Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Еңбек қатынастар құжаттау

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тобы

Күні







Сабақтың жоспары №

Пәні: Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу Сабақтың тақырыбы: Еңбек қатынастарын құжаттау
Сабақтың типі: Аралас Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ

Сабақтың

Мақсаты:




Білімділік: Студенттерге еңбек құжаттарына байланысты үлгілерді толтыруды, тақырыптағы тірек сөздерді меңгертуге үйрету,еңбек кітапшасын толтыруды үйрету

 

Дамытушылық: Студенттерді тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, іскерлік қасиеттерге баулу, өзара көмектесуге, әділдікке дағдыландыру, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту

Тәрбиелік: Отансүйгіштік пен қазақ тіліне деген құрмет сезіміне, іскерлікке тәрбиелеу

Сабақтың технологиясы мен әдісі: СТО, білім мен білікті қалыптастыру  “Сұрақтары бар қорап”, “Ой түйін” стратегиясы, интербелсенді әдіс

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс тілі, мәдениеттану, саясаттану

Сабақты жабдықтау:

а) сабақтың көрнекілігі:Тақтадағы слайдтар, тапсырмалар,  ватман, маркер. 
ә) үлестірмелі материалдар: кесте, таратпалар, сызба,

б) оқытудың техникалық жабдықтары: интербелсенді тақта

в) оқыту орны: №221 аудитория



Әдебиеттер: Негізгі: 1. В.И. Скала, Н.В.Скала «ҚР-нда іс қағаздарын жүргізу».
2. «Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл» журналы.
3. «Қазақ тілі – орыс мектептерінде» журнал.
Қосымша: 1. «Іс қағазын жүргізу» журналы. 2. М.Жүкенова «Іс-қағазын жүргізу»
2. М.М Жанпейісова «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде».

Сабақтың барысы

элемент


Сабақтың элементтері, оқу сұрақтары, оқытудың әдіс-тәсілдері



Қосымша, өзгерістер, ескертпелер

(уақыты)

I




II









III





































































ІV










































V




VІ

Сабақты ұйымдастыру: Мақсаты: тұлғааралық байланысты орнату;  Ынтымақтастық  атмосферасын қалыптастыру мақсатында  “Шаттық шеңберін” өткізу, топқа бөлу

Өткен тақырыптарға шолу

 “Ыстық орындық”, “Қорапшадағы сұрақтар”

1. Жеке құжаттар туралы қысқаша түсінік

2.Күнделікті қарым-қатынаста қолджанылатын сөздер

Негізгі бөлім: Мақсаты: назар аудару және түсіндіру; студенттерге  бақылау жүргізу мен қорытынды шығаруға жетелеу; қиындықты, түсінбеушілікті анықтап, жеке оқушыларға көмек көрсетуге қатысу.

 

Қолданылатын стратегиялар:  “Екі жұлдыз, бір тілек”, “Сұрақтары бар қорап”,  “Басбармақ” т.б. 


Жаңа тақырыпты түсіндіру:

1.Еңбек кітапшасы туралы түсінік

2. Жеке еңбек шартын

3. Басқару-реттеу қызметіне қатысты құжаттар.

Еңбек кітапшасы

Еңбек кітапшасы қызметкердің еңбек қызметі және еңбек өтілі туралы негізгі құжат болыптабылады.

Жұмысқа қабылданған адам кадр қызметімен айналысатын адамға еңбек кітапшасын тапсырады, ал жұмысқа алғаш кірісіп отырған және еңбек кітапшасы жоқ адам осы жерде еңбек кітапшасын ашады.

Еңбек кітапшасында қызметкердің бүкіл қызмет істеген орындары,атқарған лауазымы мен марапаттаулары толтырылып отырады. Жеке еңбек шартын жасау үшін жұмыс беруші жұмыскердің еңбек жолын куәландыратын құжаттарды талап етуге құқылы. Еңбек жолын куәландыратын негізгі құжат еңбек кітапшасы болып табылады.

Еңбек кітапшасына мынадай мәліметтер енеді:

- қызметкердің өзі туралы мәліметтер: фамилиясы, аты, әкесінің аты,туған жылы мен датасы, білімі, кәсібі, мамандығы;

- атқарған жұмыстары туралы мәліметтер: жұмысқа қабылданған уақыты,жеке еңбек шартының мерзімі, жеке еңбек шартының тоқтатылуы немесе бұзылуы;

- еңбектегі табыстары үшін ордендермен, медальдармен және ұйымның,кәсіпорынның ішкі еңбек тәртібі ережелерінде қарастырылған ынталандыру

сыйлықтарымен, ақшалай сыйлықтармен, жеке еңбек, ұжымдық келісім-шарттарға,сондай-ақ жұмыс беруші тарапынан жасалған нормативтік актілерге сәйкес өзге де ынталандырулармен марапатталуы.

Жеке еңбек шартын жасау немесе оны тоқтату, бұзу, өзге жұмысқаауыстыру, марапаттау, ынталандыру жөніндегі жазбалардың бәрінде сандық

көрсеткіштер араб цифрымен (күні, айы екі цифрлы көрсеткішпен, жылы толық көрсетіліп) беріледі. Аталмыш жазбалар жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау,жеке еңбек шартын тоқтату және бұзу т.б. туралы бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Қызметкердің еңбек жолын куәландыратын құжаттар еңбек кітапшасы

немесе жеке еңбек шарты, еңбегі туралы анықтамалық, жұмысқа қабылдау және

жұмыстан босату туралы бұйрықтардың көшірмелері болып табылады. Бұл

құжаттар жұмыскердің еңбек стажын неғұрлым нақты да айқын көрсетуі тиіс.

Жалпы еңбек стажы жұмыскерді келешек зейнеткерлік қамтамасыз ету үшін қажет.

Қызметкердің еңбек кітапшасына өзге жұмыс беруші шығарған бұйрықтар көшірмелері негізінде оның атқарған қосымша жұмыстары, лауазымдық қызметтері туралы жазбалар ендіріледі.

Қызметкерге қатысты тәртіптік жазалар (сөгіс, ескерту) қолдану туралы жазбалар еңбек кітапшасына жазылмайды.

Еңбек кітапшасына жұмысқа қабылдау, жеке еңбек шартының мерзімі, марапаттаулар мен ынталандырулар туралы жазбалар жұмыс беруші тарапынан бұйрық шыққаннан кейін бір аптадан артық кешіктірілмей жазылады. Ал жеке еңбек шартын тоқтату немесе бұзу туралы жазбалар еңбек кітапшасына бұйрық шыққан күні түсіріледі. Жазбалар бұйрық мәтіндерімен дәлме-дәл сәйкес болуы тиіс.

Еңбек кітапшасын толтыруға байланысты мынадай ережелер белгіленген:

- қызметкер жөніндегі мәліметтерді ендіру;

- жұмыс жөніндегі мәліметтерді ендіру;

- марапаттаулар мен ынталандырулар жөніндегі мәліметтерді ендіру;

- еңбек кітапшасын жұмыстан босатылған кезде толтыру;

- еңбек кітапшасының жапсырмасын толтыру;

-еңбек кітапшасының төлнұсқасын (дубликатын) беру (төлнұсқа еңбек кітапшасы жоғалған жағдайда, табиғи апат кездерінде және басқа да қызметкерге қатыссыз болатын жәйттерге байланысты беріледі).


Сабақты қорытындылау

Тапсырмалар арқылы сабақты қорытындылау

5-жаттығу.

Бақылау сұрақтары:

1. Еңбек құжаттарын рәсімдеу.

2. Өтініштер, түйін, олардың өзара айырмашылықтары мен деректемелері,

құжат үлгілері.

3. Еңбек келісімі, оның түрлері мен үлгілері.

4. Мінездеме, өмірбаян, еңбек кітапшасы, олардың еңбек қатынастарын

құжаттауға қатысты іс қағаздарына ену себептері.

Тапсырма. Жоғырыдағы үлгілер бойынша ............ туралы хабарландыру жазыңыз.

6-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Нұсқаулықты енгізу, құжаттармен жұмыс істеу, қамтамасыз ету, нұсқаулықты бекіту, ережені басшылыққа алу, нұсқаулықты көбейту, бұйрықтың орындалуын қадағалау, институттың барлық бөлімшелері, қамтамасыз ету мақсатында


7-жаттығу. Сәйкестендіріңіз.

Жұмысқа кестеге сәйкес

Штаттық белгілеу

Орынбаевтың жағдайына байланысты

Үстемақы шығуына байланысты

Отбасы сынақ мерзімімен

Еңбек шартының қызметінен

Зейнеткерлікке өтініші

2 апталық қабылдау туралы

Атқаратын аяқталуына байланысты


8-жаттығу. Үлгі бойынша жұмыстан босату туралы бұйрықтың мәтінін жазыңыз.

Үлгі: А.Жандосов 2006 жылғы 13 маусымнан бастап отбасы жағдайына байланысты инженер қызметінен босатылсын.

Аты-жөні күні, айы, жылы себебі қызметі.

1. А.Жандосов 21.02.2006ж. отбасы жағдайы, инженер

2. Е.Омарова 10.11.1995ж. кәсіпорынның жабылуы, хатшы

3. Б.Сағатов 15.01.2007ж. басқа жұмысқа ауысу, үйлестіруші

4. Қ.Боранбаева 13.06. 2007ж. себепсіз жұмыстан қалу, есепші


Студенттерді бағалау.

Бағалау парақтарын алып бағалау.

Рефлексия

Стикерлерге өткізілген сабақ барысындағы ойларын жазу 

Үйге тапсырма:

1. Н.Ә. 34-37 бет оқып келу 2. Тест құрастыру
3. СӨЖ



5мин



20мин










30мин





































































20мин










































7мин




3мин







Оқытушы: ___________ А.Т.Қожабекова




















Еңбек кітапшасы

Жұмысқа қабылданған адам кадр қызметімен айналысатын адамға еңбек

кітапшасын тапсырады, ал жұмысқа алғаш кірісіп отырған және еңбек кітапшасы

жоқ адам осы жерде еңбек кітапшасын ашады.

Еңбек кітапшасында қызметкердің бүкіл қызмет істеген орындары,

атқарған лауазымы мен марапаттаулары толтырылып отырады.

Жеке еңбек шартын жасау үшін жұмыс беруші жұмыскердің еңбек жолын

куәландыратын құжаттарды талап етуге құқылы. Еңбек жолын куәландыратын

негізгі құжат еңбек кітапшасы болып табылады.

Еңбек кітапшасына мынадай мәліметтер енеді:

- қызметкердің өзі туралы мәліметтер: фамилиясы, аты, әкесінің аты,

туған жылы мен датасы, білімі, кәсібі, мамандығы;

- атқарған жұмыстары туралы мәліметтер: жұмысқа қабылданған уақыты,

жеке еңбек шартының мерзімі, жеке еңбек шартының тоқтатылуы немесе бұзылуы;

- еңбектегі табыстары үшін ордендермен, медальдармен және ұйымның,

кәсіпорынның ішкі еңбек тәртібі ережелерінде қарастырылған ынталандыру

сыйлықтарымен, ақшалай сыйлықтармен, жеке еңбек, ұжымдық келісім-шарттарға,

сондай-ақ жұмыс беруші тарапынан жасалған нормативтік актілерге сәйкес өзге

де ынталандырулармен марапатталуы.

Жеке еңбек шартын жасау немесе оны тоқтату, бұзу, өзге жұмысқа

ауыстыру, марапаттау, ынталандыру жөніндегі жазбалардың бәрінде сандық

<
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.03.2021
689
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12