Материалдар / "Емтиханға қалай жақсы дайындалуға болады?" психологиялық кеңес
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Емтиханға қалай жақсы дайындалуға болады?" психологиялық кеңес

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп түлектеріне психологиялық кеңес
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Маусым 2019
1426
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЕМТИХАНҒА ҚАЛАЙ ЖАҚСЫ ДАЙЫНДАЛУҒА БОЛАДЫ?

Мақсаты: Емтиханға дайындалудың тиімді әдістерімен таныстыру, танымдық қабілеттерді дамыту.                

  1. Сәлемдесу

Қатысушылар өткен аптада өздерінде болған жақсы оқиғалар жайлы айтып береді.

  1. «Радиодан айтқан»

Қатысушылар шеңбер бойымен жүргізушінің айтқандарын орындайды: қолымызды көтереміз, қолымызды жібереміз, тоқтаймыз, айналамыз, шапалақтаймыз және т.с.с. Жаттығуды орындау үшін жүргізуші алдымен «радиодан айтқан» деген сөзді айтып бастау керек. Сол кезде ғана жаттығу орындалады. Ал ол сөзді айтпай, команданы орындағандар шеңберден шығады.

  1. Моралды тұрақтылық (тест)

Қатысушылар төмендегі тұжырымдармен келіссе «иә», келіспесе «жоқ» белгілерін қою керек

  1. Мен әрқашан өзімнің айтқан сөзімде тұрамын және басқалардың алдындағы өз борышымды орындаймын.

  2. Мен достарыма үнемі және бар ынтаммен көмектесемін.

  3. Мен әділетсіздікті көрсем ыңғайсызданамын.

  4. Адамдардың дөрекілігі мен тәрбие көрмегендігі менің ызамды келтіреді.

  5. Мен кекшіл адам емеспін, адамдарға кек сақтамаймын.

  6. Мен жануарларды жақсы көремін.

  7. Мен үлкен кісілердің жасы мен кемеңгерліктерін сыйлаймын.

  8. Басқалармен қарым-қатынаста ғана емес өзіме де шыншыл болуға тырысамын.

  9. Өз мәселелерімді шеше отырып, басқалар туралы да ойлауды ұмытпаймын.

  10. Мен сыйлық жасағанды, адамдардың қуанғанын ұнатамын.

Нәтижесі: Әрбір «иә» деген жауапқа 1 баллдан қойып, нәтижесін шығарыңыз.

1-3 балл. Сізде өте жоғары моралдық тұрақтылық. Мүмкін бұл туралы сіз ойламаған шығарсыз немесе бұл сіздің басқа біреулерден алған тәрбиеңіз. Бұл жағдайда сізге сәті түспеді. Сіз осылай өзгергіңіз келсе күнделікті өз әрекеттеріңіз жайлы ойлануға кеңес берер едік.

4-6 балл. Сіз көбінесе қоғамда орын алған моралдық нормаларды басшылыққа алып өмір сүруді жөн көресіз. Бірақ, сізге осы нормалар ішкі қажеттілігіңізді өтеу үшін жұмыс жүргізу керек.

7-10 балл. Сіз қажетті деңгейде қоршағандар теңесе алатын идеалды адамсыз. Бірақ сонда да осы райыңыздан таймай, өзіңізбен жұмыс жасауды әрі қарай жалғастыру керек.

  1. «Емтиханға қалай дайындалу керек?» Шағын дәріс

Психологиялық тұрғыда қалай дайындалу керек?

Қиын  ситуация  кезінде  өзіңді  жоғалтып  алмау  үшін,  шамадан  тыс мақсат пен міндет қоюдың қажеті жоқ.

Барлық нәрсені біртіндеп жасаған жөн Емтиханға алдын-ала, біртіндеп, тыныштықты сақтап дайындала баста. Егер  ойды  жинақтау  қиын  болса,  жеңілін  есте  сақтап, сосын қиын материалды  үйрен. Ішкі  қатаюдан, шаршағаннан  арылу  үшін  жаттығуды  күнделікті  орында.

Көзің шаршаса не істейсің?

Емтиханға  дайындалу  кезінде  көзге  ауырлық  түседі. Егер  көзің  шаршаса, онда  ағзаң  шаршайды. Мұндайда  емтихан  тапсырмасын  орындауға  күшің жетпейді. Сондықтанда  көзіңнің  демалуына  жағдай  жаса. Кез келген жаттығуды орындау керек.

  • кезегімен  жоғары-төмен  жиырма  бес  секунд, оңға солға он бес  секунд  қара;

  • көз қарашығыңмен аты-жөніңді жаз;

  • ұзақтығы  жиырма секунд бір затқа, сосын  алдыңдағы  қағазға  жиырма  секунд  көзіңді тік;

  • сағат тілінен кері қарай, көз қарашығыңмен квадрат, үшбұрыш сал.

Күн тәртібі

Бір күнді үш бөлікке бөл:

  • емтиханға дайындық күніне сегіз сағат;

  • спортпен  айналысуға, таза ауада серуендеуге, би  алаңына  баруға  сегіз сағат;

  • сегіз сағаттан кем ұйықтама және қажет болса түсте демалып ал.

Тамақтану

Тамақтану  үш-төрт  реттен  және  дәрумендерге  толы  болуы  керек. Тамақтанғанда  грек жаңғағын, сүт өнімдерін, балықты, етті, көкөністі, жеміс-жидекті, шоколадпен қоректену керек. Тағы да бір кеңес: емтихан  алдында  көп тамақтанбау  керек.

Сабаққа арналған орын

Жұмыс кеңістігін дұрыс ұйымдастыр. Үстел  үстіне  сары  және  күлгін  реңкті суреттер  мен  заттар  қой, өйткені  ол  интеллектуалдық  белсенділікті арттырады.

Үлкен материал қорын қалай есте сақтау керек

Материалды сұрақтар бойынша қайтала.

Алдымен еске түсір және міндетті түрде білетініңнің барлығын қысқаша жаз, сосын  даталар мен фактілердің  дұрыстығын тексер. Кітапты  оқу кезінде  жауаптың  тірек  пунктері мен  негізгі ойлаудасыз. Кішкене қағаздарға  әрбір  сұраққа  жауаптың  қысқаша  жоспарын  құруды  үйрен. Емтиханнан  бір  күн  бұрын  жауаптардың  қысқаша  жоспарын  қарап шық.

  1. Кинезиологиялық жаттығу

Мақсаты: Танымдық қабілеттерді ынталандыру                

Нұсқау: Бас бармақпен және сұқ саусақпен барлық саусақтарды алдымен 

артын, сосын  алдын басу қажет. Сосын келесі қолды жасаған дұрыс.

Мақсаты:Қимыл координациясын дамыту            

Нұсқау: Қолды  алға  қойып, алақаныңызды  ашып  ұстаңыз. Кішкентай  бөбек  саусағыңызды  бүгіп, қалғанын  тік  қойыңыз. Қолды  оңнан  солға, ал  аяқты солдан оңға қарай айналдырыңыз. Сосын келесі аяқ пен қолға өтіңіз. Қолыңызды тізеңізге айқастырып қойыңыз.

Бұйрық бергенде шапалақтап қолды ауыстырыңыз.

  1. Дәріс материалын талқылау

  2. Рефлексия

Қатысушылар сабақтан алған әсерлері туралы ой бөліседі.












Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!