Материалдар / «Ер қанаты - ат»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Ер қанаты - ат»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ер балаларды қазақ халқының ата кәсібі – жылқы малын өсіру, күту, баптау және ат әбзілдерін жасау өнерінің алғашқы дағдыларын қалыптастыру. (музыка әуені қосылып тұрады). Балалар кіреді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1042
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тақырыбы: «Ер қанаты - ат»

Мақсаты: Ер балаларды қазақ халқының ата кәсібі – жылқы малын өсіру, күту, баптау және ат әбзілдерін жасау өнерінің алғашқы дағдыларын қалыптастыру. (музыка әуені қосылып тұрады). Балалар кіреді.

Тәрбиеші: Балалар бізге қонақтар келіпті, қазақ халқы қонаққа қандай қошемет көрсеткен. «Ассалаумағалейкум», «Сәлеметсіздерме», «Қош келдіңіздер» деп амандасады.

Әріректе, сиқырлы шеберханада Нұрым аға отырады.

Тәрбиеші: Балалар, біз жұма сайын бір сиқырлы елге барамыз.

-Ол қандай ел?

Балалар: Атаның шеберханасы.

Тәрбиеші: Ал неге атаның шеберханасы деп атайды?

Ерназ: Себебі бұл елде ата-әкелеріміздің кәсібіне үйренеміз.

-Ал балалар кәсіп деген не?

Нұржан: Кәсіп деген өнер.

Тәрбиеші: Өте тамаша, кәсіп деген өнер екен.

Ислам: Кәсіп деген қолыңнан бір зат жасап шығару.

Мансұр: Кәсіп деген еңбек ету, ақша табу, отбасын асырау.

Тәрбиеші: Иә дұрыс айтасың, еңбек етсең ақша аласың, отбасын асырайсың.

Нұрдәулет: Менің әкем кәсіпкер ол – зәулім үйлер салады.

Тәрбиеші: Өте тамаша, Нұрдәулеттің әкесі зәулім үйлер салады, кәсібі сол екен.

-Ал Елдос сенің әкең ше?

Бала: Менің әкем де кәсіпкер ол – ағаштан жиһаз жасайды.

Тәрбиеші: Елдостың әкесі ағаштардан жиһаз жасайтын кәсіпкер екен.

Тәрбиеші: Балалар, қазақ халқында кәсіптің әр түрі болған. Ол атасынан - баласына – баласынан сендер сияқты кішкентай немересіне үйретіп жатқан өнер. Сондықтан оны ата кәсібі деп атайды. (ата, бала, немере суреті) Не деп атайды екен және айтайықшы ата кәсібі деп атайды.

  • Балалар, сондай кәсіптің бір түрі – Жылқы асырау.

Енді теледидарға назар аударайықшы. Не көріп тұрсыңдар? (Жылқы суреті, теледидарда жылқы малы, оның шабысы, оның үстінде шауып келе жатқан адам) т.с.с.

Балалар: Жылқы

Тәрбиеші: дұрыс айтасыңдар, қазақтың қасиетті малдарының бірі – жылқы.

-Ал мына суретте не көріп тұрсыңдар?

Балалар: Құлын

Тәрбиеші: Иә дұрыс, жылқының төлін құлын деп атайды.

-Ал мына суретте ше?

Елдос: Енесі мен оның төлі құлыншақ.

Тәрбиеші: Өте жақсы.

-Ал мына суретте ше?

Сұлтан: Аға атпен шауып бара жатыр.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасың. Балалар, «Ер қанаты - ат» деп халық бекерге айтпаған ғой. Ат мінсе көлік, сауса сусын болған. Малды да жылқымен баққан.

Тәрбиеші: Ал мына суретте не көріп тұрсыңдар?

Алинұр: Аттар шауып барады.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасың, бұл қазақтың ұлттық ойындарының бірі, қалай аталады кім біледі?

Сұлтан: Қазақтың ұлттық ойындарының бірі бәйге.

Тәрбиеші: Өте тамаша.

-Мынау қандай ойын?

Мансұр: Көкпар ойыны.

Тәрбиеші: Мына ойынның атын кім біледі?

Елжан: Теңге алу ойыны.

Тәрбиеші: Балалар, жылқы малымен қазақтың ұлттық ойындары да ойналған екен.

-Ал жылқы туралы кім өлең, мақал-мәтел, жұмбақ біледі.

Алинұр: Қас жүйрікке балаймын,

Құйрық-жалын тараймын.

Қарғып мініп мен атқа,

Барам сосын қонаққа.

Елжан:

Қуғандарға жеткізбей,

Қашқанға жетпей қоймаған!

«Ер қанаты - өзің» деп,

Ел қуанып айдаған.

Мақал-мәтелдер:

Мансұр: Аттай тай озады,

Атадан бала озады.

Жұмбақ:

Елдос: Туа сап жүріп кеткен,

Енесін қуып жеткен (Құлын)

Ерназ:

Көкке шаншып құйрығын,

Келеді шауып жүйрігім (Ат)

Тәрбиеші: Енді балалар біраз сергіп, бойымызды жазайықшы.

Көңілді үзіліс:

Ертоқымда аламын,

Аттың үстіне қоямын,

Сол аяқты үзеңгіге саламын

Атқа мінемін,

Тізгінді ұстаймын

Қолыма қамшы аламын,

Шабамын (дыгыдык, дыгыдык) .

Тәрбиеші: Балалар, атаның шеберханасына барғыларың келеме? (Иә) Ендеше оған бару үшін барлығымыз ән айтып берейік.

Ән: «Қазақтың жігіттері» (Шеберханаға келеді)

Балалар: «Ассалаумағалейкум» деп амандасады.

Нұрым: «Уағалейкум» , төрлетіңдер.

Тәрбиеші: Сәлеметсізбе Нұрым ағай. Балалар, жаңа біздің көрген атымыз тұр ғой, ат әбзілдері қараңдар, аталарымыз жылқы малын күту, ұстау үшін ат әбзілдерін жасаған.Мынау не? (ертоқым), бұл аттың үстіне ерттеледі. Ал мына көріп тұрғандарың не? (жүген), ол аттың басына тағылады атқа отырған адамға бағыт-бағдар береді. Мына көріп тұрғандарың не? (қамшы), Ал мына көріп тұрғандарың таға, мынау аттың тұяғы ол көп жүрсе желініп, қанап қалады, сондықтан оған таға жасайды.

Сөздік жұмыс: Ат әбзілдері (қайталап айтқызу). Ат әбзілдері деген, балалар, атты үйде ұстап пайдалану үшін, атты мініп жүру үшін, арбаға жегу үшін жасалатын заттар.

Тәрбиеші: Нұрым аға бізге не үйретесіз?

Нұрым: Балалар бүгін мен сендерге ат әбзілдерінің бірі – қамшы әкелдім. Бұл қамшыны өзім өрдім, оны өруді маған әкем үйреткен. (Экранда ат үстінде отырған қолында қамшысы бар адам).

Сендер ер баласыңдар, үлкен азамат боласыңдар сонда атқа мініп қамшы қолға ұстайсыңдар.

Нұрым: Қамшы өруді үйренгілерің келе ме?

Балалар: Иә, аға.

Нұрым:Балалар, бұл қамшы, ат әбзіліне жатады.

Қамшы – атқа мінген адам ұстайтын, бірнеше таспа қайыстармен көмкеріліп, өрілген, сабы тобылғыдан, еліктің тұяғы, мүйіздерінен жаслған атты айдап жүргізетін құрал. Қамшының өрімі сабынан бір жарым еседей ұзын болады. Өрімші қамшының таспасын жіңішке не жуандатып өрген.

Қамшы өрудің көптеген түрі қолданылады, соның ішінде 3 таспадан 32 таспаға дейін жететін түрі кіреді. Өрімдер домалақ , жұмыр, төртқырлы болып келеді. Біз бүгін үш таспаны өріп көрейік.

-Балалар, алдымен қамшының өрімін алдымыздағыүстелдің ілгегіне бекітеміз. (тексеру).

Енді мынау қамшының сабы (көрсету). Ал мынауқамшының басына бекітілген жіңішке қайыс.

(Тәрбиеші тексеру. )

Балалар, мынау не?- қамшының сабы.

Мынау не? – қайыс. (Музыка әуені қосылып тұрады, күй)

-Енді қамшыны өреміз. Бұл тапсырма өрім – бірінің үстіне бірін қиыстырып өреміз.

-Дұрыс , деп көмектесіп отыру. (Аяқтау)

Тәрбиеші: Балалар қамшыларың өте әдемі екен, осы жасаған қамшыларыңды өздерің естелікке алыңдар.

-Балалар бүгін не үйрендік?

Балалар:Қамшы өруді.

Тәрбиеші:Кімге не ұнады? (балалар не ұнағандарын айтады)

Тәрбиеші: Балалар қамшыларың өте әдемі екен, осы жасаған қамшыларыңды өздерің естелікке алыңдар.

-Балалар бүгін не үйрендік?

Балалар: Қамшы өруді.

Тәрбиеші: Кімге не ұнады ? (балалар не ұнағандарын айтады)

Тәрбиеші: Балалар қамшыларың өте әдемі екен, осы жасаған қамшыларыңды өздеріңе естелікке алыңдар.

Тәрбиеші: Нұрым аға біз міне ат әбзілдерімен танысып, қамшы өрдік, балалар аталарының кәсібіне үйренді. Сізге рахмет.

Сізге және келген қонақтарға арнап «Ақбозат» биін орындап берейік. (балалар жарты шеңберге тұрады) .

Тәрбеші: Ал балалар сендер ұлдар, ата-кәсібіне өнерімізді үйренгендеріңді есіне сақтап жүрсін деп сыйлығымызды берейік. Сыйлық берерде қазақ халқы не деп айтушы еді,

Елжан: орамал тон болмайды, жол болады. (Қонақтарға сыйлықтарын беру)

Балалар, сендерге рахмет, кездескенше сау болыңдар!










Тақырыбы: «Әдемі шашақтар».

Мақсаты: Естияр тобы балаларын ұлттық өнердің бір түрін жіптен жасалатын қолөнерге баулу, саусақ бұлшық еттерінің моторикасын жіптен үзік жасау арқылы дамыту.

Қажетті құрал-жабдықтар: түрлі-түсті жіп, қайшы, қатырма қағаз, видео.

Барысы: балалар бүгін бізге сабаққа қонақтар келіп отыр. Қонақты қалай қарсы алады?

Балалар: Сәлеметсіздер ме!

Балалар: Қош келдіңіздер!

Балалар: Жайлы отырыңыздар.

Тәрбиеші: Балалар қазақ халқы жерге төсейтін төсенішті қалай атаған?

Балалар: Сырмақ деп атаған.

Тәрбиеші: Дұрыс балалар ал осы сырмақ үстінде нелер жатыр?

Балалар: Жастықшалар.

Тәрбиеші: Балалар осы жастықшаларға жайғасып отырайық.

Балалар қазір мен сендерге бір заттарды көрсетемін, сендер солардың аттарын атаңдаршы? (тәрбиеші қайшы, жіп, ою-өрнек, көрпеше, жастықты көрсетеді)

-Балалар осы заттарды қайда пайдаланушы едік, естеріңе түсіріңдерші.

Балалар: Оқу әрекетінде.

Тәрбиеші: Тағыда қай жерде?

Балалар: Студияда.

Тәрбиеші: Ол қандай студия?

Балалар: «Он саусаққа он өнер» студиясы.

Тәрбиеші: Дұрыс балалар біз «Он саусаққа он өнер» студиясында қандай қолөнерге үйренеміз?

Балалар: Ұлттық қолөнерге үйретеді.

Тәрбиеші: Дұрыс балалар ата-әжелеріміздің, бұрынғы заманнан келе жатқан қазақ халқының қолөнеріне үйренеміз. Балалар саусақ дегенді сендер білесіңдер. Ол біздің он саусағымыз.(балалар саусақтарын көрсетеді)

-Ал он саусаққа он өнер дегенді қалай түсінесіңдер?

Балалар: Біз осы саусақтарымызбен әртүрлі нәрселер жасай алуымыз керек.

Тәрбиеші: Ал енді айтыңдаршы, қазақ халқының қолмен жасайтын өнеріне не жатады?

Балалар: Көрпе тігеді. Алаша тоқиды. Киіз басады.

Тәрбиеші: Өте жақсы балалар осы «Он саусаққа он өнер» студиясына басқа топ балалары да қатысқан екен. Олар не үйренді екен көрейік экранға назар аударайық. (балалар экраннан видео көріп тамашалайды, тәрбиеші түсіндіреді)

Тәрбиеші: Балалар сендер де осындай ұлттық қолөнерді үйренгілерің келеме?

Балалар: Үйренгіміз келеді.

Тәрбиеші: Балалар бізге қонаққа әже келіпті.

Әже: Сәлеметсіңдер ме балалар.

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Әже: Балалар мына жастыққа қараңдаршы , әдемі ме?

Балалар: Әдемі!

Әже: Мұндай әдемі жастықшаларды мен мынадай ою салып немерелеріме тігіп бергенмін. Сендердің әжелерің не тігеді? (Балалар жауабын тыңдау)

Әже: Балалар бүгін сендерді жастық шетіне және т.б. заттарды әдемі етіп тұратын жіптен жасалатын әшекей шашақ жасауға үйреткім келіп тұр. Үйренесіңдер ме?

Балалар: Иә, үйренгіміз келеді.

Тәрбиеші: Әже оны қалай жасаймыз? (Әже жасалу жолдарын түсіндіреді)

Тәрбиеші: Балалар түрлі-түсті жіптен жасалатын әшекейді үзік немесе шашақ деп атайды. Шашақ мынандай болады. (шашақтарды көрсетеді, балалар жұмыс жасағанда халық күйі қосылады).

Тәрбиеші: Балалар сендер қандай әдемі үзік жасадыңдар.

Әже: «Қарлығаш» тобының балалар неткен өнерлі.

Тәрбиеші: Балалар бұл үзіктер әшһекей болғандықтан қазақ үйдің іші әдемі болып тұрсын деп шаңыраққа, түйенің,жылқының жүгеніні мойын тұсына, қоржынға ілген. Ал сендер жастықтарға әдемі үзіктеріңді тағыңдар. (Балалар жастықшалардың шетіне үзіктерді тағады)

Әр баламен сөздік жұмыс.

Тәрбиеші: Бұл әшекей не деп аталады?

Балалар: Шашақ деп аталады.

Әже: Ой айналайын, балаларым сендер қазақ халқының қолөнерінің бірі жіппен шашақ жасауды үйрендіңдер, бұл өнерді ұмытпаңдар, сіңілілеріңе үйретіңдер.

Тәрбиеші: Қане, балалар, әжемізге арнап бір ән айтайықшы.

Әжем менің өнерлі,

Жастық тігіп береді.

Ою салып шетіне,

Үзік іліп береді.

Әдемі , әдемі.

Жастық қандай әдемі,

Тәтті ұйқыға батып,

Ұйықтағым келеді.

Тәрбиеші: Балалар сендердің шашақ жасағандарыңды қонақтар көріп отырды. Қонақтарды шығарып салғанда қазақ халқы қандай сөздер айтады?

Балалар: Құрметтеп сыйлық береді.

Тәрбиеші: Сыйлық берерде не деп айтады?

Балалар: «Орамал тон болмайды жол болады» - дейді.

Тәрбиеші: Ендеше біздің «Қарлығаш» тобының балаларының үзік жасау өнерінене естелік ретінде шашақтан алқа тағайық. (Балалар қонақтарға алқа тағады).

Тәрбиеші: Балалар қонақтармен қоштасайық.

Балалар: Сау болыңыздар!


































Тақырыбы: «Батырлар сайысы»

Мақсаты: Балалардың жауапкершілік сезімдерін дамыту, болашағына ең керекті ілтипаттылық үлкенді сыйлау, тұрақтылық сияқты мінез-құлықтарын дамыту.

Қатысушылар: Ересек және орта топтар:

«Бәйтерек» тобы

«Жұлдыз» тобы

«Сымбат» тобы

«Қарлығаш» тобы

«Бұлбұл» тобы

«Шолпан» тобы

«Үкілім ай» тобы

Көрнекіліктер: Арқан, стол, орындықтар, эмблемалар, мергендер тақтасы, фланелеграф, үнтаспа.

Барысы:

-Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Біздің сәби бүлдіршіндеріміз! Бүгінгі «Батырлар сайысына қош келдіңіздер!»

Уа халайық, халайық,

Мұнда назар салайық.

Ата жолын жалғамақ,

Ел дәстүрін қолдамақ,

Жігіттер шықсын ортаға!

Міне, батыр да батыл сері жігіттерден құралған топтар ортаға келді. Олай болса сайысымызды бастамас бұрын:

Кім жеңеді жеңісте үміт алда,

Қобалжу бар, жүректе күдік барда.

Әділқазы алқасы атыңды ата,

Жүйріктерге арман мен бақыт жолда.

Қазылар алқасын таныстыру.

Құрметті қазылар алқасы сіздердің алдарыңызға ұпай сандары жатыр. Топтардың көрсеткен өнерлерін осы ұпай сандарымен бағалап отырасыздар. Құрметті қонақтар, қазір мен топтарды сайысымыздың бөлімдерімен таныстырып өтейін:

Өзін-өзі таныстыру.

Білім сайысы (мақал –мәтелдер Отан және білім туралы)

Күш сынасу. «Арқан тартыс» сайысы.

«Кім мерген» сайысы.

«Тауық» күресі.

Ал,енді құрметті қатысушылар, қазір сайысымызды бастамас бұрын біз сіздермен «Қара жорға » биін билеп, сергіп алайық.

Рахмет сендерге, балалар! Сайысымызды бастаймыз.

Өзін-өзі таныстыру.

Қазекем мақтанады ұрпағымен.

Көрінсін ұлдарым бар қырымен.

Танытсын кім екенін мына көпке,

Әр топ өз атымен, ұранымен.

Білім сайысы.

Мақал-мәтелдер айтқызу.

Қайсы мықты, қайсы епті,

Талабына қарайық.

Кімдер зерек, кімдер жылдам,

Талаптысын табайық.

«Елдің асылы күшінен білінеді» дегендей келесі сайыс күш сынасу.

«Біз мықты баламыз». Келесі сайыс «Арқан тартыс» сайысы.

Келесі сайыс «Кім мерген?» сайысы.

Көрейік біз балалардың,

Шыңдатып өз күштерін.

Келесі сайыс «Тауық күресі».

Құрметті қатысушылар сіздерге үлкен рахмет! Қазір әділқазылар алқасы өз шешімін шығарғанша біз сіздермен білімімізді шыңдап көрейік. Ол үшін мен сендерге бірнеше жұмбақтар жасырамын соны шешіп көріңдер:

Әншейінде біреусің,

Ал қарасаң екеусің. (айна)

Өзі бір қу, жүрген жері айғайда шу.

(түлкі)


Жылт-жылт етеді,

Жылғадан өтеді.

(су)

Ақ сандығым ашылды,

Ішінен маржан шашылды.

(жұлдыз)


Аяғы жоқ жүреді,

Салған ізі сөйлейді.

(қарындаш)

Топтарды марапаттау. Қорытынды.

Бойларыңда от бар екен, байқадым.

Жүректерде шоқ бар екен, байқадым.

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Жарқырап шарықтасын әрдайы! – деп бүгінгі сайысымызға келіп қатысқан бүлдіршіндерімізге үлкен алғысымызды білдіреміз. Келесі кездескенше сау болыңыздар!


































Тақырыбы: «Мен - кішкентай көмекшімін»

Мақсаты: Қыз балаларды әдемі, нәзік отырып жүруге үйрету. Саусақ қол моторикасын дамыту. Аналарына көмекші болуға, тазалыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: практикалық жұмыс, сұрақ жауап.

Қолданылатын көрнекіліктер:Көгершін, хат, таяқша, үй жиһаздары, құмзар, моншақтар.

Сазды әуенмен топқа мойынында хаты бар көгершін ұшып келеді.Электронды хатта: Кішкентай ханшайм тазалық сақтамағандығы үшін сиқыршы алып кеткендігін айтады. Ханшайымды табу үшін мен сендерге сиқырлы таяқшаны беріп жібердім.

Балалардың назары есіктен ұшып келген көгершінге ауады. Электронды хатта назар салып естиді. Балалар кішкентай ханшайымға көмектесуге барасыңдар ма?

-Ондай болса сиқырлы таяқшаның көмегімен сиқыршының үйіне барайық. (Балаларға көздерін жұмуды ұсынады.) (музыка ойнайды)

Сиқыршы ханшайыммен бірге бұршақты теріп отырады.Балалар амандасады.

-Сәлеметсіз бе!

-Здравствуйте!

-Good morning!

Тәрбиеші: Сиқыршы біздің кішкентай ханшайымды қайтарыңыз.

Сиқыршы: Менің шартымды орындасаңдыр кішкентай ханшайымды босатамын.

Әрина орындаймыз.

Шартым бадана мен бұршақты ажыратыңдар, әдемі отыруды көрсетіңдер.

Бұл шартымды орындадыңдар.

Балалар дастарханға отырып баданамен бұршақты ажыратады.

(Балалар хормен)

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз,

Біз ынталы баламыз.

Істен қызық табамыз.

«Саусақтарға арналған» жаттығу «Шапалақта».

Ең әуелі бас бармақ кездесіп шапалақтасады.

Сұқ саусақ кездесіп шапалақтасады.

Ортанғы саусақ кездесіп шапалақтасады.

Шылдыр шүмек кездесіп шапалақтасады.

Шынашақ кездесіп шапалақтасады.

Балалар әдептілік дегеніміз не?

Әдептілік туралы кім тақпақтар, тыйым сөздерді біледі?

Мәдениеттілік, құрмет, үлкенге ізет.

Әдепті бала - арла бала.

Әдепті баланың досы көп болады.

Менің төсектерімді әдемілеп жинаңдар.

Балалар сиқыршының шартын орындап төсектерді әдемілеп жинайды.

Сән салоны. Балалардан тазалық бұйымдарын сұрайды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!