Энергия. Денелердің потенциалдық және кинетикалық энергиялары.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Энергия. Денелердің потенциалдық және кинетикалық энергиялары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Физика пәнінің мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы

Энергия. Денелердің потенциалдық және кинетикалық энергиялары.

Мектебі

1 ЖОББ

Күні


Мұғалім есімі

Жумазова А.Т.

Сынып

Қатысты:

Қатыспағаны:

Сабақтың оқу мақсаты

Оқушыларға энергия, жұмыс пен энергия арасындағы байланыс, энергия түрлері, бірліктері туралы түсінік беру

Күтілетін нәтиже

Энергия формуласымен танысады

Энергияларды ажырата біледі

Формуланы қолдана біледі

Түйінді идея

Энергияның қажеттілігі мен маңызы туралы ақпараттанады

Қолданылған құралдар

Видео материалдар, дидактикалық материалдар, электрондық оқулық, мозаика,оқулық

Тапсырмалар

Топтық, жеке, жұптық жұмыс

Сабақтың барысы:Ұйымдастыру бөлімі, тұсаукесер, жаңа сабақ, бекіту, қорытынды

Кезеңдері, уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

I.Ұйымдастыру

бөлімі(3 мин)

-амандасады

-психологиялық ахуал орнатады

-сабақтың мақсатын жариялайды;

- топқа бөлініп отырады

-тақырыппен сабақ барысымен таныстырады

Саламатсыздар ма оқушылар! Барлығыңызға сәттілік тілеймін. Сабағымыздан пайдалы ақпарат пен жағымды әсер алуларыңы тілектеспін.

-амандасу,

-кезекшілік қызметтерін атқарады,

-оқу құралдарын дайындайды

-тақтаны сабаққа даярлайды

II.Тұсаукесер


Кофе таяқшалары” әдісі

Топпен ортаға шығып таяқшаларды суырып кім түссе, сол адамға сұрақ қойылады.

  1. Істелген нақты жұмысты қандай формуламен есептейді? Формула қалай оқылады?

  2. ХБ жүйесінде жұмыстың өлшем бірлігі қалай аталыд?

  3. Қандай жағдайда жұмыс істеледі деп айтуға болады? Денеге күш әрекет етіп, бірақ ол орнынан қозғалмаса, онда механикалық жұмыс атқарыла ма?

  4. Дене қозғалыста болып, оған күш әсер етпесе, онда механикалық жұмыс істеле ме?

  5. Қуат ұғымы неліктен енгізілген?

  6. Қуат дегеніміз не?

  7. Қуатты қалай есептеуге болады?

  8. Қуаттың ХБ жүйесіндегі өлшем бірлігі қандай?

«Бағдаршам» әдісі

ЭКСПО туралы білетін ақпараттарымен бөліседі, презентация қорғайды.




-ортаға шығады





-таяқшаларды суырады







-сұраққа жауап береді























-өздері талдап, қорғайды



-орындалған тапсырма бойынша бірін-бірі бағалайды

III.Жаңа сабақ







































































Еліміздің алдағы жоспарымыздағы ең маңызды шара қандай? Несімен маңызды?

EXPO-2017 халықаралық көрмесінің негізін қалаушысы болып ғылымға қызығушылық танытқан Ұлыбританияның қазіргі ханымы Елизаветтаның арғы тегі ханзада Альберт. Ең алғашқы бүкіләлемдік көрме Лондонда 1851 жылы ашылған және Гайд саябағында орналасқан. Бұған 6 млн. адам келіпті. Алғашқы бу қозғалтқыштары, стерео,фотосуреттер, қойытылған сүт, консервіленген азық-түлік,протездер,шыны көздер көрмелерге шығарылды.

Напалеон да өз үйінде осы ЭКСПО-ға ұқсас бірдеңе болғанын қалап, 1855 жылы Париж қаласында жасаған.Бұнда алғашқы көгалшапқыш, кір жуу машинасы, сөйлейтін қуыршақ, мұнаймен қозғалатын машина шығарылды.

1874 жылы Филаделфиядағы көрмеде темір жол көлігі нағыз ноу-хау болды. Алғашқы телефон мен телеграф, қызанақ кетчупі шығарылды.

1933-34 жылы Чикаго қаласында өтті. Оған 39 млн. адам келген. Атомик мұнарасы тұрғызылған.

1962жылы Сиэтл қаласында өткен көрмеде алғашқы компьтер,қабырға теледидары, электронды кітапхана көрсетілді.

1970 жылы Осака қаласында Жапонияда 500 000есе кішірейтілген микроскоб 500км/сағ жылдадықты пойыз,ядролық реакторды, түрлі ғарыш кемелері мен алып роботтарды ұсынды.

ТМД және Орталық Азия елдерінің арасында бірінші болып өткізгелі отырмыз.Шараны тамашалауға 5 000 000 адам келмек.

Энергия дегенді қалай түсінесіздер?

Сығылған серіппенің кері тебілу барысында денелер қозғалысқа келіп, жұмыс істеледі. Бұдан сығылған серіппенің жұмыс істеуге қабілетті екенін білеміз.Қозғалыстағы денелердің істеген жұмысы сол денелердің массаларына тәуелді.Дененің істеген жұмыс сол дененің жылдамдығына да тәуелді.Дененің жұмыс істеу қабілетін нақты көрсететін физикалық шама энергия деп аталады.

Потенциалдық энергия деп әр түрлі денелердің өзара орналасуы бойынша анықталатын энергияны айтады.

Жоғары көтерілген дененің потенциалдық энергиясы сол дененің массасына және көтерілу биіктігіне тәуелді.

Денелердің қозғалу салдарынан туындайтын энергия кинетикалық энергия деп аталады.Денелердің кинетикалық энергиясы сол денелердің массалары мен жылдамдықтарына тәуелді өзгереді.

Дененің механикалық энергиясының өзгерісі атқарылған жұмыстың шамасына тең:

-ЭКСПО туралы білетін сұрақтарға жауап береді











-керегін түртіп алады











-Тақырыптың атын жазып алады





















-Білімдерін толықтырады












































































IV. Жаңа сабақты бекіту


«Суреттер сөйлейді» ойыны

3 мозаика беріледі, оларды құрып артындағы есептерді шығарады

1 есеп: биіктігі 500см алма ағашында массасы500гр алма ілініп тұр. Жерге қатысты алманың потенциалдық знергиясын тап.

2 есеп: массасы 2000г жылдамдығы 4м/с қозғалып келе жатқан дененің кинетикалық энергиясын тап.

«Ойлан, тап» ойыны

Суреттегі көрсетілген мысалдар қандай энергияға жатады?



«Ыстық орындық» әдісі



  1. Жұмыс пен энергияның өзара байланысын қандай мысалдар келтіріп көрсетуге болады?

  2. Қандай жағдайда дененің энергиясы бар деп айтуға болады?

  3. Энергия дегеніміз не?

  4. Жұмыс пен эенргияның бірліктері қандай?

  5. Энергияның қандай түрлері бар?

  6. Потенциалдық энергия мен кинетикалық энергия деп қандай энергияларды айтады және олардың қандай ерекшеліктері бар?






Есепті топта шығарып тақтаға жазады













1.деформацияланған дененің потенциалдық энергиясы

2.кинетикалық энергия

3.кинетикалық энергия

4. деформацияланған дененің потенциалдық энергиясы

5.ауырлық күші ірекетінен пайдаболатын потенциалдық энергия

6.кинетикалық энергия



-оқушы ортаға орындық алып отырып, сыныптастарының қойған сұрақтарына жауап береді

V.Қорытынды. Үйге тапсырма


Рефллексия«Жетістік баспалдағы»





Аты-жөні

Үй тапсырмасы

Есеп

Шырғалаң

Жалпы ұпай

Мұғалім бағасы

1







2







3







4







5







6







7







8







9







10







11







12







13









Үйге:

«Энергия» тақырыбы,соңындағы жаттығу.

-энергияларының қай баспаға дейін жұмсалғанын стикермен көрсетеді.











-әр топ басшысы сабақ басында берілген кестені толтырып мұғалімге тапсырады



-сабақ соңында балл жинақталып баға қойылады

























-үй тапсырмасын жазып алады



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.11.2018
818
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі