Материалдар / "Еңлік-Кебек" дастаны туралы бір ауыз сөз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Еңлік-Кебек" дастаны туралы бір ауыз сөз

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қаңтар 2021
832
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кітапқа құштар ұрпақ

Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» дастаны-қос ғашықтың махаббат оқиғасынан туындаған шығарма.Шығармаға арқау болған өзекті тақырып тек махаббат қана емес,сонымен қатар ежелден бітпей келген Тобықты мен Матай руының арасындағы дау.Бір елдің ішінде болса да ру мен жүзге бөлінушілік сол заманның көрінісі еді.Қазақ дейтін қадірлі құндағымыз ежелден қан төгілу мен теріс батаға жол бергісі келмейді Алайда бұл оқиғадан теріс бата мен қан төгілудің көрінісін байқаймыз.

Оқиғадағы басты кейіпкер-тобықты руының қолбасшысы Тоқтамыс дейтін ердің жақын және ерекше жақын тартатын інісі Кебек батыр.Жастайынын жеті емес жетпіс өнерді бойына сіңіріп өскен Кебектің аты он бес жасында-ақ ауыл-аймаққа танылған еді.Кең иықты Кебек кішіге де,үлкенге де көрсеткен құрметімен,елі үшін аянып қалмайтын ер мінезімен көпшіліктің аузында жүрген ел жақтаған жігіт. Бірде Кебек бағын сынамақ болып,аузы дуалы Нысан абызды әдейі іздеп барады.Не көрсең,не естісең жасырмай айт деп талап қылады.Нысан абыз батырға «Ажалың биік қабақ сұрлау қыздан,Батырым ондай жанға көңіл бөлме»-деп ескертеді.Абыздың сөзі оған ұнамағанымен,жынның сөзіне сенбей батыр өз жөнімен кете барады.Уақыт өте Кебек батыр құс салып,аң аулауға шығады.Бір дүлей дауыл орын алып,адасқан батыр алдындағы кездескен үйді паналамақ болады.Құдай қонақты ерекше құрметтейтін отбасы батырға сусыны мен тағамын ұсынып қарсы алады.Бұл шаңырақта төрт жан:үйдің ақсақалы, ақсақалдың жары,олардың жалғыз қыздары Еңлік пен малшы тұрады екен.Қонағын ауқаттандырғаннан кейін үй иесі жөн сұрайды.Кебек өзінің Тобықты руының батыры екенімен есімін және қоса айтады. Бұл есім Кебектен көз алмай отырған Еңліктің құлағына түрпідей тиеді.Түн болып,Еңлік төсек жайын ыңғайлайды.Кебекке өз төсегін дайындайды.Кебек мұны Еңліктің жеңілтектігі деп қабылдайды.Түн ортасы болып,бәрі ұйқыға жатқанда Еңлік Кебекті оятып,өз сырын ақтарады.Өзінің бір байдың ұлына үйленгенін,бірақ көңілінің толмайтынын айтады.Жарының ынжық,олақ екенін айтып Кебектің атын бұрыннан естіп жүрген соң көмек сұрайды.Төсекті өз бөлмесіне дайындағанын сені сынағаным деп түсіндіреді.Кебекте аз ойланып,Еңлікті сынамақ болады.Еңлікке қалғанын уақыт көрсетер,қазір ойын-күлкі құрайық деп ұсыныс тастайды.Еңлік Кебектің бұл сөзіне таңдана қарап,ұсынысын құптамайтынын айтады.Екеуі бір-бірінің ойын түсініп,бірге қашпақ болып уәделеседі.

Қыз Кебекке Тобықты мен Матай арасындағы дау біткен соң алып қашуын,оған дейін бой көрсетіп келіп тұруын өтінеді.Кебек те осы арада келіп-кетіп жүреді.Арада алты айдай уақыт өткенде,Еңлік өзінің Кебектің қолында босанғысы келетінін айтады.Бұл кезде екі ел арасындағы дау да бітімге келген еді.Араға уақыт сала екеуі қашып кетіп,бір тасты паналап күн көреді.Қыздың қашып кеткенін естіген Матай жұрты іздестіруге кіріседі.Сұрай келе оны Кебектің алып қашқаны белгілі болады.Тобықты руы бұл жұртты барымта беріп тыныштандырмақ болады.Алайда Матай руы қан төгілетінін,қатаң сөгіс жарияланытынын айтады.Бітімге ешқандай нәрсені керек қылмайды.Бұл уақытта екі жас ұлды болып,соның қызығына бөленіп жүрген еді.

Қос ғашықты тауып алған екі жақ оларды өлтіруге бел байлайды.Еңлік өзінің соңғы сөзіне рұқсат алып,жарын бір рет құшақтауын,екеуін бірге жерлеуге және балаларын аман-есен Кеңгірбай байға тапсыруын сұрайды.Соңғы рет құшақтасып қош айтысқан ғашықтарды ашулы жұрт аттың құйрығына байлап, сүйреп өлтіреді.Екеуі бірге жерленгенімен,бала ұмытылып қала береді.Іздеп келгенде бала орнында жоқ болады.Хикая осылай аяқталғанымен,ақын соңында бұл поэманы текке жазбағанын,жастарға адаспауға кеңес береді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!