Материалдар / ЭПОСТЫҚ ЖЫРЛАР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК. БАТЫРЛАР ЖЫРЫНЫҢ ХАЛЫҚТЫҚ СИПАТЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ЭПОСТЫҚ ЖЫРЛАР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК. БАТЫРЛАР ЖЫРЫНЫҢ ХАЛЫҚТЫҚ СИПАТЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ауыз әдебиетінің бағы заманнан ескірмей ұрпақтан–ұрпаққа ауысып отырған күрделі де мол бір саласы — батырлар жыры. Жоғары сынып оқушылары мен студенттерге, оқытушыларға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Наурыз 2021
1368
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі


ТОП: 1 ас КШО-9

МАМАНДЫҒЫ: «Бастауыш білім беру»

БІЛІКТІЛІК: «Бастауыш білім беру мұғалімі»

УАҚЫТЫ: 07.04.2020


САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ: ЭПОСТЫҚ ЖЫРЛАР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

БАТЫРЛАР ЖЫРЫНЫҢ ХАЛЫҚТЫҚ СИПАТЫ


Ауыз әдебиетінің бағы заманнан ескірмей ұрпақтан–ұрпаққа ауысып отырған күрделі де мол бір саласы — батырлар жыры. Бұл жырларды жыршы–жыраулар ғасырлар бойы қобызға немесе домбырыға қосып, белгілі бір әнмен айтып, ауыздан-ауызға таратып келген. Қазақ батырлар жырындағы басты қаһарман елін сүйген батыр, ал оның басты мақсат-мұраты — халқын, Отанын басқыншы жаудан қорғау.

Батырлар жырының көпшілігінде халықтың түбегейлі мұң-мүдесі көкселеді. Батырдың халыққа қамқоршы болу арманы, сол жолдағы іс-әрекеті жырлануы арқылы оның өз-үй ішіне, өз руына деген сүйіспеншілігі, де айқындалады. Батырлар жырларынан ерте замандағы баласы жоқ қарттың, бастаушысы жоқ елдің басқадан жәбір-жапа көретіні де танылады. Басқыншылардан қорғайтын батыр жайлы жырлар ел қиялында осындай зарығу, торығу тұсында туады. Мұндай батырды халық қартайған ата-ананың амандығы үшін қажет деп біліп, оның көршілес рулармен де күш біріктіруін көздейді. “Алпамыс батыр”, “Қобыланды батыр”, “Ер Тарғын”, “Қамбар батыр” сықылды қазақ батырлар жырларында қалмақ, моңғол басқыншыларының шабуылы баяндалып, қазақ батырларының сол күрестегі ерлігі жырланады. Олардың отаншылдығы мен адалдығы, уәдеге беріктігі зұлымдық пен қиянатқа қарсы қойылады. Әрине батырлар жырындағы оқиғалардың тарихпен жанасымы өзінше болады. Бір жыр бірнеше ғасырды аралап, жүздеген жыршы-жыраулардың аузынан өтетіндіктен, онда әр ғасырдағы тарихи фактілер араласа жүреді. Сөйтіп, батырлар жырында “әр дәуірден құралған кезеңнен” алынған батырдың жиынтық бейнесі тұлғанады. Батырлар жырының бай идеялық мазмұнына сай сюжеті мен композициясы да өзгеше келеді. Бір оқиғадан екіншісі туып, кейіпкерлердің іс-әрекеті, қимылы жүйелі дамып отырады. Батырлар жырының өлеңдік құрылысы көбіне жеті, кейде сегіз және он буынды болып келеді. Жыр тармақтарындағы өлең өлшеміне қарай араласып, ауысып та келе береді.

Қазақ батырлар жыры жайында алғаш пікір айтып, зерттеу жүргізген ғалымдар — В.В.Радлов, И.Е.Березин, Г.Н.Потанин, Ш.Ш.Уәлиханов, Н.И.Ильминский, А.Е.Алекторов, Ә.А.Диваев. Олардың әрқайсысы әр кезеңде болса да, қазақ ауыз әдебиетінің соның ішінде батырлар жырының молдығын, өзіндік ерекшелігін атап көрсетті, көркемдік және мазмұндығы сапаларына шолу жасады. Сонымен бірге олар ел ауызынан эпос үйгілерін жинап хатқа түсіруде, жыр нұсқаларын бір-бірімен салыстырып баспаға даярлауда, орысшаға аудартып, түсініктер жазуда көп еңбек етті. Қазақ эпостарының халықтық үлкен мәдени мұра екені хақында айтқан Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, бертініректе Сұлтанмахмұт Торайғыров пікірлерінің ғылыми бағасы зор.

Қазақ эпосын жан-жақты зерттеу, оны жариялау ісі совет дәуірінде кеңінен өріс алды. Эпикалық жырлар жөнінде арнайы мақалалар, ғылыми еңбектер жазылады, батырлар жырының таңдауылы үлгілері жеке кітап болып басылды. “Алпамыс батыр”, “Қамбар батыр”, “Қобыланды батыр” сияқты эпостық жырлардың белгілі бір жүйеге түсірілген ғылыми басылымдылары жарық көрді. Орта мектептерге және жоғары оқу орындарына арналған оқулықтарда, жекелеген ғылыми еңбектерде, “Қазақ әдебиеті тарихының” 6 кітаптық басылымын да батырлық жырлар жеке талдауға алынып зерттелді. 1953 жылы Алматыда болған дискуссияда, 1956 жылы Ташкентте өткен республика аралық конференцияда эпос мәселесі кеңінен сөз болды. Қазақ ғалымдары С.Сейфуллин, М.Әуезов, Ә.Марғұлан, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Б.Кенжебаев, М.Ғабдуллин тағы басқалары зерттеулерінде, сондай-ақ А.С.Орлов, В.М.Жирмунский, Н.С.Смирнова, Х.Т.Зарифов сияқты оқымыстылар еңбектерінде де қазақ эпосы жайында айтылған бағалы пайымдаулар аз емес.

Сөйтіп, қазақ халқының батырлар жырын зерттеу саласында елеулі жұмыстар жүргізілді. М.Ғабдуллин қазақ эпосының шығу төркіні XIII ғасырмен шектеліп қоймайтын, одан арырақ кезеңнен басталатынын негіздеді. Бұл жөнінде М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Қ.Жұмалиев айтқан пікірлердің мәні ерекше. Мәселен, Ә.Марғұлан қазақтың эпосы өзінің қалыптасып даму тарихында XIII ғасырға дейін екі кезеңді (көне заман және VI-VIII ғасырлар арасы) бастан кешіргенін және сол кездерде зпостық шығармалардығ алғашқы үлгілері өте ерте заманда туғанын, Қ. Жұмалиев батырлар жырының әдепкі нұсқалары қазақ батырларының ертедегі ру бірлігін қорғау жолында жасаған ерліктерін жырлау кезінде пайда болғанын айтты.

XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында батырлар жыры баспа арқылы және ауызша айтылуы арқылы қалың жұрқыншылыққа кеңінен белгілі бола бастады. Бұл кезеңдегі ақын, жыршылар елге ертеден белгілі жырларды айтып таратумен бірге жаңадан эпостық жырлар (“Төрехан”, “Құбығұл” т.б.) шығарады. Сонымен бірге сол кездегі батырлар жырына кітаби тілдің, шығыстық қиссалардың белгілі дәрежеде әсері тимей қалған жоқ.

Қазақ батырлар жыры нұсқаларының көпшілігінде идеялық мазмұны, сюжет желісі, образдық бейнелеуі және көркемдік құралдары саласында ортақ элементтер болғанмен, бір-біріне ұқсамайды, әрқайсысының өзіндік ерешеліктері бар. Әйткенмені батырлар жырының барлығына тән нәрсе — халық тағдырын жырлау негізгі түйін болып табылады. Қайсыбір жырда болмасын, халық эпосы нұсқаларының көпшілігі кейінгі заманда шыққан. Бұл нұсқаларда қалың қауымның бертінгі ғасырлардағы өмірге көзқарасы, дүние танымы бейнелеген. Сонымен бірге батырлар жырында көне дәуірден елес беретін эпизодтар, мотивтер, сюжеттік өрістері және кейіпкерлердің іс әрекетіндегі әр түрлі жайлар сақталған.

Ақын, жыршылардың еңбегі, орындау ерекшеліктері мен қабілеті жырдың идеялық мазмұнынан, сюжет желісінен, образдарынан, формасынан айқын көрінеді. Эпостық негізін, дәстүрлік элементтерін сақтай отырып, жаңа ой, идеяларын қосып жырлайды.

Қазақтың батырлық жырын бұрынғы айтушылар мен кейіннен жалғастырушы ақын, жыршылардың нұсқаларын ислам дінінің әсері байқалады. Ғасырлар бойы халық ұғымында сақталып келе жатқан ғайып-ерен, қырық шілтен тәрізді образдар XIX–XX ғасырларда жырланған эпос жырларында да кездеседі. Ислам дінінің халық санасына ықпал етуі нәтижесінде батырлар жырында діншілік идеялар туа бастады. Сан ғасыр бойына айтылып, ауыздан ауызға таралып келе жатқан қазақ эпосына үстем таптың да әсері болды.

Сонымен қатар халық мұңын жырлаған ақындар XIX–XX ғасырларда жаңа эпостық шығармалар тудырды, онда қалмақ және жоңғар басқыншыларына қарсы қазақ халқының азаттық, еркіндік жолындағы күресін жырға қосты. Бұған Жамбылдың “Сұраншы батыр”, “Өтеген батыр”, Нұрпейіс Байғаниннің “Нарқыз” т. б. дастандарын мыcалға келтіруге болады.

М. Ғабдуллин қазақтың батырлар жырының қайсысын алсақ та, бәрінде де ел бірлігі мен Отан қорғау мәселесі бірінші кезекте тұрады, батырлардың ойы мен арманы, ел мұны халық тағдырымен ұштасып жатырғанын баса айтты.

Ғалымдардың зерттеуінше, қазақ халқында, варианттарымен қосып есептегенде, мыңға тарта эпикалық туынды бар екен. Солардың ішінде бір ғана "Қобыланды” жырының 29 нұсқасының бар екенін және оларда әрісі сақ-ғұн заманының, берісі қалмақ-жоңғар кезеңінің белгілері жалғасып отыратынын ғалымдар әлденеше рет жазған еді.

Қазақ эпосы жайында алғаш пікір білдіріп, көңіл аударған ғалымдар – В.Радлов, И.Березин, Г.Потанин, Ш. Уәлиханов, А.Алекторов, Ә.Диваевтар еді. Бертінде терең зерттеген ғалымдардан М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев, Қ.Жұмалиев, М. Ғабдуллиндерді ерекше атауға болады.

Академик М. Әуезов эпостық шығармалар турасында: "Бұл дастандар көбіне сонау бір бағзы замандарда Орта Азияны, Қырым мен Еділ бойын жайлаған көшпелі тайпалар басынан кешірген нақтылы тарихи оқиғалардың поэтикалық көрінісі болып табылады. Батырлар жырының кейіпкерлері – Қобыланды, Қамбар, Тарғын сияқты аға батырлар мен Алпамыс, Сайын тәрізді батырлардың есімдері тарихи оқиғаларға байланысты”, – деп жазғаны баршаға аян.

Эпостық мұраларды, ондағы тарихи тұлғаларды терең зерттеп, көп тер төккен кісі – академик Әлкей Марғұлан. Ғалымның еңбектерінде эпостық жырлардың деректері негізінен тарихи шындыққа сәйкес келетіні, жұртымыздың басынан кешкен ұлылы-кішілі оқиғалардың туындысы және халық даналығының айқын ескерткіші екендігі айтылады. Оларға әр кезде өмір сүрген халық батырларының ерліктері арқау болғаны ескертіледі. Сонымен қатар, Ә.Марғұлан қазақ эпосы өзінің қалыптасып даму тарихында ХІІІ ғасырға дейінгі екі кезеңді (көне заман және VІ-ХІІ ғасыр арасы) басынан кешіргенін және сол кездерде эпостық шығармаларымыздың алғашқы үлгілері туғанын қадап жазады.

М.Әуезов өзінің қазақ әдебиеті тарихы туралы зерттеуінде біздегі батырлар жырының ең көне үлгілері есте жоқ ескі заманда туған дейді, Қ.Жұмалиев қазақтағы батырлар жырының алғашқы үлгілері қазақ батырларының ертедегі ру бірлігін қорғау жолында жасаған ерліктерін жырлау негізінде туған деген тұжырым жасайды. Батырлар жыры көбіне Отанын сыртқы жаулардан қорғау, өз елін басқаларға тәуелді етпеу тілегін қамтиды, сол идеяны берік ұстайды.

«Алпамыс батыр»жыры-қазақ халқының батырлар жырының ішіндегі көне жыр. Ол патреалхалдық-рулық қарым-қатынастар кезінде туған. Жыр ішіндегі кейіпкрлердің қиял-ғажайып ертегілеріндегі қаһаармандарға ұқсауы, көне замандағы батырлық ертегілер сарындарының ұшырауы, бұл жырдың негізгі бағы заманнан келе жатқанын дәлелдейді. Ал қалмақ шапқыншылармен айқас-кейінгі кезең оқиғасы.

«Алпамыс батыр»жыры халықтың бірлігін, тұтастығын, ынтымағын армандаудан туған. Жырда тек бірлік, ынтымағы бар ел ғана жауға қарсы тұра алады деген үлкен түйін айтылады. Ал елдің, рудың сол бірлік, тұтастығын сақтап, жауына айбар, еліне қамқор болар-оның батыры. «Алпамыс батыр» жырында Байсарының ағайынға өкпелеп қоныс аударуы, қалмақтың қол астына кетуі рудың бірлігін бұзады. Қалмақ билеушілері қоңыраттарды келімсек деп кемітіп, зорлық-зомбылық жасайды. Қалмақ ханы Гулбаршын сынды аруды күштеп өзіне жар етіп алуды ойлайды. Сол хабарды естігенде Алтыншаштың еріне:

Көпше деп зар жыладым мен елімде,

Мұнда келіп қанша дүние арттырдың?.. -дегенде де бұл пәлеге душар болудың түп-тамыры өз елінен қоныс аударуға деген өксік, өкініш, зар жатыр. Байсарының жаумен белдесер дәрмені, арқа сүйер елі, қарсы тұрар батыры жоқ. Сондықтан:

Байсарының кетті мәдеті,

Қолынан тайды дәулеті, -дейді жырда.

Байсарының соңынан ерген қоңырат руын қалмақ қыспағынан Алпамыс құрқарады. Жырдың идеясы-батырлықты, елін сүюді дәріптеу.

Қазақ эпостарының ішінде ең көп зерттелгендерінің бірі – "Қобыланды батыр” жыры. Қобыланды жөніндегі аңыз-әңгімені алғаш рет баспа бетіне түсірген – В. Радлов. Содан бері бұл жыр әлі күнге дейін зерттеу нысанасына айналып келеді.

"Қобыланды батыр” жыры жайындағы алғашқы келелі сөзді Әлихан Бөкейхановтың "Туркестанские ведомости” газетінде жарияланған "Женщины по киргизской былине Кобыланды” деген көлемді зерттеу мақаласынан кездестіреміз.

Академик Мұхтар Әуезов өзінің 1925 жылы "Таң” журналына жариялаған "Қобыланды батыр” атты зерттеуінде бұл жырға "эпопея дерлік жыр” деп баға береді. "Қобыланды батыр” жырын ғалым Мәлік Ғабдуллин де егжей-тегжейлі зерттеді: 1947 жылы "Қобыланды батыр жырын ғылыми зерттеудің проблемалары” деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады, 15 түрлі нұсқасын жариялады.

Сонымен қоса, "Қобыланды батырды” Марабай, Мергенбай жырау, Біржан Толымбаев, Айса Байтабынов, Мұрын Сеңгірбаев, Сыр бойының белгілі жыршысы Тұяқбай жырлаған. Бұлардың қай-қайсысы да "Қобыланды батырды” өзінше жырлаған, бір-бірін қайталамаған, жырдың көпшілікке таныс сюжетіне жанынан жаңа әңгімелер қосып айтқан. Жырдың айтушылары мен нұсқаларының мол болуы бұл жырдың халық арасына мейлінше көп таралғандығын білдіреді. Осылардың ішінде академиялық оқулыққа енгені Марабай нұсқасы.

Бұл жырдың 9 мың жолдық нұсқасын Ақтөбе топырағында ақын Нұрпейіс Байғанин да жырлаған. Мен "Қобыландыны” он жеті жасымнан жырладым, тұқымы жыршы Махует деген ақыннан үйрендім. Махуеттің әкесі Ділмағамбет, Ділмағамбеттің әкесі Бітеген, Бітегеннің әкесі Терлікбай, Терлікбайдың әкесі Бақы, Бақының әкесі Жаскелең, Жаскелеңнің әкесі Текберген деген атақты жыраулар өтіпті. Атадан балаға "Қобыландының” мен айтатын осы желісі қалған екен” – дейді Нұрпейіс.

"Қобыланды батыр” көлемді жыр болып бірден туа салмаған. Ол өзінің қалыптасып даму процесінде халықтың тұрмыс-тіршілігіне, қоғамдық өмірдің әр алуан талап-тілегіне сәйкес елеулі өзгерістерге ұшыраған; әрбір тарихи кезеңнің, қоғамдық ой-сананың, түрлі көзқарастардың көптеген әсерін бойына сіңірген.

Мәселен, жырдың Марабай, Мергенбай, Біржан, Құлжан, Досжан айтқан нұсқаларында Қобыландының алысатын жаулары кілең қызылбастар болып келеді, ал Нұрпейіс, Айса, Мұрын жырлаған нұсқаларда бас кейіпкер қалмақтармен күреседі. Батырлық жырларда "қызылбас”, "қалмақ” деген атаулар әр кезеңдегі шапқыншы жаулар ретінде бірінің орнына бірі ауысып айтыла береді. Бұл жағдай тек қазақта ғана емес, көршілес қарақалпақ, өзбек, қырғыз, түркімен халықтарының эпикалық шығармаларында да жиі кездеседі.

"Қобыланды” жыры – тайпалық эпос түрінде туып, бірте-бірте жалпыхалықтық жырға айналған қазына.

Шын мәнінде Қобыландының өмір сүрген дәуірі белгілі. Бұл — тарихи ақиқат. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі шыққан төл энциклопедиямызда мынадай жолдар бар: "Қара қыпшақ Қобыланды – (шамамен ХV ғасырда өмір сүрген) батыр, тарихи қайраткер. Көшпелі өзбек мемлекетінің негізін қалаушы Әбілхайыр ханның бас батыры. Қазақ шежіресінде Қобыландыны Қара қыпшақтан тарайтын Тоқтарбайдан туғызады. Қобыландыдан Беркімбай, Беркімбайдан бес таңбалы Қыпшақ ұрпақтары өрбиді... Ел аузындағы деректерге қарағанда, оның бейіті Қобда өзенінің бойында”, – делінген. Қобыланды батыр – шын мәнінде қайталанбас эпостық образ деңгейіне жеткен тарихи тұлға. Кейінгі кешенді зерттеулер Қобыланды батырдың ХV ғасырда Сырдың бойында хандық құрған Әбілхайыр тұсындағы Өзбек-Қазақ кезеңінде өмір сүргенін айғақтайды.

Ғалым Әуелбек Қоңыратбаевтың жазуынша, Қобыланды батыр Әбілхайыр ханның екі төбе биінің бірі болған. Себебі, әзірге белгісіз, Қобыланды ханның "Ақжол” биі атанып кеткен екінші биі Дайырқожаны ұрып өлтіреді. Жырда айтылатын Дайырқожаның әкесі Қотан жыраудың: "Қара қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным, сексен асып таянғанда тоқсанға, тұра алмастай үзілді ме жұлыным, адасқанын жолға салдық бұл ноғайлы ұлының, аққан бұлақ, жанған шырақ жалғыз күнде құрыдың, Қара қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным! ” деп келетін жыр жолдарының өзі батырдың Өзбек (Әбілхайыр) хандығының іргесі шайқалатын тұста ғұмыр кешкеніне дәлел бола алады.

Бір қызығы, аталған жоқтауда Қобыландыға қатысты ешқандай жазғыру жоқ, жырау атышулы батырмен ұстасқан баласының өліміне күйініш білдіреді. Өзбек ханның мұрагері – Әбілхайыр Шәйбанидың қабырғалы екі биінің арасындағы осы оқиға, түптеп келгенде ұшса құс қанаты талатын ұлан-ғайыр жерді алып жатқан үлкен бір ұлыстың екіге жарылуына себеп болғанға ұқсайды. Осылайша ел іші алатайдай бүлініп, Керей мен Жәнібек сұлтандардың хандықтан кетіп, мұның аяғы Шу бойындағы Қозыбасы тауының етегінде дербес Қазақ хандығының құрылуына алып келеді. Бір жағынан Қобыланды батырды ұлтымыздың бүгінгі атауының қалыптасу шағының бастауында тұрған тарихи тұлға десек те болады.

Қобыланды батыр – қаһармандық символы, қазақ халқының мақтанышы. Қобда ауданы Жиренқопа жеріндегі Жалғызоба, Қособа, Бесоба - Қобыланды батырдың қалмақтармен соғысқан іздері. «Қобыланды батыр» жырындағы Қособа, Жиренкөл, Ешкіқырған, Тасбұлақ тауы, Тұшман бұлағы бүгінге дейін өзгеріссіз осылай аталды. Бір замандарда батыр сүйегі жатқан жерде мазар болған. Ол мазар жөнінде 1906 жылы В.В.Карлсон, кейін Жозеф-Антуан Кастанье жазып кеткен. Мазар ерте кезден бұзылып, XX ғасырдың бас кезінде үйінді болып қалған.

ХХ ғасырдың елуінші жылдары ғұлама ғалым Әлкей Марғұлан осы бейіт басында болған. Алпысыншы жылдардың аяқ кезінде антрополог Н. Шаяхметов қазба жұмысын жүргізіп, Герасимов әдісімен бас сүйегіне қарап батырдың кескінін жасауды жоспарлайды. Қобыландының бейіті – Қобда өзенінің шығыс жақ жағалауында, Жиренқопа елді мекенінің іргесінде. Бейіт беріректе қоршалып, 1995 жылы басына белгі қойылды. 2006 жылы батырдың мүрдесі қайта жерленді. 2007 жылы Қобыланды батырға арналып салынған кесене – XXI ғасырдағы теңдесі жоқ биік әрі көрнекті архитектуралық ерекшілігі бар құрылыс. Қобыланды батыр кесенесінің аумағы мынадай: Дулыға пішіндес кесененің биіктігі - 17, 5, ені – 12 метр. Төбесінен қарағандағы мавзолей қалқан, дулыға, садақ пішіндес архитектуралық кескінді бейнелейді. Қобыланды батырдың қайрақ тасының ұзындығы – 3 метр, ені – 60 см. Күні бүгінге дейін сақталған Қобыланды қылышы осында қайралған.


Тайбурылдың шабысы

Бұған Қобылан қуанып;

«Шырағым бурыл шу! -деді,

Құбылып бурыл гуледі,

Табаны жерге тимеді,

Тау менен тасты өрледі,

Төрт аяқты сермеді,

Құлақтың түбі терледі,

Тер шыққан соң өрледі,

Адырды көзі көрмеді,

Көлденең жатқан көк тасты

Тіктеп тиген тұяғы

Саз балшықтай иледі.

Қараша емес қауысты,

Қоңыраулатып дауысты

Жақын қылды алысты,

Берсін кімге намысты,

Күн төбеден аумай-ақ,

Түзеді бурыл шабысты.

Қос құлағы тігілді,

Қайырға біткен қамыстай,

Түс ауған соң бүгілді,

Илеуі жеткен қамыстай.

Байлаулы малдай шешілді,

Төрт аяғын көсілді,

Әбіре сымдай көсілді.

Кешегі кеткен қосынға

Жетемін деген Қобыланның

Жоқ еді тіпті есінде.

Бұлаңдаған Бурылмен

Артық туған Қобыланды.

Аңқып жетті бесінде...

Қобыланды гулеп жөнелді.

Көк Қиятқа қарамай

Қалың Қият-көп қосын

Бәрі қалды артында

Бірі еруге жарамай,

Сонда Бурыл гуледі.

Табанды жерге тимеді,

Көлденең жатқан көк тасты.

Тіктеп тиген тұяғы,

Саз балшықтай иледі.

Аманбайдың ақ тікен,

Асып Бурыл жөнелді,

Қарсы келген қабақтан

Қарғып басып жөнелді.

Сеңгір-сеңгір таулардан

Секірте басып жөнелді

Ол төбе мен бұл төбе

Бауыры шұбыр көл төбе.


ҮЙГЕ ӨЗІН-ӨЗІ ТЕКСЕРУГЕ АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

Тапсырма №1. Батырларға мінездеме беріңіз.


Тапсырма №2. Сұрақтарға жауап беріңіз.


Тапсырма №3. Батырлар жырына тән сипаттар:
















Тапсырма №4. Кестені толтырыңыз

Алпамыс батыр жыры

Мінездеме

Алпамыс





Ұлтан





Бадамша





ТЕСТ ТАПСЫРМАСЫ

  1. Ғашықтық жырын белгілеңіз

а) Қыз Жібек

в) Алпамыс батыр

с) Қобыланды

д) Барлығы дұрыс


  1. Батырлар жырын табыңыз

а) Қобыланды батыр

в) Ер Тарғын

с) Алпамыс

д) Барлығы дұрыс


  1. Қозы көрпеш Баян сұлу жырының кейіпкерлері

а) Қарабай, Сарыбай, Қодар

в) Қарлығаш, Ұлтан

с) Асан қайғы, Желмая

д) Төлеген мен Қыз Жібек


  1. Ғашықтық жырын белгілеңіз

а) Қозы Көрпеш Баян сұлу

в) Алпамыс батар

с) Қобыланды батыр

д) Ер Тарғын

  1. Қай жырдың кейіпкерлері.

Қарабай, Сарыбай, Қодар

а) Қозы Көрпеш Баян сұлу

в) Айман Шолпан

с) Қамар сұлу

д) Қыз Жібек


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!