Материалдар / Елімізді шарықтатып дамытамыз десек, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлуіміз қажет
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Елімізді шарықтатып дамытамыз десек, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлуіміз қажет

Материал туралы қысқаша түсінік
Баланың бірінші кезекте өз ата-анасын сыйлауы, иманды болып өсуі, жанашыр, адал да еңбекқор, кішіпейілдік ізгі қасиеттерді өн бойына сіңіріп, барша жақсы ұлттық құндылықтармен сусындап өсуі, бұл біз берген парасатты тәрбиенің жемісі болмақ.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Сәуір 2018
414
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Баланың жақсысы қызық, жаманы күйік


Кез-келген қоғамның болашағы ұлт тәрбиесіне тікелей тәуелді. Қоғамымыздың кішкентай бөлшегі ол – бала. Шыр етіп дүниеге келіп, ес біле бастаған шақтан өзіне беймәлім нәрселерді білуге, үйренуге ұмтылады. Ата-аналық жауапкершілік те осы кезден бастап күшейе береді. Біздің Асыл дінімізде де бала – өмірдегі сынақтардың бірі ретінде қаралады. Сондықтан да сынақтан сүрінбей өту үшін балаларымызға өмірдегі жақсылықтың, жамандықтың, обал мен сауаптың маңызын, қалай болғанда да жақсы адам болып қалыптасудың жолдарын үйрету. Осы жолда парасатты тәрбие беру – ата-ана үшін ең басты міндеттердің бірі болып табылады.

Баланың бірінші кезекте өз ата-анасын сыйлауы, иманды болып өсуі, жанашыр, адал да еңбекқор, кішіпейілдік ізгі қасиеттерді өн бойына сіңіріп, барша жақсы ұлттық құндылықтармен сусындап өсуі, бұл біз берген парасатты тәрбиенің жемісі болмақ.

Бала кезден темекі, арақ, түрлі есірткі заттар қолданбауға, асыл уақыттарын ойын автоматтарымен өткізбеуге, зинақорлық секілді теріс қылықтардан аулақ болуға, ешкімнің ала жібін аттамауға үндеп отырсақ ол баланың есейе келе қоғамға пайдалы азамат болып қалыптасып шығары сөзсіз. Әдептілік қай кезеңде де - текті тәрбиенің жемісі. Жақсы ұрпақ ең алдымен өз ата-анасының көз қуанышы, қызығы мен сүйініші.

Баланың күтімі, дұрыс жетілуі, оқуы мен тәрбиесі барынша назарда ұсталуы тиіс нәрсе. Ата-ананың білгені мен түйгені неғұрлым жан-жақты тереңірек болған сайын, балаға берілер тәрбиенің де соғұрлым жақсы болары белгілі. Ата-ана баласын мейірімге бөлеп, ойы мен жүрегін ізгілікке бағыттап, өздеріне әрі қоғамға пайдалы етіп тәрбиелесе, ұлтымыздың ұлылығын дәріптейтін халқымызға қаймақ болар тұлғалар өсіп жетілмек. Ал керісінше болып, баланы тек қана материалдық тұрғыда қамтамасыз етумен шектеліп, адамдық қасиеттерге жүрдім-бардым қарап жүрсек онда ол бала қоғамды ішінен ірітетін зиянкес болып өсуі кәдік. Ағаштың түрі мен тіршілігі жалғасу үшін оның тұқымы қаншалықты маңызды болса, адамзат тіршілігі мен ұрпақ жалғастығында да баланың ролі сондай екенін ешқашан ұмытпаған жөн. Бала тәрбиесіне мән бермей, елемей жүрген ұлттың тамыры қурап, көсегесі көгермей, алға басқан қадамы кері кетеді.

Елімізді шарықтатып дамытамыз десек, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлуіміз қажет. Бұған немқұрайды қарауға болмайды.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!