Материалдар / Елімнің тұңғыш Президенті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Елімнің тұңғыш Президенті

Материал туралы қысқаша түсінік
Елбасы күніне орай жазылған эссе
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2020
331
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Елімнің тұңғыш Президенті

Қарап отырған суретімде үлкен адамның портреті. Ондағы бейне ақыл мен мейірімді көздердің, қырағылық пен қаталдықтың ажары. Суретке қарай кеудемді аса құрмет пен ризашылық, мақтаныш кернеуде. Бұл менің баға жетпес Отанымның – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Өз ұлтына, өз еліне деген сүйіспеншілік пен патриотизмнің үлгісі. Отыз жыл бұрын өз Тәуелсіздігін алып, Н.Ә. Назарбаевты Президент сайлаған еліміз еш қателеспеді. Осы үлкен уақыт аралығында елімсіздің экономикасы мен саясатында үлкен қадамдар жасалды. Қазақстан Республикасының мың тоғыз жүз тоқсан бесінші жылы Кониститутциясы қабылданып, мәңгілік елдің дүниеге келуіне, болашаққа нық қадам басуына себепкер болды.

Еліміздің астанасы – Астана қаласы өзге қалалардың дамып өркендеуіне, алға талпынуына үлгі болды. Ол EXPO-2017 көрмесі үшін таңдалған болатын. 2017 жылы әлемнің түпкір-түпкірінен мыңдаған саяхатшылар біздің еліміздің таңқаларлық архитектурасы мен сұлулығына куә болды. Сонымен қатар еліміз Қазақстанды әлемге танытып жүрген спортшыларымен де мақтана алады.

Елімнің жетістіктері туралы ойлағанда ата-анамның естеліктері, СССР құлағанынан кейінгі қандай қиын кезеңде өмір сүргендері есіме түседі. Бұл қорқыныш пен уайымға толы халық үшін өте ауыр кезең болды. Халық елді аяғынан тік тұрғызатын көшбасшыға зәру болды. Дәл осы, қиын кезеңде салы суға кеткен елдің тізгінін қолына алып – Нұрсұлтан Әбішұлы еліміздің тұңғыш Президенті атанды. Қиын қыстау кезеңде бір мемлекеттің жауапкершілігін өз мойнына алудан қорықпаған ұлы тұлға, көшбасшылыққа икемділігі мен сенімділігі бала кезінен қалыптасқан. Ата-анасы, Әбіш пен Алжар Отанға үздіксіз адал қызмет етумен қатар, балаларын отансүйгіштікке тәрбиелеген.

Н.Ә.Назарбаевтың Президент болған уақытта еліміз көптеген елдердің құрметіне бөлене отырып, ТМД, БҰҰ, ЕҚЫҰ мүше болды. Біздің үлкен мейірімді еліміздің Тәуелсіз аспанының астында 130-дан астам ұлт өкілдері бір отбасындай бейбіт күн кешуде.

Қазақстан – менің Отаным! Мен, менің Отаным менімен мақтануы үшін соңғы күш-жігерім қалғанша еңбек етемін. Өз мақсатыма жету үшін мен нық сеніммен алға қадам баса аламын, себебі менің елімде жастардың болашағына баса назар аударылады. Елімнің тұңғыш Президентінің суретіне қарап отырып, оның бар болмысымен «Тек қана алға!» деп тұрғанын ұғындым. Бұл болашақ ешқандай індетсіз, мейірімді болашақ!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!