Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Емтиханға дайындық жұмысы " Оқылым мәтіндерімен жұмыс"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жоғары сынып мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқылым мәтіндерімен жұмыс


Мәтіналды жұмыс


Қазіргі таңдағы тіл саясатының басым бағыттарының бірі – мемлекеттік тілді дамыту мен оның қолданылу аясын кеңейту болса, оның кешенді тармағы – тәуелсіз мемлекетіміздің болашағына адал қызмет ететін мемлекеттік тілді жетік меңгерген оқушылардытәрбиелеу болып табылады. 

Оқушылардың сөйлеу тілін мәтіндер арқылы дамытуды жүзеге асыру нәтижесінде олардың қазақ тілінен білімдері толықтырылып, мәтінмен жұмыс істеу дағдылары жетілдіріледі.  

Мәтін алдындағы жұмыс түрлері мынадай бағытта жүргізіледі: сөздіктермен жұмыс, сөзжұмбақ шешу, сұрақтармен жұмыс жасау, кестемен жұмыс, диаграмма құрастыру т.б.


Мысалға «Қасиетті құс - бүркіт» атты мәтінге келмес бұрын мынандай жұмыстар жүргізуге болады.

Айтылым


1. Сұрақтармен жұмыс


Қазақстанда қандай құстарды білесің?

Қызыл кітапқа енген құстарды білесің бе?


2. Суреттермен жұмыс


Төменде бірнеше құстардың суреттері бейнеленген солардың ішінен оқушы қасиетті құсты табу қажет.



3. Жаңа сөздермен жұмыс



Қыран, сұңқар, лашын, ителгі.


Қасиетті құс – бүркіт

Бүркіт сұңқар тәрізділер қаршыға тұқымдасының қырандар туысына жататын, және бірбеткей саналатын, мекенді жыртқыш құс. Латын тілінен аударғанда «Алтын қыран» деген сөзді білдіреді. Себебі бұл атау латыншадан алғанда өз жемтігін бүріп қысып, ұшып жүріп тырнағымен бүріп ұстап қанталап алатын жыртқыш. Түркі халықтарының көпшілігі осы жыртқыш құсты «бүркіт» деп атайды. Бүркіттер жұптасып тіршілік жасайды. Таулы жерде көп мекен етеді. Алматы облысының таулы аймақтарында көптеп кездеседі. Бүркіттің аяғы төрт саусақты: артқысы тегеурін, ішкісі жембасар, ортаңғысы сығым, шеткісі шеңгел. Қыран бүркіт – батылдықтың, мықтылықтың, ерліктің, бостандықтың құсы.

Бұрынғы ата бабаларымыз бүркіт қасиетті құс болғандықтан, сұсынан жын шайтан қашады деп бүркітпен аластауды салт етіп ұстаған. Көршінің не болмаса көрші ауылдың үйлеріне бақытсыздық орын алған жағдайда, не болмаса жұмыстары жүрмесе, беймаза күндері болса, не болмаса отбасы мүшелерінің біреуі қатты сырқаттанса, үйдің бүркітімен аластатып ұшықтап алатын.

Қазақ ауылдарына тараған сырқат адамдарды емдеу, шипалық емдері болған. Ол тәсіл бүркітпен емдеу еді. Бұл ем көбінесе жын шайтаннан, бір жаманнан қатты қорыққан, шошынған, ұшынған, есалаңмен, басында ауытқулары бар адамдарды Бүркітпен сауықтыру қолданылып келді. Сырқатын емдегенде көбінесе қартайған қыран құстар таңдалынады. Себебі жасы келген бүркіттің қуаты мен емі күшті. Саңқылдап шақыратын бүркіттердің дауысынан жын шайтандар қашып кететін.

Сырттан үйге кірерде әуелі шаңыраққа, сосын сол үйдің оң жағында бүркіт отырған жерінде бүркітке де сәлем көрсеткен. Бүркіттің алдын кесіп өтсе, бүркіттің сағы сынады деген. Егер амалсыздан бүркіттің алдынан өткен жағдайда, бісмілләләп өткен.

Көп уақыт өмір сүріп, бүркіт қартайып өлген кезінде, құсбегілер құрметтеп жерлеген. Денесін ақ шүберекке орап, мекен еткен жерінің биік төбесіне ұясының қасына жерлеген. Ескерткіш үшін басын кесіп, іліп те қойған. («Адырна» этнографиялық кітабынан)

1.Мәтінде бүркіт қандай құс ретінде суреттелген?

  1. Жыртқыш

  2. Жыл құсы

  3. Қыртөсті

  4. Қыртөссіз

  5. Жүзетін құс


2. «Алтын қыран» деп аталуы қай тілде аударылған?

  1. Скандинавия

  2. Ағылшын

  3. Француз

  4. Грек

  5. Латын

3. Мәтін бойынша бүркіт көп мекендейтін аймақ

  1. Жыра

  2. Таулы

  3. Ойпаң

  4. Жазық

  5. Қырат


4. Бүркіт Қазақстанның қай облысында кездеседі?

  1. Ақмола

  2. Жамбыл

  3. Алматы

  4. Орал

  5. Қарағанды


5.Мәтін бойынша қазақ ауылдары бүркітті қандай мақсатта пайдаланған?

  1. Аластау

  2. Аңшылық

  3. Әуестену

  4. Даралану

  5. Сауық-сайран


6. Сырқатты емдегенде пайдаланылған құстар

  1. Тірнек

  2. Балапан

  3. Тас түлек

  4. Көк түбіт

  5. Қартайған


7. Жасы келген бүркіттің таңдалу себебі

  1. Қуаты мен емі күшті

  2. Тырнағы мен қанаты күшті

  3. Тегеуріні мықты

  4. Қарттығы себепті

  5. Мықтысы үлкені


8. Құсбегілер қартайып өлген бүркіттің қай дене мүшесін ескерткіш ретінде іліп қойған?

  1. Бас

  2. Көз

  3. Қанаты

  4. Тұмсығы

  5. Тырнағы


9. Мәтін бойынша тірек сөз.

  1. Бүркіт

  2. Қыран

  3. Сұңқар

  4. Лашын

  5. Ителгі


10. Қай азат жолда бүркітті емдеу түрі туралы айтылады?

  1. Бірінші

  2. Екінші

  3. Үшінші

  4. Төртінші

  5. Бесінші


Мәтіналды жұмыс

Айтылым


1. Сұрақтарға жауап бер.


Аңыз, ертегілерге сенесің бе?

Жалмауыз кемпір, сиқырлы кілем туралы ертеғілерге қызығасың ба?

Теледидардан мультфильмдер мен ертеғілерді көресің бе?

Бүғін сабақтың тақырыбы не туралы деп ойлайсың?

2. Жазылым


Оқыған ертегілерің мен көрген кинофильдегі кейіпкерлердің аттарын жаз.


3. Айтылым


Мына кейіпкерлерді ата. Олар туралы қандай шығармаларды білесің?



Жаңа сөздермен жұмыс



диірмен, диірменші, күміс, пейіл.




Бай мен кедей

Ертеде бай мен кедей көрші болады. Кедей диірменге барса, байдын балтасын сұрап алады. Бір күні кедей диірменге барып, балтасын ағып жатқан диірменге түсіріп алады. Ол диірменшіге: «Балтамды алып бер»,- дейді. Ол қолын диірменге салып, бір алтын балтаны алып шығады. Ол кедейден : «Мынау ма сенің балтаң?» - деп сұрайды. Кедей: «Жоқ. Бұл менің балтам емес», - дейді. Диірменші екінші рет қолын салғанда, күміс балтаны алып шығады. Сонда диірменші оған : «Мынау ма сенің балтаң?» - деп сұрайды. Кедей : «Жоқ. Бұл менің балтам емес», - дейді. Сонда диірменші үшінші қолын салғанда, бір ағаш балтаны алып шығады. Ол кедейден : «Мынау ма сенің балтаң?» - деп сұрайды. Сонда кедей : «Иә, осы менің балтам», - дейді. Сонда диірменші : «Пейілің таза адам екенсің. Сондықтан мына алтын балтаны ал!» - дейді. Ол үйіне барып, не болғанын айтып береді. Балтаны ағып жатқан диірменге қалай түсіргенін айтады. Бай кедейдің айтқанының бәрін қайталап істейді. Ол балтасын суға түсіріп, диірменшіге : «Балтамды алып бер», - дейді. Сонда диірменші алтын балтаны алып шығады. Ол байдан : «Мынау ма сенің балтаң?» - дейді. Сонда бай : «Менің балтам!» - дейді. Диірменші оған : «Сен өтірік айттың, сен қара ниетті адамсың. Мынау сенің балтаң емес!» - деп өзінің ағаш балтасын береді де, ұрып-соғып қуып жібереді. (Қазақ ертегілері)


1. Байға тән қасиет

  1. Адалдық

  2. Сараңдық

  3. Еріншектік

  4. Мейірімділік

  5. Жұмсақтық


2. Диірменшінің кедейге риза болу себебі.

  1. Кедейдің адалдығы

  2. Кедейдің жұмсақтығы

  3. Кедейдің байсалдылығы

  4. Кедейдің еңбекқорлығы

  5. Кедейдің әділдігі


3. Мәтінге арқау болған зат

  1. Кетпен

  2. Балта

  3. Орақ

  4. Кітап

  5. Кілт


4. Мәтінге сәйкес мақал

  1. Бейнетсіз рахат жоқ.

  2. Өтірік сөз өрге баспас.

  3. Алтын тыққан адам аштан өлер.

  4. Алаған қолым – береген.

  5. Қолы ашықтың – жолы ашық.


5. Антоним сөздер.

  1. Бай, кедей

  2. Балта, балға

  3. Диірменші, бай

  4. Диірмен, диірменші

  5. Алтын, күміс


6. Байдың диірменге келген себебі

  1. Өз балтасын жоғалтқандықтан

  2. Алтын балтаға қызыққандықтан

  3. Кедей балтасын иемденгісі келгендіктен

  4. Алтын мен күміс балтасын жоғалтқандықтан

  5. Диірменге ұн тарттырмақ болғандықтан


7. Мәтінде берілмеген ақпарат

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.10.2020
1816
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12