Материалдар / Ерекше білімді қажет ететін балалардың танымдық қабілеттерін дамыту.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ерекше білімді қажет ететін балалардың танымдық қабілеттерін дамыту.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ерекше білімді қажет ететін балалардың танымдық қабілеттерін дамыту
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ерекше білімді қажет ететін балалардың танымдық қабілеттерін дамыту

Ерекше білімді қажет ететін балаларға білім беру еліміздің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Біз әр балаға, оның қажеттіліктері мен өзге де жағдайларына тәуелсіз өз әлеуетін толық жүзеге асыруға, қоғамға пайдасын тигізуге, сонымен қатар оның толыққанды мүшесі болуына мүмкіндік беруіміз қажет

      Ерекше білімді қажет ететін балаларды оқытуда заманауи педгогикалық әдіс-тәсілдерді қолдану, шығармашылық қабілетін дамыту, ойын арқылы ақыл-ойды қалыптастыру және өз алдына жеке тұлға ретінде қалыптастырудың маңызы зор. Ерекше білімді қажет ететін балаларды ойдағыдай әлеуметтенуі үшін бірқатар біліліктілік қабілетін қалыптастыру қажет. Оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық, инновациялық технологияларды меңгере отырып сабақ жүргізу қажет. Ерекше білімді қажет ететін балаларды дамыту өз-өзіне сенім артады, өзін-өзі бағалай білуге, қоршаған ортасына сүйіспеншілікпен қарауына жол ашады. Ерекше білімді қажет ететін балалар ерекшелігі шаршағыштығымен, таным әрекеттерінің бұзылысы, жұмысқа қабілеттілігі төмендігі, қоршаған орта туралы түсінігі аздығымен, сабаққа деген ынтасының төмендеуімен байқалады.

      Ерекше білімді қажет ететін балаларды таным қабілетін логикалық ой-өрісін кеңейту, сабаққа ынтасын арттыруда дидактикалық ойындарды ұтымды пайдаланудың маңызы зор. Сондықтан таным қабілетін дидактикалық ойындар арқылы дамыту балалардың ойлау қабілетін, тірек-қимыл әрекетін жетілдіруге көп көмегін тигізеді. Бала тамақтан да ойынға өте құштар болып келеді. Ойын – баланың бірінші әрекеті, сондықтан да баланың өмірінде ойынның мән-мағынасы ерекше орын алады.

       Ерекше білімді қажет ететін балаларды біркелі жұмыс тез жалықтырады және олардың зейінін үнемі қажетті бағытқа аудару үшін алғашында әр сабақты ойын түрінде жүргізуді қажет етеді. Ойын кезіндегі баланың ерекшелігі ойланады, эмоциялық әсері ұшқындалады, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері, есте сақтауы дамиды, мұның бәрі баланың шығармашылық қабілетінің оянуына әкеледі.

       Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:

 1) Заттық дидактикалық ойындар – дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.\

2) Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар.

3) Сөздік дидактикалық ойындар.

       Заттық дидактикалық ойындарға жататындар: «Түрлі-түсті жұлдызқұрт», «Сиқырлы дөңгелек».  «Түрлі-түсті жұлдызқұрт» ойынының мақсаты: түстерді тануға, сонымен қатар қызығушылығын арттыруға көмектеседі. Керекті заттар: түрлі түске боялған қақпақтар және жұлдызқұрт суреті. Жұлдызқұрттың әрбір буынына түстеріне қарай қақпақтарды орналастырады. «Сиқырлы дөңгелек» ойынының мақсаты: пішіндерді танып білуге, сонымен қатар түстерді шатастырмай дұрыс орналастыруға үйрету. Керекті заттар: дискілер, түрлі-түсті қағаздардағы пішіндер, қыстырғыштар. Дискіге түрлі-түсті пішіндер жапсырылған және қыстырғыштарда дәл сондай пішіндер орналасқан. Бұл ерекше білімді қажет ететін балалардың қол моторикасын, ойлау мен танымдық қабілетін бірге дамытады.

       Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындарға көбіне құрастыру, қағаздармен жұмыс жатады. Мысалы, әртүрлі оюлар бөліктерінен кілем құрастыру, әртүрлі аңдардың сұлбасын қолдарына кигізіп, жүрісін, қимылын қайталауға болады. Түрлі түске боялған бұршақ, күріштерден салынып тұрған суреттің үстіне орналастыруға болады.

       Сөздік дидактикалық ойындар балалардың өз ойын ашық айту, сөйлемді құрастырып айту, сөздік қорын молайту мақсатында жүргізіледі. Мысалы: «Өз үйін тап», «Балық аулау» ойындарын алуға болады. «Балық аулау» ойынының мақсаты: берілген суреттерді атап, сөйлем құрау қажет. Қажетті заттар: балықтар суреті, себет, әр түрлі суреттер. Балалар ауланған балықтың артында жасырылған суретте не бейнеленген және соған байланысты сөйлем құрауы қажет. Айналаны зерттеуге қызығушылығы оянады, ой-өрісі кеңейді, зат бейнесін көру, есту арқылы да елестетеді, яғни, зейінін шоғырландыруға жағдай жасайды.

       Қорыта айта кететін болсақ, егер ерекше білімді қажет ететін балаларды уақытымен түзетіп игертпесе, бала болашағында қиындықтар кездеседі. Сол үшін ең алдымен әр балаға тән қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін анықтап алу керек. Танымдық қабілетін дидактикалық ойын арқылы дамытуды барлық ұйымдастырылған оқу қызметіне үнемі пайдалану қажет.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!