Материалдар / "Еңлік- Кебек" дастаны
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Еңлік- Кебек" дастаны

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Желтоқсан 2018
531
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән: қазақ әдебиеті


Күні :

Мұғалім:

Сынып: 8 сынып

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы:

Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:


Сабақ мақсаты:

Барлығы: Шығарманың мазмұнын біледі, кейіпкерлерді талдай алады.

Басым бөлігі: Шығарманың мазмұнын біледі, жан жақты талқылап, кейіпкердің образын талдайды.

Кейбірі: Шығарма кейіпкерлерінің образына енгіп, талқылап, пікір білдіреді.

Құндылықтарды игерту:

«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:

  • Тіл мен мәдениет

НЗМ құндылығы:

  • Өмір бойы білім алу.

  • Ұлттық және адами құндылықтарға деген құрмет;

  • Шығармашылық.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу, өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс:

Тарих, қазақ тілі пәндерінен алған білімдерін еркін қолданады.


АКТ-ны қолдану дағдылары:

Слайд, тірек-сызбалар, суреттер,

Бағалау критерийі:

Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға бере алады.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: көркем шығарма, материалдық және рухани құндылықтар, заманауи , жаңашылдық т.б.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойлауымша; өз пікіріме дәлел келтірер болсам; оның мынадай себептері бар; ойымды қорытындылай келе т.б.

Алдыңғы білім

«Еңлік-Кебек» дастаны

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер


Дереккөздер


Сабақтың басы


Қызығушылықты ояту

Сынып үш топқа бөлініп отырады.

Еңлік, Кебек, Кеңгірбай

А. "Кейіпкермен кездесу" әдісі

Топтық жұмыс

«Еңлік-Кебек» дастанының бас кейіпкерлері (Еңлік, Кебек, Кеңгірбай би) болғысы келетін оқушылар қалауымен ортаға шығады.

Тапсырма:

Өздеріңізді «Еңлік-Кебек» дастанының кейіпкерлерімен кездесуде отырғандай елестетіңіздер. Сұрақтар креативті болсын. Жауап та соған сай болуы қажет.

Әр топ кейіпкер есімдері мен сұрақтарды жеребе бойынша бөліп алады.

Оқушылар сабақтың мақсаты, бағалау критерийі, дескрипторлармен танысады.

http://bilim-all.kz/olen/1568


Сабақтың ортасы













































Мағынаны тану

1-тапсырма ТЖ. «Ойлаудың алты қалпағы»

Жұптық жұмыс

Ақ қалпақ – «Суреттерді сөйлет» Оқушылар Еңлік-Кебек оқиғасы суреттер бойынша айтып баяндап шығады.

Сары қалпақ – Еңлік пен Кебекке бүгінгі қазақ жастары атынан өлмес, өшпес ескерткіш қою.

Қызыл қалпақ Дастанда Кеңгірбай мен Көбейге:

Әнет бабаң емес пе менің атам,
Бірақ ондай қабыл ма менің батам?
Көшсем қоныс, отырсам көмегім жоқ,
Көрсетемін, қайтейін тыныш жатам,- деп ел бірлігі үшін еріксіз екі жасты ұстап беруге мәжбүр болған Кеңгірбай бидің ішкі толғанысын монолог түрінде жалғастырыңыздар.

Қара қалпақ – Матайлардың ру намысын қорғап, Еңлік пен Кебекті өлтіруге бел байлаған іс-әрекетін жақтап, өз пікірлеріңізді дәлелді қорғаңыздар.

Жасыл қалпақ дастанның өздеріңізге ұнаған тұсын драма жанрына айналдырып, әсерлі қойылым әзірлеңіздер.

Көк қалпақ - РАФТ стратегиясы бойынша шағын мақала жазып, шығарманы өмірмен байланыстырып қорытынды жасайды.

Рөл– журналист

Аудитория – оқырман

Форма – мақала

Тақырып «Еңлік-Кебек» дастанының бүгінгі жастар тәрбиесіне қатысты өзектілігі

Бағалау критерийі

Дескриптор



Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға бере алады.

  • шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырады;

щығарманың жаңашылдығына баға бере алады.

өз ойын сенімді жеткізеді.







Сабақтың соңы


«Екі жақты күнделік» әдісі бойынша пікіралмасу

«Махаббат: кеше және бүгін»

Айтылым, жеке жұмыс

Рефлексия






Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

«Қызығушылықты ояту» сатысында "Кейіпкермен кездесу" әдісі бойынша дастанның бас кейіпкерлері бейнесіндегі оқушылар «оқырмандардың» креативті сұрақтарына креативті жауап берулері қажет. «Ойлаудың алты қалпағы» бойынша «Суреттерді сөйлету», Еңлік пен Кебекке бүгінгі қазақ жастары атынан өлмес, өшпес ескерткіш қою; Кеңгірбай бидің ішкі толғанысын монолог түрінде жалғастыру; өз пікірлерін дәлелді қорғай білу; дастанның өздеріне ұнаған тұсын драмаға айналдырып, қойылым әзірлеу, шағын мақала жазу, шығарманы өмірмен байланыстырып қорытынды жасау тапсырмалар

«Ойлаудың алты қалпағы»

тапсырмасын топтар бағалау критерийіне сүйеніп бағалайды. «Соңғы сөзді мен айтайын» стратегиясы бойынша кездескен жұптар бір-бірінің жауабына байланысты пікірлерін стикерге жазып бағалайды.


Мұғалім сынып ішінде бір-біріне/жұптарға/топтарға кедергі келтірмеу жағын бақылайды.Сынып бөлмесіндегі үстел-орындықтар, сөмкелер оқушыларға бөгет жасамайтындай етіп ыңғайланып қойылады. Сабақ кезінде оқушыларға смартфон, гаджеттерді рұқсатсыз қолданбау; сабаққа кешікпеу; белсенді оқу әрекеттері кезінде парталар мен орындықтардың арасында абайлап жүру керектігі ескертіледі.

Осы сабақ барысында:

  • Өмір бойы білім алу.

  • Ұлттық және адами құндылықтарға деген құрмет;

  • Шығармашылық

сияқты НЗМ құндылықтарын дамытуға мүмкіндік бар.

Ресурс1

Еңлік-Кебек ескерткіші

Махаббат мұнарасы — билер сотының кесімі бойынша 1780 жылы шілдесінде құрбан болған қос ғашық — Еңлік пен Кебектің зиратына қойылған ескерткіш мұнараШығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Ералы жайлауының шығыс жағында, Семей — Қарауыл тас жолынан 5 км жерде.

Ескерткіштің қазіргі тұрған жері бұрын “Шұбартөбе” аталған. Ол ғасырлар бойы жаугершілік уақытта қарауыл қарайтын, ас пен тойларда бәйгеге қарақшы тігіп, көмбе болатын жиын орны болған. Оның басындағы Еңлік-Кебек ескерткішінің өз тарихы бар.

18 ғасырдың 80-жылдарында сүйіп қосылған екі ғашықты мейірімсіздікпен ат құйрығына сүйретіп өлтіруші топ олардың денесін өздерінің ақтық тілектері бойынша бірге көмеді. Келесі жылы Шұбартөбені қоныс еткен рулар Еңлік пен Кебектің қабірін таспен сандықшалап, қайтыс болған ағайындарын “ер-азамат жалғыз жатпасын” деп сол араға жерлейтін болған. Сөйтіп, бара-бара Шұбартөбе үлкен қорымға айналады.

1875 — 80 жылы Абай ауылына қонақ болып, тобықты елін аралаған Біржан сал Ералы бойын жайлайтын мамай руындағы Салсары (Смағұл Мақышұлы) мен Құсайын Бейсенұлы деген атақты тоғызқұмалақшы, домбырашы, әнші салдарға сәлем бере келген жолы Еңлік — Кебек бейітін көреді. Келесі жылы Біржанның тапсыруымен Рыскелді деген тас қалаушы шебер Еңлік — Кебектің қабірін сандықшалап, басына құйма кірпіштен шағын мұнара тұрғызған. Қабір сандықшасының тұрқы тұтас, құбыла жақ басы екі айыр болған. Бұл қабірдегі адамның екеу екендігін білдірген ишара болса керек. Кейін мұнара құлап, оның ізі ғана қалған.

«Абай жолы» романында «Ералы жазығындағы кішкене төбе» деп суреттелетін мұнда күллі ғашықтар символы болған Еңлік-Кебек мазары бар. «Көп жасамай, көк орған, Жарасы үлкен жас өлім» деген Абай сөзі құлпытасқа қашалыпты.

1960 ж. Абай ауданының тұрғындары Еңлік пен Кебек бейітінің басына қазіргі жаңа ескерткішті тұрғызды,



Picture 6 Picture 108





Ресурс2

М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы ғашықтардың жан түршігерлік өліміне әкелген билер шешіміне көзқарасыңыз қандай?


М.Әуезов туындылары әлемдік әдебиеттің айдынына мөлдір бұлақ болып кұйылып, күллі адамзатқа ортақ рухани қазынаға айналды.

Мұхтар Омарханұлы Әуезов казіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында 1897 жылғы 28 қыркүйекте дүниеге келді. Әкесі Омархан, атасы Әуез Абай ауылымен іргелес отырып, айналасындағы адамдармен достық көңілмен араласа білген. Әуездің өзі Абайдың өлеңдерін сүйіп оқыған, түрік, парсы әдебиетінен хабары мол, ескіше сауатты, еліне қадірлі адам болған.

Атасы Әуез, әжесі Дінәсіл немерелеріне Абай өлеңдерін кайта-қайта айтқызып тыңдап отырған. Ол жөнінде жазушы: «Бір қыс, бір жазда Абайды түгелге жақын жаттап алдым», – деп кейін еске алады. Бұл жас Мұхтардың мейірін қандырған қайнар бұлақтың мөлдір суындай болып, оның болашақ өміріне, шығармашылық тағдырына игі әсерін тигізеді. Атасы Әуездің жәрдемімен, бір жағынан, сол кезде ел арасына көп таралған қиссалар мен аңыздарды, өлең-жырларды, екінші жағынан Абайдың шығармаларын көп тыңдап, жаттап өскен Мұхтардың бойында көркем әдебиетке деген ықылас, құмарлық ерте оянды.
1928 жылғы «Өз жайымнан мағлұмат» атты өмірбаянында жазушы: «Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да Абайдан. Таза әдебиет сарынына бой ұрғанда маған Абай деген сөз қазақ деген сөзбен теңбе-тең түскендей кездері бар сияқты. Абайды сүюім үнемі ақылдан туған, сыннан туған, сүйіс емес, кейде туған орта, кір жуып, кіндік кескен жерді сүюмен барабар болатыны бар» деп жазды.

Осы сөздердің өзінен-ақ жазушының бүкіл шығармашылығына, жан дүниесіне Абай туындыларының әсер-ықпалы, үлгі-өнегесі айрықша екені көрінеді. Әкесі қайтыс болғаннан кейін он бір жасар Мұхтар Семей қаласында ағасы Қасымбектің тәрбиесінде болып, 1908 жылы бес жылдық орыс училищесіне түседі. Оны бітірген соң төрт жылдық мұғалімдер семинариясында оқып, 1919 жылы бітіріп шығады. Бұл кезең жазушының ғылым-білімге деген ізденісі, орыс әдебиетімен, Батыс Еуропа әдебиетінің таңдаулы үлгілерімен өте жақын, терең танысқан жылдары болды.
Семинарияның орыс тілі мен әдебиеті пәнінің окытушысы В.Попов өз естелігінде: «М.О.Әуезовпен тұңғыш рет 1916 жылы таныстым. Алдыңғы партада отыратын он сегіз жасар сыпайы, сұлу жас қазақтың денесі сыптай түзу, киімі сәнді, тап-таза, қою шашы қап-қара, кең маңдайы кере қарыс, қоңырқай жүзі байсалды, маңғаз, көзінде ақыл тұнып тұр… Қадір-қасиеті өз ортасынан өзгеше бөлек осы жігіт орысшаға өте-мөте жетік. Ал эрудициясына бәріміз таң қалатынбыз», – дейді. Бұдан болашақ жазушының жан-жақты білімі, жоғары мәдениеті, қарапайымдылығы мен адалдығы, ойының тереңдігі семинария қабырғасында жүрген кезінде-ақ ерекше байқалғанын көреміз.











Ресурс3

«Еңлік–Кебек» пьесасы Әуезов шығармашылығында, қазақ әдебиеті тарихында да айрықша орын алады.

1917 ж. мамыр айында Ойқұдық жайлауында Абайдың аяулы жары Әйгерімнің сегіз қанат үйінде «Еңлік–Кебек» пьесасы қойылды.
Пьесаның негізгі мазмұны: Әуезов туып өскен Абай елінде, Шыңғыстау жерінде XVIII ғасырдың сексенінші жылдарында болған қанды оқиға: бір-біріне жауласқан екі елдің батыры Кебек пен ару қызы Еңліктің бірін-бірі сүйіп табысқандарын екі жақтың да билеушілері кешірмейді. Мұның аяғы үлкен дау, ерегіске әкеліп, жан түршігер шешімге келеді де, екі жасты ат құйрығына байлап сүйретіп өлтіреді.
Автор халықтың аңыздық негізіне сүйене отырып, алғашкы нұсқаларға жаңаша өзгерістер енгізіп, шын мағынасындағы сахналық шығарманы өмірге әкелді. «Еңлік–Кебек» пьесасын автор бірнеше рет өңдеуден өткізіп, толықтырудың арқасында шытырман оқиғасы шыңыраудай терең, тіл көркемдігі керемет шұрайлы нағыз классикалық пьесаға айналды.
Пьеса өзінің өзек жарды сырын толғайтын Абыз монологінен басталады. Абыз бейнесі болашақты болжауды көксеген ел арманынан хабар береді.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!