Еңбек ардагерімен сыр сұхбат «Еңбек ерлікке бастайды»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Еңбек ардагерімен сыр сұхбат «Еңбек ерлікке бастайды»

Материал туралы қысқаша түсінік
1 «Ә» сыныбында өткен «Еңбек ерлікке бастайды» тақырыбында өткізілген оқудан тыс іс - әрекет еңбек ардагерімен сыр сұхбат жобасын жоспарлар алдында, ең алдымен мақсатымен, міндетін сауатты қоюға назар аудардым. Оқушыларға еңбек ардагерінің қиын да қызықты еңбек жолымен, балаларға деген сүйіспеншілікпен білім беру, бала тәрбиесінің негізі жалпыадамзаттық құндылықтар екенін ұғындыру болды. Сондықтан сынып оқушыларымен ақылдаса отыра осы жобаны таңдадық. Ең бастысы тақырыппен байланысқан құндылық «Дұрыс әрекетті» алдым. Себебі оқушылар өмірде дұрыс әрекетті түсініп жүр ме. Сондықтан «еңбекті бағалай білу, үлкенді сыйлау, елге абыройлы қызмет ету» қасиеттерін алдым. Осы құндылық пен қасиеттерге құрылған жобаны құрастырдым. Дөңгелек үстелге еңбек ардагері Орымбаева Роза Сұлтанқызын шақырдық.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқудан тыс іс әрекеттердің жобасының жоспары

Мерзімі: 07.10.2016 Мұғалім: Сыздыкова Бибігүл Бүркітбайқызы

Сынып: 1 «Ә» Оқушылар саны: 15

Оқудан тыс іс-әрекеттерді өткізу орны: «№2 орта мектеп, 26 кабинет

Еңбек ардагерімен сыр сұхбат «Еңбек ерлікке бастайды»

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: еңбекті бағалай білу, үлкенді сыйлау, елге абыройлы қызмет ету.

Мақсаты:

Дұрыс әрекет құндылығын негізге ала отырып, еңбектің керектігі туралы түсінік беріп, адамның өмірі өз қолында екендігін ұғындыру;

Міндеттері.

1. Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандағының қыры мен сырларын түсіндіру. Ардагерлер еңбегін әрқашан бағалай білуге жолын оқушыларға үлгі ету. Атаның батасын, ананың алғысын ала білуді үйрету.

2. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу тілдерін дамыту.

3. Белгілі бір мамандыққа, елге абыройлы қызмет етуге тәрбиелеу.

Ресурстары:

(материалдары, көздері)

Слайд, презентация, ақ парақтар А3, маркерлер, фломастерлер, суреттер.

Оқудан тыс іс –әрекеттердің жобасы өткізудің даярлық жоспары

1. Оқудан тыс іс әрекеттің жобасының тақырыбын оқушылармен ақылдасып таңдау. Орымбаева Роза Сұлтанқызын сұхбатқа шақыру қағазын жасау.

2. Ардагерге арнап сұрақтар, тапсырмаларды дайындау.

3. Бүгінгі кеш сіздер үшін арналады, шәкірттердің сәлемін қабыл алыңыздар.Өлең шумақтарын дайындау, ұстаздар туралы шығарма жазу.

Талдау

Іс – шараны өткізудің жоспары

1. Жеке адам қоғамда ерекше істерімен, ақыл - парасатымен, адамгершілік асыл қасиетімен, беделімен жұртышылыққа танылған ардагерің, ереулі еңбегі туралы.

2. Ұстаздар жақсылықтың жол ашары, қолыңда шәкіртіңнің бала шағы. Еңбек ардагеріне қоятын сұрақтар мен тапсырмалар, тақпақтар іздестіру.

3. Оқушылардың жүректерінен шыққан өлең жолдары мен шығарма оқу. «Батамен ел көгерер» (ардагер әжейден бата сұрау)Топен ән айту «Менің ұстазым»








Қосымша №3

Армысыздар қонақтар, қымбатты оқушылар! Көңіл – күйлеріңіз қалай, жақсы ма? Бүгін мектепте «Еңбек ерлікке бастайды» тақырыбында сыр сұхбат! Балалар білесіздер ме ардагер сөзін кім қалай түсінеді? Ардагер — құрметті, ардақты, қадірлі адам деген мәнді білдіретін этикалық ұғым. Ел қамын ойлап, намысын қорғаған, елеулі еңбек сіңірген абыройлы адамды халық ардагері деп жоғары бағалайды. Жеке адам қоғамда ерекше істерімен, ақыл - парасатымен, адамгершілік асыл қасиетімен, беделімен жұртышылыққа танылғанда ғана ардагер болады. Қазіргі кезде еңбек ардагері, соғыс ардагері деп атаймыз. Олай болса, бүгін гі өткізіліп жатқан шарамызға сіздермен сыр сұхбаттың қонағы еңбек ардагері ардақты ұстаз қадірлі жан Роза апайды қошеметпен ортаға шақырамын!
Қош келдіңіз, Роза апай! Сіздің көңіл – күйіңіз жақсы ма? Балалармен кездесуге дайынсыз ба? Ендеше сіздің елеулі еңбегіңіз туралы айтып берсеңіз.
Құрметті апай сізге балалар тапсырмалар мен сұрақтар қояды, соны орындаймын деген уәдеңіз керек? Уәде бересіз бе? Ал, ендеше басталық! Сұрақ балалардан, алғашқы оқушының сұрағы қойылады.

Оқушылар кеш қонағына мынандай сұрақтар қойды.
Сұрақтар:
1. Балалық шақтан есіңізде не бар?
2. Туған жер сізге несімен ыстық?
3. Жас кезіңізде қандай болдыңыз?
4. Еңбек еткен жылдары есіңізде қалған қызық оқиға?
5. Балаларыңыздың ішінде ерекшелейтініңіз бар ма?
6. Бала кезіңізде қандай ойын түрлерін ойнадыңыз?
7. Мұғалім мамандығын не себепті таңдадыңыз?
8. Ұстаздық еңбегіңізде қанша түлектер шығардыңыз?
9. Мектепте қандай пәнді ұнаттыңыз?
10. Алғашқы ұстазыңыз кім еді?
11. Сіздің мінезіңіз қандай болды?
12. Қыздармен қалай тіл таыстыңыз ?
13. Қазіргі жастар қандай?
14. Мамандықтың басқа түрін таңдар ме едіңіз?
15. "Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға" деген мақалды қалай түсінесіз?
Тапсырма:
1. Апай сіз мына қағаздан бала кездегідей ұшақтың моделін жасап берсеңіз? (ақ қағаз беріледі)?

2. Ән салып беріңізші?
Ал, оқушылар апайдың орындаған тапсырмасын қалай бағалаймыз? ( оқушылар «5» деген баға береді)
Енді балалардың сізге арнаған тақпақтарын тындағыз.

Құрметті ардагер апай, біздің сізге берілген сыр сұхбат аяқталып қалды. Бағанадан бері әр түрлі сұрақтар қойылды. Сол сұрақтардың ішінен өзіңізге ой салған немесе ұнаған сұрақтар болса сұрақ иесіне мына рамкаға қолтаңбаны жазып, беруіңізді сұраймын.
Қазірге жастар арасында смайлик деген сөзді көп қолданады. Әсіресе әлеуметтік желілерде бір - біріне көңіл күйлерін білдіру арқылы смайликтерді жіберіп жатады. Ағылшын тілінде «смайл» - күлкі дегенді білдіреді. Олай болса, сіз осы сұхбаттан алған көңіл күйіңізді, оқушылардан алған әсеріңізді осы смайликтер ішінен біреуін таңдап алып көрсетсеңіз! ( ардагер жымиған смайликті таңдады)

Ел тыныш, жүріп жатсыз ортамызда
Құрметпен қол жаямыз батаңызға
«Шүкір»дейді ақ шашты ардагерлер
Айналар өмірі үлгі, аты аңызға.

«Батаменен ер көгерер» (ардагер ағадан бата сұрау)

Міне балалар, бүгінгі сіздермен өткен сыр сұхбат аяқталып қалды. Бүгінгі кездесуден үлкен әсер алдыңдар деп ойлаймын. Кездесуге қонақ болып келген Роза Сұлтанқызымен естелікке суретке түсуге шақырамын. Ал, апай сізге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тілейміз! Алтын уақытыңызды аялап келгеніңіз үшін мың алғыс айтамыз!

Топен ән айту «Менің ұстазым»






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
2572
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі