400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ер жеткен қыз ережесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қыздармен әңгімелесе отырып, ар-намысын, пәктігін, сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында абыройлы болуға тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту. Есірткі, ішімдік және темекінің ағзаға тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары, адам ағзасына теріс әсері туралы түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру жүйесіндегі педагог қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін дамыту,ғылыми-әдістемелік жұмыстың мазмұны мен формаларын жаңарту

Омар Молдағожин атындағы орта мектебінің директордың

әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары

Бижанова Айгуль Сапановна


Қазіргі қоғам алдында тұрған өзекті мәселе бұл-жан жақты дамыған, көпмәдениетті, шығармашыл, әлеуметтік бейімделген тұлға қалыптастыру. Оқушы қабілетін жан-жақты дамытып, шығармашылығын ұштай білу үшін ұстаз өзі шығармашыл тұлға болуы тиіс. Ол шығармашыл, жаңашыл, озық ойлы кәсіби шебер маман болуы қажет. «Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» қоғамның және экономиканың инновациялық даму сұраныстарына сәйкес білім беру жүйесін жаңғырту қажеттігі тұжырымдалғаны тегін емес. Демек, осы бағдарламаны іске асыру нәтижесінде елімізде білім алушылар үшін баршаға бірдей сапалы білімге, үздік білім беру ресурстары мен технологияларына қол жеткізуге кеңінен жол ашылады. Білім берудің жаңа парадигмасына, яғни 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында жаңаша білім бере білу үшін мұғалімдердің өз біліктілігін үнемі жетілдіріп отыруы, оқытудың жаңа технологияларымен танысып, өзіне ең тиімдісін таңдап, терең оқып меңгеріп, қолдана білуі өте маңызды. Бұл мәселелерді іске асыру мақсатында жүргізілетін әдістемелік іс-шаралардың тақырыбын ғана өзгертіп қоймай, әдістемелік жұмыстың жаңа түрлерін ұйымдастыру – бүгінгі заман талабы. педагогикалық шеберлік пен шығармашылықтарын арттырудың басты құралы әдістемелік жұмыс болып табылады.

Мектеп мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты мәселелер көптеген жауапкершілікті талап етеді және жалпы білім беретін мектептердегі жүргізіліп жатқан реформалар өзінің педагогикалық жүйесінде принципті өзерістерді қажет етеді. Қазіргі кезеңде білім беру жүйесінің негізгі принциптері мен мақсаттары өзгеруде, оқу ақпаратының мазмұны жаңаруда, педагогикалық коммуникация құралдары, және педагогикалық әсер етудің объектісі- оқушылар да айтарлықтай өзгеруде. Осы факторлардың барлығы мектеп мұғалімінің  педагогикалық кәсіби шеберлігінің деңгейін жоғарлатуды талап етеді.

Мектептің барлық жұмыс жүйесін тұтастай байланыстыратын мұғалімдердің педагогикалық шеберлік пен шығармашылықтарын арттырудың басты құралы әдістемелік жұмыс болып табылады. Әдістемелік жұмыс – ғылыми жетістіктерге, озат педагогикалық тәжірибелерге , сонымен қатар мектептің оқу-тәрбие үрдісі бойынша қорытынды талдаулары мен сараптамаларына негізделген біртұтас жүйе. Ол – педагогикалық ғылыми-теорияның мұғалімнің кәсіби шеберлігін көтеруге бағынышты жүйелі, жеке және ұжымдық жұмыс.

Соңғы уақытта, заман талаптарына орай әдістемелік жұмыс сипаттамасының барлық компонентеріне: атап айтқанда, мақсат, мазмұн, ұйымдастыру және дидактикалық формалар, әдіс-тәсілдеріне жаңашылдықтар енгізіліп жатыр. Әдістемелік жұмыстың ақпараттық , бақылау-коррекциялық сияқты дәстүрлі қызметтік аяларынан басқа инновациялық, яғни  болжамдық, жобалық, зерттеушілік, оқытушылық қызметтері қосылды.

Болжамдық- білім беру тәжірибесі, білім беру бағдарламалары, технологиялар, іс әрекеттің педагогикалық құралдары.

Жобалау әдіс тәсілдің қолданудағы негізгі мақсат – оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін – өзі көрсете білуге бейімдеу.

Зерттеушілік-бұл білім заңдылықтары, оның құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясы жөніндегі жаңа мəліметтерді алуға бағытталған ғылыми ізденіс үрдісі жəне оның нəтижесі. тəжірибелік ізденістер педагогикалық əдістер жүйесін жете білумен жүргізілетін болса ғана, педагогтың өз тəжірибесі де, басқалардың да педагогикалық ұсыныстары мақсатты бағытта зерттеліп, талданады, соның нəтижесінде оқу-тəрбие ұйымдастыру жолындағы табыстары мен жаңалықтары жетістікке жетеді

Оқытушылық- оқыту үрдісінде оқушыларға ғылым негіздеріне сай терең де тиянақты білім беру, оларды адамгершілік рухта тәрбиелеу және дамыту міндеттерін шешудегі мұғалімнің басшылық ету тәсілдері, амалдары мен құралдарының біртұтастығы. Оқыту әдістерін жетілдіру Оқыту әдістерінің тиімділігін арттырып, оқытудың жана формалары мен тәсілдерін меңгеру қажеттігіне байланысты мұғалім білімін үздіксіз жетілдіру.  Бүгінгі күні әрбір мұғалім оның жұмысының негізі оқушыларды тәрбиелеу мен әрбір оқушыны жан –жақты дамыған, қоғамның белсенді мүшесін қалыптастыру болып табылады.

Қазіргі заман талабына сай оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық тиімді әдіс-тәсілдерін қолдануға байланысты мектебімізде әдістемелік жұмысын ұйымдастыруда мынадай бағыттарды басшылыққа алады:

- Мұғалімдердің педагогикалық шеберлік пен шығармашылығын көтеру.

-Ұстаздардың кәсіби біліктілігін жетілдіру.

-Озық тәжіриебені жинақтау,тарату.

- Тәлімгерлік «Жас маман мектебі» Жас мамандармен жұмыс.

-Шығармашылық орталықтың/топтар/ жұмысы.

-Пән әдістеме бірлестіктерінің жұмысы.

-Педагог кадрларды аттестациялау жұмысы

- Дарынды, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс

Әдістемелік қызметті және мұғалімдер қызметіне бақылау жасау

жолдарын жаңарту тұрғысында құрылған ғылыми орталықтар

- Қиыншылықтар, проблемалар және оны шешу жолдары «Тринитаризм» орталығының жұмысы

-Жеке тұлғаның қалыптасуы,тәрбие үрдісі «Акмеометриялық» орталықтың жұмысы

- Оқушылармен репетиторлық жұмыс «Тьюторлық» орталықтың жұмысы .

«Зерде»шығармашылық орталығы

Педагогтердің кәсіби деңгейінің көрсеткішін анықтау және оның өсуі педагогикалық шеберлігінің жетілуіне зор ықпал ететін жылына 2 рет «Ұстаздар рейтингісі» шығарылып нәтижесі әдістемелік кеңесте қаралып отырады.

Мектеп өзінің даму бағдарламасымен жұмыс жасайтын,жаңа озық тәжірибелердің қажеттілігін болжап, білім берудегі жобаларды енгізетін болып қалыптасқан.

Қорыта келе , мұғалімнің кәсіби деңгейін дамыту бүгінгі таңда әдістемелік жұмысының жүйелі, жаңаша бағыт негізінде ұйымдастыруды көздейді. Мұғалімнің кәсіби деңгейін арттырудың жолдарын қарастырған және әлемдік педагогикалық ойларды жинақтай келе, ғалым Ш.Таубаев мынадай қорытынды жасаған: «Кәсіптік қызығушылық педагогикалық қызметті бағалауда, білуге деген қажеттіліктен туындайды, ал ол жоғары кәсіптік қажеттілікке тек мұғалімнің жеке өз басының ұмтылуы арқылы ғана айнала алады». Оқу процесінің  жаңаруына қажетті шарт кез-келген педагогикалық жүйенің басты тұлғасы болып табылатын мектеп мұғалімдері  педагогикалық шеберлігін арттыру арқылы үлкен нәтижелерге қол жеткізуге болады.



 

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
568
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі