегі ақпараттар бойынша дәлелдеу.

6-тапсырма. Блиц-интервью. «Әуезов әлемі» тақырыбы аясында студенттер бір-бірінен сұхбат алады. Сұрақтар қысқа әрі нұсқа болуы тиіс. Топ ең мағыналы сұрақтар мен жауаптарды анықтайды.

Танымдық ойлау, топпен, командамен жұмыс істей алу (координация, когнитивная гибкость)

7-тапсырма. Синектика. М. Әуезовтің атынан қазіргі қазақ жастарына арнап хат жазады. Топтық жұмыс. (Синектика – қатысушылардың интуитивтік-бейнелі, метафоралық ойлау қабілетіне сүйене отырып жүргізілетін оқу-ізденістік және ұжымдық-шығармашылық тұрғыда әрекет ету әдісі, ұқсас ойлардағы әр қилы элементтерді біріктіру әдісі. Оның ерекшелігі студенттердің өзара өте тығыз байланыс жасауы нәтижесінде ізденіс жұмыстарын бірлесіп жүргізуінен, эмоциялық-бейнелі, метафоралық ұқсастықтарды бірге талқылап іріктеуінен көрінеді).

8-тапсырма. «Композиция». Әр топ жазушы суреттеуіндегі кейіпкерлерге қатысты шағын әдеби - сазды композиция құрады. Бұл топтық жұмыста кейіпкер портретін суреттеудегі жазушы қолданған көркемдегіш сөздер қамтылуы тиіс.

І топ. «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да»

ІІ топ «Көзімнің қарасы» (2.6- сурет) 

ІІІ. Қорытынды

Қазақтың сөз өнерінде «Әуезов әйелдері» деп атауға болатын айрықша әсем образдар галереясы ұлы эпопеяның жан тебірентер ғажайып жаңа бейнелерімен толықты. Әйел ана, жар-жұбай ма, бұла бойжеткен бе... әйтеуір қияпаты бөлек қазақ қызының мінез-құлқын жазушы шебер бейнелеген. Әр бейненің тастан қашалғандай бедер табатыны сондай – әрқайсысы бір адам ғана емес, бір топ адамның жиынтық бейнесі боп оқырманның көз алдында тұрады. Сонда әр кейіпкер – тип. Бар ожданы тап-таза иманнан құйылғандай мейірім-шапағатқа толы Зере –әжелердің үлгісі, салқын қанды, сарабдал, сабырлы ақыл иесі Ұлжан – аналардың үлгісі, «сылдырлаған шолпысы әлдеқандай былдырлаған тілмен» бар сыры мен назын Абайға ғана құпия баян ететін, «ақ еті атқан таңдай аппақ» ару Тоғжан – алыстан арайлайтын қол жетпес арман секілді махаббат таңының үлгісі, әні сәніне, сәні әніне астасқан асыл, аяулы Әйгерім– жас жігіттің нақ сүйер сұлу жарының үлгісі... Жағымды әйел образдары көбіне көрікті, сұлу, сымбатты, ішкі сезім дүниесі сәнді, келісті жандар болып келеді.

М.Әуезовтің романдағы әйелдер бейнесін ашу, Абайдың әйел-ана, қыз-тағдыр, махаббаттағы ізгілік идеясын үлгі ету, ұлы ақынның адамгершілік, имандылық қағидаларын өмірлік ұстаным етуге бағыт беруге арналған сабақтағы әдіс-тәсілдерді меңгерту мақсатында өткізілген шебер-сынып өз мәресіне жетті.

Қоғам үнемі жетіліп, дамып отыратындықтан, білім берудің жаңа әдістері мен тың тәсілдері пайда болады, басқаша айтсақ жеке тұлға білім алу арқылы дамитын болса, сол білімге жаңа әдістемелерді енгізуге өзі де үлес қосады. ¥лы жазушы М.Әуезов шығармаларын қазіргі білім беру үрдісіндегі жаңа парадигмалардың негізінде оқып, тану арқылы білімді игеруші тұлғалар өздерінің теориялық, әдістемелік білімдерін толықтырып қана қоймай, оларды өмірде қолдануларына дағдыланады.

 









ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1.Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Алматы, 2012 жыл. ҚР Үкіметінің  № 1080 қаулысы

2.Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Алматы, 2002.

3.Қазақ әдебиетін тереңдетіп оқытудың инновациялық әдістемесі мен технологиясы. Бірінші кітап. 5-11сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал. Қ.О.Бітібаева. Алматы қ. «Дәуір» кітап баспасы, 2012 ж.

4.Ахметова Г.К., Қараев Ж.А., Мұханбетжанова С.Т. Электрондық оқытуды енгізу жағдайында педагогтердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру әдістемесі. Алматы: АҚ «БАҰО «Өрлеу», 2012.

5.Дәулетбекова Ж.Т. Сөз мәдениеті - тілдік білім нәтижесі. Монография. - Алматы: Ғылым мен білім интеграциясы институты, 2017.

6. Әуезов М. Шығармаларының елу томдық толық жинағы. - Алматы: «Дәуір», «Жібек жолы», 2014. 2-том: Мақалалар, әңгімелер, аудармалар, пьесалар. 1921-1925.

7. Жұмажанова Т.Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Мектеп ұстаздары мен болашақ әдебиетші студенттерге арналған - Алматы: Білім, 2009.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!