Материалдар / Елжанды ұрпақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Елжанды ұрпақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тарихындағы батырлар туралы айтылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қазан 2020
420
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алматы қаласы Алатау ауданы

182 ЖББМ тарих пәнінің мұғалімі

Шүлембаева Д.М.

Батырлар тарихы халыққа үлгі

Жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп, қызмет етуден аянба!

Бауыржан Момышұлы.

Әр адамның атамекені, Отаны, отбасының өсіп-өнген жері, кіндік қаны тамған жері бар екендігі ақиқат. Біздің бабаларымыз Алаш, алаш болып, Алаша хан болып, үш жүздің басын біріктіріп, қазақ хандығын құрып, тәуелсіздігіміздің көк байрағын желбіретуі бағзы замандардан қазақтың тәуелсіз, еркін халық екендігін көрсетеді. Отандар мен елдер тарихында халқын қорғайтын ұлы батырларының ерлігі тарихқа таспен жазылған. Бұған айқын дәлел, ерлікті уағыздайтын батырлар жыры, ерлік туралы дастандар мен ертегілер.Сонау бағзы замандардан келе жатқан Алпамыс пен Қобыланды, Ер Тарғын, Көрұғлы, Ертөстік, КерҚұла атты Кендебай тағы да басқа шығармалар өткен күндердің ерлігінің мәңгі екендігін айқындайтын асыл жәдігерлер.

Соның бір мысалы: ... Алмасқа жауды тілгізген

Дұшпандық қылған залымның

Дарға басын ілгізген,

Ғәждембектей ағамның

Төбесін көкке тигізген

«Көрұғлыны айтсам болар ма?

Оған көңілің толар ма?- деп термелеген халық жыраулары тағы да бір рет

Күлдір де күлдір кісінетіп

Күреңді мінер ме екенбіз

Күдеріден бау тағып

Кіреуке киер ме екенбіз

Жағасы алтын жеңі жез

Шығыршығы торғай көз

Ақсауыт киер ме екенбіз

Орқояндай жүгіртіп

Аш күзендей бүгілтіп

Жолбарыстай шұбарды

Таңдап бір мінер ма екенбіз

Сол шұбарды мінген соң

Қоңыраулы найза қолға алып

Қоңыр салқын төс бағып.

Қол төңкерер ме екенбіз

Жалаулы найза қолға алып

Жауға шығар ма екенбіз

Тобылғы түбі құралай

Таңдап бір атар ма екенбіз

Жарлауға біткен жапырақ

Жамылсақ тоңар ма екенбіз

Жазыққа біткен бүлдірген

Сұғынсақ тояр ма екенбіз-деп келбетін келістіре жырлаған. Қазақ тарихында талай боздақ қыршын кетіп, талай боздақ Отаны үшін опат болды. Қазақтың халық болып қалуы үшін талай рет тағдыр талқысынан өтіп, заманалардың ащы запыранын жұтуға тура келген. Осы жолда бабаларымыз етігімен су кешіп, «қара қазан, сары бала қамы үшін», ауыр сындардан өткені анық. Батырлық кез келген адамда бола бермейтін асыл қасиет, себебі батырлар ерлік жолында өз жанын құрбандық етуге дейін баратын болғандықтан бұл қасиетке ерекше Отанын сүйетін асыл ерлер ғана ие. Түркі кезеңінде де ерекше ел билеген батыр бабаларымыз болған, олар өз тағдырын бекерге өткізбегенін тасқа қашап жазып кеткен. Күлтегін, Тоныкөк жазбаларында «елім үшін күндіз күлкі көрмедім, түнде ұйқы көрмедім»,-дейді. «Батырлар турасындағы әңгіме- халықтың жаны, рухы турасындағы әңгіме. Батырлары қандай болса, халықтың рух жағы да сондай болған»-дейді ғалым Ахмет Байтұрсынов.[1]Толғаулар мен жыр-дастандары батырлар ерлігін жырлаумен құнды десек артық айтқандығымыз емес, себебі осы туралы «бірде-бір мәнді оқиғасы, бірде-бір керемет кісісі туралы айтылмай қалғаны, халық жадында сақталмай қалғаны жоқ»,-деген екен Шоқан Уәлиханов.[2] Қазақ мемлекет болып қалыптасқаннан кейін де Жәнібек пен Керей, Хақназар мен Салқам Жәңгір, Еңсегей бойлы ер Есім бабаларымызды қалайша батыр демеске. Б Кенжебаев «Ерлік біздің дәстүріміз»-деген мақаласында былай делінген: «Халқымыздың бұл ерлік, батырлық дәстүрі қазақтың ауыз әдебиетінде, батырлар туралы жырларында толық суреттеледі. Атышулы Едігенің, Қобыландының, Тарғынның, Сайынның, Қамбардың тағы тағылардың ерліктері тек қана бір батырдың ерлігі емес, халық ерлігінің бейнесі»-деген.[ 3].Халықтың қорғаны жаулардан өз елін қорғаушы, ел қамын ойлаған халық батырларының бейнесі қазақ халқының мақсат-мүддесіне сай келген. Қазақ халқы «жақсы ердің ісі ортақ, қамқор ердің күші ортақ»деп қарап, алып дастан-жырларға арқау еткен. Кейбір батырлардың образын халық сүйетіндігі соншалықты оларды өлтіруге қимай идеалға айналдырады. Сөйтіп батырлар образы халық санасында мәңгіге жасап-жаңғырып келе жатуы да осында ма деп ойлайсың. Жоңғар шапқыншылығы да қазақ халқына үлкен ауыртпалықтар тіпті қазақ даласының қасіретіне себепші болған үлкен нәубет әкелді. XVII ғасырдың басында құрылған Жоңғар хандығының XVIII ғасырдың 60 жылдарына дейінгі аралықта Қазақ хандығына үлкен қауіп төндіргені тарихтан белгілі.Негізі бұл жер үшін болған соғыстар еді. Кең-байтақ, ұшса құс қанаты талатын Алтайдан Атырауға дейін созылған қазақтың кең даласы жоңғар қалмақтарының көз құртына айналып еді. Атақты Орбұлақ шайқасында 600 жауынгермен 50 мың жоңғар әскеріне қарсы аттанған Жәңгір бабамыздың ерлігіне сүйсінбеске амалың жоқ. Осы турасында, Ресейд»ң Жоңғарияға барған елшілері Г Ильин мен К Кучеле (Кучембердейке). Олардың 1644 жылғы хабарламасында:Біз барғанда қонтайшы ұлысында болған жоқ...50 мың әскермен Қазақ ордасының Жәңгір сұлтанымен, Жалаңтөспен және Алатау қырғыздарымен соғысуға кеткен екен,-деп жазылған. Бірақ халха билеушісі Алтын ханның ұлы Омбы- Ерденемен, хошоут билеушілері Үшірті «Сесенхан» қонтайшымен және Шокур, Солжан тайпаларымен одақ құрған Батыр қонтайшы Жәңгірдің қазақтарды біріктіру жоспарын жүзеге асырмау мақсатында 50 мың қолмен жедел жорыққа атанды. Жолшыбай жоңғар шеріктері Алай және Тоқмақ қырғыздарының аумағын, бірсыпыра қазақ ауылдарының шапқыншылыққа ұшыратып, 10 мың адамды тұтқындағаны туралы хан ордасы-Түркістанға хабар жетті. Жәңгір шұғыл әрі батыл шешім қабылдап, қазақ жеріне ішкерілеген жоңғарлардың жолын кесу үшін білтелі мылтықпен қаруланған 600 сарбазбен қарсы аттанды. Әлемдік соғыс өнерінің жылнамасына енуге лайық Орбұлақ шайқасында Жәңгір мылтықпен қаруланған 300 адамды тау ішіндегі тар өзекке ор қазып бекінуге, ал екінші жартысын жоңғарлар тар өзектегі орға жеткенше таудың арғы бетіне жасырына тұруға бұйырады. Оның ойлағаны айнымай келіп, Батыр қонтайшы қаймықпай қорғанған ор-бекініске шабуыл жасайды,сол сәтте Жәңгір жауға ту сыртынан лап қойып, білтелі мылтықтарынан оқ жаудырады. Алғашқы шайқаста ойраттар жағынан 10 мыңдай адам өледі, қалған 40 мыңдай қолмен екінші рет келіп тиіскенде ұрыс жүріп жатқан жерге Самарқаннан 20 мың қолмен Жалаңтөс батыр көмекке келіп үлгереді. Нәтижесінде жоңғарлар жеңіліп, кері қуылып тасталады. 1993 жылы 3 шілдеде Алматы облысы Панфилов ауданындағы Белжайлау алабында ұлы жеңістің 350 жылдығына арналған той өткізілді. Ұрыс болған жердің атауы Орбұлақ, ал оқиға Орбұлақ шайқасы деп аталып, гранит тастан белгі қойылды.[4] Ұлы жеңіске арғын Ағынтай, Қомпай, найман Көксерек, Бөдес, шапырашты Қарасай, төртқара Жиембет жырау, қаңлы Сарбұқа, суан Елтінді, дулат Жақсығұл, қырғыз Көтен, мен Табай тағы басқа батырлар үлес қосқан.[5] Биыл 2015 жылы 100 жасқа толған батыр ұлдарымыздың бірі Мәлік Ғабдуллин «қазақпын деген сөзді мен:ұлтын сүю, халқын, елін, туып-өскен жерін сүю, халқының батырлық, ерлік салтын, елдік дәстүрін сүю, ғасырлар бойына жасалған ұлттың әдебиет пен мәдениетін сүю; өз ұлтына адал, қызмет ету; өз ұлтының басқалардан артта қалмай, солармен қатарлас (кейде солардан асып түсуі) болуын көксеушілік; соған ұмтылушылық, халықтар достығын қадірлеп, қорғап отырушылық, досқа досша көмектесіп, достың жауымен өз жауыңша күресушілік деп түсінемін»,-деп ойын аша түседі. «Мен қазақпын десем», оным қазақты асыра мақтап, басқалардан ерекше .

Ерлік дегеніміз не? Бұл адамға туа біткен қасиет емес, дұрыс жүргізілген әскери тәрбиенің жемісі. Ержүректілік пен батырлықты найзаласқан қолма-қол ұрыстан көргісі келетін адам қателеседі.

Ерлік табиғат сыйы емес, ең алдымен өзіңнің ар-намысыңды және азаматтың қасиетті абыройын ұятқа қалу, опасыздық пен масқара болу сезімінен қорғай отырып, адамның ең ұлы сезімін-азаматтық парызын орындау үшін, осындай адамгершілік, теңдікте өзіңмен сайысқа түсе отырып, тұтас коллектив өмірінің игілігін ғана емес, сонымен қауіп-қатерін де бөлісіп, жауды барынша жою, жанға жанмен, қанға қанмен аяусыз кек алу жолымен жеке басыңды және отандастарыңды қауіпсіз етуге ұмтылу, саналы түрде қауіп-қатерге бас тігуге мәжбүр ету»-дейді Бауыржан Момышұлы...

Жылдар мен дәуірлер сырғып өтсе де, ерлік жасау ең ұлы адамдардың ісі ретінде жалғаса бермек. Ерлікке тәрбиелеу: сенімді түрде шешімділік жасау кезіндегі сақтық- батырдың басты қасиеті. Ойланбай көзсіз жасалған ерлік-батылдық емес, есерсоқтық және оны ерлік деп атауға келмейді»-деген екен Бауыржан Момышұлы. Батырлықтың халықты қорғаумен ерекше нұрланып көзге түсіп тұратыны рас. «Алашта ер жетпейді Кенекеме»,-деп жырлаған Кенесары Қасымұлының ерлігі ерекше бір төбе. 1895 жылы Ф. Брокгауз бен И Эфрон танымал энциклопедиялық сөздіктерінде: «Кенесары есімі ол қаза болысымен-ақ аңызға айналды да өздерінің батыры туралы жыр-қисса тудырған Ақмола, Торғай қырғыздары(қазақтары) арасында осы кезге дейін айтылып келе жатыр». Ғалым Е Мырзахметов өз зерттеулерінде 1989 жылы Санжар Аспендияровтың 100 жылдығына арналған конференцияда баяндама жасаған өзбек ғалымы М Махмұдов: «Кенесары- қазақ халқының ұлттық батыры!»-деп айтқанын келтірген.[6] Қазақтың соңғы ханы Кенесарының жазған хаттарынан деректер келтіре кетсек «орыстар неге бізге жер сыйлауда, ол жерлер онсыз да бізге тиісті ғой...Қазір күн сайын біздің жерлерімізді тартып ала отырып, ол жерлерге бекіністер салып, сонысымен халықты өте қиын жағдайға жеткізуде. Бұл тек біздің болашағымыз үшін ғана емес, сонымен бірге бүгінгі өмір сүруімізге де қауіпті.Кенесары Қасымұлы қазақ жерінің отарлануына үзілді-кесілді қарсы шыққан тұлға.Кенесарының патша үкіметі тартып алған жерлерді қайтаруды және салынған бекіністерді жоюды, алым жинау мен әр түрлі салық салуды тоқтатуды талап етуі және бұрын қазақтарға тиесілі болған жерлерді қайтару үшін Қоқан мен Хиуа хандықтарымен күресуі- қазақ халқының өмірлік мүдделеріне сай еді.[7].Кенесары әскері ішінде қазақтың үш жүзінен аса беделді, аты жұртқа әйгілі батырлары болған. Шұбыртпалы руынан шыққан Ағыбай(орта жүз- Қарқаралы), сүйіндік Жанайдар батыр( Орта жүз- Баянауыл), Қыпшақ(Орта жүз).



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

[1]. А Байтұрсынов. Ер Сайын жыры.Алматы. 1996ж 25-бет.

[2] .Ш Уәлиханов. Абылаймен оның батырлары туралы аңыз. Алматы.13-бет.

[3]. Батырлар жыры. Алматы.1998ж. 1 том. 115-бет.

[4]. Батырлар жыры.Алматы.1998ж. 2 том. 116-бет.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!