Материалдар / Ең талантты ең алғыр жанұя,
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ең талантты ең алғыр жанұя,

Материал туралы қысқаша түсінік
Жұртшылықпен жұмыс Презентациясымен.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қырқүйек 2018
421
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Ең талантты, ең алғыр жанұя.Мақсаты: 1. Ата –ана мен баланың әрекетін қолпаштау.Баланың ата-анаға,ата-ананың балаға деген сенімін, сыйластығын арттыру.2.Мектеп пен ата-ананың ынтымағын арттыру.3.Жанұялық тәрбие беру.Көрнекілігі: Ата- аналарға шақыру билеттерін жасау.Жанұялық төсбелгілерді ұйымдастыру. «Өмір ағашын» ілу. «Тату жанұя» Фото конкурс. «Мен және менің жанұям» балалар салған суреттер.Көрме ұйымдастыру. «Өз қолымызбен жасаған кереметтер».Музыкальный центр,мультимедиялық проектор. Интерактивті тақта. Барысы:Кіріспе.Мұғалім: Қайырлы кеш құрметті шақырылған қонақтар және бүгінгі кешке қатысушы ата-аналар!Бүгін біз өте қуаныштымыз.Себебі: жанұя ,отбасы біз үшін басты орында.Жанұя –ол, біз кімдіжақсы көреміз,кімнен үлгі аламыз,кімге қамқорлық жасаймыз,кімге жанымыз ашып,жақсылық тілейміз міне,сол адамдар бір жанұя мүшелері.Біз жанұядан ғана жақсы көруді,қамқорлық жасауды,жауапкершілікті,құрметті үйренеміз.Бүгінгі жанұялық сайысымызға,жанұялық командалар қатысып отыр.Сайысқа қатысушы ата-аналар, бәрлеріңізге сәттілік тілеймін!Сайыс шарттары:
  • Сайыс 7турдан тұрады.3турдан кейін 5үздік команда анықталады.Әр турда балы аз бір команда шығып қалады.
  • Тағы бір шарты екінші тур 3шарттан тұрады.1-шартында тек қана балалар жауап береді. 2-шартта әкелер жауап береді.3-шартта аналар жауап береді.
  • Ал , 3-ші турда тек қана бірінші қол көтерген команда жауап береді.
Шарт түсінікті болса сайысымызды бастайық.Сіздерге тағы да сәттілік тілеймін.(Әділ қазылар алқасын сайлау.)

Үй тапсырмасы:омандалар өздерін таныстырады.Ұрандарын және төсбелгілерін қорғайды.1-тур. «Ретте».Интерактивті тақтадан сұрақтар беріледі.Сұрақ барлық команда мүшелеріне ортақ. Әр дұрыс жауап бір балл.1). Мына өсімдіктердің қайсысы бірінші гүлдеп өседі. Сирен,жауқазын,бақбақ, бәйшешек. Жауабы:Бәйшешек,жауқазын,сирен, бақбақ.2)Мына түстерден қызыл түстен бастай отырып, кемпірқосақ түсін құрыңыз. Жасыл, сары, көк,қызыл.Жауабы: Қызыл,сары, жасыл, көк.3)Мына сериалдардың ең басынан бастап экранға шығу тәртібін қойыңыз. «Дениз», «Изаура құл», «Шехризат», «Асыл мұрат».Жауабы: «Изаура құл», «Шехризат», «Асыл мұрат», «Дениз».4)Мына сөздерді алфавит ретімен орналастырыңыздар.Өрік,асық,жарыс,бала,дала,үйрек.Жауабы: Асық,бала,дала, жарыс,өрік, үйрек.5). Қандай ретпен ертегіде Шалқанды жұлып алды?Немересі, атасы, әжесі және немересі.Жауабы: Ата, апа,немере,күшігі, мысығы, тышқаны.2-тур.3 шарттан тұрады.(Әр дұрыс жауап бір балл)2.а) Біздің білгіш балалар...1-сұрақ.Адамдық борышың кімнің өлеңі?а) Абай ә)Шәкәрім б)Мұхтар2-сұрақ.19 –дан 3-і артық санды табыңдар.а )20 ә)22 б)23

3-сұрақ.Дәптердің 1 данасы 5 теңге болса,Асан 20 теңгеге неше дәптер сатып алады? а)6 ә) 4 б)54-сұрақ.Ғалым,жылан, түйе, бала,ит.Қай шығарманы еске түсіреді?Жауабы: Ы.Алтынсарин «Баланың айласы»5-сұрақ.81:9А) 7 ә)9 б)106-сұрақ.Бала, бала, бала!- деп,Түнде шошып оянған.Түн ұйқысын төрт бөліп,Түнде бесік таянған. Бұл кім?Жауабы: Ана.2.ә). Біздің білгіш әкелер...1.Футбол командасында неше адам бар?5,7,11,14Жауабы: 11.2.Қандай хоккей түрі болмайды?Шайбалы хоккей,допты хоккей,шөптегі хоккей,құмдағы хоккей.Жауабы: Құмдағы хоккей.3.Лейтенант погонында неше жұлдыз бар?1,2,3,4Жауабы: 24.Азиада ойындарында Қазақстан неше алтын алды?22,42,32Жауабы: 32.5.Шаңғыдан бірінші келген Шығыс Қазақстандық спортшы кім?Жауабы: А.Полторанин.6.Нені армандамаған солдат-нашар солдат деп аталады?Теңізші,ұшқыш,офицер,генералЖауабы:Генерал.2.б). Біздің білгіш аналар...1.Шифоннан жасалған бұйымды қандай номерлі жіппен тігеді?10,20,30,50,80.Жауабы: 502.Рецепт.Екі жұмыртқа,жарты стақан сүт,шым-шым тұз,200гр ұн.Бәрін араластырып ыстық табаға құямыз.Қандай тағам пайда болады?Құймақ.яичница-глазунья, блины.Жауабы: Құймақ.3.Ыстық плитаның үстінен не қашады? Таба, сүт, жұмыртқа.Жауабы: Сүт.4.Кім барлық тілде сөйлейді?адам, жаңғырық, көлеңке.Жауабы: жаңғырық5.4қайың қатар өсіп тұр.Әр бір қайыңда төрт-төрттен үлкен бұтақ бар.Әрбір үлкен бұтақта төрт-төрттен кішкене бұтақ бар. Әрбір кішкене бұтақта төрт-төрттен алма бар.Барлық алма саны қанша?16,8,0Жауабы:Қайыңда алма өспейді.3-тур.Анамыз үйде жоқта.Әкелер өз қолдарынан аналарға сыйлық әзірлейді.Әкелер жұмыс істеп жатқанда аналар баласымен бірігіп ән айтады.Әділқазылар 3турдың қорытындысын шығарып,5үздік команданы алып қалады.

4-тур. Ертегілер елінде.4-турдың әрбір сұрағы бүкіл командаға арналады.Кім бірінші лампаны жақса,сол команда жауап береді.Айқайлап айтып қойсаңыз бір балл шегеріледі.1.Бауырсақ өз жолында кімді кездестірген жоқ?Аю,түлкі,жолбарыс, қасқыр.Жауабы: жолбарыс2.А.С.Пушкиннің «Алтын балық» ертегісінде шал балықтан ең бірінші рет не деп өтінді?Кемпірім патша болсын, үй бер, астау бер.Жауабы:астау бер3.Мына ертегі қалай аталады?Піс қазан,Шал мен бала,Ұр,тоқпақ.Жауабы: Ұр,тоқпақ.4. «Жеті лақ» ертегісінде ешкінің лақтарына айтқан өлеңін айтыңыз.Жауабы: Лақтарым,шұнақтарым, Аналарың сүт әкелді, Есікті ашшы, Шырақтарым!5.Жыл басын иеленген хайуан:Түйе,мешін,тышқан.Жауабы:тышқан6. «Мақта қыз бен мысық» ертегісінде мысық қыздардан не сұрады?Құйрығын, сағыз,сүт,су.Жауабы: су7.Ы.Алтынсариннің «Жаман жолдас» ертегісінде аю ауру адамның құлағына не деп сыбырлады?Жауабы: Екінші рет тар жерде жолдасын тастап қашатын адаммен дос болма.

5-тур.Біз суретшілерміз.Әр командадан бір адам көзін байлап ортаға шығады да,өз жанұясының суретін салады.(0-10 балға бағаланады).Әділқазылар қорытындысын шығарып,бір команда ойыннан шығып қалады.6-тур.Мақал сөздің мәйегі.Мақалдың басы оқылады,сіз аяқтайсыз.1). Өз білмегеніңді кісіден сұра,2).Бейнетің қатты болса,3)Киімі жаманды ит қабады,Жауаптары:1)Үлкен болмаса,кішіден сұра.2)Татқаның тәтті болады.3)Пейілі жаманды тәңірім табады.Балы төмен командалар ойыннан шығады да, жеңімпаз екі команда қалады.7-тур. Бұл не?Түрлі азық –түлік аты беріледі.Бір минут ішінде командалар не екенін айту керек.1-команданың тапсырмасы:Сазан (балық)Шұбат (сусын)Бүлдірген (жидек)Сәбіз (көкөніс)Айран (сусын)Күріш (дәнді-дақыл)Алмұрт (жеміс)Сарыағаш (сусын)Киви (жеміс)Алабұға (балық)Орамжапырақ (көкөніс)2-команданың тапсырмасы:Бидай (дәнді- дақыл)Қияр (көкөніс)Алма (жеміс)Шие (жидек)Пияз (көкөніс)Квас (сусын)Шортан (балық)Қараөрік (жеміс)Бешбармақ (Ет)Қауын (жидек)Қымыз (сусын)Сайыс аяқталды.Көрме қорытындысын шығару. Әділқазылар әр ата-ананы марапаттап,әділ бағасын береді.Мұғалім: Міне ,біздің сайысымыз да өзмәресіне келіп жетті.Біз бүгін «Ең талантты,ең алғыр отбасы» сайысында үздік жанұяларды анықтадық. Бәріміз бірге болғанымыз қандай жақсы!Сіздерге көптен көп рахмет!.

ШҚО Абай ауданыС.Бекбосынов атындағы орта мектебіӘмірханова Атлас Медеуқызы.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!