Материалдар / Ересек топ балаларын қазақ фольклоры арқылы адамгершілікке тәрбиелеу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ересек топ балаларын қазақ фольклоры арқылы адамгершілікке тәрбиелеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Ауыз әдебиеті — халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Ақпан 2021
366
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ауыз әдебиеті — халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы. Қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. Сонымен бірге ғылым мен мәдениетте «халық шығармашылығы», «халық поэзиясы», «халықтың ауызша сөз өнері» дейтін атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады. Қазақ халқының ерте заманда жасаған мәдени мұрасының бір түрі – халықтың ауыз әдебиеті. Жазу – сызу өнері болмаған ерте кезде-ақ қазақ халқы өзінің тұрмыстіршілігі, қоғамдық өмірі, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен күйініші, дүние танудағы көзқарасы т.б. жайында неше түрлі өлең-жыр, ертегі-әңгіме, мақал-мәтел, аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі айту күйінде тудырған. Сондықтан да бұларды халықтың ауызша шығарған көркем шығармасы, даналық сөзі яғни ауыз әдебиеті деп атаймыз. Бұдан, әрине, ауыз әдебиетін көп адам бірлесіп отырып шығарған деген ұғым тумайды.Ауыз әдебиетінің қандай үлгілерін болса да әуел баста жеке адамдар шығарған. Бірақ ерте кезде, жазу өнері болмағандықтан, ауыз әдебиетін шығарушылардың аттары хатқа түспеген, сақталмаған. Халық олардың шығармаларын ғана сақтаған және оларды ауызша айтып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізген.

Ауыз әдебиетін фольклор деп те атайды. Ағылшын тілінен алынған

«фольклор» (ағылшынша lolk — халық, lore -білім,даналық) деген мағынаны білдіреді. Халық ауыз əдебиетінде халқымыздың ғасырлар бойғы басынан кешірген тарихи белестері, елінің тəуелсіздігі жолындағы ерлік, батырлық қимылдары, қазақ халқының күрескерлік қасиеттер мен халықтың əдет-ғұрпы, салт-дəстүрі, арман-мүддесі, қиялы бейнеленген [5].

Мектеп жасына дейінгі балалардың ой – өрісін дамытып, қиялын шарықтатып, тіл байлығын молайтуда қазақ фольклорының рөлі зор.

Жалпы фольклордың негізі ертеде қалыптасқаны   белгілі. Сонау замандағы ұлы ғұламалар Əл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Махмұт Қашқари, ақын- ағартушылар Шоқан, Ыбырай, Абай сынды ғұламаларымыз адам бойында адамгершілік қасиеттерді жоғары бағалаған. Ал сол сара жол деп таныған фольклорды одан əрі дамытқан, елеулі еңбек еткен аға буын өкілдерімізді де айтқанымыз жөн. Айтар болсақ, М.Əуезов, С.Мұқанов, Ə.Марғұлан, М.Ғабдуллин, Қ.Жұмалиев, Х.Сүйіншəлиев, Н.Келімбетов, А.Қыраубаева сынды ғалымдарымыздың есімдерін ерекше деп айтуымызға негіз бар.

Фольклор - тарихи оқиғалар ізімен қиялдау, образдау тəсілі арқылы жасалған көркем сөз байлығының басты бір саласы. Қазақ халқының мəдени жəне рухани байлығын игеруде фольклор жанрларының орны ерекше. Өйткені, жастарға дəстүрлі дүниетанымды түсінуге мүмкіндік беретін халық даналығының қайнар көзі. Егер фольклористика ғылымының тарихи қалыптасуына көз жіберетін болсақ онда оның дамуы мен өсу жолы шартты түрде 3  кезеңге бөлінеді [6].

Бірінші кезең. 0-30 жылдар аралығы.

Екінші кезең. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары.

Үшінші  кезең. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдар.

Қазақ фольклористикасы 1920-шы жылдары айырықша бой көрсетті. Əрине бұл кезеңде Х.Досмұхамедов, М.Əуезовтың  қатысуымен қазақтың батырлық жырлары, басқа да фольклор туындылары жарық көрді. Ал 1930 жылдары қазақтың эпостық жырлары жарық көре бастады. «Батырлар жыры», М.Əуезов тапқан «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының жаңа нұсқасы, айтыстың бірінші кітабы жазушы С.Мұқановтың жетекшілігімен басылды. «Қазақ ертегілері» мен «Алпамыс», «Қамбар», «Қобыланды» сияқты озық үлгілері орыс тіліне аударылып осы кезеңде жарық  көрді.  1940 жылдан бастап, фольклористика саласындағы арнаулы зерттеулер жандана түсті.

Қ.Жұмалиев пен М.Ғабдуллин ауыз əдебиетіне байланысты оқу құралдарын жазса, Ə.Марғұлан қазақ эпосының түп тегіне қатысты көптеген этнографиялық мақалалар жариялады.

1945 жылы Ұлы  Отан соғысы кезінде   С.Орловтың «Казахский героический эпос» деген зерттеу жұмысы жарық көрді.

Қазақстанның көрнекті ғалымдары М.Əуезов, Ə.Марғұлан; Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, Б.Кенжебаев, Ə.Қоңыратбаевтар қазақ фольклористикасының дамуына елеулі үлес қосты [7]. 

1948 жылы «Қазақ əдебиеті тарихының» алғашқы томы қазақ фольклорының жанрларын қамтыған үлкен еңбек жарық көрді.

1956 жылдан бастап қазақ фольклоры жақын зерттеле бастады. Кейін М.Əуезов атындағы «Əдебиет жəне өнер институты алғаш құрылғаннан бастап, «Айтыс» (3 томдық), «Үш ғасыр жырлайды», жинақтары шығарылды.

«Қазақ фольклористикасы» (1972ж.) , «Қазақ фольклористикасының 

тарихы» (1988ж.),«Фольклор шындығы» (1990 ж.), «Бес ғасыр жырлайды» (1985 ж.) , «Қисса- дастандар» (1986 ж.) көп томдық ертегі, айтыс, батырлар жырына  арналған ғылыми зерттеулер мен еңбектер шықты [8].

Негізінде ғылымда халық ауыз əдебиет туындыларын «фольклор», ал оны зерттейтін ғылымды фольклористика деп атайды. Жалпы фольклор  ұғымын басында халықтың рухани, кейде материалдық мəдениеті деп түсінгенімен, уақыт өте келе оның ауқымы кеңейіп, ел арасындағы аңыздар, ертегілер, өлең жырлар жатқызылды. Қазақ фольклоршылары М.Əуезовтың, М.Ғабдуллиннің еңбектерінде фольклорға «ауыз əдебиет» ұғымы берілгені, қазақ фольклоршыларының  көбі фольклорды «əдебиет» деп танығаны белгілі.

Демек, ғалымдардың «фольклор» ұғымдарына байланысты айтылған пікірлерін саралай келіп атадан балаға мирас болып жеткен, көркем сөз, сахна өнері: əн, күй, би, қолданбалы өнер,  халық ойындары, тұрмыс-салт жырлары олардың  ерекшеліктерін фольклор ұғымына  жатқызамыз. Сондықтан  да «ауыз əдебиет» деген ұғымнан гөрі ауқымы кең «фольклор» терминін қолдану ғылымда  нақтырақ секілді [9] .

Ал балалар фольклоры дегеніміз -  ол мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшелігіне сəйкес, балалардың өзіндік қиял-армандарын, талаптарын, ой- пікірлерін, айналадағы құбылысты эстетикалық тұрғыдан қабылдау, сезіну мүмкіндіктерін  қалыптастыратын халқымыздың ғасырлар бойы жинаған асыл мұрасы болып табылады. Демек, балалар  фольклоры    балалардың  қызыға да сүйсіне тыңдайтын, шығармашылық қасиеттерін арттыратын, логикалық ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамытатын құнды жанр екені анық. Бүгінгі таңда кейбір ғалымдар балалар фольклоры өздері ойлап құрастырған шығарма десе, ал кейбіреулері балаларды тəрбиелеуге арналған шығарма деп жазады. Яғни балалардың  психологиялық ерекшеліктеріне сəйкес білім беретін, дамытатын мазмұнды шығармаларды балалар фольклоры деп айтуымызға болады.

А.Байтұрсынов мəдени мұрамыздың құнды қазыналарын бір жүйеге келтіріп ғылыми тұрғыда негіздеген. Оның ертегілері, мақал- мəтелдері, өсиет сөздері, қисса - дастандары бүгінгі жас өспірімдерді педагогика негізінде тəрбиелеуде аса құнды. А.Байтұрсынов  өз  еңбектерінде «өтірік өлең», «жұмбақ», «жаңылтпаш», «тақпақ», «бесік жыры» тəрізді жанрларының мəнін  түсіндіріп, адамгершілік тəрбие саласына да ерекше тоқталған [10].

С.Сейфуллин, Ш.Ахметов, Қ.Матыжанов және т.б. ғалымдар қазақ балалар фольклорын арнайы зерттеу оъектісіне айналдырып жан-жақты қарастырып зерттеген. Сол қазақ балалар фольклоры зерттеулеріне ғылыми тұрғыда зерттеп талдау жасаған, өзіндік табиғатын тұтас құбылыс ретінде саралаған тұңғыш тəжірбие жасаған Қ.Матыжанов. Ғалым өз еңбегінде: «Ең алдымен балаларға арналған халық шығармалары - балалар психологиясын, көркемдік талғамын, шығармашылық мүмкіндіктерін танытатын асыл мұра. Ол өзінің бала қабілетіне лайықтылығымен, логикалық жүйелілігімен, тілінің нəрлілігімен, музыкалық сазымен, өнегелі мазмұнымен, жеңіл формасымен, балалардың рухани азығына айналған бағалы тəрбие құралы»,деп фольклордың жас жеткіншектер тəрбиесіндегі құндылығын анық көрсетеді[11].

Ал  бүгінгі  көрнекті жазушыларымыз Т.Молдағалиев, Қ.Мырзалиев, Т.Кəкішов, М.Əлімбаев ағартушылардың мұраларын одан əрі жалғастырып, ұлттық рухани  қазынаны жас ұрпаққа жан-жақты түсіндіріп, елеулі орын беріп келеді. Мысалға қазақ ертегілерін алайық, бұдан керемет поэзияның желі еседі, көркемдік шеберліктің  тамаша үлгісі көрінеді.

«Халық ертегілері əрқашанда жастарды тəрбиелеудің тамаша құралы болып, əділдік жолына бас байлатып, зұлымдықтан жирентеді»,-деп жазушы Т.Кəкішов өзінің «Қазақ əдебиеті сынының тарихы» атты еңбегінде ауыз əдебиетінің  болашақ ұрпаққа адамгершілік тəрбие берудегі маңызына тоқталған .

Демек, қазақ балалар фольклоры- ұлттық мəдениеттің ұдайы дамуы мен жаңаруының негізі. Ол - өмір сүрудің мəні мен мазмұнын, ұлттық өркениеттің тарихи тағдырын, болмысын, дүниетанымын айқындайтын  өшпес  мұра.Бұл орайда, «Аяз би ертегісіндегі» ақылы мол Аяз биді, «Ер Төстік» ертегісіндегі өзінің ақылды, білгірлік   ісімен айнымас дос, Кенжекейді мысалға келтіруге болады. Яғни, халық ауыз əдебиеті жанрларын тəрбие құралы ретінде пайдаланып балаларды  ақылдылыққа, парасаттылыққа, адамгершілікке баулап жауыздық пен күресіп жеңе білуді уағыздаған, əділдікті үйреткен. Тіліне, дініне берік болып, ұлттық мəдениетті көтеруге жетелеген.

«Фольклордың қай туындысын алсақта ғибрат айтарлық, жөн-жоба мен үлгі-өнеге көрсетерлік қасиеті мол. Мұның бəрі де халық пікірі, келешек ұрпақты тəрбиелеудің адамгершілік  құралы деп тануды қажет етеді.Өйткені, көркемдіктен лəззат алу, əсемдік пен сұлулықты ардақтау, озық мəдениетке бастап, жамандықтан жирендіріп отыру- халықтың талап-талғамының жемісі, сыншылдық көзқарасының нышандары»,- деп жазушы Т.Кəкішов фольклор жанрларының бала тəрбиесіндегі маңызын ашып көрсетеді.

Академик – жазушы М.Əуезов: «Біз ауыз əдебиетін зерттей отырып, халық санасындағы  Отаншылдық   сезімді, халық ұғымындағы адамгершілік гуманизмді, эстетикалық мəдениет пен рухани байлықты сол халықтың өткендегі өмірін, аңсау-арманын, əдет-ғұрпын, халық тəрбиесінің жемісін көреміз»,- деп балалар фольклорының тəрбиелік мəнін айқын ашып береді.Фольклор тəрбиелеу, білім беру жұмысының барлық саласымен ұштасып, сабақтаса жалғасады [12].

Қазақ фольклорының өзіне тəн ерекшелігі-балаға айналасындағы бай мұраның əсемдігі мен  əсерлілігін  түсінікті етіп жеткізе отырып, ұлттық еңбектің нəтижесін сезінуге, қоршаған дүниеге, салт-дəстүрге, ой-қиялын дамытуға əсер ететіндей негізгі тəрбие құралы болуында. Яғни  фольклор баланың  танымын  кеңейтеді,  оны өмірді сəулелендіретін бейнелердің  бай дүниесіне ендіреді, танымдық іс-əрекетін, өмірге деген бейімділігін дамытады, ата- баба мұрасын қастерлеуге тəрбиелейді. Саралап келгенде қазақ фольклоры жанрларындағы табиғат, қоғам, өнер, өмір жайлы ұғымдар мен түсініктер мазмұны жағынан өрістей келе халықтық асыл қазынаға айналып, ұлттық  санаға тереңдей енді. Ата-бабаларымыз күнделікті тұрмысқа қажетті қарапайым нəрседен бастап, күрделі əлемдік құбылысқа дейінгілерді шығармашылық пен ертегіге, аңыз əңгімеге, эпостық жырларға,  мақал-мəтел  мен жұмбақтарға жəне ауыз əдебиеті жанр  түрлеріне  қосып, өз ұрпағын адамгершілікке, азаматтыққа тəрбиелеу мен қатар тылсым дүниенің əсемдік сырын бейімдеген.

Қазақ Кеңес энциклопедиясында, «адамгершілік тәрбиесі – тәлім-тәрбиенің ықпалды әсері мен моральдық сананы қалыптастырудың, этикалық білімділікті, адамгершілік сезімді сара жолы», - деп түсінік берілген [13].

Қазақстан Республикасының «Ұлттық энциклопедиясында» адамгершілік ұғымына былай деп анықтама берілген: «Адамгершілік – адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы.«Кісілік», «Ізгілік»,  «Имандылық» тәрізді ұғымдармен мәндес. Халықтық дүниетанымда мінез-құлықтың әртүрлі жағымды жақтары осы ұғымынан тартылады. Мінез-құлық пен іс-әрекеттерде көзге түсетін төмендегідей адамгершілік белгілерін атап өтуге болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рақымдылық, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылық, т.б [14].

Адамгершілік тәрбие – балалардың бойында мінез-құлықтың белгілі бір сипаттарын қалыптастыру және олардың өздерінің де бір-біріне, отбасына, басқа адамдарға, мемлекетке, Отанға деген қатынасын анықтайтын мінез нормалары мен ережелерін дарыту жөніндегі ұстаздардың арнаулы мақсат көздеген қызметі [15].

Ал адамгершілік қасиет мораль, этика, өнеге арқылы айқындалады. Мораль, этика, өнеге адамгершіліктің күретамыры болып есептеледі.

«Мораль - әлеуметтік шындықтың этикалық саналарын бейнелейтін қоғамдық сананың бір түрі. Мораль дегеніміз – адамдардың мінез-құлқының тарихи қалыптасқан принциптері мен ережелердің жинытығы . Бұл принциптер мен ережелер жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен әділетсіздік, абыройлық пен абыройсыздық деген ұғымдардың  тұрғысынан қаралып, адамдардың мінезі мен іс-әрекеттерін бағалаудың өлешушісі болып табылады. Бұлар адамдардың бір-біріне, қоғамға, мемлекетке, үй-іші адамдарының бір-біріне деген қарым-қатынастары ретке келтіріп отырады. Мораль қоғамнан тысқары тұра алмайды. Қоғам моральды туғызады, сақтайды, дамуына ықпал жасайды. Қоғамның дамуымен және экономикалық құрылыстың өзгеруімен бірге мораль да өзгеріп отырады. Керісінше, мораль адамның еңбекке деген көзқарасы арқылы қоғамның экономкалық дамуына әсер етеді. Моральдың қалыптасуына қоғамдық сана, саясат, құқық,  көркемөнер, дін ықпал етеді [16] .

Барлық заман мен барлық халықтарға бірдей жарамды ереже болмаса да, жалпыға бірдей  кейбір моральдық ережелер бар. Мұндай ережелерді қоғам тәртібінің ең қарапайым ережелері деп атаймыз. Мысалы, барлық заманда табиғат апаты кезінде зардап шеккендерге көмек көрсетіп отыру моральдық борыш – деп есептелінген. Өз балаларының алдында әкелік және аналық борышын орындамаған ата-аналарды, ата-анасы алдында өз борышын ұмытатын балаларды мораль атаулының бәрі де айыптайды, қоғамдық орындарда ең қарапайым тәртіпті сақтау, жасы кішілердің үлкендерді сыйлау ережелері барлық уақытта да болған. Адамдардың қарым-қатынас мәдениеті осы ережелер арқылы баянды етіледі.

Жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеу дегеніміз – оларды жоғарыда айтылған мінез-құлықтың дағдылы ережелеріне үйрету. Адамгершілік тәрбиесі дегеніміз – адамның моральдық қасиеттерін белгілі бір мақсатқа бағыттап қалыптастыру. Адамгершілік сезімдерді тәрбиелеу арқылы – моральдық түсініктердің, әдеттердің және мінез-құлық мотивтерінің қалыптасуы бірлесіп жүзеге асады және мектепке дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесін қамтамасыз етеді [17].

Адамгершілік тәрбиесінің жалпы міндеті мектеп жасына дейінгі балалардың мінез-құлқы мен тәртібін, адамгершілік сезімі мен сана нышандарын, адамгершілік түсініктері мен мінез-құлқын қалыптастыру болып табылады. Адамгершілік сезім адамгершілік түсініктерді меңгерудің негізінде туып, балалардың іс-әрекеті мен мінез-құлқынан, тәртібінен көрініс табады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!