Материалдар / Еңбекке баулудан 4 сыныпқа 1 тоқсанның қысқа мерзімді жоспарлары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Еңбекке баулудан 4 сыныпқа 1 тоқсанның қысқа мерзімді жоспарлары

Материал туралы қысқаша түсінік
Еңбекке баулудан 4 сыныпқа 1 тоқсанның қысқа мерзімді жоспарлары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Шілде 2024
172
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Көркем еңбек

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: сабақ 1-2

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Бөлім: 1 А Визуалды өнер

Сабақтың тақырыбы:

Қазақстанның табиғаты

Кеңістік перспективалы пейзаж саламыз. Түс қанықтығы. Қазақстанның табиғаты

Туған өлке табиғатын бейнелейміз. Еліміздің суретшілері туған өлке табиғатын бейнелейді.

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

4.2.2.2 – жұмысты орындауда және материалдарды қолдануда тиімді шешімдер қабылдау

4.1.3.1 – әртүрлі орындау техникасын үйлестіре отырып, шығармашылық идеялар мен сезімдерін (көңіл күйі, мінезі) көрсету

Сабақтың мақсаты:

  • Туған жерінің табиғатына сүйіспеншіліктері мен қызығушылықтарын ояту.

  • Табиғаттағы әртүрлі құбылыстарды, әсіресе кеңістік перспективасын түсінуге ықпал ету.

  • Түс қанықтығымен таныса отырып және алған білімдерін жұмыста қолданып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы






Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығармашылық жағдай жасау. Сабақтың басында тақтаға кеңістік перспективасы айқын көрінетін еліміздің табиғат көріністерінің фотосуреттерін іліп қоюға болады. Қазақ халық музыкасын ақырын ойнатып қойған дұрыс. Оқушыларды олар тек еліміздің табиғатын ғана емес, сондай-ақ әсерлі табиғат көрінісін бейнелейтіндеріне бағыттау керек.

Оқушылар амандасып , бір-біріне сәттілік тілейді.

.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін – бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген графикалық суреттер

Ортасы


Қазақстанның табиғаты, оның географиялық нысандары туралы меңгерген білімдері оқушыларға еліміз бойынша саяхат жасағанда керек болады.

Сонымен қатар басқа елдердің өкілдерімен қарым- қатынас жасағанда, әрбір адам елі, оның табиғат байлықтары туралы жақсы біліп, оны әдеміліп баяндай білуі тиіс. Кеңістік перспективасы, қанық және қанық емес түстер туралы меңгерген білімдері оқушылар мұражайға барғанда сауатты көрермен болып, әртүрлі суретшілердің қолынан шыққан жұмыстарды бағалауға мүмкіндік береді.қызығушылықтарын оятады.

Сабақтың басында еліміздің табиғатын талқылап болғаннан кейін, сызықтық перспектива дегеніміз не екенін, суретші пейзаж салғанда сызықтық перспекти- ваның қандай ережелерін пайдаланатынын еске түсіреді.

Одан әрі мұғалім оқулықтағы «Пейзаждағы кеңістік перспективасы» тақырыбындағы материалдарды пайдаланады. Мұғалім тақтада оқулықтағы сызықтық перспективасының мысалдарын сызып көрсетсе тіпті жақсы (оқулықтың 6-беті). Оқушыларға: «Суретші алыстағы заттар алдыңғы қатардағы заттардан үлкен болып көрінсе, кеңістік перспективасын қалай көрсетеді?» деген сұрақ қоюға болады. Енді мұны істей алады, өйткені бұл кезге дейін қанық және қанық емес түстермен танысты (алыстағы заттар қанық емес суық түсті, ал жақындары қанық әрі жылы түсті болады). 7-бетте берілген кеңістік перспективасының құбылысы осы. Одан әрі кеңістік перспективасы анық көрінетін бірнеше пейзаж репродукцияларын көруге болады.

Табиғат аясында оқушылар табиғат нысандары шынымен де алыстаған сайын түсін өзгертетініне көздері жетеді. Егер сабақта мұғалім бәрін түсіндірсе, онда экскурсияда оқушылар өздері тәжірибе жасайды. Олар ағаш діңінің, таулар мен жоталардағы, ғимараттардың түсі қандай болатынын өздері айтсын.

Оқушылар

алдымен №1 жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды.

Тапсырманы орындап болғаннан кейін өздік шығармашылық жұмысына кіріседі.

Дескриптор

Кеңістік перспективасы мен қанық және қанық емес түстерге анықтама бере алады.

Оқулық.

4-сыныпқа арналған CD- диск.

Еліміздің сурет- шілерінің сәулет ескерткіштерін бейнелеген картиналарының репродукциялары, еліміздің тарихи ескерткіштерінің фотосуреттері..


Аяқталуы Бағалау

Рефлексия:



Оқушылар еліміздің табиғат нысандары, кеңістік перспективасы не екенін білді. Түстің жаңа белгісі – қанықтығы туралы, түс қанықтығының кеңістік перспективасымен байланысын білді.

Пейзажда кеңістік перспективасын беру үшін қанық және қанық емес түстерді пайдаланып үйренді.

Оқушылар бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсініп,білгендерін айтады


Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.


































Көркем еңбек

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: сабақ 3-4

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Бөлім: 1 А Визуалды өнер

Сабақтың тақырыбы:

Еліміздің тирхи – мәдени мұралары

«Ежелгі қала» көлемді панносын жасаймыз.

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

4.2.3.1 – тиімді тәсілдермен анықталған материалдарды және компоненттерді нақтылықты сақтай отырып, өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру

4.3.3.1 – шығармашылық жұмысты жақсартуға ұсыныс жасап, критерийлерге сәйкес жұмысты бағалау

Сабақтың мақсаты:

  • Еліміздің өткен тарихына оқушылардың қызығушылықтарын қалыптастыру, тарихи-сәулет құрылыс- тарымен таныстыру. Көлемді бейне жасату арқылы жаңа тәсілмен таныстыра отырып, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы






Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығарма- шылық жағдай жасау. Сабақтың басында тақтаға елі- міздің сәулет құрылыстары бейнеленген әдемі сурет- терді, сондай сәулет ескерткіштерін іліп қоюға бола- ды. Дауысын ақырын шығарып қазақ ұлттық музыка- сын қосып қояды. Оқушыларды еліміздің сәулет ес- керткіштері туралы біліп қана қоймай, өздері де сәу- лет құрылыстарын тұрғызып, сәулетші болып жұмыс атқаратынына бағыттау керек.

Оқушылар амандасып , бір-біріне сәттілік тілейді.


Қалыптастырушы бағалау: Бірін – бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген графикалық суреттер

Ортасы


Еліміздің сәулет ескерткіштері туралы білімдері оқу- шыларға Қазақстанды аралап, саяхат жасағанда керек болады. Сонымен қатар өзге елдің өкілдерімен аралас- қанда әрбір адам өз елі, оның тарихи-мәдени өткен жолы туралы білуі тиіс.

Сабақтың басында сәулет өнері, сәулет кешені дегені- міз не екенін еске түсірген жөн. Мұғалім бұл сабаққа еліміздің сәулет ескерткіштерінің фотосуреттерін, слайд, бейнематериалдарды дайындайды. Оқушылар сәулет ескерткіштері туралы білетіндерін айтады. Бәл- кім оқушылардың кейбірі Түркістанда, Таразда болған шығар, не осы жерлерде тұруы мүмкін. Сәулет ескерт- кіштеріне қатысты аңыздарды айтып беруге болады.

Мысалы, Тараз маңында орналасқан Айша бибі кесе- несіне қатысты аңыз бар. Материалдарды қарап шық-қаннан кейін, бұйым жасау кезеңін түсіндіруге көшеді. Оны оқулық бойынша жүргізеді.

Оқушылар сабаққа қағаз массасын дайындап әкелуі тиіс. Оқулықта оны қалай жасау керегі нақты жазыл- ған. Жұмысты бастамас бұрын нобайын жасап алған дұрыс, сонда бұйым жасау жеңілірек болады. Өз бе- тінше жұмысқа кіріскенде, мұғалім жеке-дара көмек көрсетіп, кеңес береді. Бұйымды оқулықтағы үлгіге қарап жасайды.

Дескриптор

Еліміздің аумағындағы негізгі сәулет ескерткіштері туралы біледі.

Оқулықтағы және мұғалімнің сұрақтарына жауап беріп, жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындай алады.

Оқулық. 4-сыныпқа арналған CD-диск. Еліміздің сурет- шілерінің сәулет ескерткіштерін бейнелеген картиналарының репродукциялары, еліміздіңтарихи ескерткіштерінің фотосуреттері.


Аяқталуы

Бағалау


Рефлексия:


Жұмысты аяқтағаннан кейін жасаған бұйымдарын таныстырып, талқылайды. Таныстырылым жұмысын ежелгі қалаға саяхат түрінде жүргізуге болады. Таныс- тырылым жұмысына ең үздік жұмыстар іріктеліп алы- нады (пейзаж, сондай-ақ көлемді паннолар). Оқушы- лар еліміздің табиғаты мен сәулет өнері, олардың ерекшеліктері туралы не айтатындарын ойланады.

Оқулықтағы сұрақтарға жауап бере отырып, меңгер- ген материалды кеңірек түсінеді. Сынып оқушыларын екі топқа бөлуге болады.

Бірінші топ жасаған жұмыс- тары бойынша сұрақ қоятын сарапшылар, екінші топ сұрақтарға жауап беретін авторларболады

Орындалған тапсырмаларды қысқаша талдайды. Оқушылар сабақтағы жұмыстарын бағалайды.

Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.




























Көркем еңбек

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 4 сабақ 5-6

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Бөлім: 1 А Визуалды өнер

Сабақтың тақырыбы:

Тұрмыстық жанр. Суретшілер туындыларындағы құндылықтар. Бірігіп постер жасаймыз

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

4.1.2.1 – отандық және әлемдік өнердің әртүрлі шығармаларын білу және олардың ерекшеліктерін (жанры, орындау техникасы, көңіл күйі) түсіндіру.

4.1.3.1 – әртүрлі орындау техникасын үйлестіре отырып, шығармашылық идеялар мен сезімдерін (көңіл күйі, мінезі) көрсету

4.2.2.1 – әртүрлі әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, өздігімен таңдалған материалдарды (көркемдік, табиғи және жасанды) және құралдарды қолданып, эксперимент жүргізу 4.2.3.2 – әртүрлі тәсілдермен және материалдармен (ермексаз, қолданыстан шыққан қағаз материалдары) көлемді пішіндер жасау

Сабақтың мақсаты:

  • Бейнелеу өнерінің тұрмыстық жанры арқылы адам- гершіліктік-құндылықтық қасиеттерін қалыптастыру.

  • Түсті қабылдау қасиетін дамыту.

  • Бірігіп постер жасау.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басталуы




Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығарма- шылық жағдай жасау. Сабақтың басында ақырын му- зыка ойнап тұрады, тақтаға адами құндылықтарды білдіретін тұрмыстық жанрдағы туындыларды, қанат- ты сөздердііледі.

Оқушылар амандасып , бір-біріне сәттілік тілейді.


Қалыптастырушы бағалау: Бірін – бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер6 берілген графикалық суреттер

Ортасы


Бұл сабақта меңгерген білімдері адамгершіліктік-құн- дылықтық қасиеттерін қалыптастыруға септігін тигі- зеді. Оқушылардың тұрмыстық жанрмен танысу ар- қылы шығармашылық қабілеттері артып, ой-өрістері кеңейеді. Постер жасауға дағдыланған оқушылар ме- рекелік және ақпараттық плакаттарды безендіре алады.

Мұғалім материалды оқулық бойынша түсіндіреді. Сабаққа тұрмыстық жанрда бейнеленген туындылар- дың репродукцияларын әзірлеп қою керек. Жұмыс- тарды таңдағанда адамдар арасындағы адами құнды- лықтар көрінетін (сүйіспеншілік, достық, нәзіктік, қамқорлық, еңбексүйгіштік және т.б.) туындыларға баса назар аудару керек. Жұмыстарды талдап, талқы- лау барысында туындының түс үйлесіміне көңіл бөле- ді. Оқушылардан қанық және қанық емес түстер тура- лы білетінін сұрайды (оны оқушылар кеңістік перс- пективасын өткенде меңгерді), алайда бұл ретте түс қанықтығын белгілі бір сезімді берумен байланысты- ру қажет. Оқушылардың назарын суретшілер адами құндылықтарды білдіретін туындылар салғанда қол- данатын әсерлегіш құралдарға да аудару керек.

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі.


Дескриптор

тұрмыстық жанр деген не екенін, ол не нәрсеге арналғанын, суретшілер тұрмыстық жанрдағы туындыларында адами құндылықтарды қалай көрсететінін біледі.

Тұрмыстық жанр- дағы туындылар, адами құндылық- тарды көрсететін фотосуреттер


Аяқталуы




Үйге тапсыма беру

Оқушылар тұрмыстық жанрдың не екенін білді, қанық және қанық емес түстермен танысып, белгілі бір сезімді түстермен бере білді.

Тұрмыстық жанр туындысын анықтап, оларды талдап үйренді. Белгілі бір сезімді көрсете отырып, қанық және қанық емес түстермен жұмыс істеп үйренді.

Постер жасады.

Бір-біріне сұрақтар қою арқылы талқыланады.

Оқушылар бір –бірінің жетістіктерін бағалайды.

Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.



























Көркем еңбек

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 4 сабақ 7-8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Бөлім: 1 А Визуалды өнер

Сабақтың тақырыбы:

Түс арқылы сезімімізді білдіреміз. Ашықхаттарды безендіру өнері.

Алуан түрлі қаріптер. Сиқырлы әріптер мен сөздер. Жақындарымыз бен достарымызға ашықхат жасаймыз. Таныстыру, талдау және бағалау

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

4.3.1.1 – өз жұмысының (эскиз, бұйым) негізгі идеясын және процесін шығармашылық әдістермен, арнайы терминологияларды пайдаланып таныстыру

4.1.2.1 – отандық және әлемдік өнердің әртүрлі шығармаларын білу және олардың ерекшеліктерін (жанры, орындау техникасы, көңіл күйі) түсіндіру

4.1.3.1 – әртүрлі орындау техникасын үйлестіре отырып, шығармашылық идеялар мен сезімдерін (көңіл күйі, мінезі) көрсету

Сабақтың мақсаты:

Қаріп түрлерімен танысып, ашықхат жасау арқылы адамгершіліктік-құндылықтық қасиеттерін қалыптастыру. Өз идеялары мен сезімдерін көрсете отырып, әртүрлі қаріптермен жұмыс істеп, оларды қабылдауды дамыту.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басталуы


Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығармашылық жағдай туғызу. Сабақтың басында әртүрлі музыка мен балаларға арналған әндерді қосып қоюға болады.

Оқушылар амандасып , бір-біріне сәттілік тілейді.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін – бірі бағалау.


Ортасы


Бұл сабақ арқылы қабырға газетін, ашықхат, жалпы әртүрлі жазбаларды безендіруге ерекше назар аударып үйренеді. Бұл оқушыларға өз бетінше әдемі плакат, ашықхат, постер жасауға көмектеседі.

Сабақтың басында оқушылар қанық және қанық емес түстерді еске түсіріп, олардың адамның сезімін берудегі рөліне тоқталады.

Мұғалім балалармен бірге оқулықтағы суретшілердің туындыларына назар аударып, олардың түс үйлесіміне, ол нені үндейтініне, туындының идеясы мен көңіл күйінің байланысына, көрерменді қандай сезімге бөлейтініне көңіл бөліп, талқылайды. Одан соң оқушылар материалдарды бекіту үшін №1 жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды. Одан әрі мұғалім қаріп түрлері туралы айтады: «Суретші – жай қарапайым заттардың өзінен ерекше, қызықты дүниелерді көріп, оны басқалардың да көруіне көмектесетін адам. Біз бүгін әріптер әлеміне сапар шегеміз. Сендер таңғалып отырсыңдар ма?

Қарапайым әріптер бізді несімен қызықтыруы мүмкін? Біз суретші емеспіз бе? Кәне, қарапайым әріптерге қарап, олардан ерекше нәрселерді байқап үйренейікші. Мысалы, «Я» әрпін алайық. Ол неге ұқсайды?» ( мұғалім тақтаға бұл әріпті әртүрлі етіп салады, сонда оқушылар олардан өздеріне таныс бейнелерді көреді). Балалар оны бір қырынан қарап тұрған қарны томпақ адамға, балыққа, ілмекке және т.б. ұқсатады. Тіпті ерекше жауаптарды да естуге болады.

Балаларға әріптер туралы қызықты оқиғаларды айтып беруге болады. Мысалы, «К» әрпі өзін хас сұлумын деп санап, айнаның алдынан шыр айналып шықпай қойды. Айналып-айналып «Ж»-ға өзгеріп, енді хас сұлудан жапалаққа айналды. Мүмкін, жапалақ емес, тырна шығар. Ал көңілді «Р» әрпінің тісі ауырып, беті ісіп, ол ... әріпке айналды. Балалар бәрі бірге «Ф» деп жауап береді.

Ойынның реті мынадай: бала тақтаға шығып, ешқандай мағынасы жоқ сөзді жазады, бірақ оның мағынасын өзі іштей біліп тұрады. Ол сөзді қалған балалар әріп таңбаларына қарап-ақ табуға болатындай етіп жазады. Балалардың әрқайсысы қағазға өз сөздерін жазып, тақтаға шығады.

Ойынның тағы бір нұсқасы бар. Оны

«Аудармашылар» деп атауға болады. Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді. Бірінші топ белгілі бір сөзді айтады, мысалы, «томпақ», екінші топ оны шет тіліне аударады да, үшінші топқа ол сөзді суретпен жазып көрсетеді. Егер үшінші топ қаріп түріне қарап ол сөзді тапса, демек, аудармашылар жақсы жұмыс істеді деген сөз. Сөздің мағынасына кішкене болса жуықтаса, жауап дұрыс деп есептеледі. Әріптер

«сөйлей» алатынына көздері жеткен соң, оқушылар ашықхат жасауға кіріседі. Ашықхат жасау жолы оқулықта көрсетілген.

Оқушылар жұмысқа кіріспес бұрын ашықхат жасау идеяларымен бөліседі. Материалдар мен тәсілдерді таңдауға ерік беріледі. Жасанды материалдарды да, табиғи материалдарды да қолдана береді (кепкен гүлдер, жапырақ, қауырсын, ағаш қабығы). Сонымен қатар әртүрлі ашықхаттардың кейбір бөліктерін де қолдана алады. Мұғалім де, оқушы да бұл жұмысты орындаудағы басты мақсат – көркем безендірілген ашықхат жасау екенін есте сақтау керек.

Дескриптор


«Көлемді-кеңістікті композиция» ұғымымен танысады

Көлемді бейнелер жасап, ұжымда жұмыс істеп үйренеді.

Интернет ресурстар:

жануарлардың иллюстрациялары. СD-диск, 4-сынып.


Түрлі түсті қалың қағаз, ашықхат жасайтын жұқа қатырма қағаз, табиғи материалдар (кепкен өсімдіктер, қауырсын, ағаш қабығы), мата қиындысы, фломастер, гуашь және акварель бояулары, қылқалам, түсті қарындаштар, желім, қайшы.


Аяқталуы



Оқушылар бояу түстерімен, ерекше қаріп түрлерімен танысады. Ашықхатты әртүрлі тәсілмен және әр алуан материалдармен орындау барысында түс пен қаріпті қолдана біледі. Сабақтың соңында жұмыстарын таныстырып, талқылайды.

Оқушылар көрме ұйымдастыруларына болады.

Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!