Мақсаты: «Отан», «Ел» ұғымдарының
адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру. Отанына, туған
жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке
тәрбиелеу.
|
Ресурстар: (құралдар,
мәліметтер)
Өзін-өзі тану кітабы,
өзін-өзі тану дәптері
|
Міндеттері:
∙Отанға, туған жерге деген
махабаттың мәнін түсіндіру;
∙Отанының жарқын болашағына
деген сенімдерін қалыптастыру;
∙Өз білімі мен Отан игілігіне
жұмсай білуге тәрбиелеу.
|
|
Шаттық
шеңбері
Оқушылар шеңберге тұрып,
А.Оңдасыновтың «Алматым» өлеңін орындайды. Әнді оқушыларға
үнтаспадан тыңдатуға да болады.
|
|
Әңгімелесу
Бүгінгі өтіліп отырған тақырып
жайлы ойлануға мүмкіндік туғызу мақсатында төмендегідей сұрақтар
қойылып, балалардың жауаптары
тыңдалады.
Отанға деген сүйіспеншілік,
құрметтеріңді қалай білдіресіңдер?
Елің, жерің үшін жасаған
азаматтық ерлікке жата ма?
Өзіңе «Мен болмасам, кім?»
деген сұрақ қойып көрдің бе?
Педагог әңгімелесу әдістемелік
тәсілі арқылы оқушылардың бойында ұлттық намыс пен ұлттық мақтаныш
сезімін оята отырып, туған елге қызмет етуге деген құлшыныс, елінің
жарқын болашағына сенім ұялату мақсатын көздеуі
тиіс.
|
|
Мәтінмен
жұмыс
Педагог оқушылардың
әңгімелерін қорытындылап, олардың туған жеріне деген ыстық
махаббаты, атамекенді қастерлеуі, халқының атына кір келтірмеуге
талпынастары, өз бойындағы күш-қуаты, білімін халық мүддесінің
игілігіне жұмсауға ұмтылыстары олардың рухани өсулері, Отан
алдындағы перзенттік борыштары екендіктерін ұғындыра түсу
мақсатында оқулықта берілген Қ.Мырза Әлидің «Елге деген махаббат»
өлеңін оқып береді.
|
|
Дәйексөз
Оқулықта М.Әуезовтің «Алтын
анам, Отаным!
Сенен аяр жаным жоқ, сенен
іркер күшім жоқ» деген қанатты сөзі дәйексөз ретінде
берілген.
Мұғалім оқушыларға дәйексөзді
талқылату барысында Отан, мемлекет, ел, жер, ұлт, халық, атамекен
сияқты киелі ұғымдарды қадірлей білумен санада патриоттық сезімінің
қалыптасуына ықпал етеді. Қоршаған ортаның құндылықтарын сезіне
білу, ұлттық патриоттық сананы қалыптастырып, сезім мен қабілеттің
дамуына ықпал етеді. Балаларды отаншылдыққа тәрбиелеу басты мақсат
болса, отаншылдық сана, отаншылдық сезім, отаншылдық іс-әрекет,
өзін-өзі отаншылдыққа тәрбиелеу – оның басты бағыты. Ұлттық
патриотизм ар, намыс, ождан, қарыз, парыз ұғымдары мен түсініктерін
нақтылаудың, білімдерін жетілдірудің ауқымын кеңейтіп, оны
тереңдетуден тұратынын ескерулері
керек.
|
|
Жағдаятты
талдау
Оқулықта «Жағдаяттарды талдау»
айдарында төмендегі тапсырмалар
берілген.
Жағдаяттарды шешіңдер.
Сұрақтарға жауап беріңдер.
Тапсырмаларды орындату арқылы
педагог оқушыларды азаматтық белсенділікке, елге, Отанға қызмет
етуге тәрбиелейді. Оқушылар тапсырманы орындай отырып, өз
іс-әрекеттеріне сыни көзбен қарап, ой елегінен өткізуге, өз
көзқарастарын сыныптастарының көзқарасымен салыстыруға мүмкіндік
алады. Тапсырманы орындау барысында, тек қана дайын ақпаратты
баяндап бермей, өз шешімін, ой қорытындысын, ниеті мен мүддесін
көрсетеді.
|
|
Оқу
ақпараты
Оқулықта төмендегідей ақпарат
берілген:
Халықтың қажетіне жарап,
ұрпақтар мұратының орындалу жолында қызмет ету - әрбір азаматтың
міндеті. Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік, құрмен –
азаматтықтың көрінісі. Елін, жерін сүйетін адам туған топырағының
кешегісін бүгінімен, бүгінгісін ертеңімен жалғастыра алады. Бойында
ұлттық намыс пен ұлттық мақтанашы бар адам өз еліне адал қызмет
етіп, оның жарқын болашағына сенеді. Отанын қастерлеп, білімі мен
еңбегін елінің мүддесіне, игілігіне
жұмсайды.
Оқушылар оқулықтағы «Жаңа
ақпарат» айдарында берілген ақпарат негізінде талқыланып отырған
тақырыпты қалай түсінетіні туралы негізгі ұстанымдарын анықтай
алады. Оқушылар жаңа ақпаратты оқи отырып, өз түсініктерін
салыстырып, толықтыруға мүмкіндік
алады.
|
|
Шығармашылық
жұмыс
Оқушыға тек қана ақпараттар
беріп қана қоймай, өз бетімен ізденуге, теорияны өмірмен салыстыра
қарауына көмектесу мақсатында оқулықта төмендегідей шығармашылық
жұмыс берілген: Төмендегі сұрақтарды қатыстыра отырып, «Елім деп
соғар жүрегім!» тақырыбында эссе
жазыңдар.
|
|
Жүректен
жүрекке
Оқушылар мұғаліммен бірге
шеңберге тұрып, оқулықта берілген Ж.Қашқыновтың «Астана» атты
өлеңін үнтаспаға қойып айтады.
|
|