Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ерекше білім қажет ететін балалардың психологиялық-педагогикалық оңалтудың әдіснамалық негіздері .
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ерекше білім қажет ететін балалардың психологиялық-педагогикалық оңалтудың әдіснамалық негіздері .
Усенова Жамиля Сагингаликызы Шымкент қаласы Білім басқармасы«Қосалқы мектеп-интернаты»коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Аннотация. В данной статье рассматриваются методологические основы психолого-педагогической реабилитации детей с особыми образовательными потребностями.
Ключевые слова: лица (дети)с особыми образовательными потребностями, слухоречевая информация, зрение и зрительно-пространственная информация
Annotation. Methodological foundations of psychological and pedagogical rehabilitation of children with special educational needs.
Keywords: persons (children) with special educational needs, auditory-speech information, vision and visual-spatial information
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар тұлғалар (балалар) -
даму ерекшеліктеріне, мінез-құлық және эмоциялық проблемалары- на, орталық факторларына (әлеуметтік, психологиялық, экономикалық, лингвистикалық, мәдени) байланысты тиісті деңгейде білім алуда тұрақты немесе уақытша қиындықтары бар тұлғалар (балалар);
Ерекше білім беру қажеттілігі - оқу-дамыту барысындағы сапалы білім алуға тиісті көмекке және қызметке қажеттілік;
білім алу үшін арнайы жағдайлар - ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) оларсыз жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын меңгеруі мүмкін болмайтын, арнайы оқу бағдарламаларын және оқыту әдістерін, техникалық және өзге құралдарды, тыныс-тіршілігін, сондай-ақ медициналық, әлеуметтік және өзге де көрсетілетін қызметтерді қамтитын жағдайлар;
Психологиялық- педагогикалық қолдау - педагогтар мен мамандардың жүйелі ұйымдастырылған қызметі, оның барысында баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес табысты оқуы мен дамуы үшін әлеуметтік- психологиялық және педагогикалық жағдайлар жасалады;
1 - кезең: оқушыны оқыту мен оқытудағы қиындықтардың сипаты тура- лы ақпарат жинау.
пмпк жолдамасы бойынша психикалық және дене дамуы бұзылған бала сыныпта оқыған жағдайда мұғалім мен мамандар сыныптағы сабақтарда мұндай оқушының оқуы мен мінез-құлқындағы қиындықтарын зерделей отырып, бірден бақылауға кіріседі. әр маман бір апта ішінде баланы
қадағалайды (алдын ала қадағалап, қандай маман және қандай ба- ланы алу керектігін жүзеге асырады). бақылау нәтижелерін белгілеу үшін мұғалімдер мен мамандар үшін бірыңғай бақылау хаттамасы қолданылады. бала туралы қосымша, бірақ маңызды ақпарат алу үшін мұғалім ата- аналарға сауалнаманы және коммуникативтік төлқұжатты толтыруды ұсынады (1-қосымша. 1а, 1в-формасы). Осы кезеңде мамандар бала туралы ақпаратты ата - анасымен әңгімелесу және сауалнама жүргізу әдістерін пай- далана отырып жинайды (1-қосымша, 16-форма).
сабақтардағы баланы бақылау, ата-аналармен сауалнама жүргізу және әңгімелесу нәтижесі - алынған деректерді талдау және қорыту, олардың негізінде оқытудың басты (бастапқы) қиындықтары туралы болжамдар (ги- потезалар) қалыптастыру және тереңдетілген тексерудің тиісті бағыттары мен әдістерін таңдау болуы тиіс.
2-кезең. Оқушыны тереңдетіп және бағытты зерттеу (тексеру). әрбір маман қажетті әдістерді, әдістемелерді, тесттер мен тәсілдерді пайдала- на отырып психологиялық, логопедтік, арнайы педагогикалық тексеру жүргізеді, оның нәтижелерін тексеру хаттамаларына енгізеді (логопед сөйлеу картасын толтырады). психолог психологиялық тексеру хаттамасы. арнайы педагог - оқу қызметі компоненттерінің жағдайын бақылау хатта- масын толтырады.
Тексерудің барлық түрлеріне қойылатын басты талабы - сыныптағы ба- ланы оқыту қиындықтарының сипаты мен себептерін анықтауға бағытталуы болып табылады. Осының негізінде бірінші кезеңде қалыптасқан оқу қиындықтарының сипаты мен себептері туралы болжамға сүйене оты- рып, маман тексеру пәні ретінде баланың даму аймақтарын, оның ішінде баланың оқу үлгеріміне әсер ететін психикалық функцияларын немесе сөйлеу тілінің даму жақтарын ғана таңдайды. мысалы, егер психолог пен логопед сабақ кезіндегі бақылау және ата-аналармен әңгіме, сауалнама жүргізу барысында балада есту-сөйлеу ақпаратын өңдеу қиындықтарын және көру арқылы есте сақтау мен жазу мәселелерінің жоқтығын анықтаса, онда олардың тереңдетілген тексеру фокусына баланың есту-сөйлеу на- зары мен жадының (психолог), фонематикалық есту қабілеті мен сөйлеу тілін түсінуінің (логопед) ерекшеліктері кіреді.
Әрбір тексеру барысында маман мен мұғалім баланың әлсіз және мықты даму жақтарын ғана емес, сонымен қатар баланың оқуда табысты болу үшін бала бойындағы бар ресурстарын анықтайды.
3- кезең. бірлесіп (мамандар, мұғалім және ата-аналар) оқушының ерек- ше білім беру қажеттілігін және психологиялық-педагогикалық қолдау мазмұнын анықтау, оқыту қиындықтарын талқылау.
Қолдау көрсету қызметінің бірлескен отырысында мұғалім және әрбір маман балаға өзінің ұстанымы бойынша мінездеме береді: оқытудың қиындықтарын сипаттайды, олардың пайда болу себептері мен механизмдері туралы өз пікірін білдіреді, баланың мүмкіндіктері мен күшті жақтарын ашады (ата-аналар жеке отырысқа шақырылады).
Бұл кезеңде оқыту қиындықтарының сипаты мен себептері тура- лы болжам оқу қиындықтарының түрін (себептерін) анықтау түріндегі соңғы қорытындысы болады (Қосымша-В). Қосымшада оқытудың негізгі қиындықтарының қысқаша сипаттамасы беріледі:
- жұмысқа қабілеттілігінің төмендігі;
- іс-әрекетін еркін реттеу, жоспарлау және бақылау жеткіліксіздігі;
- есту-сөйлеу ақпаратының өңделуі;
- көру және көру-кеңістіктік ақпараттың өңделуі.
Оқыту қиындықтарының сипатын (түрін) анықтағаннан кейін баланың жалпы мінездесі ұжымда талқыланып жасалады, онда бастапқы және екіншілік қиындықтардың жалпы көрінісі, олардың себептері мен туындау механизмі баяндалады. табысты оқытудың ресурстары ретінде баланың күшті жақтары, ерекшеліктері мен мүдделері сипатталады (қосымша-,а 4-форма).
бірлескен талқылау барысында ерекше білім беру қажеттілігі, мұғалімге, мамандарға, ата-аналарға, оқушыға қолдау көрсетудің негізгі бағыттары анықталады, мұғалім мен ата-аналарға ұсыныстар жасалады.
4- кезең. анықталған білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтитын психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің жеке бағдарламасы құрастырылады: қысқартылған немесе жеке оқу бағдарламалары, арнайы оқыту әдістері, психологпен, логопедпен, арнайы педагогпен жеке-дамыту бағдарламалары, мұғалімге, ата-аналарға берілетін ұсыныстар (қосымша-,а 4-форма).
В-қосымшасында үлгі ретінде ебҚ бар 1 сынып оқушысына психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің жеке бағдарламасы тол- тырылып ұсынылған. г-қосымшасында математика пәнінен қысқартылған және жеке оқу бағдарламаларының үлгісі мен арнайы педагогпен жеке сабақтар бағдарламасының үлгісі көрсетілген.
5- кезең. мониторингпен қолдауды іске асыру.
мамандар мен мұғалім тарапынан оқушының ерекше білім беру қажеттілігін бағалау және қанағаттандыру алгоритмі 12 қадаммен жүзеге асырылады. Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің әрбір маманының жеке-дамытушылық жұмысының басты мақсаты - баланың құрдастарымен бір сыныпта оқуға және өз мүмкіндіктеріне сәйкес оқу бағдарламасын меңгеруге көмектесу үшін барлық мүмкіндіктерді жасау. мамандардың міндеті дамытушы жұмысты өз әдістері мен тәсілдері арқылы, соның ішінде қысқартылған (бейімделген) білім беру бағдарламасын меңгерту үшін зиятының, сөйлеу, әлеуметтік-коммуникативтік және жеке дамудың жеткілікті деңгейін (міндетті емес нормативтік) қамтамасыз ету.
Психологпен, логопедпен, әлеуметтік педагогпен жеке бағдарламалар жасаған кезде, психологиялық-педагогикалық жұмыстың жалпы принциптерінен (жас және жеке ерекшеліктерін есепке алу, іс-әрекеттік тәсіл және т. б.) басқа, келесі принциптерді ұстану қажет:
1) сыныптағы оқу қиындықтарын жеңуге жеке-дамыту жұмысының бағыттылығы. логопед ең алдымен оқу пәндері бойынша бағдарламаны меңгеруге кедергі келтіретін сөйлеу дамуының бұзылыстарын түзейді. психолог мектеп дағдыларын меңгеруге кедергі келтіретін психикалық
функцияларының дамуы бойынша жұмыс істейді: жазу, оқу немесе есеп және т. б. арнайы педагогтың міндеттері мектеп бағдарламасының қандай да бір бөлімдерін меңгерудегі проблемаларды толықтыру, оқушыны күрделі оқу материалдарын меңгеруге дайындау, оқу қызметінің құрылымдық компоненттерін қалыптастыру болады.
2) тұлғалық бағдар және жеке тәсіл: баланы тек проблемалары мен бұзылымдарына қарай емес, сонымен қатар өзінің қажеттіліктері мен уәждері, сондай-ақ даму үшін жеке ресурстары бар белсенді тұлға ретінде қабылдау. мамандардың міндеті-баланың қажеттілігін ескеру және оқыту қиындықтарын жеңу мен дамуы үшін қолайлы жағдай жасау. бағдарламаны жасау кезінде баланың әлсіз жақтарын ғана емес, сонымен қатар күшті жақтарын да ескеру, оның мүдделері мен қызығушылықтарына сүйену.
бұл приниципті іске асыру үшін бірқатар шарттарды сақтау қажет:
- бағдарламаның оқушы үшін қол жетімділігі; оның міндеттері баланың жақын даму аймағы ескеріле отырып қойылуы тиіс;
- оқу мен мінез-құлықтың қиындықтарын жеңуге ғана емес, оларды ту- дыратын себептерге де бағдарлануы;
3) әлеуметтік, коммуникативтік бағыттылығы баламен жұмыс істеудің негізгі тәсілі ретінде; күнделікті өмірде қалыптасқан дағдыларды пайдалану қажеттілігін сезінгенде жағдайлар құру, жаттығулар, белсенділікті ұсыну: білім алу, ойында, қарым-қатынас жасауда және әлеуметтік әрекеттесуде;
4) баламен жұмыс істеу бағыттары мен әдістерінің дербес таңдалуына қарамастан, түрлі профельдегі мамандар мен сынып мұғалімінің жұмыстағы мақсаттарының, тәсілдерінің, талаптарының сабақтастығы мен бірлігі. психологтың, логопедтің немесе арнайы педагогтың кәсіби әдістерінің барлығы баланы оқытудың нақты қиындықтарын жеңуге бағытталуы тиіс;
5) ата-аналарды дамыту жұмысына белсенді тарту. Осы принциптерді іске асыру үшін мынадай шарттарды сақтау қажет:
- өмірдің түрлі салаларында баланың әлеуетін, күшті жақтарын және проблемаларын жақсы түсіну үшін ата-аналардың пікірін есепке алу;
- балаға көмек көрсету бағдарламаларын әзірлеу үшін ата-аналармен әріптестік қарым-қатынасты және ынтымақтастықты дамыту;
- дамыту жұмысының бағдарламасын әзірлеу кезінде ата-аналардың сұранымын есепке алу;
- ата-аналарды үй жағдайында мамандардың ұсыныстарын орындауға (үй тапсырмалары) ата-аналардың мүмкіндіктері мен ресурстарына сүйене отырып және отбасы туралы мәліметті біле отырып тарту.
әрбір бала үшін бағдарламаның әзірленуі оның жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне сүйене отырып, жеке әдістерді, тәсілдерді таңдауды және пайдалануды көздейді. әрбір маман жеке зерттеу негізінде қандай бағыттар бойынша жұмыс істейтін, қандай әдістер мен тәсілдерді пайдалануға бола- тынын өзі шешеді.
Негізгі әдебиеттер:
1.Ишанов П.З.,Бейсенбекова Г.Б.Психологиялық-педагогикалық диагностика негіздері. Оқу қралы Қарағанды ,2019ж.
2.Эксперименттік психология бойынша практикум және психодиагностика (теориялық және практикалық курс). Оқу құралы. Сатиева Ш.С.Нергиз Б.2019ж
3.Байбекова М.М.,Ибраева П.М. Әлеуметтік – психологиялық тренингтер, әдістемелер мен жаттығулар Шымкент -2017ж+
4. Қ.С.Тебенова,А.Р.Рымханова Арнайы психология негіздері Қарағанды 2019ж
Қосымша әдебиеттер:
1. Ш.Сатиева. Даму психологиясы.Оқу құралы.Астана-2019ж.
2. М.М. Байбекова. Психологиялық кеңес беру. Монография 2015ж.
3. Искакова М.С. Патопсихология .Оқулық Эверо Алматы,2021
4. Абдрахманова А.Т. Патопсихология. Оқу құралы Эверо Алматы,2021
5. Ғ.А.Абаева Арнайы педагогика және психология негіздері Алматы 2019.-130 бет