Материалдар / Эндокриндік бездердің қызметі және оларға байланысты аурулар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эндокриндік бездердің қызметі және оларға байланысты аурулар

Материал туралы қысқаша түсінік
Эндокриндік бездердің қызметі және оларға байланысты аурулар туралы материалдар мен тапсырмалар 8 сыныпқа арналып жазылды
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Наурыз 2024
210
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚМЖ

Мұғалімнің аты-жөні:

Нұрмаханова А

Пән/Сынып:

8 д

Сабақтың тақырыбы:

Эндокриндік бездердің қызметі және оларға байланысты аурулар

Оқу мақсаты:

8.1.7.7 эндокриндік бездер қызметінің бұзылуынан туындаған ауруларды атау


Бағалау критериі:

эндокриндік, экзокриндік және аралас бездердің айырмашылықтарын түсіндіру;

эндокриндік, экзокриндік және аралас бездердің мысалдарын келтіреді.

Құндылығы

Талап: сыни тұрғыдан ойлау, салауатты өмір салтын ұстану


Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі


Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Жеке жұмыс

Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Оқушының іс әрекеті

Бағалау

Ресурстар


1 минут


Ұйымдастыру

Сыныпты 1,2 сандары арқылы бөлу

Миға шабуыл : өтілген материалмен жұмыс

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында осы тақырыпқа сәйкес келетін А.Беляевтың “Жүзін жоғалтқан адам” романы бойынша үзіндіні оқып келуге тапсырылды.

Романнан үзінді:
Беляевтің 1929 жылы жазылған  «Жүзін жоғалтқан адам» романынан да жазушының сәуегейлігін байқауғаболады. Роман қаламгердің заманында дами қоймаған генетика мен эндокринология саласының жетістігін баяндайды. Оқиға Сан-Франциско мен Ресей арасында өрбиді. Шығарманың бас кейіпкері Тони Престо ергежейлі әрі ұсқынсыз болады. Оның кемістігін Питч өз пайдасын аасырып, циркке қызметке алады. Құбыжық бейнесімен Тони балаларды қуантып жүріп, керемет атақ-даңққа қолжеткізеді. Алайда жеке өмірі сәтсіздікке толы еді. Ол Американың сұлу актрисасы Гедда Люкске өлердей ғашық болады. Ал халықтың хас сұлуы құбыжықты менсінеді дейсіз бе?! Гедда бірнеше рет Тонидің сезімін кері қайтарады. Махаббатта жолы болмай жүргенде ергежейлі физикалық кемістікті жоя алатын орыс дәрігері Сорокин жайлы естиді. Сөйтіп Престо жасырын түрде дәрігерге жол тартады. Атағы мұхит асқан ақхалатты сол заманда медицина үшін әлі арман болған гормоналды терапияның көмегімен құбыжық Тониді нағыз ханзадаға айналдырады. Шын мәнінде цирк әртісі кретинизм дертімен туылған көрінеді. Сырқаттың кесірінен оның бойы өспей, түр-әлпетінде ақаулар болған. Дәрігер Престоны кретинизмнен айықтырады, яғни Тонидің сау болып туылған жағдайдағы шынайы денсаулығын, келбетін қайтарады. Еліне қайтқан сұңғыла бойлы мен әдемі ажарлы әртісті ешкім тани алмады. Тони Гедданы өзі екеніне әрең сендіргенімен, қыз жігіттің бетін тағы да қайтарады. Престо циркке де қайта орала алмады. Ғажайыпты армандаған жігіттің осылайша өмірі күл-талқан болады. Ол халықпен қоштасу үшін соңғы рет цирк сахнасына шығады. Кенет залдағы бүкіл ел ғайыптан жоғалып кетеді. Оның ішінде сүйіктісі Люкс те бар. Арада біраз күндер өткесін ел ішінде ергежейлі құбыжықтар көбейе бастайды. Ал Гедда болса  ертегі кейіпкері Алиса секілді үздіксіз өсе берді. Оның бойының ұзындығы 287 сантиметрге бір-ақ жетеді. Ал оның сөзбайласып жүрген жігіті сүйкімсіз қортыққа айналады. Кейін анықталғандай мұның барлығы Тонидің ісі болып шығады. Ол адамдарды ұрлап сұйықтық дәрі ішкізген. Нәтижесінде олар құбыжыққа айналады. Жолы болмаған жігіт осылайша барлығынан кек алғысы келген екен. Жұрттың жағасын ұстатқан жағдайдан кейін дәрігер Сорокин өзгеріске ұшыраған адамдардың барлығының бұрынғы келбетін қайтарып береді. Туындының соңында елден қуылған дәрігер кемеден бет-жүзін өзгертіп берген пациенті Тониді кезіктіреді.   Шығармадағы Александр сипаттаған ем ХХ ғасырдың екінші жартысында дами бастаған гормональді терапияға ұқсайды. Алғашқы гормональді препараттар 1950 жылдары дәрігерлердің қолына тие бастады. Беляевтің ауызға салған кретинизм ауруы қазақшалап айтқанда «меңіреулік » деп аталады. Бала кемақыл, көбінде саңырау болып туатын жағдай. Бұл әдетте, анасының диетасында йодтың жетіспеуінен болады. Балаларда қалқанша бездің қызметі жеткіліксіз болғанда, ойлау процесі баяулайды, дене бітімі мен үлкен ми сыңарлары қыртысының қызметі бұзылады, өсу және жыныстық жетілу тоқтайды. ХІХ, ХХ ғасырларда оны емдеу мүмкін болмаған. Қазіргі таңда кретинизммен ауырған балалар Беляев ойлағандай түбегейлі емделіп, бойлары өсіп кетпесе де оған қарсы ем қолданылып келеді. Дәрігерлер сырқат қылаң бере бастаған күннен бастап ем жүргізілсе  ауруды жеңуге болатындығын айтады. Ол үшін науқасқа  бүгінде шындыққа айналған автордың қиялындағы гормондар тағайындалады.  Ал Тони Престоның жаңа түрі бүгінде фантастика емес. Бет-әлпеттің кем-кетігін қазір қолданысқа кеңінен енген пластикалық операциялардың көмегімен түзеуге болады. Медицина ғалымдары қаламгердің дәл осы шығармасынан кейін кретинизм ауруына ден қойыла бастағандығын мойындайды. Сондай-ақ құбыжықтың оқиғасы пластикалық отаның да қанат жаюына жол ашқанын айта кету керек.     

Сабақтың тақырыбы:

Эндокриндік бездердің қызметі және оларға байланысты аурулар

Нені білеміз?:

Эндокриндік бездердің қызметінің бұзылуынан пайда болатын аурулар



  • Тони Престо кім?

  • Гедда Люкс

  • Сорокин дәрігердің емі

  • Тони Престоның іс –әрекеті

  • «Меңіреулік » дегеніміз не?

  • Гормональді терапия” нәтижесі

Қалыптастырушы бағалау


Дескриптор:

-термин сөздерге -1 балл

Романнан үзінді парақтар









12

минут





Жаңа сабақ

Бездер дегеніміз – безді эпителий жасушаларынан тұратын мүшелер.
Бездердің ішінде түзілетін заттарды,
секреция, ал бөлінетін заттарды секрет деп атайды.


Сыртқы секреция бездері (экзокринді)дегеніміз - жасушаларында түзілген сұйықтық арнайы өзекшелер арқылы қуыс мүшелерге немесе сыртқа шығарылады.


Ішкі секреция бездерінің (эндоокринді) сөл бөліп шығарушы өзегі болмайды, сондықтан ол тікелей қанға бөлінеді.


Аралас секреция бездері бір мезгілде қанға гормондар, өзектерге сөл бөлінеді.



Гормондар – ішкі секреция бездерінен бөлінетін және ұлпалар мен мүшелерге әсер ететін биологиялық белсенді заттар.Ағза қызметінің гормондар және де басқа заттар арқылы реттелуі қан арқылы жүзеге асады. Реттелудің бұл түрі гуморальды деп аталады.
Гуморальды реттелуден басқа біздің ағзамызға
жүйкелік реттелу де тән.

Гормондардың қызметі:

1. Гормондар денедегі зат алмасу қарқындылығын өзгертеді;

2. Ағзаның тіршілік ету ортасына бейімделушілігін арттырады;

3. Өсу мен көбеюді реттейді;

4. Ағзадағы физиологиялық процестерді үдетеді (күшейтеді) немесе бәсеңдетеді.

Гормондар - ағзаның және жасушалар тобының қызметін өзгертетін, бір мезгілде бірнеше үдеріске әсер ететін арнайы заттар. Мысалы, көңіл күй гормоны-адреналин. Ол жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімі сияқты жүректің соғу жиілігін арттырады, қан қысымын көтеріп, жүректің капиллярларын кеңейтеді, терінің және асқорыту мүшелелер жүйесінің капиллярларын тарылтады, энергия көзі болып табылатын қанның құрамындағы глюкоза мөлшерін арттырады.





Гормондардың қасиеттері мен қызметтері



Жаңа тақырыпты меңгеру.







































































Слайд 4












Слайд 5



















Слайд 6



















Слайд 7






















Слайд 9











7 минут




Бекіту:


Жұптық жұмыс:


Жұптар арасында тапсырмаларды
қорғап орындайды


Жеке жұмыс:






































Үйге тапсырма: Адам өміріндегі бездердің маңыздылығын түсіндіріңдер

Тақырыпты меңгергенін анықтау



  • 1- Бездер

  • 2-Сыртқы секреция бездері

  • 3-Ішкі секреция бездері

  • 4-аралас секреция бездері

  • 5-гормондардың реттелуі

  • 6-өсімдіктердегі фитогормондар

  • 7-гормон түрлері мен қызметтері

  • 8-жүйкелік реттелу

«Тестпен жұмыс»

  1. Бездер дегеніміз не?

А.безді эпителий мүшелерінен тұратын мүше

Б.Жасушаларды түзетін сұйықтық

2.Бездер бқлетін зат:

А. Секрет

Б.Гормон

3.Сыртқы секреция бездерінің белгілері:

А.Бөліп шығарушы өзегі болады

Б. Бөліп шығарушы өзегі болмайды

4.Ішкі секреция бездерінің белгілері:

А.Сөлін тікелей қанға бөледі

Б.Секреттерді мүшелерге немесе дененің сыртына бөледі

5.Эндокринді без:

А.ішкі

Б.аралас

6.Экзокриндік бездер:

А.Сыртқы

Б.Ішкі

7.Гуморальді реттелу дегеніміз:

А.Ағза қызметінің гормондар және де бақса заттар арқылы реттелуі, қан арқылы жүзеге асуы

Б.Ағзаның барлық мүшелерінің жұмысына эндокринді және жүйке жүйесі бірлесіп әсер етеді

8.Сыртқы секреция безіне жататындар:

А.Бауыр,сүт, тері,сілекей,Қалқанша маңы безі

Б.Гипофиз, эпифиз, бүйректі үсті безі

9.Гормондар дегеніміз:

А. Ішкі секреция бездерін бөліп шығатын зат

Б.Қанға бөлінетін сөл

10.Фитогормондар:

А.өсімдік ағзасында әртүрлі мүшелерден бөлінетін зат

Б.Бунақденеліліер ағзасынан бөлінетін зат







Парақшалар,слайд
















































Бағалау






















































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!