Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Еңбек неден басталмақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп мұғалімдеріне тәжірибе жинауға көмегі бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Еңбек неден басталмақ
Мақсаты:
1. Оқушыларды мақал-мәтелдердің
мағынасын түсінуге, оларды айта білуге үйрету.
2. Тілдерінұштау, шешендікке баулу.
3. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілік:
Мақал-мәтелдер, нақыл сөздер: «Жақсыжұмыс–жанғатыныс», «Еңбектүбі – зейнет», «Еңбексізөмір – сөнген өмір», жұмбақтар.
Жүрубарысы:
Мұғалім: «Жүздіңкөркі – көз, ауызкөркі – сөз, сөздің көркі – мақал», – дейді
халық. Мақалдар адам тұрмысындағы әртүрлі оқиғаларды қысқа, тұжырымды тілмен түсіндіреді, ойды ажарлайды. Сондықтан да халық сөздің көркі – мақал деп бағалаған. Ал мақалдар сөздің көркі ғана емес, сонымен бірге халық өмірінің шежіресі.
1-оқушы: Еңбек
мұратқа жеткізер,
Жалқаулық
абыройды кеткізер
2 – оқушы:Сақалын
сатқан кәріден,
Еңбегін
сатқан бала артық.
3 – оқушы: Еңбектін
көзін тапқан,
Байлықтың
өзін табады.
4 – оқушы:Еңбек
етпесен елге өкпелеме,
Егін
екпесең, жерге өкпелеме.
5 – оқушы: Ерінбесең, еңбегің өнеді.
6-оқушы1. Еңбексіз мал дәметкен – қайыршылық.
2. Еңбектен қашқан, дөңбекке жолығады.
3. Еңбек
етпеген азады..
4. Қолы
қимылдағанның аузы қимылдайды.
5. Бейнетің
қатты болса, татқаның тәтті болар.
3-оқушы: 1. Орайы
келсе, орақ ор,
Кезі
келсе, кетпен шап.
2. Еңбек – адамның
екінші анасы.
3. Ерінбеген
етікші болады.
4. Керек
тастың ауырлығы жоқ.
5. Еңбекке
үйренем десең, ерінбе.
Өнерге
үйренем десең, жерінбе.
Келесі
айналым: Жүргізуші мақалдың алғашқы жолын оқиды, әрі қарай ойынға қатысушылар қолын көтеріп жалғастырады.
1. Еңбегің
қатты болса,…(татқаның тәтті болар).
2. Еңбек
түбі – береке,…(көптің түбі – береке).
3. Істегенің еліңе жақсы,…(үйренгенің өзіңе жақсы).
4. Отынды
шапқанға жақтыр,…(малды тапқанға бақтыр).
5. Ексең
егін,…(ішерсің тегін).
6. Етік
тіге алмаған,…(біз таңдайды).
7. Көсеуі қысқаның,…(қолы күйер).
8. Берген – алар,…(еккен – орар).
9. Еңбек
етсең ерінбей,…(тояды қарның тіленбей).
Ең аз ұпайалған
ойыншы ойыннан шығады.
Екінші
айналым: Екіойыншының біреуімақал айтады. Екіншісі соның ішіндегі бір сөзге мақал айтады. Сосын кезектеседі. Мүдірген оқушы жеңіледі.
1-оқушы
Еңбекет те мақтан,
Ойнапкүл де шаттан.
2-оқушы:.
Ойнап
сөйлесең де, ойлап сөйле.
2-оқушы:
Ердің
атын еңбек шығарар.
1-оқушы:.
Ерді
намыс өлтіреді,
Қоянды қамыс өлтіреді.
1-оқушы:
Ерінбесең
еңбегің өнеді.
2-оқушы:.
Еңбегі
көптің өнбегі көп.
2-оқушы:
Жері
семіздің – малы семіз.
1-оқушы:.
Мал өсірсең, қой
өсір,
Пайдасы
оның көл-көсір.
Ойын
соңында жеңімпаз анықталып, оған сыйлықтар тапсырылады.
Мұғалім: Сонымен
оқушылар, мақалдың өміршеңдігі мен қолдану аясының кеңдігінің сыры неде? Әрине, тілдің көркемдігі мен мазмұнының тереңдігінде. Аз сөз бен көпмағына беретіндігінде.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
10.01.2019
613
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12