Материалдар / Ерекше билим беру кажеттилиги бар балаларды окытуда заманауи педагогикалык технологияларды колдану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ерекше билим беру кажеттилиги бар балаларды окытуда заманауи педагогикалык технологияларды колдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың, соның ішінде денсаулық мүмкіндігі шектеулі балалардың ойдағыдай әлеуметтенуі үшін бірқатар біліктілік қабілетін қалыптастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
988
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ТакырыбыЕрекше билим беру кажеттилиги бар балаларды окытуда заманауи педагогикалык технологияларды колдану


«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық  технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»

Н. Ә. Назарбаев

Адамзат техниканың қарқынды дамуы арқасында жаңа дәуірге аяқ басты, Компьютерлер, Интернет, спутниктік теледидар, мультимедиа біздің өмірімізге шапшаң еніп үлгірді. Компьютерлік технологиялардың дамуы қоғамды жылдам өрістеп жатқан интеграциялық процестерге байланысты ақпараттандырудың ауқымды проблемасымен бетпе-бет келтіріп отыр. Бұл проблема тіршілігіміздің барлық саласын: ғылымды да, мәдениетті де, білім беру қызметін де, өндірісті де түгел қамтиды. Ақпараттық технологияларды пайдаланбайынша қазіргі өмірде бағдар табудың өзі қиын болатын жағдай туындауда. Бірақ біз бұл ғасырдың өзге де болмыстық шындығы бар екенін мойындауымыз керек. Ол – жалпы білім беретін мектеп оқушылары құрамының физикалық, психикалық және сенсорлық даму деңгейлері бойынша бір текті еместігі. Әсіресе оқу мекемелеріне келуге дәрмені жоқ, денсаулық мүмкіндіктері шектеулі балалар, сондай-ақ мүгедек балалар жағдайы айрықша назар аударуды талап етеді.

Мектеп алдында мынадай міндет тұр: оқушылардың, соның ішінде денсаулық мүмкіндігі шектеулі балалардың ойдағыдай әлеуметтенуі үшін бірқатар біліктілік қабілетін қалыптастыру. Білім беру жүйесін ақпараттандыруды жоғары қарқыны, телекоммуникациялық технологиялардың дамуы мен Интернеттің жаһандық желісі айрықша талаптары бар балалар алдынан білім алуда жаңа мүмкіндіктер ашып отыр. Мұндағы неғұрлым тиімді жұмыс формаларының бірі дистанциялық оқыту болып табылады. «Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек» — деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, оқыту процесіне жаңа көзқараспен қарау керек. Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылық, әрбір баласы – еліміздің ертеңі екенін ескерсек, әрбір мүмкіндігі шектеулі оқушының сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау міндетіміз болып табылады. Мүмкіндігі шектеулі бір оқушының болса да білім сапасының жоғарылауы, ұлтымыздың саналы келешегіне қазіргі уақыттан бастап жинақталынып жатқан қор деп түсінуіміз қажет. Педагог қызметкерлер дамуындағы кемшілігі бар баланы өзімен қатарлас дені сау балалармен бірдей спорттық сайыстарға, түрлі байқауларға қатыстыру арқылы өмірге құштарлығын, танымдық қабілеттерін дамытады. Осы мақсатты орындауда әлеуметтік тәрбие мәселелерін көре білу, сезіну және шешу жолдарын қарастыру, мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтендіруге қолайлы шарт жасау, кедергілерді мүмкіндігінше жоя білу, орнын толтыру. Мүмкіндігі шектеулі балаланы қатарға қосу, әлеуметтендіру үрдісін дұрыс ұйымдастырып, түрлі әлеуметтік кедергіге қарсы тұра алатын тұлғаны қалыптастыруда АКТ-ның барлық мүмкіндігін пайдаланамыз. Бұрын біз көрнекіліктерді көбінесе қағаздан жасап, оны әрдайым жаңартып отыратынбыз, ал қазіргі таңда мен өз тәжірибемде  әр түзету сабағында интерактивті тақтаны пайдаланамын. Біздің мектепте жаңа үрдіске сай жеке компьютерлермен, интерактивті тақтамен жабдықталған мультимедиа кабинеті ашылып, интерактивті тақта орнатылды. Интерактивті тақта – бiлiм беру iсiндегi бұрын шешiмiн таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкiндiк беретiн аса маңызды құрал. Қазіргі уақытта білім беруде интерактивті құралдарды кеңінен қолданылып жүргені баршамызға аян. Сонымен қатар интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр. Барлық пәндер бойынша бағдарламаға сай тақырыптық DVD, CD-ROМ дискаларымен қамтамасыз етілген. Мультимедианың әдістемелік күші оқушыны бейнекөріністермен тез қызықтырып, көңіл күйіне көмек береді. Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдап көрсетуге болады. Бұл мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлде қайда тиімді, әрі әсерлі. Қытайдың бір нақыл сөзіне көңіл аударсақ: «Маған айтшы – мен ұмытып қаламын; маған көрсетші – менің есімде қалады; өзіме орындатшы – мен сонда түсінемін» делінген. Яғни, оқушылардың көпшілігі естігенінің 5% және көргенін 20% есте сақтайтыны белгілі. Аудио және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50% дейін арттырады.

Компьютерлік және ақпараттық технологиялар заман талабы.

Жаңа ақпараттық құралдарды түзету сабағында қолданғанда күтілетін нәтижелер:

даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларға көмектеседі;

оқушыларың сабаққа деген қызығушылығын арттырады;

сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын арттырады;

оқушыларды жеке жұмыс істеуге үйретеді;

оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады;

Жаңа ақпараттық технологиялармен қатар, өз сабағымда ойын әдіс-тәсілдерін қолданамын, мүмкіндігі шектеулі балалалармен көбінесе ойын арқылы жұмыс жасаған тиімді

. Ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді. Ойнай жүріп балалар қоршаған орта жайлы білімдерін толықтырады, дербес шешім қабылдауға дағдыланады, ойлау барысында ұтқырлық пен тапқырлық танытады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Түрлі ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар ерік сезім түрлерін де дамытады.

Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдер үшін талап та жоғары. Ұсынылып отырған ойындар баланың зейінін, есте сақтау қабілетін, ауыз екі сөйлеу мәдениетін дамытуға арналған, адамгершілік сезімін оятуға, ойын арқылы ұстаз қойған мақсаттарына жетеді деп ойлаймын. Ойынға қатысушы оқушылар мұғалімдермен өзара қарым-қатынастарын көтереді, әрі өздерінің қабілеттерін тексеруге мүмкіндік тудырады, сонымен қатар ұйымдастыру қабілеттерін арта отырып сабақ кезінде қуаныш сезімін оятады.

Оқу үрдісінде тиімді ойындардың бірі төмендегідей:

1. Рөлдік ойындар.

2. Іскерлік ойындар.

А) Іскерлік оқу ойындары: саяхат ойындары; блиц ойындары.

Ә) Өндірістік ойындар.

Рөлдік ойындар – интербелсенді әдістердің тиімді бір түрі.

Рөлдік ойындар екіге бөлінеді:

1. Әрбір оқушы рөлде ойнайды.

2. Оқушылардың шағын топтары рөлде ойнайды.

Іскерлік оқу ойындарға келсек, мысалы, сабақ тақырыбы бойынша жазылған сценарийлерге қысқа жағдаяттар ойнау. Саяхат ойындарында оқушылар күнделік жүргізеді немесе достары мен туыстарына хат жазады. Блиц оқу ойындары туралы айта кетсек, олар шағын ойындар, оқушылардың нақты біліктері мен дағдыларын дамытуға бағытталады. мынадай түрлері болады: фотосуреттерді баяндау (отбасы мүшелерін, достарын, өз үйіңді, бөлмеңді), шындық детекторы (дұрыс, қате), т.б. Өндірісті ойындарда әлеуметтік және экономикалық маңызы бар күрделі мәселелерді шешуге болады. Мысалы, «Қоршаған орта немесе қоқысты қайта жіберуге болады» деген тақырыптарда.

Мен әр психологиялық тренинг сабақтарымда ойындарды екі түрге бөліп ойнатамын. Олар: дайындық ойындары және шығармашылық ойындары. Дайындық ойындарына грамматикалық, лексикалық, фонетикалық және орфографикалық ойындар жатады. Грамматикалық құрылымдарды есте сақтау қиындау және оқушыны жалықтырып жібереді. Сол себептен ойын бұл тапсырманы жеңілдетеді. Мысалы, затты тығып қойып «Менің көзілдірігім қайда?» немесе суреттерді көрсете отырып «Балаға балабақшаға баруға көмектес», «Артығын тап», «Бір сөзбен ата», «Мектепке баратын жолды қызға көрсет»  және «Әуенді тап», «Сурет жұмбақтарды табу» т.б. тапсырмалар беру. Сөз орын да есте сақтау оңай емес болғандықтан, ойын ойнатқан жөн деп есептеймін. Мысалы, «Домино», «Бинго» ойындары, қызықты геометриялық фигураларды сызып, оның әр бұрышына сандарды немесе әріптерді эстетикаға сай, ретсіз жазып қойып, атап беру. Фонетикалық ойындар сөзді дұрыс айтуға арналған. Ал орфографикалық ойындардың мақсаты сөзді қатесіз жазу.

Ойындарға дайындықтың қажеті жоқ, тек қана оқушыларды ойынның шарттарымен таныстырамын. Бұл ойындарды шығармашылық ойындардың қатарына қосуға болады. Сонымен қатар өткізген ойындарымды айта кетсем мысалы, «Сәтті сауда», «Интеллект», «Даму мүмкіндігі шектеулі балалар мен ата-аналарына арналған психологиялық ойын» т.б. ойындары. Ойындардың бәрі дамыту ойындарына жатады.

Сөзімді қорыта келгенде, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудағы ақпараттық–коммуникациялық технологияларды қолдану: біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден, балалардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. ҚР білім беруді дамыту 2015 тұжырымдамасы

2. Білім беру бағдарламасы. 2010.

3. Немов Р.С. Психология, книга 3, М: Владос, 2004.

4. Мектептегі психология журналы. №10, 2013.

5. Информатика негіздері журналы. №1, 2010.

6. Мұғалімге арналған нұсқаулық. 39-бет

7. Мектептегі психология журналы №9, 2009.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!